Аширова жазира уәлиханқызы 6D012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD ) дәрежесін алу үшін



бет1/4
Дата12.04.2022
өлшемі31.27 Kb.
#456667
түріДиссертация
  1   2   3   4
Аннотация Жазиры 28.03(1)


АШИРОВА ЖАЗИРА УӘЛИХАНҚЫЗЫ


6D012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
Философия докторы (PhD ) дәрежесін алу үшін
ұсынған диссертациясына
АНДАТПА


Зерттеу тақырыбы: «Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері»
Зерттеу мақсаты: колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау, тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.
Зерттеу міндеттері:
1.Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін айқындау.
2.Колледж студенттерінің тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы құқықтық мәдениеттің тәрбиелік мәнін анықтау және ерекшеліктерін сипаттау.
3.Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің құрылымдық моделін жасау.
4.Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әдістерін ұсынып және олардың тиімділігін эксперимент барысында негіздеу.
Зерттеу әдістері.
- теориялық: зерттелетін мәселе бойынша философиялық, әлеуметтанулық, психологиялық, құқықтық және педагогикалық әдебиеттерді талдау, колледжде оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және жалпылау, талдау және синтездеу, салыстыру, сәйкестендіру және жалпылау, модельдеу;
- эмпирикалық: байқау, сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, өзін-өзі бағалау, студенттерді зерттеу және эксперимент, сараптамалық бағалау көмегімен зерттеу;
- тәжірибелік жұмыс нәтижелерін матеметикалық өңдеу.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Колледж студенттерінің құқықтық мәдениеті олардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру жиынтығын: құқықтық сана, заңды қолдану қабілеттері мен дағдылары, құқықтық құндылықтарды ұғынудың, осы қоғамда өзінің қорғалу дәрежесінің және өзінің мінез-құлқының құқықтық нормалар талаптарына сәйкестігін болжайды.

Студенттердің құқықтық мәдениетін жоғарылату оларға құқықтық білім жүйесін игеруге, кәсіби саладағы құқықтық қатынастарға сәтті қатысуға ғана емес, сонымен бірге кез-келген құқықтық жағдайды шешуде жауапты тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жеке және кәсіби ұстанымды дамытуға мүмкіндік береді.
2. Колледждің мәдени-тәрбие ортасындағы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың негізгі әдіснамалық ұстанымдарды (гуманистік бағыты, мәдениеттанушылық, кәсіби білім беру мен құқықтық тәрбиенің өзара байланысы, вариативтілік пен ашықтық, аймақтандыру, оқиғалар) қамтиды, олар колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің құрылымдық моделін тиімді жүзеге асуын қарастырады.
3.Колледж студенттерінің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу кәсіби салада сәтті қызмет ету үшін қажет болашақ мамандардың құқықтық санасы мен құқықтық ойлауын қалыптастырудың мақсатты, арнайы ұйымдастырылған процесі ретінде қарастырылады.
Бұл колледж қызметкерлерінен арнайы ұйымдастырылған мақсатты жұмысты қажет ететін өте күрделі және ұзақ процесс болғандықтан, колледж студенттеріне құқықтық тәрбие беруде тиісті кәсіби, педагогикалық және заңгерлік құзіреттері бар оқытушылар тартылуы керек.
4. Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу - бір-бірімен байланысқан құндылық-мотивациялық, когнитивті (ақпараттық), праксиологиялық және реттеуші (мінез-құлықтық) копоненттер жиынтығынан тұратын құрылымдық моделін іс-жүзіне асуын қарастырады. Модельдің негізгі блоктары, қалыптасу компоненттері мен өлшемдері өзара бір-бірімен тығыз байланыстағы негізгі құрылымын көрсетеді.
5. Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әдістемесін «Құқықтық мәдениеттің әліппесі» арнайы курсын, мақсатқа жетуге және студенттердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу құралына айналдыру арқылы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған «студент-мұғалім-студент» жүйесіндегі пәндік-субъективті қатынастар негізінде қоршаған ортамен өзара әрекеттесулер жиынтығын ұйымдастыру белсенді және интерактивті әдістерді практикаға ендірілуімен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет