Қазіргі қоғамның даму үрдістері негізінде компьютерлік графика арқылы болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін кәсіби даярлаудың ерекшеліктері



Дата03.07.2016
өлшемі99.11 Kb.
#175323
Бозтай З.Б., аға оқытушы

Қазіргі қоғамның даму үрдістері негізінде компьютерлік графика арқылы болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін кәсіби даярлаудың ерекшеліктері

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы)


Қазіргі уақыттағы тәрбие мен білім беруге талап халықаралық деңгейде талқыланатын даму үрдістерінің есебімен, яғни индустриялық қоғамнан ғылыми-коммуникациялық қоғамға ауысуы, үздіксіз дамудың тұрақтылық принципіне ауысуы, локальдік мәні бар құбылыстардың глобализацияға ауысуы есебімен бірге жинақталуы қажет.

Қазіргі уақытта мәлімет әлемнің барлық қолданушылары үшін қолжетімді болып табылады. Әлемнің барлық дерлік түкпірінде орналасқан виртуалды кітапханаларда, кез-келген қолданушының үйінде немесе жұмыс орнында табылатын мәліметтер сақталады. Дегенмен, тарихи үрдістер нәтижесінде пайда болған мәліметтер (ұлттық құндылықтар, жәдігерлер) түрлі сақтау көздерінде жинақталып отырады.

Жаңа үрдістермен қатар, кәсіби әлемнің ішкі құрылымы да өзгеріп келді. Иерархия өзгереді, оның орнын құзіреттілігі маңызды жүйелер алады. Келе жатқан мәліметті ғасырмен бірге плюрализация, индивидуализация терең дамып және жеке бостандыққа қойылатын талап кеңейіп отыратыны сөзсіз. Бұл тек оқу және оқыту нәтижесінде ғана келеді.

Жоғарыда айтылған даму үрдістерінен активті түрде әрекет етуге қабілетті жоғары маманданған білімі бар мамандарды даярлауға қатысты дидактикалық түрлі шешімдер шығаруға болады. Ең негізгі қажеттісі кең ой-өріс, құрылымдық принциптерді білу, сенімділік, шешім шығаруға қабілеттілік, мәселенің маңыздылығын бағалай білу.

Қазіргі уақыттағы зерттеулер көрсеткендей, ХХI ғасыр қарсаңында бейнелеу өнеріне сұраныс талабы қоғамның даму үрдісі тарапынан ауқымды өзгеріске ұшырады. Себебі, баланың кездейсоқ қаныққан ақпараттық өріс жағдайларында қоршаған әлемнің қыр-сырын бейнелеу өнері негізінде таныту білім беру жүйесінің тұтастай «фонының» өзеруімен сипатталып отыр. Баланың қабылдауының өзгеруімен қатар, олардың электрондық әлемде өмір сүруі келешек бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдерін даярлау жүйесіндегі білімнің мазмұнына айтарлықтай жаңашылдықтың келуі деп түсіндіруге де болады. Келешек пән мұғалімі әдістемелік жұмысының өзі жаңаша технологияның талабына сай жабдықталуы тиіс. Аса талғампаздықты қажет ететін бейнелеу өнері медиабілім берумен интеграциялануы тиіс [1].

Сондықтан да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 050107 «бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарында оқытылатын «Компьютерлік графиканы меңгеру нәтижесінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту» арнаулы курсының маңызы жоғары. Себебі, компьютерлік графика болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби маңызды сапаларын дамыту әдісі болып табылады. Кәсіби сапалар кәсіптік мазмұнға ие әрекет. Бейнелеу әрекетіне тән осы ауқымдағы педагогикалық қызметтің тиімділігін көтеруге септігін тигізетін қолданбалы графикалық бағдарлама шараларын таңдаған дұрыс. Компьютерлік графика шараларының жеке тұлғаға тигізетін әсерін бір жағынан, компьютерлік бағдарламаларды идеяларды жүзеге асыру үшін тікелей қолдану ретінде, екінші жағынан, компьютерлік бағдарламалардың жұмысының нәтижелерін қолдану: анимациялық фильмдерді көру, баспалық немесе жарнамалық өнімдерді, т.б. және көру (оқу) ретінде байқауға болады. Компьютерлік графиканы қолданудың бұл жолдарының барлығы да бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіптік-педагогикалық қызметінде қолдану үшін маңызды.

Компьютерлік шаралардың әсерінің нәтижесінде түзілетін жаңа түзілімдер дәстүрлі қарым-қатынас шарты ретінде беріледі. Компьютерлік графикамен жұмыс жасау кезінде субъектінің қарқындылығы жоғарылайды. Білім алу процесі дараланады. Педагог пен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың авторитарлық стилінің стереотиптері жоғалады. Білім алушының жеке тұлғасының қалыптасуы ойлау қабілетінің, инициативтілігі-нің, мобильділігінің дербестенуімен ынталандырылады. Баяндаудың құрастырылуының, логикалығының және жүйелілігінің нақтылығына талаптар елеулі жоғарылайды. Рефлексияның мәні ұлғаяды. Бұлардың барлығы да педагогикалық қызмет үшін кәсіби маңызды сипаттамалар болып табылады.

Компьютердің мүмкіндіктерін болашақ кәсіптік қызметте қолдану белгілі бір деңгейде мұғалімнің жұмысын жандандыра түседі. Оның артықшылықтары: материалды берудің қолайлылығы мен көрнектілігі, оны қолданудың жеңілдігі, қажетті ақпаратты жылдам табу мүмкіндігі, зерттелуші процесс немесе құбылыстың динамикасын көрсету мүмкіндігі. Оқыту процесінде компьютерлік графиканы қолдану оқу қызметіне өзгеріс ендіреді. Оған нақтылық, эффективтілік, болжамдылық береді. Әрбір білім алушыға оның дайындағын, қабылдау ерекшелігін, қажеттілігін ескере отырып, материалды қабылдаудың өзіне ең қолайлы жолы мен қарқынын таңдап алуына мүмкіндік беретін білім алу траекториясының әртүрлілігі жақсы және нашар оқитын студенттердің білімінің деңгейінің арасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартады. Кәсіби қабілеттілікті арттырады. Қабілеттіліктердің дамуы деп назар, зейін, шығармашылық елестету және жеке тұлғаның басқа да психикалық процестері мен қасиеттерін жетілдіруді түсінеміз. Қабілеттіліктердің дамуы үшін олардың дамуына бағытталған әрекет жеке тұлға үшін маңызды болуы қажет, атап айтқанда педагогикалық қызметтің компьютерлік графиканың шаралары бойынша жүзеге асуы мотивациямен байланыстырылуы қажет. Дамушы қызмет адамның барлық қабілеттіліктерінің қуаттануы мен іске асуын қамтамасыз етуі, яғни адам үшін маңызды болуы қажет [2].

Қазіргі уақытта психология ғылымында қабілеттілік деп психологиялық функционалдық жүйенің қызметтің мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету қабілетін түсінеді. Қабілеттіліктің оны басқа психологиялық құрылымдардан ерекшелендіретін негізгі өлшемдеріне қызметтің оңтайлы орындалуы және ол қабілеттің жылдам әрі оңай қабылдануы жатқызылады.

Оқытушының қабілеттілігін зерттеумен Н.Д.Левитов, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Крутецкий, С.Л.Кондратьева, Н.В.Кузьмина және т.б. психологтар айналысқан.

Оқытушының қабілеттілігі – оқу-тәрбиелік мәселелерді оңтайлы шешуге және өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік беретін оның жекетұлғалық психологиялық ерекшеліктері. Оқытушы қызметінің шығармашылық сипаты одан мақсат құруда дербестікті, оқушылармен қарым-қатынас жасау әдістерін анықтауды, олармен өзара сенім орната білуді талап етеді. Ф.Н.Гоноболин көрсеткендей оқытушыда ойлау жүйесінің икемділігі, білімін жеңіл қолдана білуі, дамыған талдау қабілетінің болуы, жаңалықты сезе білуі, жігерлілік, мақсатқа талпынушылық, тапқырлық, пәнге және оқушыларға деген қызығушылық, шабыт және т.б. қасиеттер болуы қажет. Оқытушы сабақ мақсатына неғұрлым тән болатын, эмоционалдық мазмұнға бай тіл бірліктерін таба алуы керек. Оқытушының өзін-өзі ұстай білуі, табандылығы, тапқырлығы, өзін-өзі дамытуға құштарлығы оның табысының шарты болып табылады. Гуманистік психология тұрғысынан оқытушының оқушылар тұлғасының дамуына деген көзқарасы, олармен диалогтық қарым-қатынасы және өзін-өзі белсендендіру қажеттілігі оның шығармашылық деңгейінің өсуінің негізгі шарты болып табылады [3].

Зерттеудің қазіргі кезеңінде қабілеттілік жөніндегі мәселе қызметтік әдіс контекстінде қарастырылады. Қабілеттілік қызметті қабылдау кезінде анықталады және адамның қандай да бір қызметке бейімділігінің тұрақтылығына қарай жеке тұлғаның жалпы бағыттануымен тығыз байланысты. Қандай да бір қызметті орындау кезінде бірдей нәтижеге жету негізінде әртүрлі қабілеттіліктер жатуы мүмкін. Сонымен қатар белгілі бір қабілеттілік әртүрлі қызметтің сәтті орындалуының себебі болуы да мүмкін.

Кәсіби қабілеттіліктер дегеніміз мамандануға машықтану барысында қалыптасқан және мамандануға бейімделу кезінде, сондай-ақ, қызмет ету барысында дамитын қабілеттіліктер. Кәсіби қабілеттіліктер жалпы және арнайы қабілеттіліктер негізінде қалыптасады және өз құрылымына олардың түрі өзгерген күйіндегі элементтерін қамтиды.

Е.А.Климовтың еңбек пәнінің мамандарын классификациялауы бойынша «бейнелеу өнері мен сызу мұғалімі мамандығы» «адам-адам» (А-А) типті кәсіпке жатқызылады. Мұнда еңбек бұйымы ретінде адамның өзі қарастырылады. Е.А.Климовтың айтуы бойынша кәсіптің бұл түрі адамның келесі қасиеттерімен анықталады: адаммен қызмет жасау барысында өзін үнемі жақсы сезіну, қарым-қатынас жасауға құштарлық, өзін басқа адамның орнына ойша қоя білу қабілеті, басқа адамдардың талап-мүдделерін, ойларын және көңіл-күйін тез түсіну қабілеті, көптеген және әртүрлі адамдардың жекетұлғалық қасиеттері жөнінде білгендерін жадында ұстау қабілеті және т.б. Бұл кәсіп иелеріне тән қасиеттер: 1) басқару, үйрету, тәрбиелеу, «адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету барысында пайдалы қызметтер жүргізу» қабілеті; 2) тыңдай білу қабілеті; 3) дүниеге кең көзқарас; 4) сөйлеу мәдениеті (коммуникативтік мәдениет); 5) «ойлаудың рухани бағыты, сезім білдіруді, адамның мінезін, оның тілектерін қадағалай білу, адамға өз пікірін немесе өз тәжірибесін дәлелдемей, оның ішкі дүниесін ойша елестете білу, модельдей алу»; 6) «адаммен ол қашан да болмасын қазіргіден жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген проектілік әдіспен қарым-қатынас жасау»; 7) адамның көңіл-күйін түсіну қабілеті; 8) байқампаздық; 9) «халыққа қызмет етудің дұрыстығы идеясына жалпы терең сенімнің болуы»; 10) стандарттан тыс жағдайларда мәселелерді шеше алу қабілеті; 11) өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі [4].

Ресей ғалымы Е.И. Корзинова педагогикалық оқу орындарының студенттерінің кәсіби суретшілік-графикалық қабілеттіліктерінің құрылымы үш топтан тұрады деп көрсетті: мұғалімнің дидактикалық қабілеттіліктері, тәрбиелік қабілеттіліктері және жеке басының қасиеттері [5].

Болашақ бейнелеу өнері мен сызу мамандығының мұғалімдерінің кәсіби қабілеттіліктерін (дидактикалық, тәрбиелік, жеке бас қасиеті) арттыру үшін компьютерлік графиканың білімді қабылдау процесінде кәсіби сапаларды қалыптастырудың негізінде жатқан жеке компоненттеріне тигізетін әсері басым болады. Қажетті нәтиже алу үшін қажет болған жағдайда барлық бөгде заттарға назар аудармай, сол кездегі маңыздылығы бірінші кезекте тұрған қызметке көңіл бөлуге мүмкіндік беретін өзінің назарын басқара білу қабілеті, қызмет процесі кезінде назарын ауыстыра білу және оны біркелкі бөле білу қабілеті педагогтың кәсіби маңызды сапасы болып табылады. Нақ осы мәселе кез-келген қызметті түсінікті, мақсатқа бағытталған, эффективті етеді. Ақпаратты түсінуге, есте сақтауға, қабылдауға және қызмет жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика үйрету процесі студенттерде жеке тұлғаның тұрақты қасиеті - тек оқытушылық қана емес, басқа да кез-келген қызметтерде максималды эффективтілікке жетуге мүмкіндік беретін зейінділік қалыптастыруға негізделген.

Компьютерлік графиканы зерттеу кезінде қолайлы психологиялық жағдай әрбір студенттің жекетұлғалық қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық ақпаратты өңдеу арқылы жүзеге асырылады, бұл жаңа материалды қабылдау кезінде еркіндікті тудырады.

Қоғамның бүгінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның барлық кәсіби іс-әрекеттері саласында жаңа ғылыми технологияны пайдалануды талап етуде. Технологияны пайдалану болса мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты туындап отыр. Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан саласының бірі — компьютерлік графикаға да тікелей қатысы бар.

Компьютерлік графика өзінің арнайы аспаптарымен болашақ маман иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, сондай-ақ жалпы және арнайы білім беру саласын да ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруда көмектеседі. Оның маңыздылығы, әсіресе, көркемдік іс-әрекет саласы мамаңдарын (суретші-дизайнер, суретші-график, суретші-монументалист және т.б.) даярлау процесінде арта түседі, өйткені ол көркемдік-шығармашылық іс-әрекет процесіне қажетті тұлға қасиеттерін дамытудың жетекші құралы болып табылады [6].

Компьютерлік графика көркем шығармашылықта көрініс тапқан бейнелеу, сәндік-қолданбалы және дизайнерлік өнер түрлерін жасау процесіңде де негізгі құралдың бірі болып саналады. Компьютерлердің технологиялық мүмкіндіктері олардың құнды графикалық мүмкіндіктерімен, бейнелі реңктерімен, кеңістік формаларын екі немесе үш өлшемдегі көрнекілікпен бейнелеудегі қабілетімен белгіленеді. Жасалған өнімдердің кәсіби тұрғыда да, жалпы білім беру тұрғысында да маңызы зор, өйткені ол студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерімен өзара тығыз байланыста жүзеге асады.

Уақытты қадағалай отырып өткізілетін әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (білім беруші және жаттықтырушы) ойлаудың жылдамдығының қалыптасуына табиғи түрде тікелей әсер етеді деп саналады. Егер нақ осы дивергенттік ойлаудың жылдамдығы жөнінде айтатын болсақ, даму тек бұл бағдарламалар үздіксіз алгоритмдерге негізделген жағдайда ғана және қайталап қолданған кездерде білім алушыға барлық жаңа жағдайларды ұсынғанда, сондай-ақ әр түрлі деңгейлердегі тапсырмалардың көлемді банкін қолданғанда ғана мүмкін болады. Бұл жерде мүмкіншіліктердің өте үлкен базасы бар және қандай да бір оқу (бейнелеу) міндетін орындау кезінде шешудің стандартты алгоримдерін ұсынбайтын, ал орындалған әрекеттердің ретін есте сақтау әрбір нақты жағдайда (мысалы графикалық бейнені өңдеуде) бір-біріне ұқсас нәтижелер шықпауына кепілдік беретін графикалық бағдарламалардың (мысалы, Photoshop, Illustrator және т. б.) мүмкіндіктері жақсы сәйкес келеді. Уақытты бақылай отырып, негізгі принципі шектеулі уақыттың ішінде көптеген жаңа идеяларды ойлап шығару болып табылатын ми штурмымен байланыстыра отырып тапсырмаларды орындау ойлау жылдамдығын дамытуға тікелей әсер етеді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Васенин В.А. Компьютерные телекоммуникации для науки высшей школы.// Развитие образования и науки на пороге ХХІ века, - М.,2006

  2. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. –М., 1999. – 320 с.

  3. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. –СПб., 2000. – 440 с.

  4. Климов Е.А. Введение в психологию труда. –М., 1988. – 199 с.

  5. Корзинова Е.И. Графика в средней школе. – Мнемозина, 2009. – 263 с.

  6. Голованова М.М. Развитие профессиональных качеств будущего учителя изобразительного искусства в процессе обучения компьютерной графике. Автореф. дис. канд. пед. наук. Казань, 2001. – 19 с.



Особенности профессиональной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и черчения посредством компьютерной графики на основе тенденции развития современного общества.

Бозтай З.Б., старший преподаватель.

Резюме

В статье рассматриваются особенности профессиональной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и черчения на основе тенденции развития современного общества. Затрагиваются проблемы о необходимости компьютерной графики и изменений в современных требованиях, а также об использовании ее на практике. Также рассматриваются проблемы профессиональных способностей в применении компьютерной графики.


Peculiarities of professional training of the future fine art and plotting teachers by means of the computer diagrams on the basis of the tendency of the modern society development.
Boztay Z.B., lecturer.

Summary

This article considers the peculiarities of professional training of the future fine art and plotting teachers on the basis of the tendency of the modern society development. There are the problems about necessity of the computer diagrams and changes in the modern requirements described; besides their use in practice is discussed. Problems of professional abilities in the computer diagrams use are also revealed

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет