Қарттар күні мен ұстаздар күні
мерекесіне арналған концерттік
бағдарлама.
Тақырыбы: «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ».
Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!
І жүрг: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!
ІІ жүрг: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
І жүрг: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
ІІ жүрг: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
І жүрг: Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
ІІ жүрг: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
І жүрг: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
ІІ жүрг :... Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар,
ата – аналар және оқушылар!
ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүрг: Қажымас қайрат,
ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,
І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
9 сынып оқушысы Шонғалова Гауһардың
орындауында Өлен « »
Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директордың уақытша міндеттерін атқарушысына
Жангаскина Роза Бекенқызына беріледі:
І жүрг:
«Ұстазға»
Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
І жүрг: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес балаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
І жүрг: Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Роза Бекенқызы бейнесін көреміз.
Роза апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.
Сізге мектебіміздің әншісі Исекаева Сәуленің орындауында
« » әнің сізге арнаймыз.
Ойын « »
ІІ жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге біздің қонақтарымызға бас иеміз.
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –
дей отырып Жұмағұлов Айбектің және Шоңғалова Гауһардың орындауында: « ДОСТАР »өленің қабылалыңыздар.
2 сынып оқушысы Мұхамбетова Әсемнің орындауында « Құрдастар»
өленің қабыл алыңыздар.
КОНКУС « »
І жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов. Сондай ұстазымыз Әсем апай және Роза апай.
Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,
Төбемізді жеткізеді көкке біздің.
Қимастықпен қарайды Роза апай,
Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.
Арамызда ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Әсем апай бізбен жүрсе,
Батырларша батылданам.
Шығыс биі: Кәкимжанова Ә
Машенова Махаббаттың орындауында «Айналайын» өленің қаб-дар.
Ойын « »
ІІ жүрг: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп биылғы оқу жылында ортамызға жаңа келген ұстаздарымызды зор ілтипатпен төрге шақырамыз.Ола: Рая апай, Тамаша апай, Махаббат ағай, Жырғау апай, Кәмшат апай, Гүлнұр апай.
(Музыка ойнап тұрады, қол шапалақтап қарсы алады, жаңа келген мұғалімдер сахынаға шығып, құттықтау лебіздерін жолдайды, өздердән таныстырады).
Мұхамбетова Әсемнің орындауында Би «Восточ. сказки »
Джұмағұлов Айбектің орындауында « »
Ойын « »
І жүрг: Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Өнерімен шаттардынған,-дей отырып құрметті Орынкүл апай Рашила апай, Бахытжамал апай, Сабира апай, Разия апай, Сәуле апай, Айгүл апай, Әйгерім апай келесі орындалар би сіздерге арналады, қабыл алыңыздар.
Өзбек биі Кәрімбекова Сәнімай
Жұмағұлов Айдостың орынд. « » қаб-дар.
Ойын « »
ІІ жүрг: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Жұман апай, Кәмшат апай өз еңбектеріңідің жемісін тамашалаңыздар.
Кішкентай ғана 2 сынып оқушымыздың орындауында Би
10 сынып
І жүрг: Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетің, - дей отырып Марат ағай, Танат ағай, Махаббат ағай, келесі орындалар ән-шашу сіздер үшін.
Шығыс биі: Қуанышева Гауһар
Машенова Махаббаттың орынд. « » өлен
Ойын « »
Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Шонғалова Гауһар «Ұстазым».
Қорытынды сөз мектебіміздің директордың уақытша міндеттерін атқарушысына
Жангаскина Роза Бекенқызына беріледі:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыз!
«ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кештің сценарийі
І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар!
ІІ жүрг: Ардақты ұстаздар!
І жүрг: Баршамыздың сауатымызды ашып
ІІ жүрг: Білім нәрімен сусындатып
І жүрг : Өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар!
ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңз құтты болсын!
І жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
ІІ жүрг:Мектебіміздің 6 «Ә»сынып оқушылары Тоқтай Шыңғыс пен Бөлегенова Аянаның орындауында «Қара жорға»биін қабыл алыңыздар
І жүрг: Сәуле апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкіртіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер-ек
Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Жақсымбетова Сәуле Әділбайқызына беріледі:
ІІ жүрг: Мерекелік құттықтау сөзҚарағайлы ауылдық аумағының әкімінің орынбасары Молдабекова Гүлмира Рысбайқызына беріледі.
І жүрг: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Мектеп алды даярлық тобының оқушысы Елікбай Балнұрдың
орындауында « Анашым» әнін қабыл алыңыздар
ІІ жүрг: «Ұстазға»
Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
І жүрг: Мерекелік құттықтау сөз «Рахым Сәрсенбин»атындағы мектептің зейнеткер ұстазы-----------. беріледі
(залда отырған мұғалімдер қосылып «Ұстазым менің ұстазым»әнін орындайды
ІІ жүрг: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
.
дей отырып мектебіміздің мұғалімі Тұнғатова Ақжолдың орындауында «Орамал»әнінқабыл алыңыздар
І жүрг. Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабылдаңдар
6 «Ә»сынып оқушысы Қазбекова Аминаның орындауында «Ұстазым»әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүрг: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп биылғы оқу жылында ортамызға жаңа келген ұстаздарымызды зор ілтипатпен төрге шақырамыз.Олар:Айгүл апай,Динара апай,Жайнагүл апай, Александра,.
(Музыка ойнап тұрады, қол шапалақтап қарсы алады, жаңа келген мұғалімдер сахынаға шығып, құттықтау лебіздерін жолдайды, өздердән таныстырады).
.
Мектебіміздің жас және жаңа мұғалімі Динараның орындауында:
« »әнін қабыл алыңыздар
І жүрг:
Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Мектебіміздің жас және жаңа мұғалімі Әлпейісова Айгүлдің орындауындағы « »биін қабыл алыңыздар
ІІ жүрг: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Мектебіміздің 6 «Ә»сынып оқушысы Бөлегенова Аянаның орындауында «Мектебім»әні қабыл алыңыздар
І жүрг: Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Мектебіміздің 4 сынып оқушылары Телтаев Марлен мен Қырғызбай Нұржастың орындауындағы «Жаса Қазақстан»әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүрг:Аяулы да ардақты,
І жүрг: байсалды да салмақты,біздің сүйікті ұстаздарымыз
ІІ жүрг: . Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін!
І жүрг:Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін.
ІІ жүрг: «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |