«asia trafo " "alageum electric"» зауытының Өндірістік тарихы және қҰрылымымен танысу, топ-серуенге қатысу


ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСЫП, ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ИНСТРУКТАЖДАН ӨТУ, ЦЕХТАРҒА БӨЛІНУ



бет3/13
Дата06.12.2023
өлшемі2.54 Mb.
#485666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
сапар пр 21 (1)

2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСЫП, ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ИНСТРУКТАЖДАН ӨТУ, ЦЕХТАРҒА БӨЛІНУ
Кәсіпорынды санитарлық-гигиеналық абаттандыру - сау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған шаралардың маңызды бөліктерінің бірі болып саналады. Өндіріс ғимараты мен жабдықтарды пайдалануға қатысты санитарлық-гигиеналық талаптар санитарлық нормалармен реттеледі. Онда, ғимарат ішіндегі температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, жарықтану, жұмыс орындарының шаңдану дәрежесі, шу деңгейі мен дірілдер әсері қарастырылған.

Өндіріс ғимараты ішінің микроклиматы онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің организміне және де жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Конвертер бөлімшесі үшін санитарлық норма бойынша температура 180 С кем болмауы керек, ылғалдылық 40-60% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы: суық кезеңде 0,2 м/с, жылы кезеңде 0,3 м/с аспайтын болуы қажет. Микроклимат нормасын сақтау үшін цех ғимаратында желдету және жылыту жүйелері орнатылған. Артық жылу шығару шамасы 20 ккал/ м3 сағ. аспайтын ғимараттар жылытуды қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан және адамдардан шығарылатын жылу мөлшері 20 ккал/сағ. аспайтын цехтар мен бөлімшелер үшін жұмыс орнындағы температура санитарлық норма бойынша +13-тен +220С дейін рұқсат етіледі. Ал жылдың жылы кезеңінде +17-ден +280 С дейін. Жұмыс орнынан тыс жерлердегі шекті температура нормадан 1,20С төмен болуы мүмкін [5].


Жұмысқа дейін:

  • Жұмыс киімін киіп, түймелерін салу. Киімнің жалбырап тұрмауын қадағалау;

  • Станоктың, құралдың, қондырғының жарамдылығын және де қораманы, сақтандырғыты, жермен тұйықтау құрылғысые тексеру;

  • Бос жүріс кезінде станоктың басқару механизмдерінің жарамдылығын, элетржабдықтарын, майланатын және салқындатылатын жүйелерді тексеру және қосқытар мен ауыстырып-қосқыштардың иінтіректерін орнықтыру;

  • Егер станоктың құралдары, қондырғы мен электржабдықтары жарамсыз болса, цех шеберіне хабарлау, жарамсыздықты жоймай жұмысқа кіріспеу,өздігінше станоктың түзілімін және тетіктерін жөндеу, не өзгеелеу рұқсат етілмейді;

  • Өңделген дайындамалар мен тетіктерді салатын жәшікті ыңғайлы етіп орналастыру, аяқ астындағы ағаш тордың майланып қалмауын қадағалау.

Жұмыс кезінде:

  • Ауыр тетіктерді және салмағы 20 кг-нан асатын қондырғыларды орнату мен алу тек көтергіш кран құрылғысының көмегімен орындалады, ауыр тетіктерді де орнату көтергі кран көмегімен жүзеге асады;

  • Цехта жұмыс істегенде қолғап кию керек, егер саусақтарыңыз жараланған болса, резеңкеден жасалған саусақшаларды киген жөн;

  • Станоктан қысқыш пен айналмалы үстелді бұрап алудың және оған орнатудың алдында оны майдан тазарту үшін сүртеді;

  • Станокқа қысқы мен айналмалы үстелді орнатқанда астына қысқы пішіндес етіп астар салынады; ауыр қысқы мен айналмалы үстелді көтергіш құрылғының және ұстағыш қондырғы көмегімен орнатады;

  • Қысқы мен айналмалы үстелді айналдырыққа орнатқанда және бұрап түсіргенде кілттің көмегімен қысқыны қолымен өзіне қарай тартып орналастырады;

  • Кілт ашасы мен кілт жағының,не чайканың арасында астар қолданбайды; дайындаманы бекіткенде , не босатқанда кілтті қысқыда қалдыруға болмайды;

  • Құрал – сайман мен өңделетін тетікті сенімді және қатты бекітіп орнатады;

  • Дайындаманы бекіткен кезде жұдырықшалар қысқы немесе айналмалы үстелден шығып тұрмауы керек ; егер жұдырықшалар шығып тұрса, қысқына ауыстырады, не арнайы қоршауорнатады;

  • Қауіпсіз жетектеме қысқыладры жіне қорғағыш қанлқаналарды қолдану;

  • Бұрандакескішпен бұранданы кескенде айнал-тұтқаны қолмен емес, құралкүймешіктің көмегімен ұстау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет