Қаржылық есеп-1 ПӘнінен 050508 мамандығы бойынша



бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі445.37 Kb.
#183247
  1   2   3
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бухгалтерлік есеп және

аудит кафедрасы




ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1

ПӘНІНЕН

050508 МАМАНДЫҒЫ БОйЫНША

ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ ЖӨНІНДЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ТАҚЫРЫПТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫ ЖОСПАРЛАРЫ

КАРАҒАНДЫ 2009


Құрастырушы: э.ғ.к.,проф. Мадиева К.С., доцент Жакупова О.М

Пікір жазушылар: э.ғ.к.,проф. Китебаева К.А
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген.
Мәжіліс хат № 2 “ 15 “ қазан 2009ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес «Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыс жазып оны қорғайды. Курстық жұмыстың жазылуына студенттің теориялық материалды қаншалықты меңгергенін және алған білімін тәжірбиелік зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мәні оны орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. «Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады және бекітіледі. Тақырыпты таңдау кезінде студенттердің ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша курстық жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Студент оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Сырттай оқитын студенттің сынақ кітапшасының (транскрипт) соңғы екі нөміріне (жыл нөмірі саналмайды) байланысты курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кестесінен анықталады. Мысалы студенттің шифрі 023-09. Соңғы цифрлар – университетке түскен жылы, кесте бойынша №23 нөмірін табамызда, қатарын бойлай көрсетілген: 24,19,14. Осы үш тақырыптың біреуін таңдаймыз. Жетекшінің және кафедра меңгерушісінің келісімі бойынша студент кафедра ұсынған тізімге кірмеген тақырыпты алуына, сол сияқты тақырыптың атын өзгертіп алуына болады.


Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кестесі



Две последние цифры порядкового номера студента

Номер темы курсовой работы

00 25 50 75

1 26 41

01 26 51 76

2 27 42

02 27 52 77

3 28 43

03 28 53 78

4 29 44

04 29 54 79

5 30 45

05 30 55 80

6 31 46

06 31 56 81

7 3 2 47

07 32 57 82

8 33 48

08 33 58 83

9 3 4 49

09 34 59 84

10 35 3

10 35 60 85

11 36 5

11 36 61 86

12 37 6

12 37 62 87

13 3 8 7

13 38 63 88

14 3 9 8

14 39 64 89

15 40 9

15 40 65 90

16 41 10

16 41 66 91

17 42 11

17 42 67 92

18 4 3 12

18 43 68 93

19 44 13

19 44 69 94

20 45 14

20 45 70 95

21 46 15

21 46 71 96

22 47 16

22 47 72 97

23 48 17

23 48 73 98

24 49 38

24 49 74 99

25 20 39



АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

«Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыстың такырыбын таңдағаннан кейін студент курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек (негізгі және қосымша). Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция конспектілерін де ұмытуға болмайды.

Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген бухгалтелік есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде шыққан жаңа әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.

Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.

Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес. Ең алдымен тақырып бойынша жалпы әдебиетпен, содан соң негізгі және қосымша әдебиетпен (нұсқаулармен, әдістемелік нұсқаулармен) танысады: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік Департаментінің нұсқалық материалдарын, стандарттарын пайдалану қажет. Сонымен бірге жұмыста жаңа арнайы әдебиетті, соңғы жылдардың мерзімдік басылымдарынан мақалаларды, Бухгалтер Бюлетені, Бухгалтер файлы, «Қаржы – қаражат», «Салық комитеінің жаршысы» және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет