Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы



бет1/2
Дата21.06.2016
өлшемі453.62 Kb.
#151403
  1   2
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 тамыз № 368-372 (26766); "Казахстанская правда" от 13.08.2011 г., № 258-259 (26679-26680); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 36, 430-құжат


       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджетi кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын; ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрлерi 133 және 135-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 136-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      мынадай мазмұндағы 136-1 жолмен толықтырылсын:
      «136-1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып, (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      2-бағанда:
      реттiк нөмiрi 139-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»;
      реттiк нөмiрi 142-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жолдың 6-бағанындағы «Облыстық және» деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң         
2011 жылғы 29 сәуiрдегi 
N 464 қаулысымен     
бекiтiлген       

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректерi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аумақтық инспекциясының (бұдан әрi - Аумақтық инспекция) республикалық, маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрi - Инспектор) ұсынады.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария тураяы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 1-бабы 9) тармақшасының, 16-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағына;
      2) «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттарды беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында iлiнген стендтерде орналасқан.
      5. Ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектiнiң ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, сәйкестiгi туралы ветеринариялық-санитарлық қорытынды (қағаздағы тасымалдағышта) бередi;
      анықталған жөнсiздiктi жоюға ұсыныстармен бiрге объектiнiң сәйкессiздiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру (қағаздағы тасымалдағышта) болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi ұсыну мерзiмi - 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi ең жоғары рұқсат етiлетiн күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкiсiн беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi дәрежелi банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша анықталған бланктiң құнын төлейдi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетуге, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Комитеттiң ғимаратына физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар және оларға қойылатын талаптар тiзбесi:


      1) мыналар көрсетiлген еркiн нысандағы өтiнiш:
      жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiсiнiң мекенжайы;
      заңды тұлғалар үшiн - атаулары, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiсiнiң мекенжайы, оның профилi;
      2) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк көшiрмесi;
      4) қажеттi зертханалық зерттеулер жүргiзiлгенi туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актiсi;
      5) тексерiлетiн өндiрiс объектiсiн пайдалануға беру кезiнде - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы қызмет органдарының қорытындылары, үй-жайды жалға алу шарты немесе үй-жай иесiнiң меншiк құқығын растайтын құжат;
      6) ветеринариялық-санитариялық қорытындыны бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжат.
      12. Өтiнiш осы Стандарттың 11-тармағының ережелерiн ескере отырып еркiн нысанда толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша, Аумақтық инспекцияның лауазымды адамдарына өтiнiш жасайды.
      14. Тұтынушының қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тiркеу нөмiрi мен күнi және мемлекеттiк қызметтi алатын күн көрсетiлген талон болып табылады.
      15. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тұтынушының жеке өзi не оның өкiлi келген кезде жүзеге асырылады.
      16. Объектiнiң сәйкессiздiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге мыналар:
      1) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiсiнiң ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкессiздiгiнiң анықталуы;
      2) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiнiң, ұсынылған құжаттарда мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiсiнiң ветеринариялық-санитариялық қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкестiгi туралы толық ақпараттың болмауы;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық бақылау объектiсiнiң шыққан (орналасқан) орнында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруi (нашарлауы) негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Аумақтық инспекцияның лауазымда адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:


      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбүйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Инспектордың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесi қызметкерi жүзеге асырады.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым аумақтық инспекция бастығының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-дгн 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      23. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен - болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Аумақтық инспекция кеңсесiнде қабылданады.
      24. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесiнде және аумақтық инспекцияда iлiнген стендтерден ала алады.

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық      


бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық
қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша                        

Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы

Көкшетау қ. Абай к., 89

8(7162)401494

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81

8(71638)21100, 22312, 20188

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы к-тi, Комсомол к., 3

8(71644)22483, ф. 21634

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы

Астраханка а., Әл-Фараби к., 49

8(71641)22808, 22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қ, Жеңiс к., 67

ф. 8(71643)42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қ., Углинский к., 42

8(71646)21530, ф.21009

Егiндiкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егiндiкөл а., Жеңiс к., 7

8(71642)21965, ф.21334

Еңбекшiлер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қ., Рысқұлов к., 2

8(71639)21154, ф. 21512

Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы

Ерейментау к., Степная к., 1

8(71633)23770, ф.23798

Есiл аудандық аумақтық инспекциясы

Есiл қ., Мырзашев к., 96а

8(71647)29387, 21437, ф. 21387

Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы

Жақсы а., Тұқтыбаев к., 1

8(71635)21168, ф. 21672

Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы

Державинск к., Ленин к., 24

8(71648)91437, 91336

Зерендi аудандық аумақтық инспекциясы

Зерендi а., Ленин к., 23 а

8(71632)21250, ф.22558

Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы

Қорғалжын а., Абай к., 72

8(71637)21869, ф. 21236

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы

Балхашино а., Ленин к., 126 а

8(71640)91674, ф.92200

Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы

Ақмола а., Гагарин к., 14

8(71651)31153, 31152

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы

Шортанды к., Зеленый айналымы, 5

8(71631)22520, 21744

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы

Щучье қ. Железнодорожная к., 105

8(71636) 36236

Степногор қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй

8(71645)64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қ., Смағұлов к., 11

8(7132) 244089, ф. 241819

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы

Комсомольское а., Құлымбет к., 6

8(71339)21712; 21182; 21577

Алға аудандық аумақтық инспекциясы

Алға қ., Тамды к., 1

8 (71337) 31475; ф. 31475

Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы

Байғанин к., Метеостанция к., 33

8(71345)22998; 22076

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы

Ырғыз к., Барысбай к., 7

8 (71343)21643; 21848

Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы

Батамша к., Әйтеке би к., 40

8(71342)23106; 23156

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы

Қобда к., Алиата к., 21

8(71341) 21122

Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы

Мәртөк к., Панфилов к., 50

8(71331)22778; 21747

Мұғалжар аудандық, аумақтық инспекциясы

Қандыағаш қ., Қалиев к., 14

8(71333)35550

Темiр аудандық аймақтық инспекциясы

Шұбарқұдық к., Желтоқсан к., 5

8 (71346) 22152; 23217

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ойыл к., Бақаев к., 6

8(71332)21821

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы

Хромтау қ., Спортивная к., 2

8(71336)21741

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы

Шалқар қ., Үргенiшбаев к., 26

8(71335)21748

Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы

Ақтөбе қ, Иманов к., 33

8(7132) 962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облысының аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ., Лесная к. 1

8 (7282) 261297

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы

Жансүгiров к., Сәтпаев к. 2

8(72832)21315

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы

Үшарал қ., Шуақов к., 30

8 (72833) 21455

Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы

Бақанас қ., Бижанов к., 4

8(72773) 91466

Еңбекшi қазақ аудандық аумақтық инспекциясы

Есiк қ., Пугачев к., н-з

8(72775)41879

Ескелдi аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабұдақ к., Оразбек к., 52

8(72836)30130

Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы

Ұзынағаш а., Сәтпаеа к., 117

8(72770) 22731

Iле аудандық аумақтық инспекциясы

Өтеген батыр к., Титов к., 33 а

8(72752) 22286

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы

Қаскелен қ., Тәуелсiздiкке 10 жыл к., 23

8(72771)23572

Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы

Үштөбе қ., Оспанов к., 8

8(72834)21849

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыөзек к., Рысқұлов к, 20

8(72840) 31280

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы

Балпық би к., Сейфуллин к., 5

8(72838)20565

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы

Жаркент қ., Иванов к., 94

8(72831)51034

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы

Кеген а., Лебаев к., 43

8(72777)21911

Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы

Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6

8(72839)21089

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы

Талғар қ., Абылай хан к.,98

20783

Ұйғыр аудандық аймақтық инспекциясы

Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119

8(72778)21800

Талдықорған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ., Қаблiс жырау к., 207

8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау аудандық аумақтық инспекциясы

Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а

8(7122)282941; 292071

Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы

Құлсары қ., 8-учаске

8(71237) 55730

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы

Мақат к., Орталық алаң, 2

8(71239)31110

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы

Махамбет а., Ветстанция, 1

8(71236) 30210

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы

Миялы а., Құттыбаев к, 16

8(71238)21324

Индер аудандық аумақтық инспекциясы

Индер к., Қаражанов к.,9

8(71234)22244

Исатай аудандық аумақтық инспекциясы

Аққыстау а., Ынтымақ к., 45

8(71231)20952

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы

Ганюшкино а., Ветстанция, 1

8(71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Ш. Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Өскемен қ., Крылов к., 40

8(7232) 259920, 254008 ф.

Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Қарауыл а., Баян к., 25

8(72252) 91308

Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы

Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а

8(72237)33540

Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Большая Владимировка а., Совхозная к., 38

8(7222)91604

Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы

Бородулиха а., СТО, 4

8(72351)21932

Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы

Глубокое а., Пирогов к., 6

8(72331)22870, 21552

Жарма аудандық аумақтық инспекциясы

Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21

8(72347)65582

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы

Зайсан қ., Стамбетова к., 10

8(72340)21393

Зырян аудандык аумақтық инспекциясы

Зырян қ., Бриллин к, 55

8(72335)61718

Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Үлкен нарым а,, Слямов к.,136

8(72341)21833

Көкпектi аудандық аумақтық инспекциясы

Көкпектi а., Қабанбай к., 81

8(72348)21808

Күршiм аудандық аумақтық инспекциясы

Күршiм а., Момышұлы к.,12

8(72339)31280

Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсуат а., Қабанбай к., 24

8(72346)21405

Ұржар аудандық аймақтық инспекциясы

Ұржар а., Калинин к., 1

8(72230)34739

Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы

Молодежный кентi

8(72338)27366

Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы

Шемонаиха а, Мичурина к., 21

8(72332)30630

Риддер аудандық аумақтық инспекциясы

Риддер қ., Қонаев к., 40

8(72336) 40930

Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Семей қ., Павлодарская к., 106

8(72226)36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының аумақтық инспекциясы

Тараз қ., Пушкин к., 140-б

8 (7262) 453362

Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89

8 (72637) 22559, 21931

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Аса а., Промышленная к. 3

8(72633)21707, 21257

Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы

080300 Б.Момышұлы а., 93

8(72635)21592, 21311

Қордай аудандық аумақтық инспекциясы

Қордай а., Жiбек жолы к., 108

8(72636)42170, 26438

Меркi аудандық аумақтық инспекциясы

Меркi а., Панфилов к., 6

8 (72632) 24888, 24887

Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы

Мойынқұм а., Көшенов к., 5

8 (72642) 24820, 24970

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы

Құлан а., Асылов к., 54

8(72631)21975, 21221

Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы

Саудакент а., Асанов к., 7

8 (72639) 22052, 22130

Талас аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17

8(72641)21446, 21169

Шу аудандық аумақтық инспекциясы

Төле би а., Асатұлы к., 21

8(72638)32587, 32568

Тараз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Тараз қ., 12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер

8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Орал қ., Қ. Аманжолов к., 75

8(7112)515446, 507529

Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы

Чапаев а., Мендалиев к., 23

8(71136)92424

Бөрлi аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсай қ., Советская к., 81/2

8(71133)21710

Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы

Сайқын а., Жәнiкешов к., 16

8(71140)21320

Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы

Жаңақала а., Заправочная к., 2

8(71141)21712

Жәнiбек аудандық аумақтық инспекциясы

Жәнiбек а., Чурин к., 19

8(71235)21898

Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы

Переметное а., Набережная к., 59

8(71130)22708

Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы

Даринск а., Жеңiстiң 40 жылдығы к., 43

8(71131)21985

Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы

Қазталов а., Ветстанция к., 1

8(71144)31129

Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы

Қаратөбе а., Құрманғали к., 13

8(71145)21468

Сырым аудандық аумақтық инспекциясы

Жымпиты а,, Қазақстан к., 15

8(71134)31267

Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы

Тасқала а., Ветстанция к.

8(71139)21897

Теректi аудандық аумақтық инспекциясы

Федоровка а., Ленин к., 162

8(71132)21953

Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы

Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108

8(71137)33155

Орал қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Орал қ., Конкин к., 5

8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Қарағанды қ., Лобода к., 20

8(7212) 563595 567819 ф.

Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы

Қарағанды қ., Прогресс к., 23

8(7212)437823

Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы

Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1

8(71032)26879

Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Абай қ., 3 ш.а., 42 үй

8(72131)44560

Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақтоғай к., Оразалин к., 14

8(71037)21861

Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы

Ботақара а., Шопанай к., 3

8(72154)21798

Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы

Атасу к., Жамбыл к., 124

8(71030) 27502

Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы

Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35

8(72146)31432

Нұра аудандық аумақтық инспекциясы

Киевка к., Ленин к., 2 а

8(72144) 22657

Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы

Осакаров к., Шеткебұлақ к., 1

8(72149) 42072

Шет аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсу-Аюлы к., Жезқазған к., 62

8(71031)22280

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы

Ұлытау а., Бұлқышев к., 30

8(71035) 21204

Балқаш қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Балқаш қ., Желтоқсан к., 20

8(71036) 65426

Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Жезқазған қ., Балычная к., 16

8(71027) 60557

Темiртау қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Темiртау қ., 7 ш.а.., 55 үй

8(72139)88114

Саран қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Саран қ., Саран к., 2/1 үй

8(72137)25684

Қостанай облысы

Қостанай облысының аумақтық инспекциясы

Қостанай қ., Гоголь к., 79 а

8(7142)501199

Алтынсары аудандық аумақтық инспекциясы

Обаған қ., Строительная к., 2

8(71445)34113

Амангелдi аудандық аумақтық инспекциясы

Амангеддi а., Б. Майлин к., 18

8(71440)21548

Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы

Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48

8(71453)21072

Жангелдi аудандық аумақтық инспекциясы

Торғай а., Құлжановтар к., 66

8(71439)21580

Денисов аудандық аумақтық инспекциясы

Денисовка а., Дорожная к., 1

8(71434)91837

Жiтiқара аудандық аумақтық инспекциясы

Жiтiқара қ., Д.Асанбаев к., 51 үй

8(71435)27656

Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы

Қамысты а., Ленин к., 61

8(71437)22218

Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабалық к., Космонавттар к., 16

8(71441)33285

Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы

Қарасу к., Исаков к., 66

8 (71452) 22062

Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы

Затобольск к., Терешкова к., 13/1

8(71455)21463

Меңдiқара аудандық аумақтық инспекциясы

Боровской а., Алтынсарин к., 83

8(71443)21894

Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы

Қарамеңдi а., Шаяхметов к., 2

8(71454)21652

Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкөл к., Миронов к., 1а

8 (71451) 22740

Таран аудандық аумақтық инспекциясы

Таран а., Западная к., 3

8 (71436) 36157

Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ұзынкөл а., Октябрдiң 60 жылдығы к., 23

8(71444)21842

Федоров аудандық аумақтық инспекциясы

Федоров а., Пушкин к., 56

8 (71442) 22150

Арқалық қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Арқалық қ., Абай даңғылы, 29

8 (71430) 70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының аумақтық инспекциясы

Қызылорда қ, Мостовая 2

8(7242) 212562, 212568

Арал аудандық аумақтық инспекциясы

Арал қ., М. Сәдiбеков к.,118

8(72433) 21951

Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы

Қазалы ауданы, Түктiбаев к., 78

8(72438)23645

Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы

Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101

8 (72437) 21286

Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы

Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224

8(7243)131882

Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы

Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93

8(72436)21133

Шиелi аудандық аумақтық инспекциясы

Шиелi ауданы, Бөгенбай батыр к., 21

8 (72432) 43788

Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы

Жаңақорған ауданы, Мұсаханов к., 105

8(72435)22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының аумақтық инспекциясы

Ақтау қ, 23 ш.а., 39-үй

8(7292)605040

Жаңаөзен қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8

8(7234)32639

Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы

Бейнеу к., Бизнес орталық

8(72932)21167

Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы

Құрық а., Босан батыр к., 6

8(72937) 22330

Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы

Шетпе к., Орталық кiтапхана

8(72931)21499

Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы

Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй

8 (72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облысының аумақтық инспекциясы

Павлодар қ., Крупская к., 71

8(7182)512078

Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақтоғай а., ветеринарлық кешен

8(71841)21999

Ақсу қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Ақсу к., Вокзальная к., 17

8(71837)60742

Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы

Баянауыл а., Әуезов к., 1

8(71840)91506

Железин аудандық аумақтық инспекциясы

Железин а., Чкалов к., 21

8(71831)21154

Ертiс аудандық аумақтық инспекциясы

Ертiс а., Интернациональная к., 6

8(71832)21189

Качир аудандық аумақтық инспекциясы

Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234

8(71833)22394

Лебяжi аудандық аумақтық инспекциясы

Лебяжi а., Ыдырысханов к., 39

8(71839)21754

Май аудандық аумақтық инспекциясы

Көктөбе қ, ветеринарлық кешен

8(71838)91654

Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы

Павлодар қ., Ленин к., 145

8(7182)324301

Успен аудандық аумақтық инспекциясы

Успенка а, Терешкова к., 18

8(71834)91636

Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы

Шарбақты а., ветеринарлық кешен

8(71836)21692

Екiбастұз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Екiбастұз қ., Геологическая к., 205 а

8(71873)36057

Солтүстiк Қазақстан облысы

Солтүстiк Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы

Петропавл қ., Казахстанская правда к., 66

8 (7152) 360141

Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы

Саумалкөл а. Озерная к., 4

8(71533)21190

Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы

Талшық а. Ветеринарная к., 1

8(71546)21562

Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы

Смирнов а. Жұмабаев к., 3

8(71532)22489

Ғабит Мүсiрепов аудандық аумақтық инспекциясы

Новоишим а. Ауелбеков к., 34

8(71535)21640

Есiл аудандық аумақтық инспекциясы

Явленка а. Фурманов к., 12

8(71543)22485

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Преснов а. Интернациональная к., 35

8(71544)22855

Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы

Бескөл а. Новая к., 20

8(71538)28177

Мағжан Жұмабаев аудандық аумаұтық инспекциясы

Булаев а. Водопроводная к., 20

8(71531)22759

Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы

Мамлют а. Больничный городок

8(71541)22259

Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы

Тайынша а. Советская к., 191

8(71536)23037

Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы

Тимирязев а. Целинная к., 13

8(71537)20125

Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы

Кiшкенекөл а. С. Малiков к., 124

8(71542)22139

Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы.

Сергеевка а. Степная к., 2

8(71534)21435

Оңтүстiк Қазақстан облысы

Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы

Шымкент қ., Қабанбай батыр к., нөмiрсiз

8(7252)551417

Арыс қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Арыс қ., Төле-би к., нөмiрсiз

8(72540) 21052, 21255 Ф.

Түркiстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Түркiстан қ., Т.Мыңбасы к., 16

8(72533) 43052, 43167 ф.

Бәйдiбек аудандық аумақтық инспекциясы

Шаян а., Қадырбаев к., 32

8(72548) 22012, 21459 ф.

Қазығұрт аудандық аймақтық инспекциясы

Қазығұрт а., Әуезов к., нөмiрсiз

8(72539) 22889, 21405 Ф

Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы

Жетiсай қ., Маханбет к., 1

8(72534) 67344, 67250 Ф.

Отырар аудандық аумақтық инспекциясы

Шәуiлдiр а, Жiбек жолы даңғ., 17

8(72544) 21578, 21337ф.

Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы

Темiрлан а., Қажымұқан к., нөмiрсiз

8(72530) 21586, 21757 ф.

Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы

Қарасу а., Панфилов к., нөмiрсiз

8(72531) 20281, 20208 ф.

Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыағаш қ., Майлы қожа к.,

8(72537) 22890, 21413 Ф.

Созақ аудандық аумақтық инспекциясы

Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1

8(72546) 42420, 41305 ф.

Төле би аудандық аумақтық инспекциясы

Леңгiр қ., Есенқұлов к., 55

8(72547) 61427, 62585 ф.

Түлкiбас аудандық аумақтық инспекциясы

Т. Рысқұлов а., Жантүров к., 17

8(72538) 52440 ф.

Шардара аудандық аумақтық инспекциясы

Шардара қ., Қасымов к., 17

8(72535) 21309, 22369 ф.

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15

8(7272) 302792, 738776

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Астана қ., Фурманов к., 6

299278

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық      
бақылау объектiлерiне ветеринарлық-санитариялық  
қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына  
2-қосымша                      


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет