Элективті курс жұмысының мақсаты, міндеттері



бет1/2
Дата17.04.2024
өлшемі115 Kb.
#499104
түріБағдарламасы
  1   2
Элективті курс


Түсінік хат 
Элективті курсының «Бабадан қалған бар байлық» бағдарламасы орта мектептің 9-11-кластарына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.
Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Сабақтың қызықты

, тартымыды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама орыс мектептеріндегі жоғарғы сынып (9-11-сынып) оқушыларына арнап шығарылған.
Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.
Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.
Элективті курс жұмысының мақсаты, міндеттері:
Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа үйрету;

  • Сөз мәдениетін таныту;

  • Пікірталас мәдениетін жетілдіру;

  • Оқушының тілін дамыту, тілідік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  • Ұлттық сана-сезімі мол, рухани деңгейі биік, әдепті, саналы адам тәрбиелеу;

  • Ұлттық таным шеңберін одан әрі кеңейтіп, түсініктерін молайта отырып, оқушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Бұл бағдарламаның мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан салт-дәстүрдің, тәрбиелік әдет-ғұрыптың түрлерінен тұрады. Алған білімдері тест, мәнжазба, баяндама, шығарма сияқты тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.
Элективті курс бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже:
Ұлттық салт-дәстүрдің түрлерін біліп, оны толық түсіну;

  • Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу;

  • Пікірталаста өз ойларын ортаға салып, ойын толық жеткізу;

  • Өмірде мақал-мәтел мен қанатты сөздерді пайдалана білу;

  • Ана тіліне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет