Қарасу ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы



Дата23.02.2016
өлшемі59.47 Kb.
#3648
Қарасу ауылдық округінің әкімі – Рахымов Сағынай Сатыбайұлы:
Қарасу ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Өткен 2011 жыл жалпы мемлекет пен біздің округ өміріндегі маңызды саяси оқиғалармен белгілі болды, ол - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Елбасы өз Жарлығымен 2011 жылды Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өтеді деп жариялады. Президенттің айтуынша, Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің, ұлттық мәдениеттің шарықтап өсуінің кезеңі болды. Біз жерімізді ядролық қарудан босаттық, Семей полигонын жаптық. Қазір Ресей және Белорусьпен Біртұтас экономикалық кеңістікті құрудың шешуші кезеңіне келдік. Бұл даму үшін қажетті экономикалық интеграцияның жоғарғы формасы. Тәуелсіз Қазақстан беделді және танымал елге айналды. ЕЫҚҰ-ға төрағалығы мен 56 мемлекет басшыларының тарихи саммитін өткізу әлемнің Қазақстанға деген сенімі мен құрмет көрсетуінің шыңы болды. Саммит сенімділікті нығайтудың, ынтымақтастық пен интеграцияның, біртұтас және бөлінбейтін еуро-атлантикалық және еуро-азиялық қауіпсіздік қауымдастығын құрудың жаңа кезеңіне айналды. Осы елеулі оқиғалардың қайнар басында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Есеп беріліп отырған 2011 жылы ауылдық округ аппаратының барлық жұмысы округтің экономикалық әлеуетін арттыру, әлеуметтік саланы дамыту, тұрғындар өмірінің сапасын жақсарту секілді Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды. Өткен жыл ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен халық үшін қиындығы көп болғанын ескерген жөн, себебі малдың жұқпалы ауруы анықталды. Тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетілуінің, округ тұрғындары көмегінің және қолданылған шаралардың арқасында малдың ауру жұқтыруы тоқтатылды. Толық сәйкестендіру нөмірлері, вет.құжаттар 1101 ІҚМ-ға берілді және округ бойынша ІҚМ бруцеллезі анықталған үйлердің қосалқы шаруашылығына дезинфекция жүргізілді.

Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық жылын салыстырмалы түрдде қарағанда орташа көрсеткіштермен аяқтады және қысқы дайындықтарға да ұйымшылдықпен жұмыла кірісті. Тұрғындар қажетті мөлшерде отын мен жем-шөпті даярлап алды. Мектептер мен медпункттарде нормаға сәйкес температуралық режим сақталады. Халықтың ертеңгі күнге деген сенімі мол.

Дағдарысқа қарсы қолданылып жатқан шаралардың арқасында мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұрақты болған соң, зейнетақының, шәкіртақылардың, бюджеттік сала қызметкерлері жалақыларының мөлшері 30 пайызға артты. Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, «Табыстың өсуі- өмірдің жаңа сапасы. Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты осында жатыр».

Әкімдік қызметінің негізгі бағыты- түсіндіру жұмыстары. Тұрңындар жиналыстары, кездесулер, қоғам өкілдерінің отырыстары, халықтық мерекелерге қатысу- бұл адамдардың ой-санасына әсер ету жолдарының толық емес тізбесі.

Өз-өзін жұмыспен қамтып отырған тұрғындар саны артып келеді, олар: салық салу арқылы жеке меншік негізінде жұмыс істейтін 7 адам, қосалқы шаруашылығымен айналысатын 77 адам. Өз-өзін жұмыспен қамтып отырған халық- бұл экономикамыздың мықты кадрлік резерві. Ауылды жерде қажетті кәсіпке ие болам дегендерге әкімдік бюджет қаражаты есебінен оқуға жолдама берді. Осылайша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша оқуға 2 адам жіберілді, олар: Сүлейменова Сәуле және Төлеубиева Айгүл. Осы бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамыту мақсатында жеке ісін ашу үшін мемлекет шағын кредиттер берді. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында ондаған мың ауыл адамдары қосымша жұмысқа ие болады. Біздің округ бойынша кредитті үш адам алды: Сағындықов Ұйымшыл, Құсайынов Сүлеймен және Төлеубиев Қуаныш.

«2011-2015 жылдарға арналған тұрғындарды жұмыспен қамту» бағдарламасының келесі маңызды бағыты азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Жыл басынан бастап 19 адам жұмысқа орналастырылды, «Сагандыков Ю.К.» ШҚ арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жұмыспен қамтылды. Өкілетті орган арқылы қоғамдық жұмыстарға 15 адам орналасты. 29 аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы 721 497 теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Ана мен балаға қолдау көрсету шаралары бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. 2011 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар 89 аз қамтылған отбасы (194 бала) 873 420 теңгеге жәрдемақы алды.

Жалғызілікті қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қолданылуда. Бүгінгі таңда үйіне барып әлеуметтік көмек көрсетілетін 6 зейнеткер бар, оларға 1 қызметші әлеуметтік көмек көрсетеді. Округ бойынша 13 мүгедек адамдар бар, олардың ішінде мүгедек балалар саны-4. Олардың екеуі ай сайын гигиеналық пакеттермен қамтамасыз етіледі. 2011 жылы мүгедек Мира Қабжатқызы санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды.

