Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы


Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



бет2/2
Дата21.06.2016
өлшемі453.62 Kb.
#151403
1   2

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы мақсаттық мәнi

Көрсеткiштiң есеп беру жылындағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)

100







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100







4. Шағымдану үдерiсi

4.1.Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

 
 





Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 29 сәуiрдегi 
N 454 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызметiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 1-бабы 13) тармақшасының және 8-бабы 13) тармақшасының
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттiң үй-жайында iлiнген стендтерде орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жемшөп пен жемшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      Комитет құжаттар пакетiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жiбередi;
      тiркеу сынақтары - 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен аспайды;
      байқаудан өткiзу - 2 (екi) жылдан аспайды;
      уәкiлеттi орган зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыт 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
      4) қайта тiркеу:
      өтiнiш берушiнiң (өндiрушiнiң) атауы, орналасқан жерi өзгергенде немесе қайта ұйымдастырылғанда 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде;
      тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанда 70 (жетпiс) күнтiзбелiк күнде жүргiзiледi
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде жүзеге асырылады. Жемшөп пен жемшөп қоспаларының бақылаудан өткiзу, серияларын бақылау және тiркеу сынақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағалар прейскурантына сәйкес тұтынушының қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет құнын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдар арқылы төлейдi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеген кезде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.
      Мемлекеттiк қызмет үшiн ҚР АШМ Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бенефициарына аударылады, СТН 620300015504, IBAN KZ1084905KZ000609209, Кбе 16, бенефициар банкi «Нұрбанк» АҚ филиалы, Астана қ., БЖС 030140001998.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Комитеттiң ғимаратына физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар мен оларға қойылатын талаптар тiзбесi:


      1) мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) жемшөп және жемшөп қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттама (бұдан әрi - НТҚ) (тамақ өнiмдерi қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) жемшөп және жемшөп қоспаларына НТҚ);
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге енген ғылыми-зерттеу институтының НТҚ-ға қорытынды;
      4) мынадай көлемдегi жемшөп және жемшөп қоспаларының үлгiлерi: жемшөп - үш орам немесе 5 килограмнан аспайды, жемшөп қоспалары - үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейiн;
      5) қайта тiркеу кезiнде тiркеу куәлiгiнiң түпнұсқасы қоса берiледi;
      6) мемлекеттiк қызмет құны төленгенiн растайтын құжат.
      12. Өтiнiш стандарттың 11-тармағының ережелерiн ескере отырып, еркiн нысанда толтырылады.
      13. Өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттардың тiзбесi: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz мекенжайы бойынша Комитеттiң кеңсесiне тапсырылады.
      14. Тұтынушының қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат - күнi мен тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк қызметтi алатын күн көрсетiлген талон болып табылады.
      15. Жемшөп пен жемшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру тұтынушының жеке өзi не оның өкiлi келген кезде жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың болмауы;
      2) зертхана сынақтарының нәтижелерi негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Комитеттiң лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:


      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнда төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұн туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Комитеттiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң лауазымды адамның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.кz, Комитеттiң заң қызметi маманы жүзеге асырады.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiнен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 202-кабинет, телефон (8-7172) 555-763, www.minagri.gov.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701 кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      23. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен - болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Комитет кеңсесiнде қабылданады.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz Комитет кеңсесiнен, Комитетте iлiнген стендтерден ала алады.

«Жемшөп пен жемшеп қоспаларына,   


оларды мемлекеттiк тiркей отырып   
(қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына қосымша

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы мақсаттық мәнi

Көрсеткiштiң есеп беру жылындағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)

100







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100







4. Шағымдану үдерiсi

4.1.Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет