Арамшөп.
Арамшөп – егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік шалғынды, жайылымды жерлерде және өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органикалық заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді.
Арамшөп – егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (мендуана,үй бидайық) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді. Арамшөп негізінен паразитті арамшөп және паразитті емес арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т.б. жатады. Ең зияндысы – хлорофилі мен тамыры жоқ сұңғыла. Ол қасындағы дақылдың қоректік заттарын сорып алады. паразитті емес арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара сұлы, итқонақ, қарабидай арпабасы, қара меңдуана, т.б.) және көп жылдық өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен, т.б.) болып бөлінеді.
Арамшөптер топырақтағы қоректік заттарды пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге сіңірілген минералдық тыңайтқыштардың көпшіліні пайдаланады. Г. А Чесалиннің мәліметтері бойынша арамшөптер басым алқапта минералдық тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті таза пармен салыстырғанда 30-35 процент кемиді. Мәдени өсімдіктер мен рамшөптердің арасында үнемі жарық үшін күрес жүреді. Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады.
Кейбір арамшөптердің жемістері, дәндері, тұқымдары улы болады, олар адамды, малды уландырады ( қара меңдуана ), ал қайсы бірі арамшөптерден қолайсыз иіс шығады да, бұлар шабылған шөптермен араласып кетсе мал шаруашылығынан алатын өнімдерді бүлдіреді.
Кейбір арамшөптер ( қара сұлы, ошаған т.б ) өздерінің тікенекттері, қылқандары арқылы малға жабысып, зақым келтіреді.
Ауыл шаруашылық дақылдармен салыстырғанда арамшөпттердің бірсыпыра биологиялық ерекшеліктері бар. Олардың ішінен мыналарды көрсетуге болады:
Арамшөптер өте сезімтал келеді. М/ы, кәдімгі гүл тәжі арам шөбінің бір өсімдігі 500000 түйір тұқым береді
Арамшөптердің тұқымы әртүрлі жолдармен кеңістікке тез таралады. М/ы, арамшөптердің тұқымы өздерінің тікенектері, қылқандарының көмегімен жел, су, мал, көлік, адамдар, құстар, көң арқылы т.б жолдармен таралады.
Арамшөп тұқымдарының өсу кезеңі әртүрлі болады, соның арқасында олардың бәрі бір мезгілде шығып көктемейді, былайша айтқанда егін себер алдында бірден жойып жіберуге мүмкіндік жоқ.
Арамшөптердің тұқымы топырақта ұзақ жатса да өзінің өсіп- өну қабілетін сақтайды.
5.Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына( құрғақшылыққа, ыстық, суыққа ) өте сезімтал келеді.
Көптеген арамшөптер өзінің вегетативтік мүшелері арқылы өсіп- өнеді.
Арамшөптердің тұқымдары топырақтың беткі қабатында – ақ немесе болмашы тереңдікте жатып та жақсы өніп- өседі.
Біздің республикады 300- ге жуық арамшөп түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде 120 түрі паразиттік арамшөпті, оның ішінде 36 түрлі арам сояуды, 80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады. Мұнымен қатар 220 түрлі жартылай паразиттік арамшөптер өседі. Арамшөптер осындай көп түрлі болғандықтан, оларды жіктеу қажет. Жіктеу негізіне мына белгілер алынған:
-Өсімдікттердің қоректену әдісі
-Өмір сүру ұзақтығы
-Көбею тәсілі.
Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптр үш топқа бөлінеді. Олар:
Паразиттік арамшөптер
Жартылай паразиттік армшөптер
Паразиттік емес немесе жасыл арамшөптер
Паразиттік арамшөпттер дегеніміз – басқа мәдени өсімдіктер арқылы қоректеніп, өмір сүретін өсімдіктер.Мәдени өсімдіктің органдарымен байланыс жасауларына қарай паразиттік арамшөптер екіге бөлінеді.
Егер қоретік заттарды мәдени өсімдіктердің сабағынан алатын болса, онда бұларды сабақтық паразиттік арамшөптер дейміз. Бұған арам сояудың барлық түрі жатады.
Егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдіктің тамырынан алатын болса, онда оларды тамырлық арамшөптер дейміз.. Бұған сұңғылынын барлық түрі жатады.
Ең көп тараған парзиттік емес арамшөптер Олар органикалық заттарды өздері дайындайды және су мен онда ерілген минералдық заттарды жақсы жетілген тамырлары арқылы топырақтан алып бойына сіңіреді.
Паразиттік емес арамшөптер вегетациясының ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:
-Аз жылдық арамшөптер
-Көп жылдық арамшөптер
Аз жылдық арамшөптер дегеніміз- екі жылдан артық өмір сүрмейтін, соның ішінде бір – ақ рет тұқым беретін өсімдіктер. Олар тұқым арқылы көбейеді.
Көп жылдық арамшөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп, соның ішінді бірнеше рет дән түйіп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Олар тұқымынан да, вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.
Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді. Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, фотосинтез процесін баяулатады, осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды және оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді, яғни алынатын өнім азаяды. Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-40С-қа төмендетеді, сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді, немесе әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін және кешігіп шыққан егін дәл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады. Бұл әсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта , оларды толық жоя алмаймыз, оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен.
Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі – зор тұқым өнімділігі. Мысалы, кәдімгі гүлтәжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота-12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді, яғни арамшөптер дәнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал келеді.
Арамшөптердің тағы бір ерекшелігі – олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабота), итқонақ (күн сәулесіне реакциясы). А.Г.Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді.
Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады.
Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды.
Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа) өте төзімді келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |