Асанұлы, Қ. Ұлылықтың отын жаққан шырақшы/Қ. Асанұлы//Орталық Қазақстан. – 2008. – 13 наурыз



Дата17.07.2016
өлшемі113.24 Kb.
#205785
Асанұлы, Қ.

Ұлылықтың отын жаққан шырақшы/Қ.Асанұлы//Орталық Қазақстан. – 2008. – 13 наурыз (№41). - . – (Мерейтой)
... Ұлы дала дүрбелңге толы мыңда жүз жиырма сегізінші жылдың өліара кезеңі еді.

...Ауа райы сібірге оңтайлылау келетін қазақ сахарасының солтүстік өңіріндегі Бағанаты ауылы наурыз айын сол ақ кар, көк мұз күйінде қарсы алған. Сірә, қардың көбесі сөгілгенмен қыс ызғары әлі қаһарынан қайта қоймаған.

...Арыстан мен Бәлтайдың екінші ұлы дәл сол жылы ескіше наурыздың алғашқы күнінде дүние есігін ашты. Қолдағы азын-аулақ малмен күнелтіп, жер еміп отырған жұпынылау отбасы жас нәрестенің өмірге келу қуанышын өздерінше қызықтаған.

...Содан бері қаншама жылдар жылжып, айлар алыстады. Қаршадай Қамзабай дүниге келген уақыт ұлы кәмпеске науқанының қызу жүріп жатқан шағы еді. Аранын ашқан ашаршылық нәубеті де ұлы далаға улы зәрін төгуге таяп қалған.

…Сол кездегі қазақ балаларының басындағы тағдыр тауқыметін Бөкетұлы Арыстанның перзенттері де бастан кешті. Жасы он бірге толар-толмас Қамзабай да балдәуреннің бұла кезеңін ауыр еңбекке айырбастады. Ашаршылық жылдары әкесі Арыстан отбасын асырап, жан сақтау қамымен Ресейдің оңтүстік Оралындағы Қорған облысынан Мокроусовский, Макушинский өлкелеріне қоныс аударып, ол жақта 1938 жылға дейін тұрақтап қайтты.

…Жеті жасар Қамзабай да алғашқы сауатын Макушинский ауданындағы бастауыш мектепте ашты.

…Елге оралған Арыстанның отбасы да көппен бірге күн кешіп, тіршілік қарекетін жалғастырған.

…Жасы оннан асқан Қамзабай колхоздың қым-қуат тірлігіне араласып, еңбек етуіне тура келді. Қамсыз жүрер қайран жасында тағдыр тауқыметінің қайыс қамытын киіп бірде шөп шауып, бірде мал бағып ата-анасына қолғабыс жасаған бала Қамзабайдың балалық шағы осылай өтіп жатты.

…1942 жылы әкесі Арыстан қайтыс болды. Асқар таудай айбарынан айрылу әулетке оңай соққан жоқ. Жеті кластық білімімен мектеппен хош айтысқан Қамзабайдың азамат ретіндегі ұзақ сапары басталды.

...Алғашқы жұмысын аудандық май өндіру аппаратында бастаған Қамзабай 1949 жылдың тамыз айына дейін аудандық тұтынушылар қоғамында еңбек етті. 1949 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың шілдесіне дейін Октябрь аудандық атқару комитетінде нұсқаушылық қызмет атқарды. Тілге жүйрік, ойға алғыр Қамзабайдың қара жұмыстан, қызмет баспалдағына көтерілуі өзінің ақыл-парасаты мен жастыққа тән қайрат-жігерінде жатса керек. ...Білімін толықтыру мақсатында ағасы Евнейдің ізімен Алматыға аттанды. Сапары сәтсіз болған жоқ. 1957 жылы Алматы құрылыс техникумын техник-электрик мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

