«Қаралды» «бекітемін» №6 ЦӘК отырысында Оқу ісі жөніндегі



бет11/12
Дата15.09.2022
өлшемі281 Kb.
#460792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
вакцина ашық сабақ

3.АКДС вакцинасы - (адсорбированная коклюшно – дифтерийно столбнячная) 3 түрлі ауруға қарсы егу үшін арналған. Бұл вакцинаның 1 мл-де 20 миллиард көкжөтел қоздырғыштары(мертиолатпен өлтірілген), 30 ед дифтерия анатоксині және 10 ед сіріспе анатоксині бар. Өз елімізде ампулада 1 мл ерітінді түрінде, ал шетелдік вакциналар флаконда 10-20 дозалық түрінде шығарылады. Егілер алдында әр балаға бөлек шприцпен 0,5 мл алып санның бұлшық етіне салынады. Мерзімдері: вакцинация 3 рет – 2,3,4 айлықтарында, ревакцинация 18 айлығында.
4.А Д С вакцинасы дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация үшін жасалады. Шығару түрлері, дозасы, егу техникасы АКДС-тікіндей, егу мерзімі – 6-7 жас.
5.АДм 12 жаста дифтерияға қарсы 3-ші рет ревакцинация жасау үшін егіледі, 0,5 мл бұлшық етке (дифтерия анатоксині минимальды мөлшерде, иммунитетті қолдау үшін дайындалған).
6.АДСм вакцинасы дифтерия мен сіріспеге қарсы иммунитетті ұстап тұру үшін қолданылатын вакцина. Жасөспірімдерге 16-17 жасында, одан кейін ересектерге әр 10 жыл сайын салынып тұру қажет. Дозасы, егу техникасы жоғарыдағыдай.
7.Ж В С немесе О П В – полиомиелит вакцинасы (живая вакцина Себина немесе оральная полиомиелитная вакцина) тірі әлсіретілген вирустардың 3 түрлі штаммынан тұрады. Флаконда 5мл қызғыш түсті ерітінді түрінде шығарылады. 1 баланың дозасы – 2 тамшы немесе 0,1 мл ауызға тамызу арқылы беріледі.
8.ЖКВ (живая коревая вакцина), қызылша вакцинасы-тірі әлсіретілген қызылша қоздырғыштарының “Ленинград-16” (Л-16) штаммынан дайындалған, ампулада құрғақ түрінде (Ресейлік) немесе флаконда (шетелдік) 1,2,5,10 дозалық түрінде шығарылады. Егілер алдында еріткішіне араластырып, 1 балаға 0,5 мл бұлшық етке немесе тері астына егіледі. Күнтізбекке сәйкес егу мерзімдері: вакцинация 1 жасында, ревакцинация 6-7 жасында.
9. ЖПВ (живая паротитная вакцина), мысқыл вакцинасы-тірі әлсіретілген мысқыл вирустарының “Ленинград-3” (Л-3) штаммынан дайындалған. Ампулада құрғақ түрінде немесе флаконда 1-10 дозалық түрінде шығарылады, егілер алдында еріткішіне араластырып, 0,5 мл бұлшық етке немесе тері астына салынады. Егу мерзімі баланың 1 жасында қызылшамен бірге өткізіледі.
10. ВГВ В гепатитная вакцина – сары аурудың В түрінің алдын алу үшін, 404 бұйрықпен қабылданған. Дайын антигендерден жасалып, ерітінді күйінде әртүрлі дозаларда флаконда шығарылады негізінен шетелдік препараттар қолданылады. Бір балаға егілетін дозасы 0,5 мл санның латеральды бетіне, жоғарғы бөлігіне бұлшық етке өзінің арнайы шприцімен егіледі. Мерзімдері бұйрыққа сәйкес бала туылғаннан кейінгі алғашқы тәулікте және 2,4 айларында. Егер бала перзентханада бұл екпені қабылдамаған болса, келесі тәртіппен кейін алады: 0,1,6 айларында дельта тәрізді бұлшық етке 0,5 мл егіледі.
Алдын ала егу жұмыстары тек сау балаларға жүргізіледі. Барлық егуге болмайтын жағдайларды 2 топқа бөлуге болады.
1 топ – түпкілікті егуге болмайтын жағдайлар: қатерлі ісіктер, лейкоз, лимфогрануломатоз, коллагенді аурулар, қант диабеті, декомпенсацияланған жүрек ақаулары, бүйрек аурулары, иммунодефицитті жағдай т.б.
2 топ – уақытша егуге болмайтын жағдайлар: өткір аурулардан және созылмалы аурулардың қайталануларынан кейін жазылғаннан соң 1 айға дейін; сары аурудан кейін 6-12 айға дейін; гемолиз ауруынан кейін 6-12 ай; экссудативті диатезбен ауыратын балаларға өте сақтықпен педиатрдың рұқсатынан кейін ғана.



  1. Вакцина терминін әдебиетке енгізген ғалым?

  1. П.Эрлих

  2. И.И.Мечников

  3. Л.Пастер

  4. Э.Дженнер

  5. Р.Кох

  1. Әсерлі затты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып, антигендік қасиеті сақталыа қалған әлсіретілген микробтан жасалған препараттар?

  1. Тірі вакцина

  2. Өлі вакцина

  3. Антибиотик

  4. Мутагендер

  5. Жасушалық вибрион

  1. Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар?(3)

  1. Иммуногенді қауіпсіз

  2. Анкогендік қасиеті жоқ

  3. Ұзақ уақытқа дейін сақталуы

  4. Жақсы еруі

  5. Жойылып кетуі

  1. Вакцина еккеннен кейінгі жергілікті реакция?(3)

  1. Қызу көтерілу

  2. Ісініп сарысу жиналу

  3. Үш күннен артық сарысу жиналу

  4. Лимфаденит

  5. Енгізген жерде абцесс

  1. Организмде туберкулез таяқшаларының бар жоғын анықтау үшін қойылатын белгіге қолданылатын вакцина?

  1. Туберкулин

  2. БЦЖ

  3. АКДС

  4. АКДС-м

  5. ВГВ

  1. Л.Пастер аттенуатция әдісін қандай қоздырғыштарда тексеріп көрді?

  1. Түйнеме, туберкулез

  2. Түйнеме, құтыру, тырысқақ

  3. Құтыру,тырысқақ,

  4. Гепатит

  5. Гепатит, түйнеме, сіреспе

  1. Тірі вакциналарды қалай тағайындайды?(3)

  1. Көктамырға

  2. Қолға

  3. Бұлшықетке

  4. Ауыз қуысына

  5. Тері үсті,тері асты

  1. Вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін қолданылатын заттар?(2)

  1. Адъювант

  2. Консервант

  3. Ассоциаланған вакцина

  4. Өлтірілген вакцина

  5. Жиналған вакцина

  1. Бір препараттың ішінде түрлі текті антигендер кіріп бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болатын вакцина?

  1. Адъювант

  2. Консервант

  3. Ассоциаланған вакцина

  4. Өлтірілген вакцина

  5. Жиналған вакцина

  1. Жаппай вакцинациялау тәсілдері?(3)

  1. Ауа тамшылы

  2. Инесіз егу

  3. Пероралдық

  4. Аэрозолдік

  5. Тері арқылы

Жауаптары; 1-с,2-а, 3-авс,4-сде,5-а,6-в,7-сде,8-ав,9-с,10-всд.


Сәйкестендіру:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет