Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа райының әсер етуі
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні Жол белгілері. Интерактивті тақта.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме ,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр. Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді.
МАИ қызметкері: Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Ал жиекжолда қалай жүру керек?
Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.
МАИ қызметкері:Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме? Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.
Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
Достарыңызбен бөлісу: |