2.4.3.Рекреациялық орындары.
Туризм саласы бойынша қалады қалпына келтіруді жөндеуді және құрылысты қажет ететін туризм объектілерінде тиісті жұмыстар жасалды.
Мұңлық-Зарлық кесенесін ретке келтіру жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесулерөткізіліп, насихат әңгімелер айтылады, қазіргі таңда ретке келтіру бойынша аудандық қор жинақталуда. Жеке кәсіпкер Б.Сарбасов «Жекен-Шайқ » кесенесін толық ағымдағы жөндеуден өткізді. Ескерткіштер мен саябақтарда үнемі тазалықжәне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Орталық алаң мен вокзал алдындағы алаң қайта күрделі жөедеуден өткізілді, ал қазір «Батырлар аллеясы» деп аталады. Батырлардың мүсіндері ретке келтірілді, су фонтаны жөнделіп, іске қосылды түнгі уақыттарда жанып тұратын шамдар орнатылды кіре берісіне «Батырлар аллеясы» деген жазу жасалды. Аллея қаланың ең көрнекті жеріне айналды.
«Қазақстан темір жолы» ҰҚ-сы «Батырлар аллеясын » күрделі жөндеу жұмыстарына 30,0 млн тнңге қаржы бөлініп, игерілді. Арыс өзенінің жағалауында демалыс аймағының көлемі белгіленген, биылғы жылы онда түрлі ағаштар егілді, құрылыс бөлімі демалыс аймағын салу бойынша іс-құжаттарын жасап қойған. Аңшылық экологиялық және т.б жүргізіледі дамыту үшін Сырдария өзені бойынан аңшылық үйлері қалпына келтірілген бірнеще үйлер жеке меншікке аңшыларға және демалушыларға сапалы қызмет күрсету үшін берілген.
Қаланың курорттық сауықтыру объектісін дамыту мақсатында «Арыс» санаторий профилакториясы жекеменшікке берілді, қазір онда демалушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша көптеген шаралар жасалды. Сонымен бірге ыстық сумен және емделу мақсатында «Тараптық аурухана» өндірістік кооперативті де емдеу кешенін салды. Шағын және орта кәсіпкерлердің трасса бойында орналасқан сервистік қызмет көрсету объектілерін дамыту бөлімдерімен бірлесіп ұсыныстар әзірленді және кәсіпкерлерге берілді. әлеуметтік туризмді, балалар және жастар туризмін және мүгедектерге арналған туризмді дамыту үшін қолайлы курортты- санаториялық және рекреациялық – сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру шаралары бойынша жүзеге асырылды, атап айтқанда ауылдық жерлерде балаларды тарихи орындарға ұйымдастырып апарып, көрсету жұмыстары жүргізілді, курортты – санаториялық демалыстарға аудан балалары мен мүгедектер орталық ауруханаға жолдамаларымен емделуге жіберіліптұрады. өз мақсатына қарай қолданылмай тұрған туристік объктілер қалада жоқ.
Халақтық қолөнермен және қолданбалы өнермен айналысаьтын кәсіпкерлер тіркеуге алынды, өздерінің сұраныстары бойынша оларға қолдау жасалуда ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілуде. Оқушыларға арналған Оңтүстік Қазақстан обылысының туристтік объектілеріне автобуспен және жаяу баратып тақырыптық экскурциялар ұйымдастырылды. Білім беру және спорт бөлімі сыныптан тыс жұмыс жөніндегі жоспарларға өлкетану жөніндегі үцірмелерді ұцымдастыру жұмыстарын жүргізді, мұражайларға және тарихи-мәдени объектілерге саяхат, туристік жарықтар, байқаулар ұйымдастырып өткізілді. Мектеп оқушылары бойындасалауатты өмір салтын қалыптастыру, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, спорттық туризм сабақтарына тарту, боп уақытта демалуды ұйымдастыру және үйлестіру үшін қалада жас туристер станциясының ашылуына жағдай жасалуда. Бұқаралық ақпарат құралдарына туристік саланың дамуы барысы жөнінде үнемі ақпарат жариялануда.
Қала бойынша 2005 жылы 1589 адамға туристік қызмет көрсетілді, оның ішінде 980 адамға «Арыс» санаторий – профилакториясы қызмет көрсетсе, 603 адамға «Тораптық аурухана» өндірістік кооперативі қызмет көрсетті. Арыс қалалық мұражайына барлығы 420 адам кіріп, қала тарихымен танысты.
Орталық Д. Қонаев атындағы саябақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада 1904 жылы салынған барлығы 25 ғимараттарға мәрмәрден тақталар жасалды, онда ғимараттың салынған жылы мен мемлекет қорғауында екені көрсетілген .
Туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Арыс» санаторий – профилакториясына инвестор тартылған, ол көптеген жұмыстар атқарды ,жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жарнама жасауды жолға қойды, бүгінгі күні демалушыларға сапалы қызмет көрсетілуде.
Осының ішінде тоқталып өтетін болсақ Жекенсаяқ әулие. (1714-1782). Арыс қаласынан Шымкентке қарай темір жол бойымен 5 шақырым жол жүрсеңіз. Арыс өзені бойындағы Жекенсаяқ әулиенің кесенесіне кезігесіз. Ол туралы ел аузында әңгіме көп. өзі ескіше оқыған білімді, көреген, діндар кісі болыпты. Өмірінің соңында жыл сайын сонау Жетісу өлкесінен Арыстанбабқа келіп түнеп, Түркістаннан тікелей келеді екен. Осындай жол сапарға алтыншы рет шығып, қайтып бара жатқан жерінде Арыс өзені бойында қайтыс болады.
Жекенсаяқ әулиенің кереметін ел аузындағы аңыздан да аңғаруға болады. әулиенің мүрдесінің басына 1972 жылы Әселхан молданың демеушілігімен кесене салынады. Басындағы күмбезін Түркістанда жасайды. Кесененің шырақшы қызметін Жалғас Ақатайқызы атқаруда.
2.5. Арыс ауданының халқы және демографиялық әлеуметтік дамуы.
2.5.1. Жалпы халқына сипаттама.
Белгіл бір аумақта (елде, аймақта, қалада, ауылда) өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды. Географтар үшін ол табиғат пен шаруашылық сияқты негізгі зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Былайша айтқанда, табиғат пен шаруашылық адамдар қандай ортада өмір сүріп, өздерінің тіршілігін қалай қамтамасыз ететіндігін білу үшін зерттеледі.
Еңбек ететін адамдар – қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, оларды пайдаланушылар да болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау – кез келген экономикалық – гоеграфиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Елді аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтық қай маласымен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет- ғұрпын білудің маңызы зор.
Халық саны жағынан республикамыздағы ең ірі аудан –Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл жерде республика халқының 37 %-ке жуығы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1км2 жерге 6 адамнан келеді. Соның ішінде Арыс қаласында халық саны 65,4 мың адамды құрайды.(2007 ж) Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар(94,2%), орыстар(3,7%) жиырмадан астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1км2 жерге 9,9 адамнан келеді. Басым көпшілігі өзен аңғарлары мен темір жол, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Арыс қаласы (35,4 мың адам), Задария (4,0), Ақдала (3,7), Монтайтас (3,6), Байырқұм (3,2), Дермене (2,3), Жиделі (1,6). 2006 жылға қарағанда 0,7 мың адамға көбейген.
Елді аймақтың, елді мекеннің халқының саны екі түрлі себептерге байланысты.
Бірінші фактор – туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екінші – адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету) немесе оны халықтың механикалық қозғалысы көші –қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, ал өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады. Арыс ауданында туған саны 1563. 2006 жылға қарағанда 159-ға артқан, өлгендер саны 381. Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық көрсеткіш деп атайды. Олардың негізгілері – туу (туғандар саны) және табиғи өсім (туғандар1141 құрап, көші-қон өсімі теріс көрсеткішті – 425 адам құрап отыр, 1000 адамға шаққанда некелесу көрсеткіші 0,77 құраған.
2006 жылы халық саны 63,8 мың адамды құраған, 2005 жылға қарағанда 1,0 мың адамға көбейген. Туылған саны 1528, 2005 жылға қарағанда 35-ке кем, өлгендер саны 399, 2005 жылға қарағанда 18 аотық. Табиғи өсім 1129 адамды құрап 2005 жылға қарағанда 4,5% төмендеген. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 26,26 өлім көрсеткіші 6,85 құрап отыр. Қалаға келгендер саны 1022 адам, кеткендер саны 1251 көші-қон өсімі теріс көрсеткішті 229 адамды құрап отыр.
2007 жылғы халық саны 65,4 мың адамды құраған. Туылған саны 338 адам, өлгендер саны 90. Табиғи өсім 248 адамды құрады. Қалаға келгендер саны 244 адам, кеткендер саны 312 адам болып отыр. Соңғы жылдары қала халқы негізінен табиғи өсім негізінде көбейіп келеді. Қаладан кеткендердің басым бөлігі студент жастар. Алдағы жылдары 12-жылдық оқу бағдарламасы студент жастардың миграциясына оң әсерін тигізуі анық.
2.5.2. Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы
2007 жылы 4389 адамға 702,6 млн теңге зейнетақы төленеді деп болжануда. Орташа зейнетақы мөлшері 13340 теңгені құрайтын болады. 3110 адам 368,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын болады, орташа жәрдемақы мөлшері 9865 теңгені құрайды деп болжануда. 5 адамға 598 мың теңге мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 9962 теңгені құрайтын болады. 6288 адамға 300,7 млн теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 3986 теңгені құрайтын болады. 4432 адамға 159,6 млн теңге базалық зейнетақы төленетін болады. Орташа базалық зейнетақы мөлшері 3000 теңгені құрайды.
2008-2009 жылдары зейнеткерлер саны 4432-ге жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артатын болады. Орташа зейнетақы мөлшері 15560 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға артатын болады 3130 адам 412,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып, 2006 жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артатын болады, орташа жәрдемақы мөлшері 10980 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады деп болжануда. 6 адамға 798 мың теңге мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 11088 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады деп болжануда. 6298 адамға 335,3 млн теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 4436 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады.. 4456 адамға 180,3 млн теңге базалық зейнетақы төленетін болады. Орташа базалық зейнетақы мөлшері 3371 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға артатын болады деп болжануда.
Тұрмысы төмен отбасылардың санын 2006 жылға 20 пайызға кеміту. Бұл үшін мұқтаж отбасыларға шағын несие беру, жаңа жұмыс орындарына жұмыссыздарды оранластыру, ауылдық жердегі мұқтаж отбасыларға мал және жер беру арқылы кедей отбасыларының әл-ауқатын көтерудегі жұмыстарды жандандырып кедейшілік шегіндегіотбасыларды өзін өзі қамтамасыз ететін отбасыларды санатына қосуды ұйымдастыру арқылы кедейлер санын кеміту
2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары.
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 27-ші қарашадағы №1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданған. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттары – ерлер мен әйелдер билік құрылымдарына теңгеріледі. Қатысуына кол жеткізуді әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесі дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нысаны бойынша зорлық- зомбылықтан азат болуды айқындады. Осы тұжырымдаманың негізгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларды, қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттары, әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларының жүйесі әзірленген Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.
Осы стратегияға сәйкес тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында мынадай міндеттер шешілуі қажет:
-
биік органдарда шешімдер қабылдау деңгейінде мүмкіндігінше әйелдердің көп болуына ұмтылу;
-
заңнаманы жетілдіру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету институттарын қалыптастыруы;
-
әйелдерді экономикалық өмірге белсенді араласуы үшін жағдайлар жасау;
-
әйелдер үшін экономикалық жеңілдіктер мен артықшылықтар жасау; ана мен баланың денсаулығын жақсарту, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің елеулі түрде артуын қамтамасыз ету;
-
адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некені жағымды бейнесін әспеттеу.
Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі мүндеттері шешілетін болады. Сонымен қатар, стратегияның іске асыру әйелдер мен елдердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.
Гендерлік саясаты дамытуда шешілуге тиісті мәселелер:
1.Басты проблемалардың бірі – жұмыс орындарының жетіспеушілігі
болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңға «Ұмаймаркет» ЖШС оралық офисі Шымкент қаласында сиымдылығы 15 000 куб мұнай базасының және 50-70 жұмыс орны бар тәулігіне 50 вагон бумен жуатын стансасының құрылыстары салынуда. Бос орындар жәрмеңкесі үнемі өткізіліп отырады.
2.Өз ісін ашқысы келген көптеген азаматтардың алғашқы қаражаттары
болмағандықтан жұмыстары алға баспайды.Бұл мәселені шешу үшін екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасалуда. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау бағдарламасы бойынша тұрмысы төмен әр отбасыға 100 мың теңгенден беру үшін ақпан айында қала әкімдігі Темір банкке 2 млн теңгені аударды. Кепілдікке тұрған ұй қойылады. Аталған несиені алу үшін тиісті құжаттарды жасау көп уақыт қажет етеді, сол себепті бүгінгі таңға несиелер алынбады.
3.Мектепке дейінгі білім мәселесі шешімін таппай келді. Ауылдық
жерлердегі жекешелендіріліп кеткен бала бақшаларды мүмкіндігінше кері қайтару жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді. Балар мектепке тиісті дәрежеде дайындықмыз келеді.
4.Баларды сабақтан тыс уақытта қамту мәселесі. Мемлекеттен тыс мекемелерді қалпына келтіру қажет. Балалардың ата-аналары жұмыста болған кезде сабақтан соң балалар жалғыз қалады. Бұл мәселені шешу үшін тұрғылықты жерлерде балалар алаңдары ашылуда, ұйірме, жұмыстарына қаражат бөлінуде, дегенмен проблемалар бар.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде,біздің кешегіден бүгініміз ,бүгінімізден ертеңіміз нұрлы. Республикалық ауқымнан қарағанда алақандай Арыстың атақ-абыройы, мәртебе-мерейі өзіне лайықты екені арыстықтардың жарқын болашаққа арналған жасампаздыққа толы еңбегінің ылғи да жемісті екені әрбіріміздің кеудемізде мақтаныш сезімін туғызады.Арыстықтардың аға ұрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдығы тәуелсіздік жылдары ішінде алға адым басқан сайын анық аңғарылады.
Қаланың әлеуметтік –экономикалық дамуының барысын ұсақ түиегіне дейін ой елегіне өткізеді. Міндеттерді нақтылайды. Оларды жүзеге асыру шараларын белгілейді. Өзіне дейінгі биліктің кемшілігін қайталамауды, жетістіктерін одан әрі баянды етудің жолдарын қарастырады.
Қазіргі таңда белгіленген экономикалық-әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету ивестициясыз мүмкін емес. Бұл бағыттағы белсенді қызмет те өз нәтижесін беріп отыр. Былтыр барлығы 61 млн сомның 22 млн 777 мың теңгесі негізінен ауылшаруашылығына тартылды. Бұл іске «Витязь-1» өндірістік коперативі, «САЖ и В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақстан» мақта коорпорациясы атсалысты.
Арыс –тек қана үлкен теміржол торабы ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы дамып жатқан қала. Ауылшаруашылығының өзінде егін, мал шаруашылығы бар. Қала халқының саны 60 мыңнан астам, ал аумағы 60 мығдай шаршы шақырымды алып жатыр. Арыс өзенінен бастап Сырдарияның екі жағасына созылған.
Елбасымыз айтқандай, өзара түсіністік қалыптасқан жерде алмайтын асу жоқ. Президентіміз жыл сайын халыққа жолдау арнағанда біз қай жерге келдік, алда мақсаттар тұр, таяу арада не істеуіміз керек, - деген мәселелердің басын ащып, негізгі басымдықтарға бағыт-бағдар беріп жатады. Мұның бәрі ел экономикасының алға басуы үшін жасалған тірлік. Салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштік, патриотизм рухына тәрбиелеу ісі қолға алынып келеді. Сондықтан, біздің жанашырлығымыз да, жүректегі айтар сөзімізде халықтың мүддесін қорғауға арналады. Біз қандай жерде, қандай деңгейде қызмет жасамайық, туған жердің топырағы өзіне тартып тұрады. Сондықтан да болар Арыс қаласының, сол өңірдің мәселесін бірінші кезекке қойып, шешуге тырысамыз.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып жуырда тағайындалған Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары алғашқы күні Арыс қаласындағы «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жұмысымен танысудан басталды. Мұның себебі де бар. Үкіметіміз ауа райы қолайлы, жері шұрайлы деп Оңтүстік өңірде жеміс – жидек, көкөніс кластерін дамытуды қолға алып отыр. Осыған орай «Азық –түлік келісімшарт корпорациясы » АҚ-ы мен республикалық деңгейдегі «Ақдала» тәжірибе шаруашылығының арасында он жыл мерзімге арналған үлкен жрба қолға алынған еді. Алғашқы кезде бұл жерде 150 гектардай жер жыртылып, өделіп, қазіргі уақытта израильдік технология бойынша суару шлангалары төселуде.
Министрді тамшылатып суару технологиясымен мақта өсіруге көшкен тұрандықтардың тәжірибесі қызықтырды. Оның қазіргі қолданып жүрген әдістен артықшылығы көп. Мәселен, ескі тәсіл бойынша әр гектардан 18 центнерден ғана «ақ алтын» жиналса, жаңа технологияның қайтарымы бұдан жоғары болып тұр. Гектар айналымы 43 центнерден келді. Министр су тапшылығына байланысты үнемдеу, тамшылатып суару әдісін кеңінен қолдану қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, шаруалар көтерген ұсыныс –пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Аяпұлы Мәдіахмет «Арыс өңірінің тарихы»
Алматы 2001 жыл.
2. Әбдімәлік Садықұлы Ағыбай «Қазақстан Республикасы ОҚО Арыс қаласының 45 жылдық мерей тойына арналалады»
Арыс – Алматы 2001. -96с.
4. Б.Ш.Шайманов «ОҚО-ның әлеуметтік экономикалық дамуы 2006 жылдың қаңтар-қараша »
Шымкент 2006 жыл.
5. В.Усиков, Т. Казановская, А.Усикова, Г.Забенова «Қазақстанның экономикалық және әлеуиеттік географиясы»
Алматы «Атамұра» 2005жыл.
6.Добросмыслова А.И «Города Сыр-Дарьинской области Казалинск, Перовск-Туркестан, Аулие –Ата и Чимкент»
Ташкент 1912 год.
7. ОҚО –ның әлеуметтік экономикалық дамуы 1991-2000жыл. Статистикалық жинақ. Шымкент 2001 жыл.
8.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы 1975 жыл.
9. М.Х.Асылбеков, К.А.Акимов,К.И.Баипаков, «Свод памятников истории и культуры Казакстана Южно-Казакстанская область»
«Қазақ энциклопедиясы»1994 жыл.
10.С.М.Нурманбетов, Қ.С. Санбетов, И.С. Қарабаев «Қазақстан темір жолдарының тарихы» 1том.
МАГМА,Чехия 1997жыл.
11. П. Салықпаев, С.Әлібекұлы «Арыстың елі-намыстың елі»
Алматы 2006 жыл.
12.Т.Өтемағамбетов «Қазақстанның Физикалық Географиясы»
Алматы 1982 жыл
13. С.Оразалыұлы , С.Жексенбаев,Е.Досымбай «Жепі шұрайлы Оңтүстік»
Оңтүстік Қазақстан газеті 19 сәуір 2008 жыл..
Арыс ауданының климат картасы
Сурет
Арыс ауданының физикалық картасы
Сурет
Достарыңызбен бөлісу: |