Наурыз-думан Мақсаты



бет1/3
Дата14.03.2024
өлшемі16 Kb.
#495589
  1   2   3
наурыз жыл басы


Наурыз-думан


Мақсаты: наурыз мейрамын сезіне білуге баулу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерді қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар қонақтар, бүлдіршіндер! Бәріміз асыға күткен Наурыз тойымызды тойлайық. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Сондай-ақ көктем мерекесі. Келген жыл басы Наурыз құтты болсын ағайын! Ұлыстың ұлы күнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!


Жүргізуші: Наурыз қай ай?
Балалар: Көктем айы
Жүргізуші: Наурыз қандай мереке?
Балалар: Ұлыстың ұлы күні жыл басы

Жүргізуші: Ал халайық тұрмайық


Әндетейік жырлайық
Күмбірлесін әсем күй
Құлақ түріп тыңдайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық

«Наурыз» әні орындайтын: «Таңшолпан» тобының балалары




Жүргізуші: балалар бізге наурыз мерекесіне ертегі елінен Алдаркөсе, Қожанасыр келіпті.
(екеуінің қолында бір зат бар, соған таласып келеді)
Жүргізуші: балалар тыңдаңдаршы екеуі неге айтысып келеді?
Алдаркөсе: мынау менің қояным, мен бірінші көрдім оны.
Қожанасыр: Қоянды қуып жетіп, ұстаған мен. Демек қоян менікі
Алдаркөсе: Егер мен қоянды көрмесем сен өтіп кетер едің.
Жүргізуші: Қожеке, Алдеке сендерге не болды? Бүгін ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қоянға бола ренжіспеңдер. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде ренжіскен адамдар татуласып, төс қағыстырып, кішіпейілдік көрсетіп, бір-бірін кешіріп ұлы мерекені бірге тойлаған. Ауыл арасын ауызбірлікке, ынтымаққа шақырған. Қараңдаршы бүгін мерекеге ырыс-бақыт тілеп келген қаншама қауым келіп отыр. Өнерін көрсететуге бүлдіршіндерімізде келіп отыр.
(осы кезде тазша бала жүгіріп шығады)
Тазша бала: уа, халайық! Армысыздар, бармысыздар ағайын! Наурыз мерекесі құтты болсын! Ассалаумағалейкум! Алдеке, Қожеке! Мен сіздердің сөздеріңді естідім. Мына асыға күткен Ұлыстың ұлы мерекесінде тату болайық. Қанекей төс қағыстырып, бір-біріміздің өкпе ренжісімізді ұмытайық.
(Алдаркөсе мен Қожанасыр Тазша баламен төс қағыстырады)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет