Қасым Аманжолов селолық округінің әкімі М. Кабиевтың ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата25.02.2016
өлшемі34.06 Kb.
#23897
Қасым Аманжолов селолық округінің әкімі М.Кабиевтың ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы

№ 615 Жарлығына сәйкес селолық округ әкімдеріне жергілікті халықпен жиі кездесіп, атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттер туралы есеп беру жүктелген. Сол себепті жыл соңында өздеріңізбен жүзеге асырылған шаруаларды таразылаудың сәті түсіп отыр.



Қасым Аманжолов селолық округіне қарасты 5 елді мекендегі 380 аулада 1880 адам өмір сүріп жатыр. Тұрғындардың 1101-і экономикалық белсенді топқа жатса, соның 394-і тұрақты жұмыста, ал 647-і өзін-өзі қамтушылар санатына жатады және ресми тіркелген жұмыссыздар 10 бірлікті құрайды.

Ауыл шаруашылығы. Жеке қосалқы шаруашылықта 1866 бас жылқы, 4562 бас ірі қара, 7562 бас қой, 750 бас ешкі және шаруа қожалықтарының атында 1609 бас жылқы, 2711 бас ірі қара, 11758 бас қой, 3203 бас ешкі тіркелген. 4 шаруа қожалығы 2926 гектарға дәнді дақылдар егіп, 2088 тонна астық жинады. Ауылдықтар 10980 тонна мал азығын дайындады. Жыл ішінде жаңадан 6 шаруа қожалығы тіркелді. 16 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданып жатыр. Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойына «Би ата», «Өміржан», «Абдыкаш», «Қаламбек», «Жомарт», «Атамекен», «Қабыкеш», «Шапағат», «Береке», «Трагай», «Кеңесбай», «Қадырхан», «Ахмадия» шаруа қожалықтары қаржылай үлес қосты.

Ветеринария. Ветеринарлық пунктте 6 штаттық бірлік пен 1 қызмет көлігі бар. Аудан әкімдігінің бекітілген қаулысына сәйкес облыстық эпизоотиялық жасақ 3 елді мекенде жұмыс жасап жатыр. Алғашқы сараптама қорытындысы бойынша 68 бас ірі қара, 37 бас қой-ешкі бруцуллезге оң нәтиже берді. Қой-ешкілер арнайы орында өртеліп жойылды. Ірі қараларды Киевка кентіндегі мал сою алаңының қызметкерлері тірідей қолма-қол ақшаға тасымалдап әкетті. Мал иелеріне бекітілген тәртіп бойынша тиісті өтемақылары беріліп жатыр.84 аулаға дезинфекциялау жұмыстары тегін жасалды.

Денсаулық сақтау. 1 отбасылық дәрігерлік амбулатория 3 фельдшерлік пункт жұмыс атқарады. «Жедел-жәрдем» көлігі бар. Амбулаторияға жоғары білімді дәрігер қажет. Облыстық мециналық орталығы мамандары келіп, тұрғындарды тиісті тексеруден өткізді.

Білім саласы. 1 орта, 3 негізгі және 1 бастауыш мектепте 300-дей оқушы білім алуда. Пән мұғалімдері жеткілікті. Біліктілік арттыру курстарынан уақытында өтеді.

Мәдени қызмет. 3 клуб, 3 кітапхана жұмыс жасайды. Кітапханаларға бөлінген қаржы бойынша тиісінше мерзімдік басылымдар мен жаңа кітаптар беріледі. №19 орта мектеп оқушысы Мамырбаева Ләззат Мүбәрәкқызы республикалық байқауда І-орынға ие болып ауылымыздың мерейін асырды. Мерекелерде кітап көрмелері мен концерттер ұйымдастырылады.

Әлеуметтік қорғау. 193 зейнеткер, 82 әртүрлі топтағы мүгедектер, 13 балалар жәрдемақысын, 4 атаулы әлеуметтік көмек алатын, 12 тыл ардагері, 80 Алтын және Күміс Алқа иегері, 50 көп балалы отбасы бар. 2 әлеуметтік қызметкер бекітіліп берілген адамдарға жұмыс жасайды. «Жеңіс күніне» байланысты 12 тыл ардагеріне 3000 теңгеден көмек, «Қарттар күніне» орай жасы 75-тен асқан 53 адамға 3000 теңгеден, «Тәуелсіздік күні» қарсаңында 7 мүгедек балаға 3000 теңгеден көмек берілді. Жеке ісін ашуға 1 мүгедекке, 1 азаматқа біржолғы қайтарымсыз материалдық көмек берілді. 6 адам уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жастар ісі және спорт. Тұрғындардың 443-ін жастар өкілдері құрайды. Әрбір мереке сайын жастар арасында шағын футбол, волейбол, қол күресі, кір тасын көтеру, шағын қашықтыққа жүгіру және т.б. спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жүлделер беріледі. Аудандық спартакиадада Қарағайлы-Аманжолов жастары жүлделі І-орынды жеңіп алды. Астана күніне орай ұйымдастырылған аудандық асық ойынынын 9-сынып оқушылары Мукашов Береке мен Зейнел Арқат 1-орынды иеленді.

Пошта-байланыс. Оқырмандар 880 дана газет-журналдарға жазылды. Ай сайын пошта арқылы 15 млн. теңгенің әлеуметтік төлемдері мен еңбекақылар таратылып, 2 млн. теңгенің төлемдері қабылданады. Талдыда 190, қалған елді мекендерде 14 телефон нүктесі жұмыс істейді. «Билайн» ұялы байланыс желісі Талдыда орнатылды.

Құқық қорғау. 1 учаскелік полиция инспекторы мен 1 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қадағалайды.185 әкімшілік хаттама толтырылып тиісті айыппұлдар төлетілді.

Қоғамдық ұйымдар. Ардагерлердің бастауыш ұйымының бастамасымен шілде айында «Ауыл күні» ұйымдастырылып, үлгілі көше, аула, отбасыға және спорттық сайыстарда жеңімпаз атанғандарға жүлделер берілді. Ардагерлер мен әйелдер кеңесі отырыстарында отбасы тыныштығын сақтау мәселелері күн тәртібінен түспейді.. Көшелер комиеті мал бағынын ұйымдастыруға, елді мекендердегі санитарлық тазалықты сақтауға көмектеседі. Маусым айында Талды ауылынан 3600 тонна, Сарыобалы ауылынан 7500 тонна күл-қоқысты Нысанбаев Айдын есімді азамат арзан бағаға шығарып берді.

Мемлекеттік қызмет көрсету. Жыл ішінде өтініш білдірген жеке тұлғаларға 2800 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2015 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 1749 мың теңге қаралып отыр. Бұл қаржы Талды ауылындағы бұрынғы балабақша ғимаратының оң жақ бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, атап айтқанда, жылыту, ауыз су, тоқ жүйесін тартуға, жылыту қазандығын орнатуға жұмсалады. Қарқаралы-Аманжолов бағытындағы асфальт жолды күрделі жөндеуден өткізуге жеткілікті қаржы бөлінгелі тұр. Елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту үшін 1 рейсі (30 тонна) 4000 теңгеге келісілді және 6000 тоннадай қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет