Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата25.11.2023
өлшемі332.76 Kb.
#484460
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)

ҚОРЫТЫНДЫ 
Сонымен, Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша Қарлұқ қағанатының 
тарихы, қалыптасуы, халқы, табиғаты, тарихы, мəдениеті мен өнері, туралы 
деректер қарастырылды. Ерте заманда Алтай мен Тарбағатайдың қарлы тауын 
мекендеген түркі тілдес көшпелі тайпалар қарлұқ атанған. Қарлұқ туралы 
алғашқы дерек грек жазушысы Птолемейдің атақты «Жағрафия» еңбегінде 
кездеседі. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан 
бөлініп шығуына жеткізді. Олардың Жетісуға көшуі біржолата дербестікке қол 
жеткізуі болды. Қарлұқтар өздеріне бағынышты елдердің шекарасын біржолата 
кеңейте берді. Одан кейін Қашқарияны жаулап алды. Осылайша бірте-бірте 
қалыптаса келе түркі тайпаларының ішіндегі құдіретті тайпаға айналды. 
Оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында қарлұқтар Тибетпен жəне тоғыз-
ғұздармен (ұйғырлармен) шектесіп жатты. Қарлұқтар иеліктерінің Тибетке 
жақындығы «Худуд əл-алам» анонимінің қолжазбасында да атап өтілген. Тегінде, 
Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен Шығыс Түркістан 
аймағы (Жаркент, Хотан) Тибет делініп отырса керек.Қарлұқтар мен ұйғырлар
арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, Тарым жəне ішінара Ақсу 
өзендерінің бойымен өткен. Шығыс жағында қарлұқтардың иеліктері кимектердің 
жеріне тікелей жақын орналасты. «Қарлұқтардың Атракан қаласынан кимектердің 
бірінші қаласы — Карантия қаласына дейін түріктерден шыққан көшпелі халық 
тұратын шөл арқылы он түнеп жетуге болады», — деп жазады əл-Идриси. 
Қорыта келгенде Отандық тарихымыздың ортағасырлық кезеңінде маңызды орын 
алатын қарлұқ қағанатының алатын орны ерекше екендігін көреміз. Қарлұқ 
қағанатын халқымыздың мемлекеттілігі мен этникалық қалыптасуында үлкен рөл 
атқарды. Қарлұқтардың шығу тарихына келсек негізінен олар бастапқыда түрлі 
қағанаттардың құрамында болды. Кейіннен Ұйғыр қағанатынан бөлініп шыққан 
соң өзінің дербестігіне қол жеткізді. Қарлұқ феодалдық қоғамында əлеуметтік 
жəне жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа 
қауымның ешбір құқы жоқ тобы – кұлдар болатын. Халықтың негізгі бөлігі - 
қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға 
экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек 
топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да 
болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік 
тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. Қарлұқ қағанатыны 
арабтармен жəне ұйғырлармен табанды күрес жүргізіп отқан. 
Қорыта айтсақ қытай деректерінде экономикалық мəселелер мен саяси тарихына 
көп көңіл бөлінсе, араб-парсы тілінде жазған авторлар қарлұқтардың этникалық 
құрамы, олардың қоныстану мен орналасуына назар аударған. Араб-парсы 
деректерінде қарлұқтар туралы мəліметтердің маңызы өте зор. Біз бұл тақырыпты 
қарастыра отырып Қарлұқ қағанатының жағдайын біле аламыз жəне тарихтағы 
орны қандай деген сұраққа жауап аламыз. Негізінен дініне тоқталатын болсақ 
ислам діні кең таралған. Олардың да өзіндік жазулары болған. Бұны айғағы 
ретінде Күлтегін ескерткіштерін айта аламыз. Сонымен, 940-жылы Қарлұқ 
қағанаты өмір сүруін тоқтатты. 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Қазақтың көне тарихы М.Қани - Алматы: Жалын, 1993. 
2.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы,3-бөлім.- Алматы. 2002. 
3.З. Бабатайұлы Б. Ежелгі қазақстан тарихы.- Алматы 2003.
4.Аманжолов К., Рахметов Қ Түркі халықтарының тарихы. Көне дəуірден біздің 
заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең. - Алматы.2006.
5.Күзембайұлы А., Ахметов Т.Ə., Əлібек Т.Қ. «Түркі руханияты»- Қостанай 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет