Божығұр ауылдық округі әкімі М. Жансеитовтың Божығұр ауылдық
округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының
орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Божығұр ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарына арналған жарқын іс бағдарламалары бекітіліп осының аясында іс шаралар жоспарланып іске асырылуда.
Осы шараларға сәйкес ағымды жылдың қаңтар, ақпан айларында ауыл көшелерін қардан тазалауға ат салысып, демеушілік көрсеткен өзіміздің шаруа қожалықтары.Сонымен қатар «Болашақ-жастар қолында», «Қамқорлық» айлығы, «Бала-өмірдің гүлі», тұрмысы төмен отбасы балаларын, жетім балаларды қолдау жөнінде акция жоспарланған». Іс-шараға байланысты округіміздің шаруа қожалықтары және мемлекеттік мекемелер екі күндік айлық табыстарынан қаражат аударды. Тұрмысы төмен отбасы балаларына және мүгедек балаларға әлеуметтік демеушілік көмек көрсетілді. Қайырымдылық акция шеңберінде, демеушілерді тарту арқылы, азық-түлік және басқа да сыйлықтар табыс етілді.
Елбасының жолдауын халыққа жеткізіп, мұқият тыңдадық. Елбасы жолдауының алғашқы сатысын халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын ары қарай дамытып, оны игеру бағытында әлі де жұмыстар жүргізілу керек екені алға қойылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында округімізден тоғыз адам несиеге иегер болды. Қаражал, Үкілі ауылынан мал шаруашылығын дамыту бағытында, Салқынтөбе ауылында қымызбен айналысуды дамыту бағытында жұмыстар жалғасып, жүргізілуде.
Ауылымыздың тазалығына, гүлденуіне бірлігімізді, тірлігімізді көрсетіп, ауыл тұрғындары да ат салысып аула тазалығынан бастады және аулаларын гүлдендірді. Округке қарасты елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық сенбілікке округ тұрғындары белсенді қатысты. Тағы бір жақсы бағдарлама бұл «Жайлау» бағдарламасы. Округтен екі адам иегер болып, 100 бас қойдан алып жұмыстары жүргізілуде.
Қаражал ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстары да жүргізілді. Жергілікті бюджеттен 1 млн. 300мың теңге қаражат бөлінді. Әрі қарай да жұмыстары жүргізіледі. Мәдениет саласында да бірталай жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ 22 округтің ішінде аудандық патриоттық әндер сайысында қатысқан өзіміздің тұрғындарымыз алғыс хатымен марапатталды. Наурыз айында өткен аудандық әжелер сайысында ауылымыздың әйелдер кеңесінің мүшесі, зейнеткер әже грамотасымен марапатталып, сыйлық табыс етілді. Округімізде әрбір мереке атаусыз қалмайды. 8-наурыз аналар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілікпен аналарға сыйлықтар табыс етілді.
Наурыз мерекесі де ауылымыздың дайындаған концерттік бағдарламасымен тамашаланды. Спорттық іс-шаралар ойындары өткізілді. Көршілес 3 ауылдың жастары арасында 7 мамырға арналған футбол ойындары ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай соғыс ардагерлері ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тыл ардагерлеріне ақшалай сыйлық тапсырылды. «1-маусым балаларды қорғау мерекесіне» балаларға сыйлықтар табыс етілді. Округтің шаруа қожалықтары демеушілігімен «1-қазан – қаттар күні» мерекесіне арналған іс шара өткізілді, кең дастархан жайылып қарттарға құрмет көрсетілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл азаматтары және шаруа қожалықтар демеушілігімен балалар ойын алаңының жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы күні де атаусыз қалмайды. Әкімшіліктің ұйымдастыруымен, шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен құттықтау, марапаттау, концерттік шашу бағдарламасы қойылып, дастархан жайылды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқыту, мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде. Жарма аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы маусым айында екі адам есепші кәсіби мамандығына оқып, біреуі жұмысқа орналасты. Жыл бойына 3 жұмыс орындары ашылса, жұмысқа орналасқандар саны – 10 адам.
Ауыл шаруашылық саласында егін және мал шаруашылығында өзіндік стандарттар талабына сай сапалы көрсеткіштерді арттыру, өнімдерді өндеу, ұқсата білу, шаруашылықтарға жеңілдетілген несиемен қолдау көрсету, жерді айналысқа қосу және оны тиімді пайдалана білу қазіргі заман талабына сай болып белгіленген. Жылдан жылға мал бастарын өсіріп, астық өсімдерін, әл ауқатын нығайтуға күштерін жұмсауда. Аудан көлемінде округтер арасында біздің округіміздің шаруа қожалықтарының бірі ол «Прогресс», «Алғабас», «Марат», «Асқар», « Диляра», «Ақмарал», және ТОО «Шалабай», 2230 гектар оның ішінде 908 га бидай, арпа -1252 га, сұлы -20 га, егіндік жер игеріліп, гектарынан 9-10 ц. астық алынды, бұл Божығұр ауылдық округі үшін үлкен көрсеткіш.
2015 жылға жоспарда тұрған бағдарлама:
1. Дөнгелек жөндеу цехын ашу.
2. Мал бордақылау алаңын ашу. «Алғабас»шаруа қожалығы
Аудандық бюджет қаражатынан сессия шешімімен:
1. Жарықтандыру – 1 млн. 200мың тенге (Үкілі ауылы)
2. Су құбырын тарту, жарықтандыру- 4 млн.800 мың тенге (Салқын-төбе ауылы
3. Жол жөндеу – 1 млн. 286 мың тенге Қаражал ауылы.
Достарыңызбен бөлісу: |