Түсінік хат
Оқытудың нәтижелерін бақылау және
тексеру оқыту процесінің
міндетті бөлігі. Бақылау жүйелі болса нәтиже де жақсы болмақ.
Жоғары сынып оқушыларында өзіндік білім алуларын бақылау дағдысын
дамытудың маңызы зор. Оқушы өз
білім алу деңгейін өзі бақылап,
қадағалауда ұстауы көп нәтижеге жеткізетіні сөзсіз.
Ұсынылып отырған Google формадағы тест тапсырмалары жоғарғы сынып
оқушыларының өзіндік білім алуын бақылауға
және ұлттық біріңғай
тестілеуге дайындаудың қашықтықтан оқыту жағдайында ең тиімді
тәсілдердердің бірі екендігін тәжірибе барысында көрсетті.
Аталмыш интернет-платформада
құрастырылған тапсырмалар
төмендегідей артықшылықтарға ие:
Тестілеуді нақты белгілі уақытта өткізу мүмкіндігі;
Жылдам бір сәтте ақ автоматтандырылған есеп,
толық мониторинг алу
мүмкіндігі;
Нәтижелерді тек қана мұғалімнің көру мүмкіндігі;
Нәтижелері мен қателерін оқушылардың жекелей көріп,
қатемен жұмыс
жасауға деген мүмкіндігі;
Есептердің автоматты түрде почтаңызда сақталу мүмкіндігі;
Мұғалімдер мен оқушылар үшін көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Ұсынылған материалдарды мұғалімдер өз қажеттіліктеріне орай бейімдеуіне
болады.