Қаратал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-іі «Ветеринария туралы»



Дата17.07.2016
өлшемі21.67 Kb.
#205195
( жоба)

Қаратал ауданы бойынша

ауыл шаруашылығы жануарларын

бірдейлендіру жұмыстарын

ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы» № 2331 қаулысына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы «Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы» № 71 қаулысын орындау үшін, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаратал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып, өткізілсін.

2. «Қаратал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ибрагим Юрьевич Дербышев), «Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы» округтердегі ветеринариялық пункттерімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемелекеттік коммуналдық кәсіпорны (Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов), Үштөбе қаласының және ауылдық округ әкімдері аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Айбек Сапарбекұлы Қонақбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариаланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Әкім С. Дүйсембінов

Қаратал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы «____» __________ Қаратал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы» № «_____» қаулысына келісім беті.



КЕЛІСІЛДІ:
«Қаратал ауданының ветеринария

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ибрагим Юрьевич Дербышев

басшысы

«___»____________ 2014 ж



«Қаратал ауданы әкімдігінің

аудандық ветеринариялық

станциясы» округтердегі

ветеринариялық пункттерімен

шаруашылық жүргізу

құқығындағы мемелекеттік

коммуналдық кәсіпорнының Нұрәділ Нұрқасымұлы

директоры Бекбосынов


«___»____________ 2014 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет