Мұғалімнің аты-жөні:
|
Кулметов Сарвар Юсупжанович Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептің география пәнінің мұғалімі,
педагог-эксперт, география магистрі
Болатбаева Сауле Муратбековна Райымбек батыр атындағы 50 Қазғарыш мектеп лицейінің география пәннің жоғары санатты мұғалімі, шебер педагог
|
Пән/Сынып:
|
География 9-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
2-ші тоқсан 1-ші апта, 1-ші сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Бөлім: Атмосфера
|
Сабақтың тақырыбы:
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫН ТҮЗУШІ ФАКТОРЛАР
|
Оқу мақсаты:
|
9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды
|
Бағалау критерийі:
|
Климат қалыптастырушы факторларды анықтайды.
Қазақстанның климаттық ерекшеліктерімен танысады.
Салыстырмалы түрде климаттың қалыптасуына баға береді.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру (1 минут)
|
Сабақ мақсатымен таныстыру, негізгі үйренетін ақпараттар.
|
Презентация № 1,2 бет
|
Жаңа сабақ (10-12 минут)
|
Климаттың қалыптасуына әсер етуші факторлар:
Күн энергиясы
Атмосфера циркуляциясы
Географиялық орналасуы
|
Презентация
№ 3-10 беттер
|
Тәжірибе (5 минут)
|
Орташа жылдық Күн сәулесінің түсу бұрышы мен радиацияның түрлері айтылады. Радиацияның түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріледі.
Арктикалық ауа массалары: температурасы мен ылғалдылығы өте төмен, мөлдірлігі жоғары
Қоңыржай ауа массалары: жазда температура мен ылғалдылық айтарлықтай жоғары, жауын-шашын тән. Қыста температуралары мен ылғалдылығы төмен
Экваторлық ауа массалары: температурасы мен ылғалдылығы жоғары
Тропиктік ауа массалары: температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен, шаң мөлшері жоғары
|
|
Бекіту (4 минут)
|
1 – тапсырма
Қазақстан қандай ендіктер арасында орналасқан? Оңтүстік және солтүстік қиыр ендіктерінде күн сәулелерінің түсу бұрышы қандай?
Жауабы: солтүстік ендіктің 40° - 55° аралығында.
Күн сәулелерінің түсу бұрышын анықтау:
90° – φ (ендік) = түсу бұрышы
Солтүстікте - 50°
Оңтүстікте - 35°
Қорытынды: Қазақстан климатын түзуші
факторларын талдауды үйрендіңіздер.
|
Презентация № 11-13 бет
|