...Қамзекеңнің өмірбаян жолдарына зер сала отырып, әр адамның басында болатын тағдыр талайына куә боласың. Куә бола отырып, қуанасың әрі күрсінесің. Қамзабай тағдырын туған ағасы, қазақтың ұлы ғұламасы Евнейден бөліп қарауға болмайды. Оның да өзіндік себебі бар. Бір әкеден ақыл алып, бір ананың ақ сүтін бөле ішкен Евней мен Қамзабайдың ғұмырында көзге көрінбес, көңілмен түйсінетін тылсым жайттар баршылық. Сондай көңіл толқытар, сонау бір ала-құйын, азабы мол жылдардың ауыр сәттерін көз алдарыңызға әкелетін мына бір жайттарды айтпай кетуге болмас. Әке аманатын қалай орындағаны туралы, яки қыры мен сыры мол сол бір ауыр кезеңнің шынайы тынысын сездірер, бөгде жанға ашпас бүге-шігесі қақында Евней Арыстанұлы бертінде, 1981 жыддың 16 қыркүйегінде кенже інісі Есләмбекке жолдаған хатында егжей-тегжей баяндапты.

...«...1943 жыл. Жазғытұрым. Жобасы, март айы... Жиған-тергенімізді әкеміздің бата оқырына түгел жұмсадык, Өйткені, «Өлім-бардың малын шашады, жоқтың артын ашады...» Иманды болғыр Бәлтай шешеміз алды-артына қараған жоқ. Қолдағының бәрін ас беруге салды. Қызыл сиыр көтерем болып жер қапты. Биеден де айырылдық. Асырай алмадық. Мен Ольгинкада мұғаліммін, айына бір пұттай паек аламын, үй-ішіміз соған қарап қалды.

...Сөйтіп жүргенде бір күні талонға зат беруші рәсім болушы еді, соның біреуіне саған кішкентай бәтеңке алып келдім. «Қарағым-ау, - деді Балтай маркұм. - Мұны қайтушы едің, соның орнына... бір көйлектік мата алсаң еді...». Сонда да ойыма келген істі байқайын деп, сенің екі жарым жастағы кезің, екі аяғың шидей, мешелсің, «тоя тамақ ішпеудің салдары», жүрмейсің. Сені алдыма алып бәтеңкені кигіздім. Бауын байлап отырғанда сен: «Әй-әй-әй!..» деп қуанып, мені құшақтап түрегеліп тәй-тәй жүре бастадың...

...Бәлтай маркұм ағыл-тегіл жыласын, оған қосылып мен де егілдім. Сірә, сенің сол сәтте қалт-құлт жүріп кеткеніңе қуанғаннан жыласақ керек... Көйлектік пұл алмағаным ұмытылды. Сол сәтте Жұдырық тәтеміз келіп: «Әкесі бар баланың мұндай бәтеңке кигенін көрсм көзім шықсын...!» деп әрі күндеп, әрі жебеп, бырқылдап сөйлеп-сөйлеп шығып кетті.

...Сол жылдың жазы. Он бес жасар Қамзабай ертелі-кеш салпақтап сиырдың соңында (колхоздың табынын бағады), тамақ аз, аяғында шәрке. Таң оянып, буыны сылқылдап әрең кетеді. Мен мұғалімдік жұмысымнан босап үйге келемін. Ерте тұрдым да ағашқа кеттім. Қоршауы бұзылған бақшаның ішіне мал кіріп кетіпі. Сырық кесіп, оларды бұтақтан арылтып, қоршаудың ашық жерін қайта қымтағанша түс болды. Аяғымды сүйрете басып үйге титықтап әрең жеттім. Шешеміз маған ірімшік жасап, бетін шүберекпен жауып қойыпты. Соны ымдап көрсетіп, жеп ал дегендей болып, сені, Шабдан мен Жаркенді (Жартас С.М.) үйден шығарып жіберді. Ал сендер, шешеміздің қулығын сезіп қалып, есік алдынан кетпей қойдындар. Тегешті алдыма алып, ірімшік толы қасықы аузыма апара бергенім сол еді, үшеуің жетіп келдіндер де, бас салдындар. Қысқасы, менің сыбағамды төртеуіміз бөліп жедік. Бәлтай марқұм қайта келгенде: «Әу, мына күшіктер қашан кіріп кеткен?..» - деп сендерге ұрсып жүріп шай қойды. Сөйтіп шаршап, қарным ашып келгенде өзімше тойған кісі болып сыр білдірмей жата кеттім. Шешеміз сонда мүлдем аш жүреді. Қатты шаршайды...».

...Евней қаламынан, қаламынан емес-ау жүрегінен қан тама отырып, сағынышпен еске алған сол бір сұрқай күндер суреті Арыстан балаларының болмыс-бітімін барынша аша түскендей. Осындайда тіл ұшына:

Алыпқаштың даласыңда нұр тұнып,

Дүниеге есік аштың ұмтылып.

Арыстаннан туған ұлдар абадан,

Тағдырға да дес бермеген бұлқынып, - деген жолдар

еріксіз оралады.

***


Бал дәурені бой алдырған салқынға,

Аңыз ғұмыр алыстады-ау артында...

Ұлылықтың отын жаққан шырақшы,

Сексен жастың сеңгірінде нар тұлға.

...Қамзекеңнің жерлесі Ғалым Қадіралин «Аңсаған менің ауылым» атты естелігінде: «Бұл жанұядағы Қамзабайдың орнын ерекше атауға болады. Ағасы Алматыға оқуға кеткенде шешесін, інілерін асырап, жастайынан еңбек етіп, оқу орындарын ылғи сырттай оқып бітірді. Сол біз араласқан кезде Қамзабай Қарағанды қаласында бір құрылыс басқармасын басқарды. Тұрмысы да, дәрежесі де еш адамнан кем болған жоқ. Қамзекеңнің туысқа, жерлестерге дегенде жүрегі елжіреп тұрады. Көкштау, Қызылжар жігіттерінің ақылшы ағасы, қарағайдай қамқоршысы болды. Ойын-тойымызды да Қамзекең басқаратын. Өзінің кітабында жазғандай, әкесінен ерте қалып, өмір тауқыметін ерте көргендіктен бе екен, еңбекқор, икемделгіш Қарағанды қаласында бір құрылыс басқармасын басқарды. Тұрмысы да, дәрежесі де еш адамнан кем болған жоқ. Қамзекеңнің туысқа, жерлестерге дегенде жүрегі елжіреп тұрады. Көкшетау, Кызылжар жігіттерінің ақылшы ағасы, қарағайдай қаморшысы болды. Ойын-тойымызды да Қамзекең басқаратын. Өзінің кітабында жазғандай, әкесінен ерте қалып, өмір тауқыметін ерте көргендіктен бе екен, еңбекқор, икемделгіш. Сезімтал, пысықтау қасиеттері басқа жерлестрге қарағанда әлдеқайда жоғары тұратын. Қамзабайдың тағы бір ерлігі – Ебекеңнің атын мәңгі сақтау жөніндегі еңбегінен көрінеді. Зиратының басына ескерткіш орнатты. Қолжазба түрінде қалған еңбектерін жинап, баспадан өткізіп жатыр. Университеттің, көшенің атын беру, қор ашу, тағы басқа жерлерге араласты», - деп жазады.

...Ғалым ағамыздың Камзеке жайындағы бұл сипаттамасына алып-косар ештеңе жоқ сияқты. Аз ғана сөзбен нар көтермес жүктің осылайша тез баяндалуына таңқалуымыз кәдік. Өйткені Қамзекеңнің өзіндік ұстанымы, өзіндік сара жолы, еңбегі, халқына еткен қызметі, әке ретіндегі, отағасы ретіндегі ғұмырының өзі ғибратқа толы десек артық айтқандығымыз емес. Қамзекең - өзіне ғана тиесілі өмір сыбағасымен ел есінде ерен тұлғалы азамат.

...Дей тұрсақ та, осынау нар тұлғалы азаматтың есімін елге әйгілеп, ғұмыр жолына сәуле шашқан туған ағасы, қазақтың марқасқа ғалымы, академик Евней Бөкетов десек ақиқаттан алыс кетпейміз.

...Сонау елуінші жылдары Алматы құрылыс техникумын ойдағыдай тәмамдаған Қамзекең бірден Қарағанды қалалық «Қазақ құрылыс электромонтаж» басқармасына жұмысқа келеді. Бұл басқармада жылға жуық қызмет етіп, жетекшілердін жас маманға жеңіл-желпі салғырт қарауына шамданған Қамзекең бұл жұмыстан өз еркімен кетті. Қалалық электр жүйесі басқармасына бастық болып, ол қызметтен 1967 жылы Қарағанды құрылыс жөндеу тресіне басқармалыққа тағайындалып, ол жерде 1984 жылға дейін қызмет етеді. 1984 жылы обылыстық атқару комитетіне қарасты күрдлі құрылыс басқармасына басшылыққа алынып, 1998 жылдың 18 сәуірінде берілген құрметті зейнеткерлік демалысына дейін қызмет істейді.

...Сонау Бағанаты, Алыпқаш даласында дүниеге келген қазақтың қаршадай перзентінің ғұмыр соқпағы осылай жалғасып, ақсақалдықтың ақ ордасына абыроймен аяқ басады. Бұл уақытта аяулы ағасы Евнейдің дүнеиден озғанына бес жылдай уақыт болған. Тіршілігінде талантымен тас жарып, талайды мойындатқан Евнейдің артында өлшеусіз мұра, сарқылмас қазына қалды. Бойына сан өнердің ұшқыны дарыған, сегіз қырлы бір сырлы дарынның, ерекше қырының бірі қаламгерлік қасиеті еді.

Аққу-қазы болмаса,

Айдынды шалқар көл жетім.

Батырлары болмаса,

Мынау байтақ бел жетім,

Ұмыт болған ер жетім.

Тыңдаушысы болмаса,

Қайран да асыл сөз жетім, - демекші, Қамзекеңдей іздеушісі болмаса, Евней мұрасы дәл осындай толыққанды күйінде халқымен қауышар ма еді. Әрине, халқы ұмытпас, дегенмен де Евнейдің шығармашылық дүниесі шып-шырғасы шықпай, түгелге дерлік жарық көріп, мұражайы мұрағатқа толып, ұлылықтың рухы от болып маздап, ұрпаққа өз қызуын осыншалықты сезіндіруі екіталай дүние еді-ау.

***

Нар Қамзеке, сондай асыл жан едің



Тектілермн тіл табысқан тереңім.

Қаламгерлік қасиетіңді көрсетіп,

Ұрпағыңа үлгі болды өнерің.

...Бұл күндері сексеннің сеңгіріне көтеріліп отырған ардақты ақсақал Қамзабай Арыстанұлы Бөкетов – шын мәнінде көрнекті публицист, зерттеуші ғалым дәрежесіне көтерілген жан. Қамзекеңнің қаламынан жетпіске жуық ғылыми-танымдық мақала-естеліктер дүниеге келді. 1988 жылдың 19 қарашасында «Орталық Қазақстан» газетінде Қамзекеңнің «Мен үшін жазу-рухани қажеттілік» атты мақаласы жарияланды. Туындының аты айтып тұрғандай, пайғамбар жасында қолына қалам алып, жазу үстеліне отырған Қамзекеңнің бүгінге дейінгі жиырма жылы таза шығармашылық жұмыспен өтті деуге болады, «Мәңгілікпен қауышқан аяулы аға», «Аяулым еді, асқар тауым еді», «Ағайынды қоңыр қаз», «Талантты мойындау», «Ақылшы аға», «Ғұламаның ғибраты», тағы басқа естеліктерінің тәрбиелік мәні мен танымдық әсері мол өміршең шығармалар екендігін уақыт дәлелдеп отыр.

Ал Қарағанды баспасынан жарық көрген «Ағам менің, досым менің» (1994), «Ақиқатқа ақ жол» (2003) кітаптарын көпшілік оқырман жылы екені ақиқат.

- Мен Арыстаннан жалғыз қалдым, - дейді кейде Қамзекең жүзіне мұң ұялап.

- Евней ағам - химик-металлург, ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик.

- Бауырым Жартас-гидрогеолог, ғылым кандидаты.

- Шабдан-инженер-геофизик.

- Есләмбек - кен инженері. Бір ағам, үш бауырым о дүниелік болды. Мен, міне, алдарыңда отырмын. Жасым сексенге келді.

Осылай деген Қамзекең менің көз алдымда шөгіп кеткендей көрінді. Көңілімді мұң торлағандай. Кенет тыныштықты Қамзекеннің саңқ еткен сақа қырандай дауысы бұзды.

- Иншалла! Ел аман, жұрт тыныш. Заман өзгерді. Іргеміз бүтін, бақытымыз баянды болып, ұрпақтар есігі келеді. Осыған ризамыз.

Шынында да, ақсақалдың ағынан жарылған осынау ізгі тілегіне, тәубе десек болмас па.

Ғұмыр осы, сары белдің көшіндей,

Нұрлы таңның, мөлдір таза кешіңцей.

Жүз жасаңыз, Қамзекедей кадірлім!



Евнейдің жаққан отын өшірмей.
Ебінейдің інісі (Қамзабай Бөкетовке)

Кімдер кімнен асырса да талантты,

Шын саңлақтар сан биіктен қаратты.

Өзіне ұқсас адал жандар болсын деп,

Алла жерде арыстарды жаратты.

Сол сенімін Ебіней аға ақтады.

Тағдыр оның әр қадамын жақтады.

«Мақтағаннан өлмейді адам, оқыс сын...

Жүрек қозғар» - деген ғибрат сақтады.

Жатқа айтатын «Қыз Жібекті» әнімен,

«Евгений Онегинді» өз сәнімен.

«Қыз Жібектің» сарынымен. қоса айтып,

Пушкинмен де бауыр басты әріден.

Ойы терең, бойы да адам ірісі

Көп жұмыстан аз еді ғой тынысы.

Селені мен өлеңіне жалғасты,

«Атан қомын» ардақтаған тың ісі.

Абайдай пәк, Есениндей адалға,

Қарқын қосты Қаныш қилы заманда.

Алла оларды өзіне ұқсас еткенде,

Жақын жүрсін деген екен ғаламда.

Інісі де Камзабайдай періште,

Кіршіксіз жан туган дерлік пейіште.

Ебіней аға бар еңбегін паш етіп,

Ел алдында жетті үлкен жеңіске.

Қайтты ағаның әке орнында баққаны,

Төрт інісін төрт тіректей баптады.

Ерте кетіп өзгелері...

Қамзабай,

Қалам ұстап, үміт, сенім ақтады.

Сырып тастап үстірт келген қайғыны,

Естеліктер жазды көрсең қай күні,

Беу, ағайын! Біле білсек Қамзабай,

Ебекеңнің тірі жүрген байлығы.

Тойлы күні көтере алсам бағасын,

Білмеген жан білікті ерге қарасын:

Қамзабайға мын-мың алғыс айтамын,

Медеуменен нық бекіткен арасын!

Ұлы іс тынды. Қайтем басқа теңеуді,

Нар жолында білді аруақ жебеуді:

Ебіней аға атын жайған әлемге,

Құттықтаймын ардақты інім Медеуді!

Беу, Қамзеке, мол ісіне құмарттым,

Телегей термен ғұмырынды ұзарттың.

Сексен жаста селкілдеген шал болмай,

Ебекеңнің сегіз томын шығарттың.

Сұлу таңдап отау құрсақ жасыңда,

Құдай қосты Есілде бар асылға

Сексен жасың құтты болсын! Жүзде де,

Бикен жеңгем бірге жүрсін қасыңда.

Аз мақтасам Қанзекем-ау, кеш мені,

Пайғамбарға теңемедім мен сені.

«Ебінейдін інісі» болу - Биікке

Жаратқанның көтергені еңсені!
Қамзабай Арыстанұлына

Қамзеке, қамын жедік ағайынның,

Қалайша бір өзіңе тағайын мін.

Аруағы риза өзіңе Ебінейдей,

Тау тұлға, мөлдір бұлақ ағайыңның.

Жазуға да, сызуға да ілездесіз,

Ең абзал жан, әрі туыс-жездесіз.

Асыл Ебе сынығындай көрінген,

Аға жолын қорғағансыз, төзгесіз,

Қанша сапар, қияндарды кезгесіз,

Өйткені Сіз көзіндей боп Ебеңнің

Ерекшесіз, ерен тұлға, өзгесіз.

Туар ма екен Ебекеңдей ханзада-ай,

Қалды артында қанша мұра, қаншажай.

Ағасынын өшпес ізін жаңғыртқан

Бар ма екен артық адам Қамзадай!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет