Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#125431
  1   2   3   4   5
Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі
ЖАН-ДҮНИЕ СЫРЛАРЫ


Кіріспе
Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі 1952 жылы 21 маусымда дүниеге келген.

Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Мұстафа Шоқай ауылында С.Орджоникидзе мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

1976 жылдан Қызылорда облыстық атқару комитетінің жауапты қызметкері, облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жауапты қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесінде жауапты қызметтерде көп жылдар бойы еңбек атқарған, әлі де еңбек тұғырынан түскен жоқ.

Күнделікті еңбекпен қатар проза мен поэзия саласында қаламын қатар ұштап жүрген азамат.

Облыстық, аудандық, кейінгі уақытта республикалық газет беттерінде әңгімелері мен өлеңдері, әндері жариялануда.

Филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубайқызы, әзірше бір кітаптың авторы Жошыхан Асылбекұлы Қыраубайтегі өсіп шыққан белгілі айтыс ақыны Мүтәліп Қыраубайұлы (өлеңдері “Ғасырлар мұрасы”, “Өсиет” кітаптарында жарияланған) отбасының түлегі.





ҮШ ҚАСИЕТ
Өз тілің, елдік, бірлік қасиетің,

Бұл – сенің, үш қорғаушың бас иетін!

Бірліксіз, елсіз, тілсіз қорғансызсың

Телмірген, бейшаралық – қасіретің.


Ей, бауырым, сияқтан ба дара туған,

Сен ұлысың, үмітпен дала туған.

Жерінде асыр салып, еркін жүрген,

Тілің де бабалардан жаратылған.


Не жетсін өз тіліңде жыр – жырлаған,

Күлкің де жараспай ма сыңғырлаған

Ата жолын ұмыттырған баласына,

О, сорлы! Келешегің бұлдыр маған.


Сөйлейсің ана тілін сүріндіріп,

Балаң тұр бірін білмей, бірін біліп.

Қасиетіңді – жау еткен, жамандатқыр!

Кетер ме еді бабаң келіп буындырып.


Патша бол – бола алмайсың жатқа бала,

Жат жерде жанның құны – ақша ғана.

Ұмытсаң тіліңді, салт дәстүріңді,

Сатқаның ұрпағыңды таққа бола!




Қызыңа ие болсаң – тілге ие боласың

Тілге ие болсаң – елге ие боласың!

(автордан)

Кетіп жатыр арамыздан талай жан

Елі үшін, халқы үшін жаралған

Сиреп барад, кеміп келед қатары

Ұлты үшін ту көтерер алаңнан
Қайдан туар батыр ұлдар, батыр қыз

Дүниеге, жебірлікке жақынбыз

Ұлт-дәстүрін, ар-ожданын халқымның

Көк қағазға айналдырып жатырмыз


Шетел асып, оқып жатқан балалар

Өзге елдің өзегінде жоғалар

Ұрпақтары басқа тілде сөйлеген

Бабам тұрған босап жатыр далалар


Қайран елім, не болады келешек

Ұрпақ болдық сұрағанға берешек

Тойымсыздар тілді қолдар ма, едіңдер

Әр сөзіңе бір тамшы қан төлесек.


Дүниенің кілті – тіл, құлпы – ауыз.

Өз тілің – ұлы тіл!
Арттырып абыройын дархан етер

Өзгеден ұрпағыңа қалқан етер -

Ана тілін ұмытқан жан-меңіреу жан

Бір күні отаныңды талқан етер

Адамды сана, ойға қанықтырып

Жаратқан әртүрлі ұлт, халық қылып

Өз елің, тілің барда алшаңдайсың

Жаныңды жадыратар қарық қылып


Мұңайған көңіліңді көтеріп ап

Жолыңды жарқыратар жарық қылып

Ана тілін ұмытқан – елді ұмытар

Тіл білмеуден болады қауіптілік


Ана тілің - ең ұлы қасиетің

Жүргеннен ұта алмайсың ауыстырып

Тіліңді біл, салтты үйрен, ұлтыңды сүй

Басқасын үйрене бер жарыстырып


Тіл деген кесіп өтер наркескендей

Ақылмен қайда салсаң жанып тұрып

Бір сөзбен көңіліңді семіз етіп

Бір сөзбен арытады арық қылып


Өз тіліңнен ұлы тіл табылмайды

Ана тілді алмағай майыстырып

Тілінен айырылған жан бір бейшара

Бойынан жоғалады намыс, қылық
Дүниенің кілті тіл, құлпы ауыз

Байқамасаң жіберер қамытты іліп

Тілі жоқтың – елі жоқ, мазақ етіп

Таптайды жігеріңді табыт қылып


Өзгеге сен күндегі қонақтайсың

Сусытсаң да сөздерін балық қылып

Жүзіңе көз қиығын салады да,

Айтарын ішке сақтар танып тұрып


Оларды жанашырсыз жалғыз жандай

Ұлыған итке ұқсатам дауыс қылып

Тағдыры домаланған доптай болып

Өзге ел ойнап көрер, қағыстырып


Шеттетіп, шегіндіріп жүрсе-дағы,

Мәз болып, ыржияды қалыс тұрып

Көңілі өмір бойы құса болар,

Қоса алмай, еліне ұрпақ табыстырып.

* * *

Ұлы Омарға еліктесек…..
Отан – теңдік, жерің, арың, елдігің,

Сезерсің сонда дүниенің кеңдігін.

Ұрпақ өсіп, жетілгенше сүйеуге,

Жауапкерсің даламызға сен бүгін.


Талабы мол, тайғағы көп заманның,

Сыналатын сәті осы адамның.

Мойны босқа, көптің жүгін тиеме,..

Бар еңбегі зая кетер бабаңның!


Сұрағанға сұлай берсек жерді ала,

Тоқымдайын тоз – тоз болар кең дала!

Сырттан марғау көрінгенмен ел – дана,

Ел салмағын көтеретін – ер ғана!


* * *
Ой деген түпсіз терең шыңыраудай,

Бір түссең құлдырарсың бұрыла алмай.

Әрекетсіз құр ойың ойынмен тең,

Көрінер көпшілікке сұмырайдай.


Ақ жауын көк аспаннан құйылардай,

Семсер сең жаға шіреп ұрынардай.

Ой-досың, ой-дұшпаның, ой-сырласың,

Өтерсің бұл дүниеден тыным алмай.

* * *

Біз жәндік дүние үшін тырбаңдаған,



Күнің аз қиналғаннан қиналмаған.

Тозақтың шоқтарындай жайнап жатыр,

Кешегі өтіп кеткен жылдар маған
Әр жылың – ой, арманың, қуанышың,

Күндерің құрбан болар бұлар үшін.

Өмірдің ең бір жарқын бейнесі – адам,

Бір сәтте жанып, өшер шырағысың.

* * *
Өтеді кім болса да бұл өмірден.

Егілмес, еңкейсе де күле білген,

Күндерді атқарарсың міндетіңдей,

Тірлікке уақытша жіберілген.

Кейбіреу денсаулықтың арқасында,

Сайрандар замандастың ортасында.

Кейбіреу босқа өмірін қия салар,

Жүргендей тағы бірі қалтасында.


* * *
Әрбір жан әрбір істі несібе еткен,

Шайқалтып дүниені бесік еткен.

Не ерлер бұл өмірде қала алмаған,

Дарияны наркескендей кесіп өткен.

* * *
Ойланба, таусылар деп өмір сылқым,

Ол өзі жәймен жылжып өтер шіркін.

Соңынан көлеңкедей еріп жүріп,

Алдыңнан кәрілік боп шығар бір күн.


* * *
Тоқтамай жүре берер күндер жылжып,

Өмірді кейде – мұң қып, кейде жыр қып.

Өтерсің күйбеңдеумен тіршіліктен,

Кезекпен бірді – мың қып, мыңды – бір қып.


Мол болса дүниеңіз қадамдайсың,

Аз болса күрмеу жіптей амалдайсың.

Біреуден қымқырмасаң байлық қайда!

Ал сонда арам қайсың, адам қайсың.


* * *
Дүние талаптансаң табылады,

Өмірің сонда болар мағыналы.

Оп – оңай тауып алған дүниеңіз,

Суылдап, қолда тұрмай қағынады.


* * *
Бар болса дүниеңіз тасқан жақсы,

Жақсылық, жамандықта шашқан жақсы.

Дүние кейде қауіп, жаудан жаман,

Кейде бауыр, қиналғанда достан жақсы.


* * *
Адамды ой билейді дейді бәрі,

Махаббат, нәпсі дүние – соның нәрі.

Олай емес, жүрек егер қабыл етсе,

Адамды билейтұғын ынтызары.


Жүрегіңнің босаса тас қамалы,

Қиял кірер – қалдырмас басқа амалы.

Ынтызары ұйыған, миы айналып,

Сауларды жынды адам да басқарады.


* * *
Жетелеп алға мақсат, армандарың,

Күтеміз, келер күннен, алдан бәрін.

“Адал бол!” дегендерге – тоналғаның,

Белгілі болар бір күн алданғаның.


Жүрегіңді, ойыңды байлап алып,

Өзіңді жүреді итше пайдаланып.

Өлгенше әр қиялға ұмтыламыз,

Арғы жақта түкте жоғы айдан анық.


* * *
Өмірде керегіңді алмағансын,

Көңілім қалай тыныш жайланасың.

Жаныңа жолап кетсе – тонап кетер,

Қу адам қайда өседі, таң қаласың?!


Дүниені мен де алғым кеп алақтаймын,

Шаршаған тілдей шығып салақтаймын.

Біреуден жемек болсам ар жетпейді,

Өзгеге тамақ үйген табақтаймын.


Дейді ел: “Жеу де ақыл, сұмдық та – ақыл!”

Ол жемнің дәмін көрсең ұрлық татыр.

Байлықтың қатарында алдау, арбау,

Қалқайып арам, арсыз, қулық та тұр.


* * *
Кедеймін деп қиналма, көп жасымай,

Қабылда тағдыр қосқан жолдасыңдай.

Уақытында байлық – бітер, өмір де өтер,

Бір сәтте еріп кетер қорғасындай.


Шабарсың болдырам деп болмасыңды – ай,

Дүниенің ерттеп мінген жорғасындай.

Теңгеге дөңгеленіп құл боларсың,

Біреудің мөлдіреген көз жасындай.


* * *
Болғанда өмір – майдан, дүние – жорық,

Секірер біреу – тойып, біреу – тоңып.

Байлық – жүк, арқаңызға теңдеп артқан,

Өтерсің сырттан торып, иттей қорып.
* * *
Әр ұрпақтың басынан заман өтер,

Уақытында жақсы өтер, жаман өтер.

Ғасырлардан ғасырға үлгі болып,

Ел үшін еңбек еткен адам өтер.

Қайырымды бол, жақсылық ет, шама жетер,

Тәңір де жақсы ісіңді талап етер.

Мәңгілік - халқың үшін еткен еңбек,

Кейінгілер ізіңді тәуәп етер.


* * *
Шүкір етем, адам болып жаралғанға,

Тіл мен жақ, жүрек пен сөз, санам барға.

Сойғанда ешкі болып бақырғанша,

Тілдесем де сөз айтам ғой адамдарға.

Ей, адамдар, өздеріңсіз қиын маған,

Сендерсіз дастарханым жиылмаған.

Етімді жеп, терімді шыжғырсаң да,

Маған қымбат қазақ пен құйын далам.


* * *
Қынжылма сен, дүниеңе жетпеген,

Сенен жаман бұл өмірде көп дер ем.

Сенесің бе, қара менің қалтама,

Болмаса да дүниені жек көрем.


Қанағат қыл, қанағатшыл қалмайды,

«Дүниеқоңыздықтан» болады екен бар қайғы.

Мұздай суық темірлері ақшаның,

Оттай ыстық жүрегіңді жалмайды.

* * *
Өмірің тоқтамайды зымырандай,

Қимылда, қи түскендей ыңыранбай.

Басыңды бәлеліге сұғып алмай,

Мойныңды омсырайтып жұлып алмай.


* * *

Байқасаң ашу – керіс, ақыл – келіс,

Ашудың соңы сорда, ақыл – кеніш.

Ашудың ауылы тар, алдында жар,

Ақылдың ауылы кеңіс, алды өріс.
* * *
Жаныңа жолдас болар салмақтылық,

Бейпілде береке жоқ сарнап тұрып.

Жүргенде жүзіңде ай, кеудеңде күн,

Аузыңды айырмасын алдап тұрып.


* * *

Еңбек ет жүрегіңнің жаны бардай,

Өңгеріп алдыңызға қарын алмай.

Көпшіл бол, жеке жүрсең бүрісерсің,

Жұлынып жүні түскен жануардай
* * *
Өмірдің өтетінін білмедің бе? .

Мәз болып жүре бердің «ілгеніңе».

Өзіңе - өзің дұшпан сияқтысың,

Кінәлі «Сен!», босқа өмір сүргеніңе.


* * *

Жүректен қорқам, мақұрым қалған қайырдан,

Ұл, қыздан қорқам әдептіктен айырылған.

Бірлігіңді бөлшектеп шауып жатса да,

Көңілден қорқам, дастархандай жайылған.
Жандардан қорқам, жүрексіз, жансыз тас бейне,

Меңіреу түсті, тұңғиық көзді бас, кеуде.

Дүние көрсе, өліктен аттап өтетін,

Ара өлшемі-ақша боп доспен, қаспен де….


Таңдай қағамыз өзгені көріп дәйім біз,

Ұмтыламыз, түсініп жатпай жайын біз.

Кешегі ұлы дәстүрімізді ұмытып,

Құрдымға атып жіберуге дайынбыз.


* * *

Арамдық, қулық алма – кезек алдаған,

Өтірік, өсек орға жығып, жалмаған.

Бірін – бірі жеп жатқан мынау дүниеде,

Шындықтың үні өшпейтіндігіне таң қалам.
* * *
Оралмайтынымызды білсек тағы қайталап,

Өтеміз мөлтек дүниемізді қалқалап.

Пәк сәби боп келеміз де өмірге,

Кетіп жатырмыз күнәләрімізді арқалап.


* * *
Өмір – теңіз, таусылмас терең тіршілік,

Сен қалтқы қалтақтаған тұншығып.

Біреулер батып бара жатса су шығып,

Біреулер қалқып келе жатыр құлшынып.


* * *

Шіркін дүние желіп өткен құйындай,

Дөңгеленер қайта айналып бұрылмай.

Күліп – ойна аз өмірдің барында,

Қайран күлкі кетер бір күн бұйырмай.

* * *


Біреулер еңбек етсе тыраштанып,

Дөңгелеп, өрге сүйрер құлаштанып….

Біреулер еңбек етсе тыраштанып,

Қалады күшенгенде “ыластанып”…


Еңбексіз нәтижеге жете алмайсың,

Әр іске ынтаменен бет алғайсың.

Біреудің жетегіне ерер болсаң,

Есегіндей айналып кете алмайсың.

* * *

Еңбектің шыдамасаң азабына,



Біреудің қол созарсың қазанына.

Сылдыр сөз, берекесіз, бейқам жандар,

Барарсың қужақтардың базарына.
* * *
О, өмір, саған несін жармасамын,

Сен теңіз – мен жай ғана болмашы ағын.

Шарап ішсем, тобығымнан келе алмайсың,

Көңіл – теңіз, өзіңмен парласамын.


Шарап іш, көңіл көтер, өмір қысқа,

Келерсің сен де бір күн бұрылысқа.

Көгілдір көк шалғында көбелектің,

Құлпыртып мыңын қу да бірін ұста.


* * *

Жаным – ау, сені неге ұмытайын,

Күндердің бірі – бұта, бірі қайың.

Күлімдеп, келші қалқам, құшағыма,

Шараптың құдіретіне жылытайын.
О, қалқам, төмен салма жанарыңды,

Шарап іш - көңіл, шарап ағайынды.

Көзіңнен кәусәр тамшы ұшып түсіп,

Алдымдағы бүлдірерсің шарабымды.


Тас, меңіреу, басым тамұқ, қараңғы күн,

Жігерің ететіндей адамды құм.

Ей, жаным, шарап берші бірер тамшы,

Тулаған жүрек шіркін алар тыным.


* * *
Ішемін, жаным менен шошығандай,

Өзіме - өзім кейде тосын жандай.

Кешір жүрек мен сені қинадым – ау!

Аспандағы құдайдан досым бардай.


* * *
Жарқылдап, көңіл шіркін ашылғанда,

Қасыңда досың барда, қасың барда.

Жүйрік ат, жүйрік тазы, жеті қару –

Бәрі өзің, ішке шарап қосылғанда.


Ол кезде көңіл қандай, қуат қандай,

Кеудеңмен қамал келіп құлатқандай.

Қытайдың тастан соққан қабырғасын,

Жалаңаш алақанмен уатқандай.





Мәре
Қараймын қимай,

Қайта оралмайтын бақтарға.

Сұңғыла уақыт,

Суыртпаған шақтарда

Салқынның лебі,

Сүмбілені сеземін.

Мына дүние,

Астан – кестен болып жатқанда.


Кейуана заман,

Көпті көрген қарт тарлан.

Сұрқылтайды да,

Сұмпайыны да «атқарған».

Уақыттың мына

Құдіретіне бас иер.

Тылсым тарихты

Шаранасынан ақтарған.


Зорлық пен қорлық.

Тарихта бөлек салмағы.

Ежеленер, еріксіз көз жас,

Қан дағы


Ертек болып

Айтылады балаға.

Адал жандардың

Орындалмас арманы.


Толағай бұлттар

Толассыз жөңкіп көшеді.

Мәреге келдің,

Балауса арманым кешегі.

Кім білген арман,

Адалдық пен шындықтың,

Өтер тарихта

Орны өлшеулі екені.



Кешіріңдер, достарым!
Себебін айтшы, замандастарым бұл жайдың

Мойын бұрып сұрағымды тыңдар кім?…

Асылдан артық, анадан алтау болғанмен,

Жалғыздықтың торында тұрып жырлармын.

Жалғыздығым ойласам – сен де серігім.

Өмірге құштар жоғалтпайтын сенімін.

Сынуға менің басқалардай құқым жоқ!

«Майыстырдым» деп ата берсін бөрігін.

Майысып барып, қайысып барып түзелем

Құстарша қайта көктемде келіп түлеген.

Сазайын жаудың тартқызбасыма кім кепіл

Ышқынған жанның садағын тартып шіреген.

Жүрегімді алқынған мынау басар кім?…

Түсінбесеңдер есепсіз қайнап тасармын.

Басымды отқа, жанымды топқа салғанда,

Мейірімділіктің есігін келіп ашар кім?

Түсінетіндер кездеспей әлі жүрсіңдер,

Сендер ғана жүректе солмас гүлсіңдер.

Кеше ғана қол ұстасқан замандас,

Бүгінде бәрің балалы – барлы үйсіңдер.

Көп ойлайтын от басы мен бас қамын,

Жалықтырған достарым көп қас қағым.

Қиындықты иық тіреп көтерер,

Қайдасыңдар, қайдасыңдар достарым.



Қайта оралмас жиырма бес
Адамға арман менен қиял ғайып,

Көрінер көз ұшында нұрайланып.

Қолыңа өзі келіп қона қоймас ,

Тұрғанмен ұршығыңда зыр айналып.

Біз жолаушы, өмір – жол қисаңдаған.

Жер, аспанмен екі орта құрсауланған…

Өткен күнге ұмтылсаң бабаң шығар,

Көрінер, келер күнді қусаң балаң.

Сезім шіркін ортайды сүзгіленіп,

Көктем бітіп, жаз өтіп, күзді көріп.

Жастықтың құшағымдай теңізінде,

Шіркін – ай, не сұлулар жүзді келіп.

Кеудемнен буырқанған бу ашылып,

Өткіздім жастығымды құлаш ұрып.

Сол кезді алыстатып бара жатсың ,

Күндерім неге сонша тым асығып.

Сұлуға басымды иіп қиылмадым,

Жастықтың жарып жүрдім жиындарын.

Кеше сұлу болып жүрген тәкаппардың,

Таң ата өргізуші ем бұрымдарын.

Жарқ етіп жастық шағым семсердейін,

Шіркін – ай, қайта айналып келсең, деймін.

50 – де дүрсілдеген жүрегімді,

Екіге 25 – тен бөлсең, мейлің!



Әлі де аялашы арман мені
Жүректі жарған бәйшешек,

Жырларым менің кетпеңдер.

Жаны бір тапсын рахат,

Жырымды оқып өткендер.

Жүрегі адал, көңілі кең,

Арманнан үміт еткендер.


Қиялым басқа ұрғанда,

Жүрегім құс боп ұшады.

Жабырқаған жанымды,

Арманның нұры құшады.

Сен мені арман аяла,

Бесікке бөлеп жанымды.

Зымырап ойым жетеді,

Белгісіз белес алдымда.

Көк дөненімен көңілдің,

Көлденеңдеген тағдырға.

Әп бәлем, күйбең тіршілік,

Жете алмай маған қалдың ба?

Жалт етіп бір сәт күлейін,

Көңілдің құсын ойнатып.

Жарқ етіп бір сәт жүрейін,

Көгілдір толқын айдында.

Сол белес кейде бұлдырап,

Шақырады ойымды.

Кеудемді бір күш билейді,

Буындырып бойымды.

Соншалық саған не болды?!

Жүрегім аттай тулайсың…

Ағыны қатты, арқар су,

Жазылатын жырдайсың.

Құйылып құстар ұшатын,

Құлдыраған құздайсың.

Құлазып кейде көңілім,

Сүңгіленген мұздайсың.

Сабыр етші сәл ғана,

Дүрсілдетпей кеудемді.

Бәрібір үзіп, шықпассың,

«Дене» деген белдеуді.

Қиял да көп, ойда көп,

Белес те көп көрінген.

Қиялға еріп жүргенде,

Босқа өтемін - ау өмірден.





Қандай қиын
Өмірде шаттанарсың, мақтанарсың,

Жақсы адамсың, елде атың жатталар шын.

Жаман боп датталарсың, ақталарсың,

Жаныңды бірақ қалай ап қаларсың.

Адамзат! Бәрі өткінші қалмағы жоқ,

Жан бар ма бұл дүниеде арманы жоқ.

Аз өмірдің тулағын, тартқылаған,

Көрмедім сендердей жан жанжалы көп!

Ей адам, кеудең көрік, жаның шыбын,

Түсіне бермейсің – ау өмір сырын.

Жау көрген - жандай жақын жандарменен,

Кетерде қоштасар сәт қандай қиын.



Намыс
Өтеді дүние.

Өтеді жалған.

Адамға өлшеп берілген

Жылап келген,

Жылап өтпесем екен өмірден!

Адамгершілік, ар – ождан мен,

Абырой болса төгілген.

Біреуге жеңіл, ал маған,

Алатаудай көрінген.

Мұның қалай?!

«Олай емес!» дер біреу…

Мейлі айта бер.

Біз баратын жер-біреу.

Намысым менің!

Жүрегімде, бойымда,

Жер шарындай!

Бірақ, онан енділеу.

Үлкеннің қасиеті
Өмірде өз әлімше жорғаладым,

Тырыстым, болдыруға болмағанын.

Жетпесіне көз салсам теңіздей – ақ,

Сонда мен не бітірдім! Таң қаламын!


Адаммын!

Өмірден көп көріп келем.

Еліктеген арманға сеніп келем.

Аға ұрпақтың соңында толқын болып,

Жағаға ұрар жылдарға еріп келем.
Еріп келем!

Еріксіз толқын атып…

Бітірген жұмысымнан – олқым артық.

Үлгі болар үлкеннің – қасиеті,

Кішіден қоймаса екен жол сұратып.
Жабырқау
Аспанда қиял, жерде өзім,

Бүгінде бәрі өзгерді.

Кешегі арман – көмескі,

Қанатым талар кез келді.

Не істерімді білмеймін,

Бойымда жігер арман жоқ.

Ұмтылыс, өмір – бос шабыс,

Қызығы да қалған жоқ.

Өміріңді күн санап,

Қолыңда қалған қысқарып.

Ақсақалды, ақ шашты,

Кәрілік күтер сұстанып.

Кәрілікке де жетпеген,

Жеткенде бар тырбанып.

Шіркін дүние, қайтейін,

Өмір-қайық, күн-ғайып.



Уақыт
Бұл дүниеде өтіп жатыр сан алып,

Әр қадамы секундтармен саналып.

Минуттар мен сағаттарға жалғасып,

Өмір шіркін келе жатыр қаланып.

Қуантуда, біреулерді жылатып,

Кешке батқан, бүгін күнің тұр атып.

Біз асығып, жеткізе алмай жүргенмен,

О, тәңірім! Өзгермейтін уақыт.

Тағдырыңды талай рет сынатып,

Тәлкек етіп тайдырғанда құлатып.

Кеше ғана досың болып жүргендер,

Басқалармен саған тасты тұр атып.

Сағат тілі сияқты етіп бұратып,

Өміріңді күйбең күннен құратып.

Аз өмірдің арқалатып азабын,

Адамдарды қойған қалай шыдатып.



Ауыр ой
Басады босаң, ауыр ой,

Күйзелтіп сонша жанымды.

Тәнімді жеген жауыр ой,

Сындыра ма екен сағымды.


Арманға толы өмірім,

Күрсініп терең, өкінді.

Кешегі жүрген серігім,

Қырық жылғы жауым секілді.


Осыған жаным қиналып,

Іздейді болар тірегін.

Достарым келші жиналып,

Сабырға түссін жүрегім.

Сабырға байлап көңілді,

Шегі бар шығар деп ойланам.

Отқа атар ма екем өзімді,

Жанып жатқандай айналам.



Қайдасыңдар армандар?!

Жүрегімді

Арманға табындырып

Келемін,


Әлі күнге сағым қуып

Өкінсем де сан рет...

Санымды ұрып!

Жылт ететін жылымшы

Табылды үміт.
Сол үмітпен

Қалады жаным кіріп

Шаптай берем,

Көзімді шағылдырып

Жел ойдың жетегінде

Жауыр қылып,

Түнеремін кеткендей

Дауыл жығып


Сезімімді

Сел ойға бағындырып,

Жанымды

Жаралаймын жарым қылып.



Түсінетін таба алмай

Жанымды ұғып,

Сері көңіл сыймайды

Қабындырып.

Сол үміт

Әлі де жүр дабыл қылып.

Бақытқа

Толы шақтар сағындырып.

Бал күндер

Армандарға малындырып...

Қайдасың?!,

Қайрат берер қағындырып.



Сап көңілім
Өмірдің болар талқысы,

Балап жүрме соққыға.

Таусылмас тартыс, айтысы,

От өмір керек оттыға.

Қалдым деме қатардан,

Алдыңнан күтер татар дәм.

Зейнеттің бәрі – еңбекте,

Құдайдан жан жоқ бата алған.

Билігін алсаң басқаның,

Айырылар сәтте қас қағым.

Тобымен қашып жүрмесін,

Сыналап тапқан достарың.

Өтіп те кетер дүние,

Құларсың бір күн сүріне.

Үлгерсең үлгі етерсің,

Аманат етер тіріге.

Пайдасыз елге ер болмас,

Асқақтаған жерде оңбас.

Қанағат, сабыр, сап көңіл,

Дүние – жолдас, жан жолдас.


Заманым!
Заман, заман, заманым!

Адалдан озған арамың.

Алға қойған арманың,

Асығындай баланың.

Таланып жатқан талабың,

Таранған сұлу қарағым.

Бағы өсіп бағаның,

Сергелдең болған саналым.

Кешегі жүрген төрт түлік,

Көркі еді ғой даланың.

Бүгінде көбі күңіреніп,

Өрісінде жүр тобаның.

Есігін жаппас күн туды,

Қаңыранған қораның.

Тоздырып көше табанын,

Қаланың қаптап базарын,

Жалтылдатқан жанарын

Жастардан медет тілеген,

Қарттарға таң қаламын.

Осыны көріп ағайын

Қыл көпір, тозақ отына,

Келдік пе деп қаламын.

Кеудеміз биік төскейдей,

Барамыз алға дес бермей,

Есебін тауып жегендер,

Айдардан желі ескендей.

Жайын ойлап халықтың,

Мәселесін шешкендей.

Орта шаруа – арманшыл,

Қалғанға қанағат дескендей.

Соңында қалған жатақтар

Бірін – бірі жескендей.

Қызғанышпен қарайды,

Озғанға – темір тескендей.

Енді бай, орта кедейсің,

Қайыршыны тұрмын ескермей.

Аразбен ала болмайық,

Басыңнан бұлтың көшкендей.

1996 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет