«Отбасы адам тұлғасының бесігі»



Дата28.05.2023
өлшемі20.42 Kb.
#474422
түріПрезентация
Тақырыбы «Отбасы- адам тұлғасының бесігі» Жанұя отбасылық клубы


Тақырыбы: «Отбасы адам тұлғасының бесігі»
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ой бөлісу
Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.
Көрнекілігі: презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар «Отбасы адам тұлғасының бесігі» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.
-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.
Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».
-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Психологиялық тренинг
І. « Шаңырақ » шеңбері.
Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Oтбасым — менің жүрегім


Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.


Ата-аналармен жұмыс: Отбасы туралы мақал-мәтелдер


Топтық жұмыс: Баланың ата-ана алдындағы міндеті

Бейнебаян: «Отбасы құндылығы»


1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Анаң-күнің жүрегің,


Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.


Кері байланыс: «Бәрі өз қолымда ». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып жапсыруларыңыз сұралады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.


Сараптама:
Күні: 25.10.2019 жыл
Қатысқаны:
Ата-ана саны:
Тақырыбы: «Отбасы- адам тұлғасының бесігі»
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ой бөлісу
Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.
Көрнекілігі: презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.
Психологиялық тренинг кезеңінде « Шаңырақ » шеңберіне тұрып жанұяларының жақсы бір қасиеті жайлы айтып шаңырақ бейнесін құрды.Келесі кезеңде «Ашық микрофон» деп аталды. Бұл кезеңде оқушылармен отбасы туралы бірнеше сұрақтармен жұмыс жүргізілді. Ата-аналармен отбасы туралы мақал-мәтелдер айту жұмысынан соң
«Баланың ата-ана алдындағы міндеті» тақырыбында топтық жұмыс қорғалды.
Нәтижесінде : Отбасында әрбір бала бақытты өмір сүруге тиіс екендігі және отбасының бақыты өз қолдарында екендігі айтылып кері байланыс жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет