«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
№1 жалпы білім беру орта мектебінің ең алғаш қаланған жылы 1980 жылы тамыз айы. Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы орыс тілінде жалпы білім беретін орта мектеп болған.
Мекен жайы: Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 11а.
Мектеп ғимараты 3 қабатты, жалпы шаршы көлемі: 5463 м2 , мектеп 1176 оқушыға арналып салынған.
1993-1994 оқу жылында алғашқы қазақ сыныптары ашылып, 1998-1999 оқу жылында жалпы білім беретін қазақ орта мектебі жеке шаңырақ көтерді. 1998-2005 жылдары мектеп директорының қызметін Мақышева Саруса Бексейтқызы атқарды.
Приозерск қаласы әкімдігінің 20 шілде 2005 жылғы №18/21 қаулысына сәйкес мектептің бұрынғы «Қазақстанның 60 жылдығы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» атауы, «№1 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» болып 21.10.2005 жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінен қайта тіркеуден өтті. Приозерск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №24/37 қаулысына сәйкес «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып 04.08.2012жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінің Балқаш қаласының Әділет басқармасынан қайта тіркелді.
2005-2006 оқу жылынан бастап мектеп директоры Жұмаханова Панар Айдарханқызы тағайындалды.
Туған жылы: 1968ж.
Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Ақшағыл совхозында дүниеге келген.
Бітірген оқу орны: Қазақтың Абай атындағы педогогикалық институты, бітірген жылы 1990.
Білімі жоғары , еңбек стажы – 18 жыл, 4 ай. I санатты мұғалім.
Мектептің алға қойған міндеті:
Оқу тәрбие процесінде жаңа педогогикалық технология негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесін қалыптастыру. Оқушының білім сапасын арттыру, денсаулығы мықты, интелектуалды, дүниетанымы терең, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу.
Мақсаты:
-
Жеке адамның қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасау;
-
Мектеп бітірушінің функционалды толық білім алуын қамтамасыз ету;
-
Оқушының еңбек дағдысын дамыту, кәсіби дайындығын қамтамасыз ету;
-
Оқу тәрбие процессін психологиялық қарым-қатынас нормаларын ескере отырып жүргізу;
2012-2013 оқу жылының міндеттері
-
Оқу бағдарламасы бойынша оқушыларға білім беруде, білім стандартының талаптарын қамтамасыз ету.
-
Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстау.
-
Оқу кабинеттерін материалдық-техникалық базасын нығайтуды әрі қарай жалғастыру.
-
«Білім туралы заңды» орындау әр ұстаздың басты міндеті деп есептеу.
-
Оқушылардың сабаққа толық қатынасуын үнемі қадағалап отыру.
-
Оқушылардың сабақтарға толық қатынасуын және жан-жақты дамуын, мамандық таңдауына педагогикалық басшылық жасау.
-
Салауатты өмір салтын өндіруге байланысты жұмыстарды жандандыру.
-
Білім негіздерін оқытуды өмірмен байланыстыруды жолға қою.
-
Оқушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарын дамыту.
-
Оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруда ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
Олардың негізгі әрі қажеттілеріне мына төмендегіше талдау жасалынды:
-
Білім беру заңының орындалуы.
-
Педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың білім дәрежесін көтеру.
-
Оқу-тәрбие жұмысына педагогикалық және методикалық бақылау.
-
Оқу-тәрбие жұмысына басшылық және бақылау.
-
Мектептің материалдық техникалық базасын жақсарту.
Мектепте 83 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде жоғарғы санатты 3, 41-і
I санатты, 16 –сы II санатты, 69-ы жоғары білімді, 14-і арнаулы орта.
44 сынып комплектісі, 3 мектеп алды даярлық сыныбында барлығы 960 оқушы бар. Бастауыш буында-379, орта буында - 478, жоғары буында-103 оқушы бар.
Мектепте ұстаздың білім деңгейін жетілдіру мақсатында 8 әдістемелік кеңес қызмет атқарады. Әдістемелік кеңес қызметінің міндеті: «Ұстаздың кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында иннавациялық қызметін ұйымдастыру, білім берудің жаңа үрдістерін оқып үйрене отырып, жүзеге асыру және озық іс-тәжірибені насихаттау барысында жаңа технологияны пайдалану.
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздардан басталады» деп Абай атамыз айтпақшы ертеңгі жас ұрпақтың өрені болып өсуі жақсы ата-анамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Демек өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жолына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Осы орайда озық тәжірибелі ұстаздар қатарында биология пәнінің мұғалімі, Т. Жалханова, география пәнінің мұғалімі Г.Абжанова, ағылшын тілінің мұғалімі З. Эралиева, бастауыш сынып оқытушысы А. Сәрсенбаева, орыс тілінің мұғалімі О. Айтпенбетов, тарих пәнінің мұғалімі Г. Қыдырбаева, қазақ тілінің оқытушылары
Б. Сағатова мен М. Хизирова.
Жас өркеннің бойындағы дарындылықты дамытудың нақты, бағыты мынандай модуль арқылы асады.
Мектепте «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы өз жұмысын бастаған болатын. «Жасұлан» ұйымы 5-9 сыныптардың 220 үздік және екпінді оқушылардан құралған, өзінің мақсаты мен міндеті, ән ұраны бар замандастарына үлгі бола білетін, мектептің, қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын көптеген жақсы істердің ұйытқысы болып жүрген үлкен ұйымға айналды.
Білім берудің ең басты өзгерісі - өзінің мағынасында жаңа мақсат міндеттерді қоюды және мектептің іс әрекетіне басқаша тұрғыда ықпал етуді талап етеді. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар мектептің біртұтас психологиялық іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
1. психологиялық немесе әлеуметтік жағынан әртүрлі қиындықтарға кездесіп жүрген оқушыларға көмек беру;
2. жүйелі түрде мектеп ортасында жеке тұлғаның дамуын бақылауға алу, бағыт-бағдар беру;
Мектептерді компьютерлендіру қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай мектебімізде 5 компьютер кабинеті бар, интернет жүйесіне 2 кабинет қосылған, информатика сабақтары 6-11 сыныптарда жүргізіледі. Мектепте 1 мультимедиялық кабинет, 9 интерактивті тақта орнатылған.
Мектеп кітапханасы қоры жылдан жылға көбейтіліп отырады.
Оқушыларға, ұстаздарға алғашқы медициналық көмек, вакцинаның егу жұмыстары, тазалық ағарту саласындағы жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Көп балалы, әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан балалар, 1-4 сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жалпы оқумен қамту қорынан қаражат бөлінген.
Оқушыларымыздың өнер және спорттан да жетістіктері аз емес. Қалалық, аумақтық күрес, бокс, баскетбол, валейбол, футбол жарыстарында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз жеңістерімен ұстаздарын қуантуда. Жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқан қазіргі кезеңде білім сапасындағы әр адамның көкірегінде ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізінде құрылуына барып тіреледі» - деген сөзі жолбасшы болады деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |