Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік туымыз! Өткізген: Абдолла Наурызхан 3 сынып



бет1/9
Дата15.09.2022
өлшемі82.5 Kb.
#460814
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік – туымыз!
Өткізген: Абдолла Наурызхан 3 сынып
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: а) балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып, әнұран, суреттер, слайдтар т.б
Кіріспе бөлім
Барысы: әнұран (хор)
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздік – туымыз!» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан- теңіз, әлі де берері тіпті мол.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев). Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуанышты жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш рет қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсізідігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Ендігі кезекті оқушыларымыздың өлең шумақтарына береміз
1.Малика:
Қазақ елі ежелден
Ынтымағы жарасқан
Аты шығып әлемге
Ғасырлардан сыр ашқан
2.Әсел:
Отаным бар Астанасы орналасқан Арқада
Кеңдігімен жаһан жұртын қызықтырған картада
Елбасым бар туған елдің бақытына жаралған
Ерлігімен адамзатты мойындатқан мәрт аға
3. Гүлназ:
Төбемнен төңкерілген қара түнді
Түлетті тәуелсіздік қанатымды
Елбасы арқасында ел жаңарып
Арқаға Астанадай қала тұрды
4. Гүлзат:
Ежелден ел тұтқалар ел орнатқан
Ұласқан ұрпағына олар мақтан
Елбасы – қасиетті аталы сөз
Мазмұны, мағынасы терең жатқан
5. Ақмоншақ:
Дананың жүзеге асып ойлағаны
Дәуірдің қайнап жатыр тайқазаны
Елбасы Астананың туған күні
Әр қазақ жүрегінде тойланады
6. Бастай:
Көшбасшымыз Нұрсұлтан
Мақсат айқын, бір серік
Көк байрағым желбіреп
Біз аттандық сізге біз
7. Әділет
Елбасымыз ол біздің
Нұрлы жолға бастаған
Болашаққа жол ашып,
Білімді жасты қолдаған.
8. Алихан:
Мәңгі жайнап тұрсын таң
Күн мезгілсіз қызбайды
Жақсы атамыз Нұрсұлтан
Көп ойлайды біз жайлы
9. Айкөркем:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде
Қалам тербесек жүрек берді есеп басымнан өткен жылдарға
10. Жалғас:
Ауыр күнді артымызға тастады
Қиын сәтте қиындықтан қашпады
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы
11.Эльдар:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірінде де түсініп
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау кісілік
12.Шарапат:
Қаншама қасіретті жер көтерді
Қаһарман өз ұлына ел де сенді
Аждаһа полигонның аузын жауып
Ғаламдық тұншықтырды зор қатерді
13. Алмас:
Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың
Қаратты өз аузына жердің жүзін
Сұңғыла саясатпен сара тіліп
Ерітті тарихтағы тоңның мұзын
14. Ғалымжан:
Өсіреміз орманын
Біз соңыңнан ереміз
Елбасының арманын
Жерге гүл ғып егеміз
15. Аийда:
Өмірдің судай ағып өзегімен
Келеді президенттер кезегімен
Елбасы Назарбаев – егіз ұғым
Жасайды мәңгі бірге өз елімен
16. Алшынбек:
Нұр ағам өзі салған нұр қаланы
Сәулеті бағын ашты бұл даланың
Азаттық Елбасына Астананы
Белгілі бәйтеректе жырлағаны
17. Досан:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз
Үлкен – кіші, ағайындар бәріміз
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздердің піріміз де, әніміз де
18. Аслан:
Табынған ата – бабаң көкбөріге
Алысып ат үстінде өтпеді ме?
Шығарды Нұрсұлтаның тайсалмастан
Тәкаппар Еуропаның қақ төріне
Оқушылардың дайындаған шағын концертін тамашалаңыздар
Ән:
1. Анамның тілі – аяулы әнім
Орындайтындар: Ақмоншақ, Шарапат, Гүлназ, Айкөркем
2. Қошақаным қайда екен
Орындайтындар: Аийда, Малика
3. Анашым
Орындайтындар: Әсел, Шарапат, Гүлназ
4. Көк тудың желбірегені
Орындайтындар: жігіттер тобы
5. Солдат болам мен ертең
Орындайтындар: Алшынбек, Әділет
Би: қазақ биі
Орындайтындар: қыздар тобы
Мұғалім: Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, тәубе саған жарық күн дегім келеді. Халқымыздың тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі, көрмеген қасіреті қалмаған. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі – Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986 жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді. Бұл жер – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң. Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек» деген тілегімен жиналды. Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі – Ұлттық ақшасы. Сөйтіп, 1997 жылы 17 шілде де Қазақстанда «тіл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып саналады. Қазақ тілі өте бай, терең мағыналы, көркем тіл. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн, ерекше боп ел жадында қалған күн, жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің, желбіресін көк туы – нағыз көркі жерімнің.
Қорытындылау:
Хор: «Желтоқсан желі»
Тәуелсіздік тұғырым
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Сабақтың эпигрофы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет