Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімі М. Кабиевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы есебі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жахандық ахуалда: өсім



Дата24.02.2016
өлшемі83.17 Kb.
#18063
Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімі М.Кабиевтың 2015 жылы

атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы есебі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жахандық ахуалда: өсім, реформалар,даму.» атты Жолдауында мемлекет басшысы қазіргі қалыптасып жатқан жаңа заманның бет-бейнесін, ғылыми тұрғыдан негіздеп, планетамызды шарлаған дағдарыстың біздің еліміз үшінде өте салмақты ауыр сынақ болтынын атап көрсетті

Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту; халықты жұмыспен қамту; білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау; шағын бизнес субъектілерінің жұмысын кеңейту және жаңадан ашу; бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау және ауылға инвестиция тарту болып табылады.



Өздеріңізге белгілі жалпы аумағы 216 мың гектарды құрайтын селолық округ аумағындағы 5 елді мекенде 1780 адам өмір сүріп жатыр.

Ауылшаруашылығы саласында 64 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Өткен жылы Е.Сағымбаев басқаратын «Нұр» шаруа қожалығы мен Қ.Төлендин жетекшілік ететін «Қазылық» шаруа қожалығының диқандары 2580 гектар алқапқа бидай, 280 гектар жерге арпа егіп, астық шығымдылығы гектарына орта есеппен 7 центнерден айналды.

Қазіргі таңда бірдейлендіру базасына 3590 бас жылқы, 6780 бас ірі қара, 22080 бас қой-ешкі малдары енгізілсе, жылқының 45 пайызы, ірі қараның 38 пайызы, қой-ешкінің 59 пайызы шаруа қожалықтарының атына тіркелген.

Алайда аталмыш шаруа қожалықтары паркіндегі техникалардың ескілігі, агротехникалық шаралардың тиісті деңгейде атқарылмауы салдарынан астық түсімділігі гектарына жыл сайын 5-7 центнерден айналып отыр. Сонымен қатар сатуға шығарылатын бидай сапасы да сәйкес сыныптылыққа жете алмай келеді. Лизинг әдісімен алынған тракторлар саны («МТЗ-82») 8 бірлікті құрайды.

Шабындық жерлердің тозуы, 2700 га көпжылдық шөп алқабының ескіруі шаруа қожалықтарына жаңадан көпжылдық шөп түрлерін өсіру міндетін жүктейді. Егер 2012 жылы 200 га («Жанатай» ШҚ, А.Әжкенов) еркекшөп тұқымы егілсе, 2015 жылы 100 га («Өміржан» ШҚ, Е.Жүнісов) жерге еркекшөп тұқымын септі. 2016 жылы 200 га жерге себілетін еркекшөп тұқымына сұраныс берілді.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында берілетін мемлекет қамқорлығын шаруа қожалықтары жақсы сезініп отыр. 2014 жылы 54, ал 2015 жылы 123 бас аналықтар мен бұқалар әкелінді. Ескерте кетер жәйт, асыл тұқымды бұқалар мен аналықтарды алу тек қолындағы аналық ірі қара мал саны 50-ден асатын ондаған шаруа қожалықтарына ғана тән болып отыр. Бұған қоса шаруа қожалықтары соңғы 5 жылда 20 бас асыл тұқымды қошқарды отарға, 3 асыл тұқымды айғырды үйірге қосты.
Соңғы 5 жылда базардағы ет бағасының өспеуі, малды өсіруге кеткен шығынның артуы ауыл тұрғындарына айтарлықтай ауыртпалық әкелуде. Жыл сайын 600 бас ірі қара, 400 бас жылқы 3000 бас қой бордақыланып, Қарағанды қаласына арзан бағамен саудаға шығарылса, соншалық бас мал тұрғындардың өз мұқтажына ұсталады.

Ветеринария саласындағы лицензиясы бар мал дәрігерлері 2012 жылдан бастап аудандық ветеринария станциясына тұрақты жұмысқа шығуына байланысты құрамында 6 адамы, 1 «Ваз-2121» автокөлігі бар ветеринарлық пункт құрылды. Пункт Интернет желісіне қосылғандықтан ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бірден компьютердегі дерекқор базасына енгізіледі, ал сойылған малдарға ветеринарлық анықтама ауыл басында белгіленген тәртіппен беріледі.

2014 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен ауылдық округтегі 3 елді мекен, 3 қыстақ сауықтыруға қойылып, тиісті ветеринарлық шараларды «Республикалық эпизоотиялық жасақ» ММ облыстық бөлімінің қызметкерлері жүргізе бастады.

Соңғы 1 жылдың ішінде ірі қара малдан 11 рет, ұсақ малдардан 6 рет қан алынып, 12000 шаршы метр қора-жайлардың дизнефекцияланғанды.

Шағын және орта бизнесті дамыту күн тәртібінде тұрғандықтан, бұл салада өсу динамикасы байқалады. Жеке кәсіпкерлердің саны 7-ден 18-ге дейін өскенмен, бірқатары түрлі себептермен қызметтерін тоқтатты. 2012-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 14 адам (2012 жылы - Т.Кемелбаев, Н.Жақсыбаев, 2013 жылы - А.Ыдрысов, Г.Нуркайдарова, М.Акимбеков, О.Аймакашев, А.Крыкпаева, М.Исакай, 2014 жылы - Н.Бабитанова, М.Кокенов, Н.Жұмашев, 2015 жылы - А.Кемалова, А.Крыкпаев, К.Жаксылыков) 35 млн. теңге көлемінде әртүрлі мақсатқа (тойхана ашу, монша ашу, мал өсіру, т.б.) несие алды.

Ауылдық округте 15 жеке кәсіпкер (3-і монша, 1-і мал сою алаңы, 2-і ауыз сумен қамтамасыз етуші, 1-і тойхана, 1-і жылыжай, 3-і мектептерде ыстық тамақ әзірлеуші, 4-і азық-түлік дүкені) жұмыс жасауда. Дүкендердегі азық-түлік бағасына айына екі рет мониторинг жасалады. Отандық тауарлар «Қазақстанда жасалған» деген белгімен жеке сөреде орналастырылған. Келесі жылы жаңадан монша іске қосылып (Е.Тәшібаев), жеке кәсіпкерлердің саны 2 бірлікке, ал шаруа қожалықтарының саны 4-ке артады

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау мен қолдау көрсетуді біз басты назарымызда ұстайтын боламыз. 3 отбасы АӘК, 18 отбасы балалар жәрдемақысын, 215 адам зейнетақы, 65 ана «Алтын және Күміс Алқа» қосымша төлемақысын, 35 ана 1 жасқа дейінгі бала күтімінің жәрдемақысын, 6 ана мүгедек балаларының жәрдемақысын, 40 адам І-ІІ-топтағы мүгедектік зейнетақысын, 45 адам ІІІ-топтағы мүгедектік зейнетақысын алады.

2014-2015 жылы 3 ІІІ-топтағы мүгедекке (Сәдуақас Ерден, Қазамбаев Серік, Жунусов Нұрбол) жеке ісін ашуға әрқайсына 74000 теңгеден қайтарымсыз несие көрсетілді. Е.Сәдуақас фото шығару, С.Қазамбаев аяқ киімдерді жөндеу, Н.Жунусов «Отау-ТВ» ресиверін баптау жұмыстарымен айналысуда.

Жыл сайын ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 айдан 6 жұмыссыз адам тартылып, тазалық жұмыстарын жүргізеді және соңынан шаруа қожалықтарына тұрақты (маусымдық) жұмыстарға орналастырыладыақшалай материалдық көмек беріледі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері (Б.Ахмадиева, Т.Болат) мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына алып тиісті жұмыстар жүргізуде.



Білімді ұрпақ ұлт болашағы екені анық. 1 орта 2 негізгі, 2 бастауыш мектепте барлығы 270 бала білім алса, оларға 90 мұғалім сабақ береді. №19 орта мектепте 4 жоғары санатты мұғалім бар болса, қалған мектептерде жоғары санаттағы мұғалімдер жоқ, ал І-санаттағы мұғалімдер саусақпен санарлықтай аз. Сол мектептердегі оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білім бәйгелеріне қатыстырылуы, мұғалімдердің әдістемелік байқауларға қатысу деңгейі төмен.

2015 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 10,0 млн. теңге қаржыға №19 ОМ шатыры мен жылу қазандығының мұржасы ауыстырылды. ҰБТ қорытындысы бойынша №19 ОМ түлектері соңғы 5 жылда аудандық деңгейден жоғары көрсеткішке ие болса, 2015 жылы алғашқы ондыққа кірді. Соңғы 5 жылда «Дипломмен ауылға» акциясымен №19 ОМ-ке 3 мұғалім (Б.Адамбаева, Б.Спабекова, А.Серикбаева), №24 НМ-ке 2 мұғалім (А.Алибаев, Т.Қуанышбек), №25 НМ-ке 3 мұғалім (Г.Искакова, А.Искаков, Ж.Ахметова) келді. Ағымдағы жылы оқушылардың сабақ үлгерімдерінің төмендігі, пән мұғалімдерінің біліксіздігінен Аққора ауылындағы №25 НМ бастауыш мектепке ауыстырылды.



Пошта-байланыс саласында «Қазақтелеком» АҚ-на қарасты Талды ауылында 200, Ақбай-Қызылбай ауылында 2, Аққора ауылында 2, Сарыобалы ауылында 3, Белдеутас ауылында 7 нөмірлік байланыс телефондары жұмыс жасайды. Алайда 2015 жылдың ІІ-жартыжылдығынан бастап 8-72132 кодына ауыстырылуына байланысты ауыл ішінде номерлердің қателесіп түсуі, елді мекендер арасындағы байланыстың нашарлауы, аудан, облыс орталығымен байланысқа шығудың қиындап кетуі күн тәртібінде тұр. Талды ауылында «Билайн», «Кcell» ұялы байланыс желісі жұмыс жасайды. «Билайн» желісі Ақбай-Қызылбай ауылына дейін жетеді.

Тұрғындар жыл сайын 1000 дана әртүрлі газет-журналдарға жазылады. Бірақ, Талды ауылындағы пошта қызметкерінің 0,5 жүктемемен, Сарыобалы ауылдарындағы пошта қызметкерлері әрқайсының 0,25 жүктемемен жүргені олардың атқарған жұмысының өлшем бірлігі бола алмайды. Себебі аптасына 2 рет тұрғындарға газет-журналдарды тарату, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын, әртүрлі әлеуметтік төлемдерді тарату, төлемқағаздарды қабылдау жұмысының ауырлығын бәріміз де білеміз.


Денсаулық сақтау саласында 1 СДА, 4 ФАП қызмет атқарады. Ана мен бала өлімі жоқ. Дүниеге келген сәбилер қатары жыл сайын өсіп келеді. Тұрғындар флюорографиялық тексерулерден уақытында өтіп отырады. Диспансерлік есепке алынған науқастарға қажетті дәрі дәрмектері аз болса да уақытында беріліп отырады.
Коммуналдық салада біршама жұмыстар атқарылды. Жалпы округтің елді мекендердің аралығындағы жолдардың ұзақтығы 154 шақырымды құрайды. Оның ішінде 45 км. асфальт (Талды -Қарқаралы), 88 км. грейдер (Талды-Аққора-Сарыобалы), 21 км. дала жолы (Ақбай-Қызылбай-Белдеутас).

88 шақырым грейдер жолдарының жағдайы қанағатанарлық. «Тазалық» КМК мекемесі жылда ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. 2015 жылы Талды-Сарыобалы, Талды-Ақбай-Қызылбай жолдардағы көктемгі су тасқыны кезіндегі су шайып кеткен көпірлермен су ағарлар қайта жөндеуден өткізді, бұл үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді.

Талды, Ақбай–Қызылбай елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі жұмыс істеп тұр.Жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен Талды ауылының 30 %, Ақбай-Қызылбай ауылының 80 % пайыз тұрғындары ауыз суды үйіне тартып алған. Сарыобалы, Белдеутас елді мекендерінде ауыл тұрғындары ауыз суға және мал суаруға бір скважинаны пайдалануға мәжбүр. Ауыл тұрғындарын қатты алаңдататын жағдай, қыс айларында мал қолға қараған уақытта мал суару қиындық туғызып отыр. Осы мәселелерді шешу мақсатында Сарыобалы, Белдеутас, Аққора елді мекендерінде ауыз су қорына барлау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамсыз етуге жергілікті бюджеттен 408 мың теңге қаражат бөлінген. Электр энергиясымен округтің елді мекендері тұрақты қамтамасыз етіледі. Округтің жалпы электр жүйесінің тозуы 100% пайызға жеткен. Ауа райының қолайсыз күндері (боран, қатты жел, қар жауғанда) электр сымдары жиі үзіліп қалады.

Санитарлық тазалық жұмыстары жыл сайын мамыр айында жүргізіледі. Тиейтін, таситын техникалары бар азаматтармен келісіп, 1 рейсін 4-6 мың теңгеге бағалап, жыл сайын Талды ауылынан 6000 тонна, Ақбай-Қызылбай ауылынан 3000 тонна, Сарыобалы ауылынан 4500 тонна күл-қоқыс шығартып отырамыз.

Жастармен жұмыс күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе болғанмен, оларға жағдай туғызуда әлі де жетіспейтін тұстарымыз баршылық. «Сарыарқа» аудандық спартакиадасында жастарымыз 2011 жылы ІІ, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдары І-орындарды иеленді. Сарыобалы ауылы жастарының дайындаған аттары аудандық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ілігеді. Ақбай-Қызылбай, Талды ауылының футболшылары ауданішілік жарыстарға барып, жүлделі орындарды жеңіп алады.

Қоғамдық тәртіпті сақтаумен АІІБ №4 УПП 2 қызметкері және халық жасақшылары жұмыс атқарады. Ағымды жылдын басынан 120 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 120 хаттама толтырылған. Жоспар бойынша әкімдікпен бірлесе отырып қылмыспен күрес, оның алдын алу мақсатында ауыл тұрғындардың арасында рейдттер жүргізіледі, мал ұрлығын болдырмау үшін тұрғындардың қатысуымен жиындар өткізіледі.

Талды елді мекенінде бес мал кезегі шығады оның ішінде 2 қой кезегі,2 ірі қара,1 жылқы кезегі және иелері ақы төлеп баққызатын 2 қой кезегі. Жалпы тұрғындар жиынының хаттамасымен мал кезегіне жауапты тұлғалар бекітіліп, осы жауапты тұлғалар жергілікті әкімшілікпен тығыз байланыста отырып жұмыс жасайды. Учаскелік инспекторлар мектеп әкімшілігімен, оқушылардың, кәмелетке толмаған жастардың ата–аналармен бірлесе отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Ол - оқушылармен, жасөспірімдермен кездесулер, оларға ҚР заңамалармен таныстырып түсініктеме жасау, кешкі кезекшілік т.б.



Қоғамдық ұйымдармен байланыс жақсы жолға қойылған. Талды ауылында «Әбдірахман қажы» мешітінің молдасы болып С.Егубаев жұмыс жасайды. . Ардагерлердің бастауыш ұйымы (төрағасы С.Тоғамбеков) мал бағыны, елді мекендердің санитарлық тазалығы, т.б. мәселелер бойынша жиналысқа шақырылып, ұсыныстары тыңдалады, пікірлері назарға алынады.

2015 жылы Талды ауылындағы зират басына қабыр қазушыларға арналып шағын үй тұрғызылды. Өртте күйік шалған және ауруханаға жатуға жағдайы келмеген 5 отбасыға тұрғындар ақшалай жәрдем жасады.



Көші-қон, демография мәселесі жылына екі рет санақ жүргізу кезінде талқыланып, мониторнинг жасалып отырады. Жыл сайын 50-55 сәби дүниеге келсе, жасының ұлғайғанына, денсаулығына байланысты 10-12 адам дүниеден өтеді. Ауылдық округтегі 5 елді мекенде 2015 жылы 1750 тұрып жатқаны анықталды.

Халық санының азаюы негізінен Аққора ауылында байқалады. Себебі 2014 жылы аталмыш ауылдың 4 отбасы Қарқаралы қаласынан аудан әкімдігі тарапынан берілген баспанаға ие болса, 2015 жылы негізгі мектебі бастауыш білім ордасына айналды. Сонымен қатар орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түскен түлектер қала ішінде көлікпен жүретін жолақы билетін алу үшін тұрақты мекен-жайы бар жерге тіркеуге тұрып жатыр. Бұл жыл сайын шамамен 15-20 адамды құрайды



Сөзімді қорытындылай келе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауындағы бағдарламасын басшылыққа алып, көрсетілген іс – шараларды басты бағытта ұстап, жұмыс жасаймыз.












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет