Негізгі бөлім I бөлім. СӨз мағынасы (семасиология)



бет1/9
Дата14.06.2023
өлшемі216.79 Kb.
#475061
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
слайд


Төлен Әбдік шығармаларының тілдік ерекшеліктері және лексиканы оқыту
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Ғылыми жетекші: Бекмағамбетова Гүлмира
Орындаған: Отарбай Жадыра
Мазмұны
KІPІСПE.
1. Көркем әдебиет тілі.
2. Т.Әбдік өмірі мен шығармашылығы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I БӨЛІМ. СӨЗ МАҒЫНАСЫ (СЕМАСИОЛОГИЯ)
1.1. Семасиология. Сөз мағыналарының түрлері
1.2. Көркем әдебиеттегі сөз мағыналарының зерттелуі.
ІІ БӨЛІМ. Т.Әбдік шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданылуы
2.1. Автор туындыларындағы тілдік ерекшеліктер қолданысы
2.2. Көркем шығармадағы метафоралық қолданыстар
ІІI БӨЛІМ. Орта мектепте лексиканы оқыту жолдары
IV. ҚОРЫТЫНДЫ V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеудің өзектілігі
Төлен Әбдікұлы – қазақ әдебиетіне 60-70-жылдары келген жазушы. Қазақ әдебиетінің 70 – 80 жылдардағы қазақ прозасына өзінің тосын тақырыптарымен келген талантты да талапты Т. Әбдікұлы қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты. Осы кезеңдегі өзінің замандастарының ортасында келе жатқан, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер машығымен дараланған Т.Әбдікұлының творчествасын айтуымызға болады. Жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған. Т.Әбдікұлы тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілді сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екінщіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.
«Лексика» деген ұғым лингвистикада көбінесе сөзге қатысты айтылғанымен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру – сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктер туралы дағды мен икемділіктерін қалыптастыру деген сөз.
Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін алдымен, сөз мағынасын түсінуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді яғни актив және сирек пассив қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу – өзекті мәселелердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет