Асқазанның конрастты рентгенограммасы - Ас қазан және ішек диспепсиясы синдромдары
-
- Диспепсия —ас қорытылуының бұзылысын білдіретін термин.
- Диспепсияның негізгі белгісі — нәжісте толық қорытылмаған ас қалдықтарының болуы.
Ас қазан диспепсиясы синдромы асқазан сөлінде пепсин, тұз қышқылы жетіспеуінен және асқазандағы тамақтың ішекке тез өтуінен болады. - Ас қазан диспепсиясы синдромы асқазан сөлінде пепсин, тұз қышқылы жетіспеуінен және асқазандағы тамақтың ішекке тез өтуінен болады.
- Шағымдары: тәбеттің төмендеуі, ауызда жағымсыз дәм, тамақтан кейін эпигастрий аймағында ауырлық, кернеп, басып тұрғандай сезім, кекіру, лоқсу, құсу, іш өту (гастрогенді).
Ішек диспепсиясы синдромы - Ішек диспепсиясы синдромы
- Ішекте ас қорытылуының бұзылысынан дамиды. Ол ашу — көмірсулардың қортылуы бұзылуынан және шіру — белоктардың қортылуы бұзылуынан.
- Ашу диспепсиясының белгілері: метеоризм, іштің құрылдауы, шаншып ауырсыну, йіссіз жел шыққаннан кейін азаяды, іш өту; нәжіс ашық түсті, сұйық, көпіршікті, жеміс-жидектердің қорытылмаған қалдықтары. Микроскопияда — крахмал көп мөлшерде (амилорея).
-
- Шіру диспепсиясы: метиориз шамалы, іш өту, жағымсыз иісті жел шығуы; нәжіс сұйық, қанық-қоңыр түсті, сасық (шіруге байланысты). Микроскопияда — көп мөлшерде қорытылмаған ет қалдықтары (креаторея).
-
- Ішектің қабынуы салдарынан іш өту бейспецифиялық жаралы колитте, микроскопиялық колитте, сәулелік (радиациялық) энтеритте және т.б. Бұл ауруларда диареямен бірге іштің ауырсынуы болады, нәжіске қан аралас болады, қызба.
- Нәжістің тез жылжуынан дамитын диарея тиреотоксикозбен науқастарда, органикалық патологияға байланыссыз ішек маторикасының функциональды бұзылыстарында (тітіркенген ішек синдромы).
Достарыңызбен бөлісу: |