Сапалы жөндеу жұмыстары жүргізілуінің арқасында және мектептерді жаңа оқу жылына жақсы даярлаудың негізінде Аққұдық орта және Золотая Нива бастауыш мектептерінде температуралық режим сақталуда. Аққұдық орта мектебінің жылу жүйесіне түбегейлі жөндеу жүргізілді, жаңа қазандық орнатылды. Елбасы Жолдауына сәйкес қазіргі таңда мектептерді компьютермен қамтамасыз ету толығымен жүргізілді. Біздің мектеп те бұл шаралардан тыс қалған жоқ, 5 млн. Теңге сомасына мультимедиялық кабинет, интерактивтік құрылғы әкеліп орнатылды. Барлық мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ақ қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан 28 бала ақысыз тамақтанады.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Аққұдық орта мектебінің жанынан «Ақбота» шағын орталығы ашылды. Онда 15 бала тәрбиеленуде.

Ауылдық кітапхана қоры әдеби кітаптарға бай. Әдеби және мерейтойлық даталарға арналған түрлі іс-шарадар мен көқрмелер ұйымдастырылады. Осылайша, 2011 жылы «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» атты Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған байқау өтті. Оған әр түрлі жастағы оқырмандар қатысты. Сол сияқты «Тәуелсіздікке апарар нұрлы жол» атты фото-альбом жасалды. Аудандық байқауға қатысып, Аққұдық ауылдық кітапханасы 2-ші орынды иеленді.

Жалпы округ бойынша тұрғындардың ақпараттық мәдениетке деген қызығушылығы артқанын 2011-2012 жылдарға арналған мерзімді басылымдарға жазылу науқаны байқатады. Тұрғындар облыстық және республикалық басылымдарға көптеп жазыла бастады. Осылайша, «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская Правда» газеттеріне 2012 жылға 30 адам, облыстық «Солтүстік Қазақстан» мен «Северный Казахстан» газеттеріне 40 адам, сол сияқты аудандық «Нұрлы Ел» мен «Қызылту» газеттеріне 100 адам жазылды. Осының барлығы халықтың облыс және жалпы еліміздің ахуалы жайында хабардар болғысы келетінін дәлелдей түседі.

Салауатты өмір салтын насихаттау, ана мен бала өмірін қорғау- медқызметкерлердің басты мақсаты болып қала бермек. 2 елді-мекенде 2 ФАП жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау бағдарламасын сәтті жүзеге асыру ауылды жерде тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір елді-мекендердің ФАП-тарында сатуға қойылған дәрі-дәрмектер бар. Жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерді пайдаланатын адамдар да бар.

Спортқа, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру өмір талабына айналып келеді. Спортзалында волейболдан, баскетболдан үйірмелер ашылған, оған отбасылар, балалар, жасөспірімдер мен жастар қатысады. Жазғы уақытта спорттық шараларға қатысушылардың саны көбейіп, оларға көршілес жатқан ауылдың жастары қатысады.Солай Наурыз тойының соңында өткен спорттық шараларға Қарасу және Ақбұлақ ауылдарының жастары белсенділік танытты.

Бюджеттің түсім бөлігін орындау – әкімдіктің жұмысындағы басымды тарауы.

Салықтарды жинау бойынша болжамдар 100 пайызға орындалды, көлік бойынша 342 мың теңге жиналды, мүлік бойынша-10961 мың теңге, жер салығы 38860 мың теңге. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 100 пайызға орындалды.

Елді-мекендерді абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай аллея жөнге келтіріліп, «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы бойынша 100 жас ағаш отырғызылды. Тұрғындар да үй маңайларын тазарту мәселесіне жауапкершілікпен қарап, күл-қоқыстарды елден шығаруға көмектерін көрсетеді.

Өткен есептік кездесулер барысында тұрғындар ауқымды мәселелерді қозғап, сұрақтар қойған болатын. Сол сұрақтарды шешу барысында елді-мекендер телефондандырылып, түскен өтініштер бойынша санды телефон байланысымен қамтылған.

Сонымен қатар ауыз су мәселесімен қамту сұрағы да көтерілген. Қазіргі уақытта локалды су құбыры орнатылған. Бұл ауылдастарымыздың денсаулығы үшін шешімін тапқан үлкен бір мәселе.



Аудан орталығына дейін ағымды жол жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Қысқа дайындалу барысында да жол жиегіндегі шөптер уақытылы шабылды.

Өткен жылда округ әкімі аппараты мен тұрғындардың бірлесе атқарған еңбектері арқасында осындай бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Бірақ біз осыған тоқтамай, жас еліміз Қазақстанның қарқынды дамуына өз үлестерімізді қосып, алға қойған мақсаттар мен міндеттерді оңтайлы шешеміз. 6 жылдық пайыз көлемімен 2012 жылға 3 несиелік жол белгіленді, бұл «Сыбаға», «Егінжай», «Ауылдық шағын несие». Тұрғындар осындай көмекті қолданғандары бірқатар ауқымды мәселелерді шешуде септігін тигізер еді. Несиелер 1 000 000 теңгеден бастап 7 500 500 теңгеге дейін ауылшаруашылық дамытуға, бидаймен және басқа бизнесмен айналысуға мүмкіндік береді. Мақсат бір – тұрғындардың әл-ауқаттарын арттыру. Бұл осы онжылдықтың басым әлеуметтік бағыт. Осылай біздің, әр қазақстандықтың жолы белгіленген – бұл БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ГҮЛДЕНУ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет