Аружан жтб



Pdf көрінісі
Дата08.12.2023
өлшемі70.88 Kb.
#485928
Аружан ЖТБ



Тілдің даму 
заңдылықтары 
К Муса 
Т Аружан 


Тілдер дамуындағы жалпы 
заңдылыққа төмендегілер жатады: 1. 
Бірте-бірте эволюциялық жолмен 
даму 2. Тілдік қабаттардың барлығы 
бірдей дәрежеде, біркелкі 
дамымайды, жағдайға, өмір 
талабына сәйкес әр түрлі қарқында, 
әр түрлі сапада дамиды. 3. Тіл 
қатынас құралы қызметін атқарып 
тұрған жағдайда әрқашан да даму 
үстінде болады. Сондықтан оның 
дамуын тарихтан бұрынғы, тарихтан 
кейінгі деп кезеңге, немесе әр түрлі 
сатыға бөлу дұрыс емес.


Бірте-бірте эволюциялық жолмен даму.
Тілдік қабаттардың барлығы бірдей дəрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға, өмір 
талабына сəйкес əр түрлі қарқында, əр түрлі сапада дамиды. Бірақ тілдің жеке қабатында 
болған өзгеріс, белгілі мөлшерде болса да, тілдік жүйеге əсерін тигізбей тұра алмайды. 
Олай болмағанда тілді əрбір қабаттары, элементтері бір-біріне байланысты, тəуелді, 
өзара шарттас болып келетін бір бүтін жүйе деуге де болмас еді.


Тілге енетін жаңалық топтанып, 
түйдектеніп, бірден енбейді, мысқалдап, 
біртіндеп келіп сіңіседі және ондай 
жаңалықтардың басым көпшілігі ескілікті 
жамыла, ескі материалдар негізінде туып 
жатады да, материалдың ескілігі, 
үйреншіліктілігі ондағы жаңалықты 
бүркеп, байқатпай түрады. Мысалы, 
қазіргі әдеби тілімізде жарыс сөз
мейраммен құттықтау, жалынды сэлем, 
биік мұрат, өндірістік басқарма, тірі 
мүйіс, демалыс күн, ашық жиналыс, 
жабық жиналыс, пікір алысу, тәжірибе 
алмасу, су қоймасы, өза ра сын, 
социалистік жарыс, еңбеккүн, деген 
тәріздес тіркестер жүздеп, мыңдап 
қолданылады


Бірақ өткен ғасырлар ескерткіштерінен 
дəл осындай мағынада мұндай тіркестер 
кездеспейді. Бұлтəріздестіркестердіңбəрі 
де үстіміздегі ғасырда, 
əсіресеСоветөкіметіорнағаннан кейінгі 
дəуірде ғана пайда болды.
Тілімізгебіртіндеп, елеусіз сіңіскені сондай, 
қазірде бұларды тілдегі жаңалық деу де 
қиын. Оның тағы бір себебі жоғарыда 
келтірілген тіркестердің барлығы да 
тілімізде бүрыннан бар көне материалдан 
(сөздерден) жасалған


Сөйтіп, тілдің дамуы шыңдалып жетілуі бірте-
бірте болады. Тіл дамуының басқа қоғамдық 
құбылыстар, әсіресе базис пен қоғамдық 
қондырмалар дамуынан өзгешелігі де осында.


Тілдің қай-қайсысында 
да оның құрылымдық 
элементтерін 
абстракциялапқолдану
заңы бар.


Бұл заң бойынша, тілдегібір кездегідеректі элементбарған сайын дерексізденеді, бір 
кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау 
сөздерге айналады, сөздер бастапқы накты мағыналар үстіне келтірінді, ауыспалы 
мағыналар үстеп, семантикалық жағынан дамиды, т. б.


Дыбыс тілі дамуына тән 
тағы бір ортақ 
заңдылық—дифференция 
заңы.


Ежелгі замандар тілінде тілдік элементтер қазіргідей сараланбаған, дыбыстау, сөйлеу 
диффузды болған. Көрнекті ғалымдардың болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда 
болуының бастапқы кезеңінде қазіргі түсінігіміздегідей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер 
болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы да сөйлеудің бастапқы диффузды 
(элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны жеке элементтерге 
бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған.


Тіл дамуында 
дифференцияциялаум
ен қатар, оған қарама-
қарсы мәндегі 
интеграциялау(топтау, 
біріктіру) принципі де 
болады.


Бұл тəсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы тұлғалар құрамына еніп, 
анағұрлым күрделі түлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз тіркестерін, 
бұлардың тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары əр түрлі сездерді белгілі 
бір ғана сөз табы етіп топтау интеграция принципіне негізделеді.


Тілдер дамуында болатын 
ортақ құбылыстардың 
тағы бір түрі — 
аналогиялық принцип.


Бұл тəсіл бойынша тілде бұрыннан бар белгілі бір тұлғаға, амал-тəсілге сүйеніп, соған 
ұқсас жаңа, тың туындылар жасалады, Мысалы: Қазақ əдеби тілінде аларманға алтау аз, 
берерменге бесеу көп деген бірді-екілі сөйлемшеде ғана болмаса, =ар ман, =ер мен деген 
қосымшалар арқылы жасалатын сөздер жоқ еді. Соңғы жылдары аналогия тəсілімен 
көрермен, оқырман, қадырмен деген сөздер; жұмыскер, балалық, сəлемдеме дегендер 
тəріздес сөздерге аналогия ретінде қаламгер, оқулың, аялдама дегендер тəріздес сөздер 
қалыптасып орнықты.


Орыс тілінде легализация, 
активизация деген сездердің 
аналогиясы ретінде паспортизация, 
советизация; машинист, артиллерист 
сөздеріне аналогия ретінде значкист
очеркист; метражға ұқсатып, листаою; 
ипподромға ұқсатып, аэродром, 
космодром т. б. сөздер қалыптасқан.


Тіл дамуына себепші 
болатын сыртқы 
факторлардың тағы бір 
елеулі түрі — тілдердің 
бір-бірімен байланысы
қарым-қатынасы.


Тілдік қарым-қатынас 
(контакт) әр түрлі тілде 
сөйлейтін халықтардың 
бір-бірімен тікелей 
немесе жанама түрде 
қарым-қатысқа келуі 
нәтижесінде пайда 
болады. Оның жолы әр 
түрлі:


Белгілі бір тілде сөйлейтін қауым қонысына басқа тілді этникалық топтың келуі мүмкін. 
Мұндай келімсектер жергілікті халықты күшпен бағындыруы, олардың тілін 
ассимиляциялап, өз тілдерін зорлап қабылдатуы, болмаса өз тілінен айрылып, жергілікті 
халық тілін қабылдауы немесе өзара достық қатынаста тұрып, олардың тілдері бірінде 
жоқты бірінен алып, қатар дамуы да мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет