Лекциялық (дәріс) сабақтар тезистері
Тақырып №1. Археология ғылымы және оқу пәні.
1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археология – тарих ғылымдарының негізгілерінің бірі. Ғылым аты ãðåêòiң archaios- êөíå және logos- ғûëûì ñөçдеріíåí øûққàí. Негізінен алғанда зàòòûқ äåðåêòåìåëåðãå ñүéåíå îòûðûï, àäàìçàòòûң àðғû äәóiðëåðií çåðòòåéòií ғûëûì.
Бастапқыда «археолог» деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді /1711 ж./. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.
Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстарын әйгілі ғалым В.Радлов жүргізді. 1865 жылы ол Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Үлкен Берел қорғанын қазды.
Кеңестік замандағы Қазақстан археологиясының негізін салушы зерттеушілер қатарында Әлікей Марғұлан, Сергей Черников, Кемал Ақышев, Әбдіманап Оразбаев, Мир Қадырбаев бар.
2. Археология ғылымының ерекшеліктері.
Àðõåîëîãèÿíûң íåãiçãi åðåêøåëiктері:
-
Өткенді зàòòûқ äåðåêòåìåëåð негізінде çåðòòåó.
-
Арғы, негізінен алғанда, жàçó øûққанғà äåéiíãi çàìàíдарды тану.
-
Àðõåîëîãèÿëûқ áàðëàó және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.
-
Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды.Көíå ìәäåíèåòòi, êөíå òàðèõòû, көíå çàìàíäû êөëеìäi сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да àðàëàñàäû.
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттелетін дәуірлерге байланысты, аðõåîëîãèÿ ғûëûìûíûң салалары қалыптасқан.
-
Әуелгі немесе ең көíå çàìàí àðõåîëîãèÿсы. Негізінен, тас ғасырымен шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады.
-
Àíòèê íемеñå êëàññèêàëûқ àðõеология åðòåòåìið, àíòèê çàìàíдарûíûң åñêåðòêiøтерін зерттейді. Біздің жағдайда – ежелгі көшпелілер археологиясы.
-
Îðòàғàñûðëûқ àðõåîëîãèÿ. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы.
Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар:
-
Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.
-
Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми- зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік қасиеттері танылады.
-
Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты жұмыс істейді.
Зерттеу әдістеріне байланысты да археологияның жеке салаларын белгілеуге болады:
-
Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер.
-
Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы зерттеу осы күндері басталған.
-
Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар).
Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері:
-
Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері қарастырылады және үйретіледі.
-
Археология тарихы.
-
Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі белгілерін қарастырады.
-
Жеке бір мемлекет археологиясы. Археологиялық мәдениеттердің уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы.
Тақырып №2. Археологиялық деректемелер және ескерткіштер.
1. Археологиялық деректемелер туралы түсінік. Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге жатқызылады.
Батыс ғылымында археологиялық деректемелерді тарих алдындағы немесе тарихқа дейінгі және ерте тарих деректері деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, ағылшын тілді шетел ғылымында археология деректемелері тарихи деректемелерден бөлек , антропология ғылымының шеңберінде қарастырылады.
Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып, кейінгі дәуірлер жөнінде түсінік толығып отырады.Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі.
Деректемелерді зерттей отырып тұрмыс-тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы, т.б.
Археологиялық деректемелердің көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде жетпейді: сынық, фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.
2. Археологиялық деректемелер түрлері. Деректемелер негізін көне заманнан жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі «артефакт» деп аталады. Бұл термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын.
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
-
Еңбек құралдары. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай да жіктеледі.
-
Қару үлгілері. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі.
-
Тұрмыс заттары. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында қолданылған заттар жатады.
-
Ыдыс. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі – керамикалық ыдыстар.
-
Ат әбзелдері. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді.
-
Өнер туындылары. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, ғимарат қалдықтары, жазулар жатады.
-
Сүйек қалдықтары. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім қажет.
Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі – олардың толық, тұтас күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере алады.
3. Археологиялық ескерткіш туралы түсінік. Кейбір ғылыми әдебиет пен оқулықтарда археологиялық ескерткіштер мен археологиялық деректемелерді бір деп дәріптейтін түсінік бар. Шындығында, бұл ұғымдардың айырмашылығын байқауға болады.
Археологиялық деректемелер адам жасаған немесе икемдеген заттар, сүйек және құрылыс қалдықтары болғанда, оларды кабинеттік, зертханалық лабораториялық жағдайларда зерттеп, тануға болады.
Археологиялық ескерткіштер өз орнында зерттеледі. Жоғарыда айтылған деректемелер ескерткіштерден алынады, яғни ескерткіштер ірі объект, оны кабинеттік, лабараториялық жағдайда зерттеу мүмкіншілігі шектеулі. Онда олардың сызба жоспарлары, фото, видео бейнелері ғана қаралады.
Археологиялық ескерткіш жеке жерлеу орны, қоныс, құрылыс болуы мүмкін, ол белгілі жер, су немесе мекен атымен аталуы мүмкін.
Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің бірнеше кезеңдері бар:
-
Ескерткіштер туралы мәліметтер іздестіру
-
Ескерткіштерді тіркеу, картаға түсіру
-
Ең толық өлшемдерін анықтау
-
Ескерткіштерді қазу
-
Алынған материалдарды зерделеу.
4. Археологиялық ескерткіштер түрлері. Дәуірлері бойынша зерттеледі, негізгі екі түрі бар:
1.Қоныстар
2.Қорымдар /молалар/
1. Ертетас заманынан қалған адам қонысының жалғыз түрі- тұрақ болды .Тұрақтарды аң аулау және терімшілікпен айналысқан байырғы адамдар қалдырған. Олар тұрақтау мерзіміне қарай ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді аталады.
Ұзақмерзімді тұрақтарда мәдени қабат қалыптасуы мүмкін, топырақ қабаттарында тас құралдары, адам мен хайуанат сүйектері аршылып жатады. Көптеген дәуірнамалық анықтаулар ұзақмерзімді тұрақтарды зерттеу нәтижесінде жасалған. Өйткені, топырақ қабаттарының қалыптасуының геологиялық заңдылықтары бар, демек, геологиялық уақытнама арқылы тас ғасыры ескерткішінің де мерзімін болжау мүмкіндігі бар. Ортамерзімді және,әсіресе, қысқамерзімді тұрақтарда табылатын тас заттар және сүйектер аз болады және мұндай ескерткіштердің табылуы да қиын.
Тұрақтар орналасуы бойынша ерекшеленеді. Бірі үңгірлерде, жартас қуыстарында, өзен-сулардың жар қабақтарына жақын орындарда, оқшау тұрған тау шоқыларында болған. Табиғат жағдайы, жыртқыштардан сақтану мүмкіндіктері ескерілген.
Ортатас және жаңатас замандарында адам тұрақтары жетіле түскен, ал жаңатаста едәуір дамыған қоныс түрі пайда болды. Сол себепті, жаңатас және қола ғасыры замандарындағы адам орныққан жерлер «тұрақ» терминімен емес, «қоныс» атауымен белгіленеді.
Қола ғасырында қоныстар едәуір қуаттанады, олардың кейбірінің қоршау, қорғаныс белгілері бар.
Ертетемір заманында қоныстардың іріленуі жалғасын табады, олардың қалашық түрі қалыптасады. Бірақ бүл өзгерістер егіншілікпен шұғылданған аймақтарда ғана байқалады, көшпелілер қоныстары кішірек келбеттерімен белгілі және олар сирек. Қорғаныс құрылыстары қабырға, ор, дуал қалыптасқан қоныстарға кенттер мен қалашық, қалалар жатады.
Жалпы, қоныс орысша - поселение бірнеше археологиялық дәуірлердің құрылыстарына қолданылатын ортақ атау.
2. Қорымдар, немесе байырғы замандардың жерлеу орындары, негізінен алғанда, жаңатас заманынан бергі уақытқа ғана тән. Дамыған түрлері қола дәуірінде және ертетемір мен ерте ортағасырларда қалдырылған.Адамның мәдениетінің, рухани өмірінің, діни нанымдарының күрделенуіне байланысты жерлеу орындарында түрлі құрылыстар тұрғызылды, олардың белгілі бір мәдениетке тән ерекшеліктері қоныстармен салыстырғанда тіпті көп. Сол себепті, тарихты тануға аса үлкен септігін тигізеді. Жабық комплекс болып келетіндіктен, қорымдарда табылатын заттар өзінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Белгілі мәдениетті сипаттағанда неғұрлым мазмұнды да толымды мәліметтер ұсына алады. Әсіресе, байырғы тайпалар мен халықтардың діни-нанымдарын, жерлеу ғұрпын, мәдениетін қорымдық табылулар арқылы зерттеу табысты келеді.
Жерлеу ғұрпының ең қарапайым үлгілері қазба адамда- палеоантропта да болған. Мәселен, неандарталь адамын жерлегенде, шұңқыр қазбаса да, басына тас жастап, бетін ағаш бұталармен жапқан. Мұндай жерлеу үлгілері Алдыңғы Азияда тіркелген.
Жерлеу ғұрпы дамыған жаңатас заманында терең емес мола шұңқырлары қазыла бастайды, оларды таулы жерде таспен бастыру әдісі шығады. Қола ғасырында шеңбер, төртбұрыш түріндегі қалама тас қоршаулар, тас тақталармен қоршау үлгілері қалыптасады. Мұндай құрылыстар Сарыарқа жерінде көп. Ертетемірде адамдар арасында билікті және қуатты әлеуметтік топтардың шығуына байланысты ірі, патшалық деп аталған оба-қорғандар да тұрғызылған. Орта ғасырларда мазарлық құрылыстар кең тарайды.
Ерте замандарда қола ғасыры, ертетемір, ерте ортағасырлар қорымдық құрылыстардың ішінде Қазақстан жерінде неғұрлым жиі тарағаны қорғандар немесе обалар. Жалпы, жерлеу орындары сыртқы сипатына қарай екі үлкен түрге бөлінеді:
1.Үйіндісі бар жерлеу орны
2.Үйіндісіз жерлеу орны
Үйіндісі бар жерлеу орындары түркі терминімен «қорған» деп аталады. Қорғандар: жер қорған немесе тас қорған күйінде кездеседі. Яғни, үйіндісі топырақтан, қиыршық тас араласқан топырақтан, малта тастардан немесе сындырылған ірі тастардан тұруы мүмкін. Аралас конструкциялы қорғандар да кездеседі.
Адамдардың әлеуметтік жіктелуіне байланысты: зәулім патшалық қорғандар, үлкен, орта, кіші қорғандар болады.
Алғашқы қорғандар далалық жерлерде мысты тас заманынан бастап, ал орманды аймақтарда орта ғасырларда ғана тұрғызылған.
Кескін-келбеті бойынша қорғандар: дөңгелек, ұзын, ұзынша, төртбұрышты келуі мүмкін. Өзге де түрлері бар. Үйіндінің құрылымы әр мәдениетте әртүрлі. Қорғандар шеткі белгілерімен де ажыратылады. Мәселен, ор немесе дуалға ұқсас қабырғалармен, тас сақиналармен қоршалуы мүмкін. Қазақстан жеріндегі қола заманының қорғандық құрылыстары – қоршау түрінде кездеседі.
3.Археологиялық ескерткіштердің өзге түрлері. Өндіріс орындары. Бұл топқа тас және қола ғасырларындағы шеберханаларды, қола және ертетемір заманындарындағы кеніштер мен балқыту орындарын жатқызамыз.
Өндіріс орындарынан еңбек құралдары табылып жатады, ол материалдар да жіктеліп, түрлерін және қызметін анықтау арқылы бір кездегі қоғамның даму деңгейіне баға беріледі.
Көне ғибадатханалар, табыну, еске түсіру орындары. Қола ғасырынан бастап кездеседі.
Ескерткіштердің тағы бір тобына – көлік және суландыру жүйелері жатады. Олар – белгілі бір материалдық қалдықтарын сақтаған байырғы керуен-сауда жолдары, ескі каналдар мен арықтар. Осы құрылыстарды табу арқылы тайпалардың араласуын, шаруашылық және мәдени байланыстарын танимыз.
Ескерткіштердің ерекше түріне – қазыналар жатады. Қазына- белгілі мақсатпен бір кездері қалдырылған заттар жиынтығы, көбінесе соғыс пен стихиялық апатқа байланысты жер қабатында, құрылыс қабырғасында жасырылған заттар. Жақсы сақталуымен, әсем жасалған заттардан тұратындығымен ерекшеленеді. Ортағасырлық қазыналардың көбі металл ақшалар болып табылады. Шаруашылық және өнер тарихын тану үшін аса маңызды.
Тақырып №3. Мәдени қабат және стратиграфия.
1. Мәдени қабат туралы түсінік. Мәдени қабат – адамның тұрмыс-тіршілігінің белгілері сақталған жер қыртысы.
Археологияда мәдени қабатты зерттеу үлкен орын алады. Мәдени қабатта байырғы адамдардың заттары, сүйек, құрылыс қалдықтары және өзге де археологиялық белгілер сақталған.
Жер бетіндегі топырақ, өсімдік ерекшеліктері және табиғи-климаттық жағдай оның қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, жер ылғалды немесе сортаң келсе заттардың сақталуы қиындайды. Шөлейт және қуаң аймақта, тастақ жерлерде мәдени қабат қалыптаспауы мүмкін. Аса ылғалды аймақтарда заттар тез ыдырап, олардың ұзақ сақталуына жағдай қолайсыз келеді.
Егіншілік және отырықшы тірліктегі тайпалар мекендеген жерлерде мәдени қабат табылуы неғұрлым ықтимал. Себебі, олар бір жерде ұзақ уақыт өмірлерін өткізген. Тұрғындардың тығыздығы, өзен алқаптарындағы табиғаттың қолайлылығы мәдени қабаттың қатпарлануына тиісті жағдай туғызады. Мәдени қатпарлардың қалыңдығы өсе түседі. Мысалы, Шығыс Европадағы орыс қалаларының орнында мәдени қабаттың қуаттылығы немесе қалыңдығы 7-8 метрге дейін жетеді. Орталық Азияның кейбір оазистерінде өткен тұрақты өмір 15-20 метрлік мәдени қабатты құрайды. Сол сияқты, ерте тастың кейбір үңгірлерінде қуатты мәдени қабат табылуы мүмкін. Көшпелілер мәдениеттерінде жылжымалы шаруашылықтың кең тарауына байланысты, мәдени қабатты табу қиын.
Бұрынырақта, мәдени қабатты зерттеу қалыптаспаған болатын, есепке ірі, бағалы заттар алынып, ұсақтарына мән берілмеді, кейіннен сынық-қалдықтардың өзі мол тарихи түсінік беретіні анықталды. Сол арқылы уақытнамалық анықтаулар жасалынып, табылған комплекстер бір мәдениет аясына біріктіріледі.
ХХ ғасыр археологиясында қалыптасқан әдістер мәдени қабатты тұтас археологиялық ескерткіш ретінде қарастырады. Бір жерде бір немесе бірнеше мәдени қабат болуы мүмкін. Бұзылмаған бөліктерде мәдени қабаттар көлденең, жердің бұдырын қайталаған ретпен орналасады. Арасында таза немесе стерильді белдеулер болуы мүмкін. Қатпарлар жоғарыдан төмен қарай зерттелуі керек. Аса көлемді болса, шурф немесе траншея салынады.
Құрылыс топырақтың орналасу ретін бұзатыны белгілі, яғни түрлі құрылыстар салу кезінде мәдени қыртыс бүлінеді, мұндайда уақытнамалық анықтама жасауға құрылыс көкжиегі есепке алынады. Құрылыс көкжиегі жоғарыдан төменге қарай рет санымен көрсетіледі.
Мәдени қабат әлсіз және қуатты болуы мүмкін. Неғұрлым қуатты мәдени қабат қалалардың орындарында қалыптасады. Ол біртіндеп қалыңдайды. Бірнеше ғасырар бойғы мекеннің мәдени қабаты айқын көрінеді.
Мәдени қабаттың қалыңдауына немесе жойылып кетуіне табиғат факторлары барынша әсер етеді.
Ертетас заманындағы ескерткіштерде мәдени қабат көп кездеспейді, өйткені тұрақтардың көпшілігі- қысқа мерзімді. Қазақстанда мәдени қабаты жақсы қалыптасқан ертетас ескерткішінің бірі – Қаратау аймағындағы Қарасу (Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ).
Мола ескерткіштердің кейбірінде мәдени қабат болуы мүмкін. Мәселен, қорған үйінділеріндегі құрбандық іздері, мал сүйектері, күл.
Мәдени қабатты зерттеу қиындығы – жер жұмыстарының ауқымдылығында. Байырғы ірі мекендердің мәдени қабаттары толық зерттеліп шығуы үшін ұзақ уақыт қажет. Мәселен, антик заманының әйгілі Помпей қаласы 18 ғ-дан бастап қазылуда, жер жұмыстары әлі аяқталмаған. Қазақстанның орта ғасырлардағы Отырар, Талғар, Далалық Ақтөбе қалалары да ондаған жылдар бойы қазылып келеді.
2. Стратиграфиялық зерттеудің маңызы. Стратиграфия– латын сөзі, stratum-қабат, grapho- жазу, яғни археологиялық ескерткіштердің орнында пайда болған қыртыстарды зерттеу әдісі.
Адамзат тарихының өте ерте дәуірлерін сипаттаған кезде геологиялық стратиграфия қолданылады. Атап айтсақ, мұзданудың және мұзаралықтарының геология ғылымы қалыптастырған атаулары бар. Адамзат тарихына сәйкес келетіндері ертетас дәуіріне жатады. Кейінгі археологиялық дәуірлер де стратиграфиялық әдістің қолдануымен зерттеледі.
Қоныстардағы қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен нүктелерінде жер бақандары қалдырылады. Қазба тереңдегенде олар аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс.
Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады. Қазба терең болмаса, жал бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде, тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға септігін тигізеді.
Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады. Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар арқылы жоғарғы және төменгі қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады. Ескерткіштердің салыну уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды.
3. Ашық және жабық комплекстер. Археологияда ескерткіштерді сипаттауда ашық және жабық комплекстер деген ұғымдар қолданылады.
Қоныстардың көпшілігі ашық комплекстерге жатады. Мұндағы заттар мен қалдықтар ұзақ уақыт бойы жинақталған, оларды бір уақытқа жатқызу, мәдени қабат бүлінген болса, қиындықтар туғызады.
Ашық комплекстегі заттар мен қалдықтар әр замандікі болуы мүмкін. Стратиграфиялық және типологиялық әдістер оларды ажыратуға мүмкіндік береді. Ашық комплекстегі деректемелер көбіне қираған, бөлшектенген, өзгерген түрінде ұшырайды.
Жабық комплектердегі заттар бір мезгілді мегзейді, бір заманның қолданыс заттары болуы неғұрлым ықтимал. Көбінесе бір мәдениетке жатады. Мәселен, моланың ішіндегі заттар бір уақытта көмілді, яғни зат жинақталуының уақыт тұтастығы бар. Олар бір дәуірдің, бір заманның заттары.
Арнайы камерада қойылғандықтан жабық комплекстегі деректемелердің сақталу сапасы жоғары келеді. Сондықтан, оның уақытнамалық көрсеткіштері ашық комплекстерге қарағанда айқын, абсолюттік уақытнамаға жақын. Жабық комплекстердің көмегімен мәдениетті анықтау жеңілірек. Жабық комплекстерге жерлеу комплекстерімен қатар бір мезетте табиғат апатынан немесе жойқын соғыс салдарынан жойылып кеткен қоныс - қалалар да жатады. Мәселен, жанартау атқылағанда қоныс-қалалар күл астында қалуы мүмкін. Антик заманының Помпей қаласы, міне, осындай жабық комплекс түріндегі ескерткіш. Мұндағы өмір көрінісі бір уақыт кескінін көрсетеді.
Тақырып №4 Археологиялық барлау.
1. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері. Археологиялық ескерткіш туралы толымды мағлұматты археологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жиюға болады. Археологиялық барлау – қазу алдында немесе экспедицияның арнайы жүргізілетін негізгі жұмыстарының бірі. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері:
Біріншіден, ескерткіштерді есепке алу, орналасуын археологиялық картаға түсіру. Ол үшін, таңдап алынған аймақ толық барлаудан өткізіледі. Бұл- тұтас барлауды қажет етеді. Оған археологтар, өлкетанушылар, көнеліктерге жанашырлық білдіретін өзге адамдар қатыстырылады. Ол белгілі әкімшілік - географиялық аймақтарда жүргізіледі Зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қорғау жұмыстарын жүргізу. Тізімге алу, оған сипаттама жасау арқылы паспортын құрастырып, мемлекеттік бақылауға алынуына жағдай туғызу.
Екіншіден, жаңа ескерткіштерді ашу. Жинақталған және жүйеленген негізгі мәліметтер толықтырылады, археологиялық кезеңдерді ажырату.
Үшіншіден, ескерткішті толық зерттеп шығу үшін- қазу алдындағы барлау ұйымдастыру.
Төртіншіден, ескерткіштерді қорғап, сақтау – бүліну қаупі төнген немесе авариялық жағдайдағы ескерткіштерді сақтауға бағытталады.
2. Барлауға дайындық. Барлау алдында үлкен даярлық жұмыстары жүргізіледі. Бұған зерттеу алаңын іріктеп алу, жүріс-тұрыс құралдары, карта бойынша маршрут жасау, жоспар жасау кіреді. Негізгі мақсат белгіленіп алынуға тиіс. Археолог осы аймақ жөніндегі археологиялық және өлкетану әдебиетімен, сол жердің географиясымен және климатымен танысып шығуы қажет. Жыл мезгілін таңдап алудың маңызы зор. Біздің еліміздің оңтүстігінде, мысалы, ең қолайлы мезгіл- күздің соңы. Бұл уақытқа ішкі бассейндердің су деңгейінің төмендігі, шөп жамылғысының жоқтығы, жердің жаппай жыртылып тасталуы тән болып келеді. Күн тәулігінің ең жақсы уақыты- ашық күнгі таңертеңгілік немесе кешкілік өйткені бүйірден түскен жарық рельефтің оншама байқала қоймайтын егжей-тегжейлерін табуға мүмкіндік береді.
Барлау құрал-жабдықтары жеңіл, жинақы да, сонымен бірге, ең қажеттілерін қамтуы тиіс, аспаптар, еңбек құралдары, орау материалдары болуы керек. Бұдан басқа барлауға қатынасушылардың документтері мен жұмыс жүргізуге деген рұқсаты болуы қажет.
3. Барлаудың дәстүрлі әдісі. Археологияның жаңадан пайда болған салалары барлау жұмыстарына да өзгерістер әкелді. Әуе археологиясының негізгі жұмыс түрі- археологиялық барлауға жатады. Аэрофотобейнелеу және биіктен түсірілген суретке- дишифровка жасау арқылы жасырын археологиялық ескерткіштер тізімге алынады, жоспарға түсіріледі. Әуе археологиясы арқылы тұтас барлау мақсаттары жүзеге асады. Тізімге алынған ескерткіштер саны дәстүрлі барлаумен салыстырғанда он еседей көп болуы мүмкін.Барлаудың осы әдісімен жер бетінде сыртқы белгілері жоқ ескерткіштердің көбі табылады.
Барлауды аэрофотобейнеге түсіру арқылы да жүргізуге болады. Сол себепті, барлаудың екі түрі қалыптасқан, олар: дәстүрлі және күрделі техникалық.
Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделі техникалық барлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау.
Барлауға Археология институтының Дала комитеті беретін ашық парақ арқылы рұқсат етіледі.
4. Барлаудың жаңа әдістері ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап электрлі және магнитті барлау жақсы дамыды. Бқл барлау салалары жер астындағы құрылыстардың орналасу өлшемдерін белгілеуге және белгілі бір затты дәл табуға мүмкіндік береді.
Тақырып №5. Қазба жұмыстары.
1. Қазба жұмыстарына рұқсат. Археологиялық жұмыстарға рұқсатты жергілікті оқу орны немесе ғылыми мекеменің өтініші бойынша республикадағы яғни Археология институты береді. Археология институтында дала комитеті жұмыс істейді. Ол түскен өтініштерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады. Рұқсат арнайы білімі бар,археологиялық экспедицияларға қатысқан, далалық жұмыс түрлерімен жақсы таныс адамдарға беріледі. Рұқсатсыз өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады және ол заңсыз деп танылады.
Археологиялық барлау жіне қазба жұмыстарына рұқсаттың төрт түрі қалыптасқан:
№1 ашық парақ - толық көлемді қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
№2 ашық парақ - шектеулі жер жұмыстарына рұқсат.
№3 ашық парақ – археологиялық барлау жұмыстарына рұқсат.
№4 ашық парақ – кезек күттірмейтін немесе авариялық жағдайдағы, бүліну қаупіндегі ескерткішті зерттеу үшін рұқсат.
Соңғы жылдары Білім және Ғылым министрліінің жеке зерттеушілерге берілетін лицензиялары арқылы рұқсат беріліп жүр.
Жұмыстар аяқталған кезде Археология институтына толық есеп беріледі.
2. Қазба жұмыстарына дайындық. Дайындық бірнеше сатылы:
-
Теориялық білім алу. Ғылыми әдебиеттерді меңгеру.
-
Археология кабинеттеріндегі, мұражайдағы экспонаттармен танысу.
-
Зерттелетін кезең бойынша жарияланбаған зерттеулер, қолжазбалармен танысу.
-
Қазба жұмыстарына қажет жабдықтарды дайындау.азба жұмыстарын жүргізудің жоспарын жасау.
Барлауға қарағанда дайындық жұмыстары едәуір ауқымды.
3. Ғылыми қызметкердің міндеттері. Әрбір жасақ немесе экспедиция құрамында арнайы дайындықтан өткен ғылыми қызметкер немесе бірнеше мамандар еңбек етеді. Қазба басшысы және ғылыми қызметкердің басты міндеттері:
-
Қазба орындарын белгілеу.
-
Қазушыларды орналастыру, еңбек тәртібі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
-
Жұмыс кезеңдерін белгілеп отыру.
-
Қазу, тазалау, табылған заттарды орап салу жұмыстарын қадағалау.
-
Далалық құжатнаманы дұрыс жүргізу, күнделік, жоспар–сызбаларды сапалы жасау.
Негізгі жұмыс құжаты – дала күнделігі. Онда қазу кезеңдері сипатталады. Ескерткішті зерттеу кезінде түрлі жоспар-сызбалар, тілік сызбалары, табылған заттардың масштабтағы суреттері, ескерткіш деңгейлерінің өлшемдері, табылу орнының тіркемелері, басқа да өлшеулер, фото, видео материалдар жасалынады. Осының бәрі өз кезегінде, дәл уақытында тіркемеленуі тиіс.
4. Қазбаны белгілеу. Ескерткіштің болжаулы көлемі шөптен тазартылады, , тамыры терең өсімдіктер жұлқып алынбайды. Шөп күрекпен көлденең қиылады. Тазартылған жерде қазба көлемі дәлірек айқындалады.
Қазылатын қорған болса, қазбаның орта тұсы анықталады. Орталық қазық үстіне буссоль немесе компас қойылады да, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс бағыттары белгіленеді. Анықталған бағыттарға орталық қазықтан жіп тартылып, әр метрге қазықтар қағылады, бұрыш дәлдігі 90° сәйкес келуі керек. Дәлдік геометриялық әдіспен, Мысыр үшбұрышы теоремасымен тексеріледі (үшбұрыш катеттер квадраттарының қосындысы гипотенуза квадратына тең). Шаршылар торы жасалып, оның рет саны жоспарда көрсетілгені жөн.
Қиындыны,яғни прфильді қадағалап отыру үшін: солтүстік-оңтүстік, батыс- шығысбағыттарымен орталық жал (орысша - бровка) қалдырылады. Оның ені 50-60 см болуы мүмкін, кейін қырланып, ені сәл кемиді. Қазылатын қоныс болса, төртбұрышты қазба орындарда қиындылар қоныс қабырғалары арқылы тексеріледі. Қазба көлемі тым үлкен болса, белгілі қашықтықта қазбада алынбаған топырақ бағаналары қалдырылады.
Қоныстарды қазғанда қазба көлемі едәуір үлкен, әдетте, 100-400 м2 келеді. Тым көлемді болса, қатпарлардың қиындыларын белгілеу қиынға соғады. Мәдени қабатты табу үшін қоныстарда шурф салынады, оның көлемі шаршыға ұқсас келуі керек. Ол бір бағытты траншеяға, ал траншеялар қазба алаңына ұласуы мүмкін. Қоныстағы шаршылар 2х2 м болып белгіленеді.
Археология үшін басты бағыт – солтүстік. Жоспарларда ол үшкір бағдаршамен беріледі.
5. Қазу және тазалау әдістері. Ескерткіштер біртіндеп көлденең қатпарлар бойынша қазылады. Қатпарды қию үшін- тік күрек, топырақты алу үшін – қалақ күрек қолданылады. Қатты топырақты ою үшін - сүңгі (лом) қолданылуы мүмкін.
Топырақ жіңішке, сәл қиғаштау қиылады, алынған топырақ үгіледі, тексеруден өтеді. Қазушының бірі топырақты қиюмен, екіншісі- алумен, үшіншісі- тазалаумен шұғылданады. Мәдени қабаттағы топырақ аса мұқият тексеріледі. Әрбір тазаланған қатпардың жоспары салынады. Мәдени қабатты бірден тұтас алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек жоспары салынған соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың стратиграфиясы құрылыстар арқылы анықталады.
Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе орталық құрылыс төңірегіне топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер қорғандарына қарағанда көп. Тасты және қиыршық тасты, малта тасты үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі.
Қорғандар, әдетте, секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса, шеңберлеп қазу әдісі қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға мүкіндік береді.
Тақырып №6. Ескерткіш жоспарлары мен сызбалары.
Дала күнделігі.
1. Жоспарлар. Қазу кезінде ескерткіш өзгеріске ұшырайды. Ал қазу соңында ол бастапқы бейнесінен мүлде айрылады. Ескерткіштен дұрыс тарихи мағлұмат алу үшін жоспарлар мен сызбалар, фото және бейнематериалдар жасалады. Археологоия қалыптастырған қазу әдістерінде жоспарлар мен сызбаларды жасау үлкен орын алады. Солар арқылы ескерткіштертану тиісті ғылыми дәрежеге жетеді.
Ескерткіш жоспарын жасау үшін арнайы жабдықтар және аспаптар болу керек. Жоспар миллиметрлі қағазға сызылады. Археологта штативке орнатылған айланбалы планшет болуы керек.
Кішірек диаметрі, көлемі 10 - 20 метрдей ескерткіштер 1:20 масштабымен сызылады. Көлемі үлкен ескерткіштерге 1:40 масштабы қолданылуы мүмкін. Мола шұңқыры көбінесе 1:10 масштабымен сызылады. Жоспар жақсы ұшталған қарындашпен сызылып, нұсқасы ақ қағазға тушпен немесе қара гельмен қайталанады.
Тастарды салғанда, олардың конфигурациясы және жоғарыдан қарағандағы тас қырлары көрсетіліп, қисайған бағыттарын бағдаршамен белгілеген жөн. Тас қорғандары қалауларының әрбір қабаты жоспарда жеке салынғаны дұрыс. Тас қорғандарының анықталған негізгі конструкциясы жоспарда көрсетілуі керек. Мола шұңқырларына тереңдеген сайын, ескерткіш ерекшеліктері де жоспарда белгіленеді. Табылған заттардың немесе құрылыс қалдықтарының өз орнындағы көрінісін көрсету маңызды. Табылу орындары мейілінше дәл көрсетіледі. Сонымен, қазіргі кезеңдегі археологияда бір ескерткіштің немесе оның бөліктерінің көптеген жоспарлары салынады, мұның бәрі қазылған ескерткіш жөнінде аса толымды мағлұмат беруге тиіс. Соңғы жылдары жоспарларды қолмен сызу орнына электронды аппаратураны қолдану байқалады. Ірі экспедицияларда лазерлі теодолиттің графикалық жұмыстарды өте аз уақытта жасап шығуға жағдай туғызады. Мұндайда және цифрлы фотоаппараттағы мәліметтерді сұрыптау үшін дала компьютері (notebook) қолданылады.
2. Тілік сызбалары. Археологияда ескерткіштердің қиындысын белгілеп отыру маңызды. Сол себепті, ескерткіштердің тілік сызбалары жасалынып отырады. Тілік сызбасы әдетте екі бағыт бойынша жасалынады. Қажетті жағдайда өзге де бағыттар бойынша ескерткіштің тіліктері әзірленеді. Тілік сызбасы ескерткіш туралы ғылыми мағлұмат беретін деректеме түрі болуы керек. Тілік масштабтары жоспар масштабтарына сәйкестендіріледі. Жоспарда да, тілік сызбаларында да шартты белгілер қолданылады. Сол себепті, тиісті анықтамалық құралдар болғаны жақсы. Жоспар сызбаларының реті және тақырыптары жұмыс аяқталған соң қорытындылануы керек, яғни экспликациялық тізім жасалынады.
3. Дала күнделігі. Археологиялық жұмыстардағы негізгі құжатнаманың бірі – дала күнделігі. Оны жазып шығу үшін белгілі бір талаптарды сақтау керек. Күнделік үлкен көлемді, қатты мұқабалы қалың дәптерге жазуы анық түсетін және су-ылғалға төзімді сиямен жазылады. Титул бетінде көрсетілуі тиіс: экспедицияның аталуы, ғылыми мекеме немесе оқу орнының аты, ескерткіш, қазба реті, барлау немесе қазылу жылы, күнделік толтырушының аты-жөні, қызметі, мекен-жайы. Күнделікте археологиялық жұмыстардың күнбе-күн жазылған толық сипаттамалары болуы керек. Қазу барысындағы ескерткіштің барлық ерекшеліктері аталып, өлшемдері, қарапайым сызбалары мен суреттері, оларға жасалған түсініктемелер келтіріледі. Ғылыми қызметкерлер мен қазушылардың мазмұнды пікір-болжамдары да ескеріледі. Келтірілегн мағлұматтар ескерткішті және сол арқылы тиісті археологиялық мәдениетті неғұрлым жақсы тануға қызмет етуі тиіс. Күнделіктегі сипаттаулар мен байқаулар кейін археологиялық есеп жазған кезде дерек көзіне айналады. Ғылыми мекемеде сақталатындықтан, оны маңызды деректеме түрі ретінде болашақ зерттеушілер пайдалана алатындай деңгейде жасалынғаны дұрыс.
Тақырып №7. Археологиялық уақытнама әдістері.
1. Археологиялық уақытнама әдістерінің негізгі түрлері. Археологиялық зерттеулердің маңызды бір мақсаты – ескерткіштер мен деректемелердің уақытын анықтау. Ғылымда уақытнама әдістерінің көптеген түрлері бар. Уақытнама әдістерінің бір тобы дәстүрлі тарихи уақытнамаға жатқызылады. Ескерткіштер мен заттардың уақытын анықтайтын:
- жазба деректер;
- металл ақшалар;
- өнер туындыларының ерекшеліктері.
ХІХ-ХХ ғасырларда археологияның өзіндік уақытнама әдістері де қалыптасқан.
Типологиялық әдіс археологиялық заттарды жасалу дәстүріне, технологиясына, сыртқы сипатына қарап, салыстырмалы жіктеуге және сипаттауға негізделген. Стратиграфиялық әдіс бастапқыда геологияда қолданылғанымен, археологияда зерттеудің өзіндік әдісіне айналды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы нәтижесінде тарихи уақытнама әдістері едәуір молая түсті. Бұл әдістердің көпшілігі – радиоизотоптық . Өзге маңызды әдістер – дендроуақытнама, термолюминесценттік, археомагниттік.
-
Радиоизотоптық уақытнама әдістері. Радиокарбондық әдіс.
Соңғы онжылдықтардағы уақытнамалық зерттеулерде радиокарбон әдісі елеулі орын алады. Өзгеше аталуы – радиокөміртегі немесе 14С. Бұл саладағы алғашқы тәжірибелер 1947 жылы жүргізілген. 14С изотопының жартылай ыдырау уақытын өлшеп, американ физигі Либби ғылымға ''Либби өлшемі'' деген ұғымды енгізді: 557030 жыл. Бұл көрсеткіш кейінгі уақыттарда анықтала түскенмен (5768 жыл немесе 573040 жыл), археологияда ''Либби өлшемі'' қолданылады. Радиокөміртегі әдісінің физикалық негізі мынада: Жер атмосферасына ғарыш сәулеленуі тигізген әсерінен 14С изотопы өсімдіктерге және барлық тіршілік иелеріне тарайды. Организм өлген соң, оның құрамындағы 14С біртіндеп азая бастайды. Зат құрамындағы 14С изотопының санын өлшеу арқылы организмнің атмосферамен зат алмасуы қашан тоқтағанын білуге болады. Сол арқылы тарихи уақытнамаға шығу жүзеге асады. Дәл өлшеулер ірі лабораторияларда, мінсіз үлгілермен жұмыс жасау нәтижесінде алынады. Мұндай орталықтың бірі Санкт-Петербург қаласында.
1960-70 жылдарда радиокөміртегі даталарына белгілі бір сенімсіздік те болған. Өйткені, дәстүрлі әдістермен зерттелген мәдениеттердің бірқатары туралы уақытнамалақ түсінік өзгеріп, олардың уақыттары біршама әріге жылжытылды. Бұл күндерде 14С әдісі уақытнамада орнықты орын алады. Бұл әдіспен алынған уақыт белгілеулері көп. Әрине, ескерткіштің уақытын дәл көрсету үшін бірнеше уақытнама әдістерін қатар қолданса игі. Радиокөміртегі әдісіне лайықталған үлгілер де мейілінше көп, бірнешеу болса жақсы. Сонда уаұ-қытнамалық болжаулардан абсолюттік уақытнамаға жақындау ісі жақсы жүзеге аспақ.
Үлгіге органикалық қалдықтар алынады: ағаш, сүйек, мата, тері немесе олардың ескерткіш жасалған уақыттағы күйіктері алынады. Және олар бейорганикалық құралдар арқылы алынып, металл контейнерлерге салынуы тиіс. Қолмен ұстауға немесе оларды органикалық заттармен орауға тыйым салынады. Радиокөміртегілік даталардың Қазақстан археологиясында аздығы әдістің қымбаттылығында және республикамызда радиокөміртегілік уақытнама лабораториясының әлі күнге дейін ашылмауында.
-
Калий-аргон әдісі.
Уақытнаманың бұл әдісінің физикалық негізі: атом салмағы 39 калийдің атом салмағы 40 калийге және бұл бөлшектің сол салмақтардағы кальций және аргонға айналуында (39К – 40К – 40Са - 40Аr).
40К изотопының жартылай ыдырау мерзімі - орта есеппен 1,25 млрд жыл. Демек, алғашқы археологиялық дәуірлердің қалдықтарын осы әдіспен зерттеуге мүмкіндік туады.
Калий-аргон әдісімен 400 мың жылдан бұрынғы заттардың уақытын анықтау қолайлы. 100-400 мың жыл аралықта ауытқулар елеулі келеді, яғни, сәйкессіздіктер ұлғаяды. Ал, 100 мың жылдан бергі заман бойынша бұл әдіспен уақытты анықтау өте қиын.
Археологияда радиокөміртегі және калий-аргон уақытнама әдістері бірін-бірі толықтырады. Радиокөміртегі немесе 14С әдісімен 40 мың жылға дейінгі уақыт жақсы зерттеледі. 70 мың жылға дейін бұл әдіс үлкен ауытқулар береді. Екі әдістің қолдану уақытының арасы 40 мың мен 400 мың жыл бұрынғы аралық «өліара» деп айтылады.
Өзге радиоизотоптық әдістердің (уран—235, жартылай ыдырау уақыты – 700мың жыл бұрын; торий—230, жартылай ыдырау уақыты – 75 мың жыл) қолдану мүмкіндігі шектеулі.
4. Дендроуақытнама.
Дендрохронология ағаштардың жылдық сақиналарын өлшеуге негізделген. Алынған үлгілер сол ортада өскен ағаш сақиналарымен салыстырылады. Жылдық сақиналар спектрлерін сәйкестендіру арқылы дендрошкала жасалынып, тарих уақытына шығуға болады. Дендрокөрсеткіштер абсолютті уақытқа байланса, тарихи уақытнаманың үлкен қатпары түзіледі. Дендроуақытнама әдісімен 7000 жылға дейінгі уақытты білуге болады. Әдістің шектеулігі - орманды аймақтар үшін ғана қолданылуында. Мәселен, Солтүстік Европа, Солтүстік Америка, Евразияның солтүстігі бойынша дендробағаналар жасалынған. Өзге бір орманды аймақтар бойынша өткен замандардың ''қалқыма'' көрсеткіштері бар. Кеңес Одағында бұл әдіс 1959 жылдан бастап қолданылған. Шығыс Европа ағаш үлгілерінің дендроколлекциялары жасалған. Әдісті дұрыс қолдану үшін үлгілердің жақсы қиындылары керек. Ағаштың сыртқы қабығымен сақталғаны жақсы.
5. Археомагниттік және термолюминесценттік әдістер.
Археомагниттік әдіс жердің магнит желісінің өзгеріп отырғандығына негізделген, яғни көне жанартау ақпалары, күйдірілген балшық, кейбір тастар ескі магниттік өріс белгілерін сақтайды. Қазіргі магниттік дәуір 690 мың жыл бұрын басталған. Одан кейінгі уақыттардың да магниттік ерекшеліктері бар. Палеомагниттік құбылыстарды зерттеу арқылы көне замандардағы заттардың уақытын анықтауға болады. Үлгінің қозғалмаған күйін дәл белгілеу қажет. Әрі қарай үлгі лабораторияларда зерттеледі.
Терминолюминесценттік әдістің (ТЛ) физикалық негізі: ғарыш сәулелерінің және табиғи радиобелсенділік әсерінен, ультрофиолет сәулеленуінен зат біртіндеп ыдырайды. Затты 400-500 градусқа қыздырғанда кристалл торынан шығып кеткен электрондар өз орындарына оралады және осыдан микрожарқыл пайда болады. Соны өлшеу арқылы тарих уақытына шығу мүмкін. Бұл әдіспен көне керамика үлгілері зерттеледі.
Тақырып №8. Андронов мәдениетінің керамикасы.
1. Андронов ыдыстарының жалпы белгілері. Археологиялық мәдени бірлікке кіретін тайпалар көптеген керамикалық ыдыс түрлерін қалдырған. Олар қоныс, қорымдардан табылған. Жасалу ерекшелігі – қыш дөңгелегін қолданбай, ашық отта күйдірген. Ыдысты көбіне әйелдер мен балалар жасаған.
Қолмен жасалған ыдыстар үш таспалық бөліктен тұрады. Ашық отқа күйдіру t = 800-900° болғанда жүзеге асады. Күйдіру сапасы жақсы әрі біркелкі.
Андрондық ыдыстың негізгі сипаттамасы : кең ауызды, ернеуі сәл сыртқа шығарылған, бүйірі орташа шығыңқы, жайпақ түпті, сырты геометриялық өрнектермен мол безендірілген.
2. Керамиканың Петров түрі. Андронов мәдениетінің б.э.д. 18-16 ғғ.-на жататын ыдыстар –Петров керамикасы деп аталып кеткен.
Петров керамикасына жататын ыдыстар: тік қабырғалы банка тәріздес, өрнектері – геометриялық жапсырма жолақтар ж/е шығыңқы көздер. Негізгі 2 таспадан құрастырылған. Ыдысты жасау үшін мата шаблонын қолданған, өйткені кейбір ыдыстарда мата іздері сақталған.
3. Алакөл ыдыстары б.э.д. 15- 13 ғғ.-да кең тарады.
Ерекшелігі: ыдыстардың көбі таспалардан шеңбер біріктіру әдісімен жасалған. Әуелі ыдыс түбіне қабырға сақинасы орнатылады, кейін иығы мен мойны жапсырылады. Таспалар ішіне қарай жапсырылған, сол себепті ыдыстың иығында құлама пайда болған.
Өрнектер ыдыстың 3 бөлігінде орналастырылған:
-
Ернеуіне жақын.
-
Бүйірінде.
-
Ыдыс қабырғасының төменгі жағында.
Өрнектер тік тормен , дұрыс үшбұрыштармен , олардың тізбектерімен , иректермен салынған.
4. Федоровтық керамика б.з.д. 15- 13 ғғ.-да тараған.
Таралу аймағы өзгеше. Алакөлдік ыдыстар солт.-батыс Қазақстан жерінде таралса, Федоровтық ыдыстар – орталық және шығыс Қазақстан , оңт. Сібір аймақтарында тарады.
Ыдыстарды жасаудың басты айырмашылығы: таспалар сыртқа қарай жапсырылады және ыдысты жасауды ыдыс қабырғасынан бастайды.
Алакөлдік және Федоровтық ыдыс үлгілерінен өзге андрондықтарда –аралас- әдіспен жасалған ыдыстар да көп. Мәселен, Қожамберлі ыдыстары, ол Алакөл ыдысынының жасалу үлгісін қайталайды, бірақ өрнектелуі Федоровтық ыдыстарға жақын.
Федоров өрнектері: қиғаш торлар, қиғаш үшбұрыштар.
5. Керамиканың материалдық маңызы. Андрондық ыдыстар негізгі деректемелер қатарына жатады , олар мәдениеттің даму кезеңдерін көрсетеді. Ыдыстардың неғұрлым кең тараған өрнектері көлденең және тік штамп әдісімен салынған. Иректеп үшбұрыш, шырша өрнектерін мол ыдыстар дамыған қола заманында өрнектелген.Соңғы қолада штампты өрнектермен қатар кесік өрнекке оралу байқалады. Ыдыс пішіні өзгеріске ұшырайды, яғни көбі- бүйірі шығыңқылау, аласалау келген, шамамен 15-20 см аралығында.
-
Студенттердің өз бетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі сабақтар жоспары.
№1 Межелік бақылау.
Тақырыбы: Тас индустриясының дамуы (жазбаша)
І-модуль бойынша өздік жұмыс тақырыптары:
-
Төменгі ертетас тас индустриясы
-
Жоғарғы ертетас тас индустриясы
-
Ортатас тас индустриясы
-
Жанатас тас индустриясы
-
Мыстытас индустриясы
№2 Межелік бақылау.
Тақырыбы: Металлдың өндіріске еңгізілуі
ІІ- Модуль бойынша өздік жұмыс тақырыптары:
-
Қола ғасырының ескерткіштері
-
Сақ ескерткіштері
-
Уйсін ескерткіштері
-
Қангүй ескерткіштері
№3 Межлік бақылау.
Тақырыбы: Ежелгі түркілер археологиясы.
ІІІ –Модуль бойынша өздік жұмыс тақырыптары.
-
Түркілер археологиясы (ҮІ-ҮІІІ ғғ.)
-
Отырардағы қазба жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |