Басқару есебіндегі шығыс
Дайындағандар:
Серік Әлішер,
Жұмаділла Аружан,
Рамазанова Мадина ,
Қайролдина Зарина,
Махұлбек Ұлдана,
Ахжан Айдана
Қарастырылған сұрақтар: - Жоспарлау мен шешімдер қабылдау кезінде шығындар қалай жіктеледі?
- Жауапкершілік орталықтары дегеніміз не?
Шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі, яғни бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
1.Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
2. Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары; 3. Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер ұсынылуы тиіс.
жоспарлантын және жоспарланбайтын шығындар;
- жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);
өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты — өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді
Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек. Жүктелген (баламалы) шығындар – шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығындар, бірақ олардың болашақта болмауы да мүмкін.Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
- Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді.
- Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады.
- Жартылай өзгермелі шығындарға тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |