Асылбекова мәрзия пәзілқызы халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру



бет1/2
Дата09.06.2016
өлшемі484.74 Kb.
#125864
түріДиссертация
  1   2


ӘОЖ [37.013:37.03]:37.018.3 Қолжазба құқығында

АСЫЛБЕКОВА МӘРЗИЯ ПӘЗІЛҚЫЗЫ

Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі

тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2008

Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды


Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Меңлібекова Г.Ж.,


педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Жұмабекова Ф.Н.



Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Наурызбай Ж.Ж.


педагогика ғылымдарының кандидаты

Сқақова Р.А.

Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты

Диссертация 2008 жылы________________күні сағат_________Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде келесі мекен-жай бойынша қорғалады: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, №1 кеңейтілген дәрісхана.

Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: 100028, Қарағанды қ., Университет көшесі, 28.

Автореферат 2008 жылы «______»____________________ таратылды.

Біріккен диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Н.А. Мынжанов

Кіріспе



Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбиенің шешуші факторы болуы заңдылық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж., 2007 ж.) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын қазіргі балалар үйі – толық мемлекеттің қарамағындағы ұйым. Балалар үйінде негізінен жетім балалар, жалғызбасты аналардың баласы, жағдайы төмен отбасы балалары немесе денсаулығы нашар, кемтар балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетіні айтылса, «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №1738 қаулысының жалпы бөлімінде: «Мемлекет сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды олардың білім алу кезінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киім-кешектерді, медициналық көмектер алуын, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды» деп көрсетілген.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу – балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын және балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы бойынша 18 мыңнан астам ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тастанды балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 80% қазақ балалары. Олардың 4% ғана әртүрлі тағдыр тауқыметтерімен ата-анасынан айырылғандар болса, 96% ата-анасынан тірідей айырылғандар, яғни әлеуметтік жетімдер (әке-шешелерінің ішімдікке салынуынан, өз балаларын перзентханаларға немесе өзге орындарға тастап кетулеріне байланысты сәбилер үйі мен балалар үйлеріне қабылданғандар). Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 78% - нан астамында физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамуында ауытқушылықтар байқалады. Оған себеп ата-ана өлімі, отбасының ұрыс-керістері, күнделікті күн тәртібінің балалар үйіне келгенге дейінгі уақытта дұрыс болмауының әсерінен болады. Мұның барлығы балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жүйелі де, бірізді жылы қарым-қатынасты жағдай жасауды талап етеді. Себебі, аналарының ақ уыз сүтін бір тойып еме алмаған, ананың аяулы алақаны, әкенің жүрек жылуын сезіне алмаған, төңіректеріне тосырқап қарайтын, жандары жабырқау, көкіректері шерменде қаракөз бүлдіршіндердің тағдырын ел болып бір жақты реттейтін уақыт келген сияқты. Тарихқа көз жүгіртсек, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, келешек ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол бермеген, жесірлерін жерге қаратпаған, жетімдерін жылатпаған елдік дәстүрлер болған. Алайда, бүгінгі қозғап отырған мәселеде Отанымыздың келешек белсенді мүшелері – нәрестелерімізді қорғап, ұлттық тәрбиені ата-баба дәстүрлерінің озық үлгілерін баланың санасына орнықтырып, сәби кезінен бойына сіңіріп, ойына ұялату бүгінгі таңдағы ең басты мәселе ретінде қарастырылады. Сондықтан өмірге келген сәтінен бастап, ұлттық қасиеттерді сәбидің бойына ұялата білсек, сонда ғана біз өз ұлтын сүйетін, рухы дамыған, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қоса алатын балалар үйінде нағыз қазақ азаматын тәрбиелеп өсіре аламыз.

Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту - олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет.

Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.

Ұлттық тәлім-тәрбие арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының ағартушы ғалымдары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, тағы басқалардың еңбектерінің орны ерекше.

Дамыған қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімділігі, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский т.б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.

Қазақстандық белгілі психолог-ғалымдар Ә.Алдамұратов, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, Г.А.Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова зерттеулерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды ой-пікірлер айтылған.

Ресейлік психолог-ғалымдар Л.С.Выготский, А.Г.Ковалев, А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов С.Л.Рубинштейн т.б. жеке тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің қалыптасу теориясы мен ұстанымдары туралы ой-пікірлер түйіндеген. Ал, мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері туралы белгілі психологтар Е.Е.Кравцова, А.А.Люблинская, В.С.Мухина тұжырымдары зерттеуімізге негіз болды.

Тұлғаны қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Бұл шет ел ғалымдары Х.Дейкер, Г.Н.Нойнер, З.Фрейд, Э.Эриксон еңбектерінде көрініс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттелген.

Халық педагогикасы мен қазақтың тәлім-тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Соңғы жылдары арнайы халық педагогикасын ТМД елдер ғалымдарынан зерттегендер Г.Н.Волков (Чувашия), А.Ш.Гашимов (Әзірбайжан), А.Э.Измайлов (Қырғызстан), Е.Н.Ханбиков (Татарстан) және т.б. зерттеулерінің нысанасы ретінде қарастырды.

Халық педагогикасын зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық көрнекті ғалымдар З.Әбілова, Ш.Әлібеков, С.Ғаббасов, С.Қалиев, К.Қожахметова, А.Мұхамбаева, Ж.Наурызбай, Н.Сәрсенбаев, К.Сейсенбаев, Р.Сқақова, Ә.Табылдиев, Р.Төлеубекова, С.Ұзақбаева және т.б. еңбектерінде бала тәрбиесіндегі ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы кеңінен қарастырылады.

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар А.С. Әмірова, Б.Б. Баймұратова, С.Ғ. Бәтібаева, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, Т.Иманбеков, Т.А.Левченко, А.Е.Манкеш, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т. Тұрыскелдина және тағы басқа да зерттеушілер мектепке дейінгі кезеңнің алуан түрлі мәселелерін жан-жақты қарастырып, балаларға мен білім беру тәрбиелеу мазмұнын, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, қағидаларын тұжырымдаған.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен оқу-тәрбие жүйесіндегі қарым-қатынастар мәселесін зерттеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдары: Т.А.Баласанян, А.А.Виноградова, Е.В.Виноградова, Т.М.Землянухина, А.А.Лобанов, О.Д.Мукаева, Л.И.Рюмшина, Т.И.Тарабарина, С.П.Юняева, А.А.Ярулов өз еңбектерінде балаларды жан-жақты қалыптастырып тәрбиелеу мәселелерін зерттеп, ғылыми-әдістемелік жолдарын ұсынған.

Қазақстандағы арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың дамуы мен тарихын Л.Г.Акжаркенова, Ж.И.Намазбаева, А.К.Сатова, М.Ж.Смайловалар арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосты.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбие беретін балалар үйі саласында бірқатар еңбектер жазылғанымен, оларда тек жан-жақты дамыту және тәрбиелеу әдістері мен мәселелері қарастырылады, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері туралы мәселе көтерілмейді.

Қоғам мен тұлға бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті, жеке тұлға өзінің көздеген міндетін іске асыру арқылы қоғамдық мүддені шешеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстардың барлығы адамдардың тікелей қатысуы арқылы пайда болады. Бұдан Қазақстан тәуелсіздігінің кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жолдарының анықталмауы, мектепке дейінгі жастағы балалар үйінде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңарту қажеттігі, мемлекеттік тілде дайындалған арнайы балалар үйіне арналған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы, халық педагогикасы материалдарының жеткіліксіз қолданылатындығы, жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің нақтыланбағандығы мен педагогика ғылымында айтылған мәселенің толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің нысаны: Балалар үйінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің пәні: Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, олардың психологиялық ерекшеліктері айқындалса, оқыту мен тәрбие берудің мазмұны халық педагогикасы негізінде жаңартылса, тиімді әдіс-тәсілдер жүйеленіп нақтыланса, қазіргі заманға сай бағдарлама және әдістемелік құралдар дайындалып, тәжірибелік байқаудан өткізілсе, онда тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға болады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау және «тұлға» ұғымының мәнін нақтылау.

3. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау және моделін жасау.



4. Балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Халық педагогикасының озық идеяларын бүгінгі таңда балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен пайдалану тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастырудың әлеуметтік мәні, ерекшелігі мен жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекеті және тұлғалық қатынас туралы қазіргі философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидалар; балалар үйі, табиғат, қоғам, адамдар мен балалар арасындағы өзара байланыс пен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы; этнопедагогика мен этнопсихологияның балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеу туралы қағидалары жатады.

Зерттеудің көздері: Философия, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «Неке және отбасы туралы» Заңы, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, Бала құқықтарын қорғау туралы конвенция, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы-қарарлары, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын шет елдік философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, автордың әдіскерлік іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік зерттеулерге және мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбие бағдарламаларын талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, балалар үйіндегі тәжірибелік-педагогикалық эксперимент, диагностикалау, математикалық тұрғыда өңдеу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2002-2003 жылдар) тақырып анықталып, зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері айқындалды. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі және моделі ұсынылып, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері белгіленді.

Екінші кезеңде (2003-2005 жылдар) балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы тәжірибелік эксперименттен өткізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2007 жылдар) балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға байланысты тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі қорытындыланды, осының негізінде әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің базасы: тәжірибелік эксперимент жұмысы Астана қаласындағы «Гүлдер» балалар үйінде, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде, Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі арнаулы балалар үйінде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделді;

- тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі анықталып және «тұлға» ұғымының мәні нақтыланды;

- тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталып, моделі жасалды;

- балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: диссертациядағы теориялық тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, біріншіден, осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады; екіншіден, ұсынылып отырған халық педагогикасы негізінде жасалған «Балалар үйінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемесі» атты әдістемелік нұсқауы тәжірибелік байқаудан өткізілді. Зерттеу материалдарын балалар үйi iс-тәжірибесiнде және орта арнаулы және жоғары педагогикалық оқу орындарында, педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздерге сүйеніп айқындалуымен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуі, алынған нәтижелер мен тұжырымдардың балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінде қолданылуы арқылы зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негізделуі.

2. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі және «тұлға» ұғымы мәнінің нақтылануы.

3. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және моделі.

4. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге енгізу.

Ғылыми-зерттеу мазмұны «Қазақстандағы және онымен шектес аумақтардағы инновациялық білім беру мен әлеуметтік-мәдени саясат: тәжірибе, мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005 ж.), «Абай мұрасы – тілдік өрістің негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005 ж.), «Университеттік білім: сапа, технологиялар, элитарлық» тақырыбындағы VI ғылыми-әдістемелік конференцияда (Астана, 2005 ж.), «Қазақстан мен Қырғызстан жас ғалымдарының этнопсихология мен этнопедагогика саласындағы ізденістері» тақырыбындағы II мемлекетаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2006 ж.), «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2006 ж.) талқыланды.



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің көздері, зерттеудің практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, диссертация құрылымы баяндалды.

«Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды. Балалар үйінде тәрбиеленетін мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы, олардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасалынып, оларды тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасына талдау жұмысы жүргізіліп, халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері, моделі анықталып, мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбиенің жаңартылған мазмұнын қалыптастыруға арналған бағдарлама ұсынылды.

«Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың тәжірибесі» атты екінші бөлімінде халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие жүйесіне енгізген жағдайдағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жүргізілуі мен нәтижесі сарапталып, халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың диагностикасы беріліп, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруға байланысты эксперименттік жұмыстардың барысы қарастырылды.

Қорытындыда ғылыми-теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен мәселенің болашағын айқындайтын ұсыныстар берілді.

Қосымшада «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасы мен оның мазмұны негізінде жүргізілген сабақ жоспарлары ұсынылды.
Негізгі бөлім
Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – балалар үйі педагогтарының, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Балалар үйі – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы тәрбиеленушілерді қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлайды. Балалар үйі ұйымдарының өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрлері бар. Мұндай балалар үйінің негізгі түрлері:


  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжайлар (туғаннан - 3 жасқа дейінгі);

- аралас балалар үйі (мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған);

- арнаулы балалар үйі (денсаулығы нашар, кемтар балаларға арналған);

- жалғызбасты аналардың балаларына арналған «Үміт» балалар үйі.

Бұл арнаулы ұйымдар – тәрбиеленушілердің дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік тұрғыда бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұл мәселе бала құқықтарын қорғау туралы конвенцияның 20-бабында: «Мемлекет отбасынан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті. Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» отбасылық қамқорлық көрсетуі, болмаса тиісті ұйымдарға орналастыру қарастырылуы қажет. Мұндай әрекеттер баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын және оның этникалық шығу тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі ескерілуі тиіс» - деп тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық құқықтарының қорғалуы нақты тұжырымдалған.

Қазіргі қоғамның тарихи даму тәжірибесі бала тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерінен туындауда. Осыған орай, бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр.

Жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлер айтқан орта ғасыр ғұламалары: әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген классик ақындар мен ағартушылар: Абай, Шоқан, Ыбырай және қазақ зиялылары: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог М. Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарының бірі де – бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі. Осыған орай, педагог «түзу адам», «жетілген адам» туралы айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен байқалады, бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға – сан қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу, дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады, деп тұжырымдаған.

Педагог, психолог-ғалым Ж.Аймауытұлы тәлім-тәрбие саласында адам тек қана белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі ғана емес, ең алдымен – тұлға. Тұлға – қоғамда өзінің орны бар, ерекше қасиет иесі. Оның ұлттық тәлім-тәрбие ісін дұрыс, тиімді ұйымдастыру мен шешуде жеке тұлғаны қалыптастырудағы зор маңызы бар екенін айтады.

Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда біз тоқталған ұлы ғұламалардың мұраларын балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұлғасын қалыптастыруда, олардың бойына адами ізгілік қасиеттер мен еңбекті сүюге, білімге қызығушылыққа тәрбиелеуде басшылыққа алуға болады деп түсінеміз.

Жеке тұлға белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтік негіздерін халық педагогикасы мен ұлттық психология қарастырады.

Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог ғалымдар: Ә.Алдамұратов, С.Балаубаев, Қ.Жарықбаев Т.Тәжібаев, А.Темірбековтердің психологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде ғылыми-теориялық және әдістемелік еңбектер жарық көрсе, ғалымдар Г.А.Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова, т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады.

Психолог М.Мұқановтың айтуынша, «Мектепке дейінгілердің «мен» деген қасиеті едәуір қалыптасып қалады. Мектепке дейінгі кезең – жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі. Осы жаста бала өзіндік «менін» сезініп, өзін-өзі танып, салыстырмалы түрде тұрақты ішкі әлемі қалыптаса бастайды. Сонымен бірге жеке тұлға психикасының дамуына әсер ететін күнделікті іс-әрекеттерде мектепалды даярлық топ балаларының үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы күрделеніп, іс-әрекетінің мазмұны, түрлі (ойыны, еңбегі, сабағы) мақсаты сипат алады. Үлкендер тарапынан өзіне қойылған талапты, оның мазмұны мен мақсатын түсініп, соған сай әрекет ете отырып, қоғамға пайдалы еңбек әрекетін істеуге икемделеді» - деп, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшелігіне сипаттама береді. Жоғарыдағы мектепалды балаларының жеке тұлға ретінде даму ерекшелігін ескеріп, осы жаста балалар өзіндік «менін» сезініп, түсіне бастайды деп тұжырымдаймыз.

Жеке тұлғаның психологиялық негізін анықтауда Ресей психологтары Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Давыдов В.В., Запорожец А.В., т.б. ғылыми зерттеулеріне талдау жасалды.

Гуманист психологтар Г.Айзенк, А.Маслоу, Г.Оллпорт, К.Роджерс өз еңбектерінде жеке тұлға туралы құнды ой-тұжырымдар жасаған.

К.Роджерстің пікірінше, жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланысты дамып қалыптасады. Ғалым теориясында: «Мен» тұжырымдамасы «нақты Мен-ді» және «идеалды Мен-ді» (адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды. «Мен» тұжырымдамасының дамуы, негізінен, әлеуметтену процесі арқылы жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі десе, Г.Айзенк «Жеке тұлға – бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының азды-көпті тұрақты құрылымы. Мінез – мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі. Темперамент – адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлқының азды-көпті тұрақты жүйесі. Интеллект – бұл когнетивті мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі» деп тұжырымдаған.

А.А.Виноградова: «…толық, анық ұйымдастырылған тәрбиеленуші өмірі, ондағы күн тәртібінің сақталуы, шынайы жауапкершілік пен өзін-өзі басқаруға мүмкіншілігі, дұрыс түсінушілік, ұстаз жетекшілігі мен ұйымдастырушылығы – осының бәрі тәрбиелеу жұмысының жоғары нәтижесін көрсетеді. Осыдан барып тәрбиеленушінің берілген жұмысқа деген жауапкершілігі, еңбек сүйгіштігі, өздігімен ұсыныс жасауға ұйымдастырушылық қабілеттері, өмір бойы қалыптасады, дағдыланады. Осындай жеке бас дағдылары мен қабілеттері қалыптасқан әрбір балалар үйі тәрбиеленушісі өзіне-өзі сенімді, батыл да, қайратты болып, әрі қарай өмір сүрулеріне көмектеседі».

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің психологиялық даму ерекшеліктері туралы А.М.Прихожан, Н.Н.Толстыхтың «Дети без семьи» атты еңбегінде: «Көптеген елдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей отбасынсыз өскен балалардың дамуы, оның ішінде баланың мінез-құлық дағдылары мен жеке тұлға қасиеттерінің қалыптасуы отбасында өскен балаларға қарағанда ерекшеленіп тұрады. Басқаша айтқанда, олардың дамуы төмен немесе жоғары емес, жәй балаға қарағанда олар өзгешелеу» - деп тұжырымдаған.

Жоғарыда біз талдау жасаған зерттеулер бүгінгі таңда балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін әр қырынан қарастырғанымен жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі жан-жақты, арнайы зерттеу нысанасына алынбағандығы анықталды. Сол себепті, біз зерттеуімізде балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінің барысында ішінара болса да тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесін қарастыруға ден қойдық.

Балалар үйі жағдайындағы тәрбиеленушілердің дамуында психологиялық ерекшеліктер байқалады. Олар:

- психикалық процестердің дамуындағы ерекшеліктер: қабылдауының төмендігі, түйсінудің әлсіздігі, есте сақтаудың, қиялдың баяу дамуы, көрнекілік-бейнелік ойдың толық жетілмеуі, зейіннің тұрақсыздығы, т.б.;

- мінез-құлық дағдыларындағы ерекшеліктер: көңіл-күйдің жиі өзгеруі мен ашушаңдық, өзін-өзі ұстай алмаушылық, сабырсыздық, ызақорлық, қатыгездік, ұқыпсыздық секілді жағымсыз мінез-құлық дағдылардың басымдылығы;

- қарым-қатынастағы ерекшеліктер: құрдастарымен жиі келіспеушілік, бірігіп ойнай білмеуі, үлкендермен сөйлесе алмауы, оқшаулануы.

Осыған орай, балалар үйі тәрбиеленушілерінің психологиялық дамуындағы сәтсіздікті анықтайтын себептер мынадай:

- тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас пен оқу-тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы;

- әлеуметтік-мәдени ортамен қарым-қатынастың шектеулілігі;

- балалар үйі тәрбиешілерінің психологиялық-педагогикалық дайындығының жеткіліксіздігі;

- тәрбиеленушілерді тәрбиелейтін арнайы маман-педагогтардың жиі ауысуы;

- мектепке дейінгі балалар үйінде ойынды ұйымдастыру мен қалыптастыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

- тәрбиеленушілердің қарапайым мұқтаждықтарының шектелуі.

Отбасы жағдайында, өз үйінде бала өзін еркін ұстап, қалаған қажеттілігін қанағаттандырып отырады. Мысалы, қыз бала әжесі мен анасының үй жұмыстарына қатысып, ұл бала ата, әкесімен үй шаруашылығына қажетті заттарды, нәрселерді жасауға қатысып, көзімен көріп, іс-әрекеттерді бөлісуге, жоспарлауға ат салысады. Әрбір еңбек іс-әрекеттері үлкендер тарапынан қадағаланып, бала еңбекке баулынады. Ал, балалар үйлеріндегі ұл-қыздардың мұндай мүмкіндіктері жоқ, сол себептен тұрмыстық қарапайым жұмыстарға икемсіздік көрсетеді. Қазіргі психологиялық зерттеулерде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дамуында болатын негізгі кедергі – қолайсыз күй (депривационные условия) деп білеміз.

Тәрбиеленушілердің мұқтаждықтарының шектелуі жеке тұлға ретінде

қалыптасуда қажетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен аналық жылылықтың болмауынан деп тұжырымдауға болады. Балалардың ақыл-ой, адами ізгілік қасиеттер мен психологиялық процестердің бағдарлы дами алмауы - өз қажетін өтей алмаудың басты сипаттамасы болмақ.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін тәлім-тәрбие саласы – халық педагогикасы. Халық педагогикасы – көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі ғылым. Халық педагогикасы – тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы. Ол – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Халық педагогикасы, егер тәрбие туралы халық түсінігін ескермесе, өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихында жинақталған педагогикалық тәжірибесін зерттемесе, жеке тұлғаны қалыптастырудың міндетін шеше алмаған болар еді.

Қазақстан Республикасы бойынша халық педагогикасының мақсатын, мазмұнын, әдіснамалық негізін ашуда үлес қосқан көрнекті ғалымдар З.Әбілова, Ш.Әлібеков, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова, А.Мұхамбаева, Н.Сәрсенбаев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева және т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады.

Н.Сәрсенбаев педагогикалық теорияны толықтыра түседі, халықтың ауызекі шығармашылық туындылары: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халықтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер рөлін және олардың педагогикалық мазмұнын халық педагогикасының құралы ретінде баяндайды. Сондай-ақ, еңбектерінде қазақтың халық педагогикасының қазіргі тәрбиені ұйымдастырудағы практикалық маңызы қарастырылады, атап айтқанда, балаларды мектепке даярлау мәселелері және қоғамдық тәрбиенің орны сөз болады. Ол халық педагогикасы құралдарын отбасы тәрбиесінде пайдалану түрлеріне және осы мәселедегі отбасы дәстүрлерінің алатын орнына жан-жақты сипаттама берген. Талдау жасалған жоғарыдағы зерттеулерде «халық педагогикасы» ұғымы негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелерін мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысының барысында қолдану ұсынылады.

Ресей ғалымы К.К.Платонов: «Жеке тұлға – ол өзінің барлық дербес өзгешеліктерімен бірге тірі организм түріндегі нақты адам. Тұлға – адам ретінде сананың иесі. Бұл жағдайда сана – іс-әрекет арқылы адам психикасының белсенді компоненттері. Жеке тұлғаны қалыптастыру – оны мақсатты бағытқа өзгерту. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының өзгеріп отыруына негізінен ұжымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде мұғалімнің жеке тұлғасы мен ұйымдағы ұжым әсер етеді. Осыған байланысты жеке тұлға бойындағы психикалық процестер мен мінез-құлық, адамгершілік қасиеттердің барлығы да тәрбие үдерісінде қалыптасады» – деп анықтама береді.

Осы орайда, психолог А.А.Люблинская: «Жеке тұлға – оның өзіне ғана тән белгілі бір физикалық және психикалық ерекшеліктері бар адам. Сондықтан да нақты бір жеке тұлға туралы айтқанда, біз дербестік туралы да айтамыз. Жеке тұлға дегеніміз - дербестік, яғни сол нақты адамға тән және оны барлық басқа адамдардан ерекшелеп тұратын физикалық және психикалық ерекшеліктердің, олардың үйлесімінің, пішіндерінің, айқындылық дәрежесінің қайталанбас өзгешелігі» деп қарастырған.

Ғалым К.Оразбекова өзінің «Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты докторлық диссертациясында жоғары мектеп тәрбиесінде ұлттық тұлғаны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін айқындап, әдістемелік құралдар ұсынған. Соның нәтижесінде ғалым: «Ұлттық тұлға – белгілі тілі, діні, мәдениеті, салт-санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттер мен өз ұлтының, халқының тұрмыс-тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғарғы рухани деңгейде дамыған адам» деп, «ұлттық тұлға» ұғымына анықтама беріп, үлгісін ұсынған.

Ал, ұлы Абай мақал-мәтелдерді жоғары бағалай келіп, оны бала тәрбиесінде талғап пайдалану қажеттігін айта отырып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде «Адам», «Толық адам» (кәмил инсап) деген ұғымдарға тоқталады. Ғұлама ақын өткен заман ғұламаларының нағыз адам, кемел адам туралы пайымдауларын сын көзбен тексере келе: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті»-дейді. Олар – «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» деген тұжырым жасайды. Абай осы үш ақыл сипатты (ыстық, нұрлы, жылы) үш қасиет (қайрат, ақыл, жүрек) тұтасқанда ғана толық (нағыз кемел) адам болатынын айтып: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда «Толық адам» боласың, елден ерек»-дейді. Аталған тұжырымдарды негізге ала отырып, зерттеу мәселесіне сәйкес төмендегідей «тұлға» ұғымының мәні нақтыланды:



Балалар үйінің тәрбиеленушісі - ана тілін еркін меңгерген, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін түсінетін, жеке дара психикалық процестері, жағымды мінез-құлық пен қарапайым еңбек дағдылары қалыптаса бастаған тұлға.

Осыған сәйкес зерттеу барысында тәрбиешілерге балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда алдымызға мынадай міндеттер қойдық. Олар:

- тұлғаны қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білу шеберлігін меңгеру;

- тұлғаны қалыптастырудың маңызы мен мәнін анықтау;

- халық педагогикасының мазмұны мен әдістемесі туралы білімдерін жетілдіру;

- тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін айқындап алу;

- тұлғаны қалыптастыруда диагностика жасай білу іскерлігін меңгеру.

Зерттеу барысында бұл міндеттерді жүзеге асыруда жоғарыда айтылған «тұлға» туралы анықтамаға сүйеніп, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың өлшемдері белгіленді. Олар: жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктерінің дамуы, халық педагогикасы материалдары туралы түсінігі, білімі, тәрбиеленушілердің іс-әрекет дағдысы. Зерттеуімізде аталған өлшемдер мен көрсеткіштерге сүйене отырып, халық педагогикасының мүмкіндіктері мен тұлғаны қалыптастыру компоненттерінің өзара байланысын анықтау, халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру моделін жасауға мүмкіндік берді (1- сурет).




Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру



Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың негізін анықтау, тұлға ұғымының мәнін зерттеу мәселесіне сәйкес нақтылау, моделін құру (өлшем, көрсеткіштер, деңгейлері), теориялық моделі бойынша бағдарлама ұсыну, тәжірибелік байқаудан өткізу








Жеке тұлғаны

қалыптастыру

компоненттері


Өлшемдер


Көрсеткіштер

Мақсаттылық-

мотивациялық



Жеке тұлғаның дара психология-лық ерекшелік-терінің дамуы

- психикалық процестердің қалыптасуы: ес, есте сақтау, қабылдау, қиял, ойлау, түйсік, сөйлеу, зейін, ерік;

- темперамент;

- мінез-құлық дағдысының қалыптасуы.


Мазмұндық-

операциялық



Халық педагогикасы материалдары туралы түсінігі, білімі

- тәрбиеленушілердің халық ауыз әдебиеті үлгілерін білуі, мазмұнын түсінуі, пайдалана білуге қызығушылығы, білімі;

- салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы түсінігі, сүйіспеншілігі, білімі;

- ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туралы түсінігі, білімі, дағдысы;

- ұлттық ойындарға қызығушылығы, білімі.



Процессуалдық-

қорытынды



Тәрбиеленуші-

лердің іс-әрекет дағдысы



- ойын, сабақ, еңбек, іс-әрекет барысында халық педагогикасы материалдарын пайдалана білуі;

- мәдени қарым-қатынас дағдысының сақталуы.












Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, саяхат, ойын-жаттығулар, педагогикалық жағдаят, т.б.





Халық ауыз әдебиеті үлгілері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар



Қарапайым еңбек ете білуге икемді, іс-әрекетте белсенді тұлға қалыптасады.

Сурет-1 Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру моделі (5-6 жас)


Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын анықтау халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырылды. Ол халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу және алған білім-білік дағдыларды іс жүзінде көрсете алу дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өз кезегінде олардың ұлттық тәрбиені меңгерген, дамыған тұлға болып қалыптасуынан туындайтын мотивациялық, мазмұндық және процессуалдық компоненттерді құрайды.

Мотивациялық компонент жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктерінің дамуымен сипатталады.

Мазмұндық компонент халық педагогикасы материалдары туралы түсінігін, білімін арттыруды қамтиды.

Процессуалдық компонент мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің іс-әрекет дағдысының қалыптасуымен сипатталады.

Жоғарыда аталған өлшемдер мен көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын

қалыптастырудың жоғары, орта, төменгі деңгейлері анықталды.



Жоғары деңгей: балалар үйінде мектепалды тобы тәрбиеленушілерінің психикалық процесстері: қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейіні мен қиялы жоғары деңгейде дамыған, жағымды мінез-құлық дағдылары жақсы қалыптасқан; халық педагогикасы материалдарын: ертегі, санамақ, қаламақ, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, өтірік өлең, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, маусымдық тақпақтар, балалар айтысы мазмұнын түсініп, өз бетінше айтады, алған білімі мен дағдыларын күнделікті тәжірибеде қолдана алады. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, т.б. өзінің іс-әрекетінде пайдалана біледі, оған деген қызығушылығы басым, өз ойын дәлелдей алады. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктері қалыптаса бастаған.

Орта деңгей: балалар үйінде мектепалды тобы тәрбиеленушілерінің психикалық процесстері: қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейіні мен қиялы орташа деңгейде дамыған, жағымды мінез-құлық дағдылары қалыптаса бастаған; халық педагогикасы материалдарын: ертегі, санамақ, қаламақ, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, өтірік өлең, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, маусымдық тақпақтар, балалар айтысы мазмұнын түсініп, өз бетінше айтуға жаттықпаған, алған білім, білік, дағдыларын күнделікті тәжірибеде жеткілікті дәрежеде қолдана алмайды. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларына, зергерлік бұйымдарына деген қызығушылығы бар, бірақ оларды өзінің іс-әрекетінде пайдалануда тәрбиешінің көмегін қажет етеді, өз ойын нақты дәлелдей алмайды. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктерінің қалыптасуы жеткіліксіз.

Төменгі деңгей: балалар үйінде мектепалды тобы тәрбиеленушілерінің психикалық процесстері: қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейіні мен қиялы толық дамымаған, жағымды мінез-құлық дағдылары қалыптаспаған; халық педагогикасы материалдарын: ертегі, санамақ, қаламақ, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, балалар айтысы мазмұнын түсінуі жеткіліксіз, өз бетінше айта алмайды, алған білімін, дағдыларын күнделікті тәжірибеде қолдана білмейді. Cәндік-қолданбалы өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, т.б. өзінің іс-әрекетінде пайдалана білмейді, оған деген қызығушылығы төмен, өз ойын дәлелдеуге талпынбайды. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктері қалыптаспаған.

Эксперимент Астана қаласындағы «Гүлдер» балалар үйінде, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде, Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі арнаулы балалар үйінде жүргізіліп, оған барлығы 80 бала, 30 тәрбиеші қатысты.

Зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне сәйкес арнайы анықтау эксперименті жүргізілді. Эксперименттің мақсаты: балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын қалыптастырудың бүгінгі күнгі бағыт-бағдары айқындалып, халық педагогикасы материалдарын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Өткізіліп келген оқу-тәрбие жұмыстарының жас ерекшелігіне лайықты жүйеленуі және оны күнделікті іс-әрекет барысында тиімді қолдану әдістері айқындалды. Іс-әрекеттің барысын айқындауда төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: сауалнама жүргізу, әңгімелесу, сабақтарға қатысу, нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу, тәрбиешінің педагогикалық әрекеттерін бақылау тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеуде басшылыққа алып отырған бағдарламасы бойынша халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асырудың бағыт-бағдарын айқындап, төмендегідей кемшіліктерді анықтадық:

- балалар үйіндегі тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сай арнайы халық педагогикасы негізінде жазылған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы;

- халық педагогикасы негізінде ұлттық бұйымдармен, құрал-жабдықтармен арнайы жабдықталған бөлмелердің болмауы;

- балалар үйінде арнаулы білімі бар мамандардың жеткіліксіздігі;

- балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісінің халық педагогикасы негізінде жүйелі жоспарланбауы және оны пайдаланудың тұрақты бағыт-бағдар алмауы;

- халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілер тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеу мазмұнына көңіл бөлінбегендігі.

Жоғарыдағы анықтау экспериментінің нәтижесі бойынша тәрбиешілердің халық педагогикасы материалдары туралы және оны тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда пайдаланудағы білімі мен іс-тәжірибелерінің жеткіліксіздігі төмендегідей мәліметтермен тұжырымдалды:

- балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, халық педагогикасы материалдарын пайда-лануда арнайы бағдарламаның қажеттілігі;

- тәрбиеші мамандардың халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы үшін кәсіби педагогикалық даярлықтың керектігі анықталды;

- халық педагогикасы материалдарын жинақтау және оны оқу-тәрбие жұмысы барысында пайдалану мүмкіндіктерінің өз деңгейінде емес екендігі;

- балалар үйіндегі педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыруда зерттеу мәселесіне байланысты материалдардың назардан тыс қалғандығы байқалды;

- тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда олардың психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайларының ескерілмейтіндігі байқалды.

Аталған олқылықтардың орнын толықтыруды біз зерттеу жұмысымыздың

қалыптастыру эксперименті кезеңінде жүзеге асырдық.

Қалыптастыру эксперименті барысында негізгі үш бағыт айқындалды:



Бірінші бағыт – балалар үйінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасау.

Екінші бағыт – оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Үшінші бағыт – тұлғаны қалыптастырудың мониторингін жасау.

Эксперимент нәтижелері үш кезеңде анықталды:

1. Нақтылау – зерттеу тақырыбына сәйкес педагогикалық тәжірибеде қаралатын мәселелердің жағдайын анықтау.


  1. Қалыптастыру – ұсынылған эксперимент материалдары негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды байқаудан өткізу.

3. Түзету, бекіту – алынған сараптама мәліметтерді талдау, нәтижелерге сәйкес статистикалық деректерді өңдеу, балалар үйі тәрбиешілеріне арналған оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу.

Қалыптастыру экспериментінің мақсаты: балалар үйіндегі мектепалды тобы тәрбиеленушілерін халық педагогикасы материалдарымен (халық ауыз әдебиеті үлгілері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар) тереңірек таныстыру. Халық педагогикасы материалдарына қызығушылығын арттыра отырып, танымдық процестерін дамыту, жеке тұлғасын қалыптастыру.

Эксперимент нәтижесінде анықталған кемшіліктерге орай, зерттеуіміздің келесі кезеңінде тірек балалар үйінде халық педагогикасы негізінде дайындалған «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасының мазмұнын басшылыққа ала отырып, зерттеу міндеттеріне сәйкес халық педагогикасы материалдарының көмегімен, олардың психологиялық ерекшеліктері мен сана-сезімі деңгейіне лайықты әдіс-тәсілдерімен түсіндіру арқылы белгілі бір деңгейде таным-түсінікті кеңейтіп, жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалауға болатынына көз жеткіздік. Қалыптастыру экспериментінің барысында халық педагогикасы материалдарын пайдаланып тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда зерттеудің төмендегідей тиімді әдіс-тәсілдері қолданылды. Олар: бақылау, сауалнама жүргізу, әңгіме-сұхбат, тәрбиешілерге арналған курстар, арнайы дайындалған бағдарламаны байқаудан өткізу, кешенді сабақтар ұйымдастыру, танымдық серуендер, саяхаттар, психологиялық ойын-жаттығулар, педагогикалық жағдаяттар, халық ауыз әдебиеті үлгілерін сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында тиімді қолдану, оқылған шығармаларды кейіптендіру, сахналау, ұлттық ойындар ұйымдастыру, салт-дәстүрлерді тәрбие жұмысында қолдану.

Осы талаптарға орай тірек балалар үйіндегі 30 тәрбиешінің білім жетілдіру курстарынан соңғы 5 жылда небәрі 7 педагог өткендігін ескеріп, эксперимент жүргізетін тәрбиешілердің даярлығын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды және тәрбиешілермен арнайы 30 сағатқа жоспарланған тақырыптық арнайы курс өткізілді. Ол төмендегі кестеде көрсетілді.
Кесте 1 – «Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың жолдары» атты тәрбиешілердің білімін жетілдіруге арналған арнайы курс

Тақырыптар


теориялық

тәжірибелік

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер тұлғасын қалыптастыруда халық педагогикасы материалдарын пайдаланудың мақсаты және міндеттері мен мазмұны

2

2

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді ұлттық сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру негізінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары

3

3

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіндіктері

2

2

Қазақтың салт-дәстүрі негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру

2

2

Тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық ойынның маңызы

2

2

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың әдістемесі

2

2

Тәрбиеленушілерге психологиялық көмек көрсету

2

2

Барлығы: 30 сағат

15

15

Педагог мамандар теориялық білімдермен қатар «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасының мазмұнымен таныстырылып, оларға әдістемелік кеңестер берілді. Біздің зерттеу жұмысымыздың барысында халық педагогикасы негізінде дайындалған «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасы бойынша халық педагогикасы құралдарын тәрбиеленушілер тұлғасын қалыптастыруда кеңінен қолдану мақсаты көзделді. Балалар үйі үшін халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға арналған бағдарлама бірінші рет ұсынылып отыр. Бағдарлама тоғыз тақырыпты қамтитын тәрбиелеу-білім беру және тәрбиеленушілерге психологиялық қызмет көрсету бөлімдерінен тұрады. Атап айтқанда, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, шешендік сөздер, ата-баба дәстүрі – ұрпақтарға өнеге, әуен-саз, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық тағам, табиғат тынысы, ұлттық ойындар, имандылық иірімдері.

Эксперимент барысында тәрбиеленушілердің халық педагогикасы туралы білімін, дағдыларын анықтау мақсатында сабақтан тыс уақыттарда жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатты жүзеге асыруда халық ауыз әдебиеті үлгілері, диафильм, дидактикалық материалдар, қойылатын сұрақтар, педагогикалық жағдаяттар, ұлттық ойындар әзірленді. Материалдарды жасаудағы негізгі мақсатымыз – тәрбиеленушілердің біз ұсынған бағдарлама деңгейінде жас ерекшелігіне сәйкес жеке тұлғалық білім-білік дағдыларын, мәдени мінез-құлық әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау.

Қорытынды эксперимент барысында халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін және олардың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударылып, педагогикалық іс-әрекеттерде қолданған әдіс-тәсілдердің тиімді eкендігі дәйекті дәлелденді. Оны ұсынылған қорытынды мәліметтерден көруге болады. Сөйлеу тілі, дербес іс-әрекет жасау дағдылары мен оған қызығуларының жоғарылағаны, сабақ, еңбек, ойын әрекеттерінде қолдана білу білімі мен дағдысының экспериментке дейінгі деңгейімен салыстырғанда өскендігі дәлелденді. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.


Кесте 3 – Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің көрсеткіштері (пайыз есебімен)


Деңгей

лер


Эксперимент тобындағы тәрбиеленушілер саны – 40

Бақылау тобындағы тәрбиеленушілер саны – 40

экспериментке

дейін


эксперименттен

кейін


Экспериментке дейін

Эксперимент-тен кейін

Жоғары

25%

38,7%

22%

28,8%

Орта

41,2%

42,5%

42,5%

45%

Төменгі

33,8%

18,8%

35%

26,2%

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды нәтижесі төмендегідей болды: экспериментке дейін жоғары деңгей көрсеткен тәрбиеленушілердің 25%, орта деңгей 41,2%, төменгі деңгей 33,8% болса, эксперименттен кейін жоғары деңгей 38,7%-ға жоғарылады, орта деңгей 42,5%, төменгі деңгей 18,8% көрсетті; бақылау тобында алғашқы көрсеткіштер жоғары деңгей 22%, орта деңгей 42,5%, төменгі деңгей 35% болса, соңғы көрсеткіштер жоғары деңгей 28,8%, орта деңгей 45%, төменгі деңгей 26,2%-ды көрсетті, яғни бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Бұл зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, алға қойған міндеттердің нәтижелі орындалғандығын көрсетеді.

Х


40

%

алық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің көрсеткіштері төмендегі 2-3 ші суреттерде сипатталды.














25


22




41,2


42,5




33,8


35




0


10


20


30


50


60




жоғары деңгей


орта деңгей


төменгі деңгей



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет