Бесқарағай ауданының әкімі
Т.С.ЖЕКСЕМБАЕВҚА
2010 жылғы 9 ай ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Бюджет
2010 жылғы 1 қазанға аудан бюджетіне түскен өзіндік кірістер 168,4 млн. теңге немесе 111,2 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 152,7 млн. теңгені немесе 112,5 пайызды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға аудан бюджеті кіріс жағынан 1401,4 млн.теңгені құрап, жоспар 101,2 пайызға орындалды, 2009 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі 999,0 млн. теңгеге немесе жоспар 101,7 пайызға орындалды.
2010 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1363,9 млн. теңгеге немесе 98,2 пайызға орындалды, ал 2009 жылдың осы кезеңінде 964,5 млн. теңгені немесе 97,6 пайызды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 165,9 млн. теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 163,6 млн.теңге немесе 101,4 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы
2010 жылғы 1 қазанға ет өнімдері – 3507 тоннаны құрады, 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 102,4 пайызға, сүт –103,0 пайызға, жұмыртқа – 103,3 пайызға өсті.
2010 жылғы 1 қазанға оперативтік мәліметтер бойынша жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 4188,0 млн. теңгені және 110,7 пайызды құрайды.
«Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлығы 34500 гектар жер телімі бөлінді, оның ішінде: 5000 гектар егістік, 29500 гектар жайылым 8640 ірі қара мал басын бордақылайтын кешенін құру үшін, жобаның жалпы құны 3,2 млрд. теңге.
Шағын бизнес
2010 жылғы 1 қазанға аудан бойынша 128 дүкендер, 48 дүңгіршектер, 24 қоғамдық тамақтандыру нысандары және 57 тұрмыстық қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.
2010 жылғы 1 қазанға кәсіпкерліктің 954 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға төмендеді, шағын бизнес субъектілерінің санының кемуі бұл ағаш тілетін пилорамдардың жабылуына және шаруа қожалықтарының ірілендірілуіне байланысты болды.
2
Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны – 56, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 бірлік немесе 96,6 пайызды құрады. Оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 20, 2009 жылдың осы кезеңінде 30 бірлік немесе 66,7 пайызды құрады.
Ауданда шағын бизнесті дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, 2009 жылы қормен 6,8 млн.теңге сомада несие берілді. 2010 жылы шағын бизнес субъектілерін несиелендіуге қормен 5,0 млн. теңге бөлінді. Лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алу мақсатында несиелер беру жұмыстары жүргізілуде. Глуховка ауылдық округінде Ержан Балтабаев «Лана-2» шаруа қожалығымен лизинг жүйесі арқылы 1,7 млн. теңге сомаға топырақтармен жұмыс жасайтын ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, 7,7 гектарды тамшылатып суарып, өңдеуге, Канонерка ауылдық округінде «Лана» шаруа қожалығы 360 мың теңге сомаға су сепкіш сатып алды.
Инвестициялық қызмет
2010 жылғы 1 қазанға инвестицияның негізгі капиталы 278,4 млн.теңгені құрады, 2009 жылдың осы кезеңінде 72,0 млн.теңге 3,7 есе көбейді.
2010 жылғы 1 қазанға 0,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 2009 жылдың осы кезеңінде 1,088 мың шаршы метр немесе 73,5 пайыз.
2010 жылғы 1 қазанға білім беру, мәдениет нысандарын күрделі және ағымды жөндеуге барлығы 89,9 млн. теңге бөлінді, республикалық бюджеттен 57,6 млн. теңге, игерілгені 56,3 млн. теңге немесе 97,7 пайызды, аудандық бюджеттен 32,3 млн. теңге, игерілгені 30,3 млн. теңге немесе 93,8 пайызды құрады.
1 қазанға сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 197,1 млн. теңге бөлінді, игерілгені 184,7 млн. теңге немесе 93,7 пайызды құрады.
1 қазанға автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 15,6 млн. теңге бөлінді, игерілгені 14,7 млн. теңге немесе 94,2 пайызды құрады. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы ұстауға 8,1 млн. теңге бөлінді, игерілгені 6,4 млн. теңге немесе 79,0 пайызды құрады.
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық көп салалы коммуналды шаруашылық кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға 7,0 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100 пайыз.
Ауданда шағын бизнесті дамыту бойынша 2010 жылға белгіленген келесі жоба бар, ол:
Бесқарағай ауылыңда «Қасқыр» шаруа қожалығымен өндірістік күші тәулігіне 30 ірі қара және 50 ұсақ малдар мал сойатын модульдік пункт құрылысына, 78,0 млн. теңге сомада несие ресурстарын алу үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы қабылдады.
3
Білім беру
Ауданда 24 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1 мектеп-бақша, 19 орта, 3 негізгі және 2 бастауыш орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер білікті мамандармен іріктелінген, олардың арасында өздерінің білімдерін кеңінен қолданып, еңбек етіп жүрген шеберлер аз емес.
2010 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 29,9 млн.теңге бөлінді, игерілгені 17,6 млн. теңге немесе 58,8 пайызды құрады. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 23,3 млн.теңге бөлінді, игерілгені 18,9 млн. теңге немесе 81,1 пайыз.
2010 жылы аудан бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу орташа 88,1 баллды құрады, 2009 жылы бірыңғай ұлттық тестілеу орташа баллы 70,2. Бірыңғай ұлттық тестілеу орташа 17,9 баллға өсті.
Ауданның барлық мектептері Интернет жүйесіне қосылған. Мектептер штаттармен толық іріктелінген.
Денсаулық сақтау
Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 10 дәрігерлік амбулаториялармен, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен іске асырылады. Ауданда барлығы 51 ауруханалық керуеттер бар.
2010 жылғы 1 қаңтардан Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Жаңа бағдарлама әр азаматқа өздігімен мемлекетіміздің аумағындағы емдік мекемені және дәрігерді таңдау құқығын берді.
Ауданда 9 айы ішінде аналар өліміне жол берілген жоқ. Сәбилердің өлімі – 6 оқиға, 1000 тірі туылғандарға шаққанда өлім көрсеткіштері 24,8, 2009 жылдың осы кезеңінде 19,7. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда көрсеткіш 10,3, 2009 жылдың осы кезеңінде 11. Туберкулез бойынша тұрақты оқиғалар, сырқаттанғандар 100 мың адамға шаққанда 149,5 оқиға, 2009 жылдың осы кезеңінде 74,5 оқиға. Онкологиялық аурулар 100 мың адамға шаққанда 166,9 оқиға, 2009 жылдың осы кезеңінде 197,3 оқиға.
Денсаулық сақтау штаттармен толық іріктелінген.
2010 жылға денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмектерге 14,4 млн. теңге бөлініп, 14,4 млн. теңге игерілді немесе 131,7 пайыз, тамақтандыруға 2,1 млн. теңге бөлініп, 1,8 млн. теңге игерілді немесе 85,7 пайызды құрады.
Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2009 жылғы 1 қазанға ақылы қоғамдық жұмыстарға 232 адам тартылып, жоспардың орындалуы 89,2 пайызды құрады. 2009 жылдың осы кезеңінде 346 адам тартылды немесе 133,0 пайыз. Игерілгені 11,1 млн. теңгені құрады.
Семей қаласындағы құрылыс колледжіне және «Болашақ» кәсіптік лицейге жұмыссыз кәсіптік дайндауға 30 жұмыссыз жіберілді, олардың 16 адамы немесе 53,3 пайызы оқуларын бітірді. Жұмыссыздарды оқуға жіберу бойынша 2010 жылғы 1 қазанға арналған жоспар 100,0 пайызға орындалды, 2009 жылы 30 жұмыссыздар немесе 100,0 пайызы жіберілді.
4
2010 жылғы 1 қазанға 474 жұмыссыз жұмысқа орналасты, жоспардың орындалуы 182,3 пайызды құрады. 2009 жыл ішінде 399 адам өтініш білдірді, жоспардың орындалуы – 153,0 пайыз.
2010 жылғы 1 қазанға 104 жұмыс орны құрылды, жоспардың орындалуы 136,8 пайыз. 2009 жылдың осы кезеңінде 137 жұмыс орны құрылып, жоспардың орындалуы 185,0 пайызды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына 12 адам қатысты немесе жылдық жоспардан 200 пайыз. 2009 жылдың осы кезеңінде 12 адам жіберілді немесе 200,0 пайыз.
Әлеуметтік жұмыс орындарға 6 жұмыссыз орналасты немесе 100 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 8 адам немесе 133,3 пайыз.
Жұмыс орындарына 788 адам өтініш білдірді немесе 90,5 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 681 адам немесе 78,2 пайыз.
Жол картасы бойынша оқу топтарын құруға 80 адамды оқу орнына жіберу жоспарлануда, 119 адам жіберілді немесе жылдық жоспардан 148,8 пайыз. Бесқарағай аудандық №16 кәсіптік лицейде «Аспаз» мамандығы бойынша – 55 адам, «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша - 24 адам оқуды бітірді, барлығы 87 адам немесе 75 пайыз, «Жүргізуші ВС категориясы» кәсібіне - 29 адам немесе 25 пайызы оқуын жалғастыруда, үш адам өз қалауы бойынша оқуларын тастады.
Жоғарғы оқу орындары мен орташа оқу орындарының 34 түлектері «Жол картасы» шеңберінде жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, жылдық жоспардан 136,0 пайызды, игерілгені 2200,0 мың теңгені құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам немесе 140 пайызы жұмысқа орналасты, жоспар ішінде 25 дам, игерілгені 2800,0 мың теңгені құрады.
Қоғамдық-саяси ахуал.
Бүгінгі таңда 1 мәдениет үйі, 3 клуб, 18 кітапхана оның ішінде 1 орталық кітапхана, 17 ауылдық филиалдары жұмыс істейді.
Бесқарағай ауданының аумағында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партияның аудандық филиалы, «Ақ жол» партиясының өкілдері, «Ауыл» партиясы, Коммунистік партиясы орналасқан және өздерінің істерін жүзеге асырады.
Бесқарағай ауданының аумағында 13 мұсылман мешіті, сондай-ақ екі тіркелген православиялық бірлестіктер бар- Свято-Успенский храм Алма-Атинской, Семипалатинской Епархии Московской Патриархии және Свято-Троицкий Приход және 1 протестантық бірлестік- Евангелідік христиан баптисттер. Барлығы 16 ғибадат ғимараты, рухани оқу мекемелері аудан аумағында жоқ. Діни бірлестіктер өздерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырады. Мекеме қызметкерлері және азаматтар арасында қайшылықтар және шиеленіс жағдайлар жоқ.
Ауданда 5 үкіметтік емес ұйымдар бар. Олар: «Арна», «Женищины Бескарагая» қоғамдық ұйымдары, «Аудандық татар ұлттық-мәдени орталығы», «Бесқарағай аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы», «Белуха» жастар ұйымы. 2008 жылы 4 өкіметтік емес ұйымдар қызмет атқарды, 2009 жылы және 2010 жылдың мамыр айы ішінде - 5 өкіметтік емес ұйымдар.
5
Аудан аумағында 3 ұлттық-мәдени ұйым бар. Олар: «Аудандық татар ұлттық-мәдени орталығы», «Возрождение» неміс қоғамының өкілеттігі, «Лад» славян қоғамы.
Ауданда 1 аудандық ардагерлер Кеңесі (төрағасы С.М. Мағауов) және 9 ауылдық кеңестер бар.
Ауданда қоғамдық-саяси іс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Жоғары идеялық-саяси деңгейде мемлекеттік және басқа да мерекелер өткізілді:
халықаралық әйелдер күні, Наурыз-мейрамы, Масленица, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні. Бұдан басқа, ауданда аз қамтылған отбасыларын, көпбалалы аналар және мүгедек балалары бар аналарды, ұлы отан соғыс ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін, ауған –жауынгерлерін қабылдау, мүмкіндіктері шектеулі балалардың мейрамдары, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балаларына іс-шаралық мерекелер өткізіледі.
Осы іс-шараларда Президент Жолдауының негізгі басымдықтары және елде болып жатқан реформаларды насихаттау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіледі. Барлық мейрамдар мен іс-шаралар ішкі саясат Басқармасымен ұсынылған Қазақстан Республикасында мейрамдарды дайындау және өткізу Тұжырымдамасына сәйкес өткізіледі.
Ауданда Президент Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстар қатаң бақылауда. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін 1 аудандық (30 адам) және 10 ауылдық (70 адам) ақпараттық-насихаттау тобы құрылды. Аудандық топтарды ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық топтарды-ауылдық округтердің әкімдері басқарады.
2010 жылдың ақпан айына аудан орталығында 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық актив өткізілді. Актив жұмысының барысында кезекті Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша жоспар, ақпараттық-насихаттау мүшелерінің құрамы, аудандық АНТ шығу кестелері құрылды және бекітілді. Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде арнайы айдарлар мен беттер ашылып, жұмыс істейді: «Жолдау жүгі», «За строкой Послания», «Реализуя Послание», «Адам және Заң», «Ардагер», «Ветеран», «Денсаулық», «Ұлы Жеңіске-65», «Мың тағзым», «Көктемгі егіс», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды», «Спорт», «Они сражались за Родину», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Нұр Отан», «Нашақорлықпен күрес», «Борьба с коррупцией», «Соғыс жылдары», «Ветераны войны», «Имандылық», «Жолдау және жұртышылық», «Воины-афганцы», «Тылдағы еңбек», «Великой Победе-65», «Бизнестің жол картасы-2020», «Ата дәстүрін ардақтайық», «На охране леса», «Патриоттық тәрбие», «Әділет», «Экология»,
«Криминал», «Социальные услуги», «Аудан өмірі» және басқалар, осында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, АНТ мүшелерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының мақалалары, тұрғындардың үндеулері, өткізілген іс-шаралар туралы материалдар жарияланады.
6
Бұқаралық ақпараттық құралдарына 2009 жылы 1.680 мың теңге, 2010 жылы 2.100 мың теңге және қосымша 340 мың теңге бөлінді.
Ішкі саясат бөлімімен материалдарға күнделікті талдау мен мониторинг жасалынады. Мемлекетттік саясатты насихаттауда көрнекі ақпараттар тиімді пайдаланылады.
Аудандық жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдарды 2008 жылы қолдауға 500 мың теңге, 2009 жылы - 551 мың теңге, 2010 жылы - 900 мың теңге қаржы бөлінді.
Ішкі саясат бөлімімен халықаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту бойынша келесі ұйымдармен тығыз байланыс орнатылды. Мәдени іс-шаралар және халықтық қыдырулар бірлесе өткізіледі, олар: «Масленица»,
«Наурыз-мейрамы», «Сабан туй», Қазақстан халықтарының бірлігі күні, тілдер күні және тағы басқа іс-шаралар.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Заңына сәйкес ұйымдар мен мекемелерде, ауылдық округтерде мониторинг жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша аудандық мемлекеттік рәміздер бойынша комиссияға ақпарат ұсынылды. Ұйымдар мен мекемелер, ауылдық округ әкімдеріне «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңын қатаң сақтау бойынша хаттар жіберілді.
Бөлімдермен ҚР Президент Жолдауын насихаттау, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша медиа-жоспарлар әзірленді. Медиа-жоспарларды орындау бойынша ай сайын ішкі саясат Басқармасына есептер жіберіледі.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалды-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.
2010 жылғы 1 қазанға елді мекендерді көріктендіруге 23,3 млн. теңге бөлінді, игерілгені 21,2 млн. теңге немесе 99,4 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 29,8 млн. теңге бөлінді, игерілгені 26,8 млн. теңгені немесе 89,9 пайызды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға ауылдық округтердің елді мекендеріндегі көшелерін жарықтандыруға 10,1 млн. теңге бөлінді, игерілгені 9,1 млн. теңге немесе 90,1 пайызды, 2009 жылдың осы кезеңінде 9,6 млн. теңге бөлініп, игерілгені 8,5 млн. теңгені немесе 87,9 пайызды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға санитарияны қамтамасыз етуге 6,3 млн. теңге бөлінді, игерілгені 5,9 млн. теңгені немесе 93,7 пайызды құрады, 2009 жылдың осы кезеңінде 4,0 млн. теңге бөлінді, игерілгені 3,9 млн. теңге немесе 97,5 пайыз.
7
2010 жылғы 1 қазанға елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыруға 5,8 млн. теңге бөлінді, игерілгені 5,7 млн. теңге немесе 98,3 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 6,2 млн. теңге бөлінді, игерілгені 5,9 млн. теңгені немесе 95,2 пайызды құрады.
Ауылдық округтердің әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылып, бекітілді, жылдың қорытындысы бойынша олардың орындалуы қарастырылатын болады.
Ауданда «Жол картасы» шеңберінде 12 жобаларды іске асыруға 131,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 75,9 млн. теңге (игерілгені 98,3 пайыз), облыстық бюджеттен 13,9 млн. теңге (игерілгені 100,0 пайыз), аудандық бюджеттен 41,4 млн. теңге (игерілгені 95,2 пайыз).
Бөлім бастығы С.Оразданов
Достарыңызбен бөлісу: |