Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет61/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200
Asyl-analar

 
 
сенімді сақтау болатын. Олардың көрсеткен зұлымдықтары 
өлімнен де бетер еді. 
Сәудәні Эфиопияда тілі басқа, діні өзге, топырағы жат бөтен 
жерде туған-туыстарды сағыну, туған жерді аңсау секілді жаңа 
қиыншылықтар күтіп тұрған-ды. Уақыт оның көздерінде тоқтап 
қалғандай еді. Содан ол сабырмен арқалап жүрген Аллаһ пен 
Оның елшісіне (с.а.с.) деген нық сенімін жоғалтпай, мұсылман 
бауырларымен бірге барша тауқыметті бірдей көру үшін Меккеге 
қайтады. 
Елге оралған соң көп ұзамай оған кішкентай, әлсіз, қорғансыз 
бес бүлдіршінді қалдырып, күйеуі Сакран дүниеден өтеді. Сәудә 
өте төзімді жан еді. Әкесі Зумға оған барша қиыншылықты 
мойымай арқалауына жәрдем беріп, балаларға қамқоршысы, 
асыраушысы болған әкелерінің жоқтығын білдіртпеуге иық 
тіресе атсалысады. 
Сәудәнің бұл күндері ауыр әрі баяу жылжиды. Балаларына 
қамқорлық ете жүріп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) шақырған жаңа 
сенімнің күндердің күнінде жеңіп шығатындығына үміт арта, 
балғын сәбилерін ислами тәрбиемен өсіреді. Сәудә егде жасқа 
қалай жетіп қалғанын өзі де аңғармайды. Енді оған тұрмысқа 
шығу кеш еді. Тіршілік тауқыметі мен бейнеті оған бұл жайлы 
ойлануға да мұрша бермеген болатын. 
Бірде ол қайғылы жүрегіне қуаныш әкелген, уайымға батқан 
көңілін жайландырған бір жақсы түс көреді. Сәудә бұл нәрсеге 
түсінік беретін еш нәрсені ойына келтіре алмады, оның жауабын 
іздеуге талпынбады да. 
Сәудәнің түсіне өзіне қарап сәулесін шашып тұрған Ай кіреді. 
Бұл түс оның қуанышына сүйінші іспеттес еді, өйткені ол әйел 
қуаныштың не екенін әлдеқашан ұмытқан-ды. Сондықтан да бұл 
ұлы 
қуанышты 
аян 
еткен 
түс 
екеніне 
қарамастан, 
мұсылмандардың анасы болу оның ойына кіріп те шықпайды. 
Басынан өткерген осыншалық қиыншылықтан кейін бұл жайт 
Сәудә үшін үлкен марапат, сыйлық болатын. 


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет