Қарасу ауылдық округі әкімі А. Касимановтың Қарасу ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата24.02.2016
өлшемі28.58 Kb.
#15652
Қарасу ауылдық округі әкімі А. Касимановтың Қарасу ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы

туралы есепті баяндамасының тезистері
Біз бүгін 2014 жылды артқа тастап отырмыз, осыған орай Қазақстан Республикасының Заңына байланысты 2014 жылы Қарасу ауылдық округі бойынша атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беріп отырмын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, облыс әкімі Д. Ахметовтың бізге беріп отырған тапсырмаларын орындай отырып, округіміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында округімізде бірқатар жұмыстар атқарылған.

Біз Елбасымыздың «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағытқа арналған жолдауларды, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдауларын басшылыққа ала отырып біздің ауыл адамдарымен бірлесе отырып біршама мәселелер шешімін табудамыз. Елбасының жолдауларын жүзеге асыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағадайларын көтеріп 30 дамыған елдің қатарына кіру үшін бізге береке, бірлік қажет. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Елбасымыз айтқандай қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.

2014 жылдың қорытындысы бойынша округіміздің дамуына еңбек етіп, ауызбіршілік пен тұрақтылықтың арқасында жылдан жылға бір саты жоғары көтеліріліп келеміз. Халық саны былтырғы жылмен салыстырғанда көбейіп, туу көрсеткіштері көтеріліп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің қатары көбейіп келеді.

Ауыл шарушылығы бойынша да мал саны көбейіп, ауылшаруашылық құрылымдары көтеріліп, егістік алқаптары ұлғайып, ауыл шаруашылық техникасын жаңартып, экономика дамуына үлесін қосып отыр. Округімізде - 43 шаруа қожалығы бар. Осы шаруа қожалықтарының иелігінде 48000 га жер көлемі бекітілген. Осы шаруашылықтарының 42-сі таза мал шарушылығымен, «Мәдениет» шаруа қожалығы қосымша егін егумен айналысады. Ал «Азат» шаруа қожалығы көкөніспен айналысады. Мал шаруашылығында тұқымды асылдандыру жұмысы біршама жолға қойылып келеді. Биылғы жылы тағы 8 бұқа алынды. Қазіргі таңда округ бойынша 20 бас асыл тұқымды бұқа бар, ол 1644 аналықтарды 36 пайызға қамтамасыз етіп отыр. 2014 жылы субсидияға құжаттарды тапсырған шаруа қожалықтар: Мұқанов Т., Аргимбаев Е., Ахмолдин У., Хаджимов М., Умертаев Е., Калиева М., Айсрахунов Н. Кныбаев К., Смагулов Б., Сагадиев Б. «Черногорка» ш/қ (Бибосинов Б.) «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014 жылғы 1 жартыжылдықта 18 бас сүтті асыл тұқымды тайыншыларды сатып алды.

Округ бойынша 2 орталық мал сою алаңымен халыққа қызмет көрсетуде. Асқаралы ауылында Торғаев Б, ал Кіші-Қарасу ауылында Т.Абылғазин.

Округіміздің дамуына халықтың шағын несие алып, өз істерін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Мәдениет бойынша атқарылған іс-шараларды да атап өтуге болады. Мәселен, 2014 жылдың қаңтар айында округ тұрғындары «Рождество» мейрамын тойлатудан бастап, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен ұласты. 22-наурыз «Армысың, әз Наруыз» атпен кең көлемде тойланды. 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнін аталды. Округ бойынша барлық қарт адамдарға ақ дастархан жайылып, қарттар күні мерекесін өткіздік. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін, 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнін ерекше қарқынмен өткізілді. 31 желтосқан барша халыққа Жаңа жылдық Бал-маскарад ұйымдастырылып өткізілді.

Сондай ақ Семей жол құрылыс мекемесі көмегімен 60 км шақырым жолға тас төгілді. Кіші-Қарасу ауылындағы жеке техникамен 4 көше тегістелді.



Округтің дамуына кәсіпкерлік карта бойынша мал бордақылау және қымыз өндірумен «Матай» шаруа қожалығы айналысады, күніне 40-50 литр қымыз алынып тұтынушыларға сатылады. Ветеринарлық пункт жанынан ветеринарлық дәріхана мен қолдан ұрықтандыру пункті ашылды. Аяқ киім тігу цехы халыққа қызметін көрсетіп отыр. Тұрақтандыру қорына 10 тонналық көкөніс сақтау орны (погреб) ашылып, картоп, қырыққабат сақталуда. Мектеп ұжымына Кіші-Қарасу ауылынан 1,5 гектар жер бөлініп, картоптық тұқымымен қамтамасыз етіліп, 6 тонна картоп өнімін алды.

Біздің дәрігерлік амбулатория 3 ауылға қызмет етеді. Биылғы жылы дәрігерлік амбулаторияға жаңадан жедел жәрдем көлігі берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет