4-3-4 принциптері:
Сәбидің басы мен денесін тік, бір жазықтықта ұстаңыз.
Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшы деңгейінде болуы керек
Сәби денесі анасының денесіне түйістірулі болуы керек іші мен анасының іші түйістіресіз
Анасы тек мойны мен иығына ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отыру керек
Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз
Сәби аузын барынша ашуын күтіңіз
Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз
Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады
Сәбидің аузы барынша ашық
Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады
Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы тиіс
Баланың салмағын өлшеу
Мақсаты: Емшекпен емізу барысында баланың ана төсінен сорып алған сүт мөлшерін анықтау.
Көрсеткіші: Баланың салмақ қосуының тежелуі, емшек емізіп болғаннаң соң баланың мазасызданып жылауы.
Кері көрсеткіші: баланың аса ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:
Памперсі бар жөргектеуге арналған жабдықтар
Ананы емшекпен емізуге арналған жабдықтар
Таразы
Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш;
Қағаз, қалам.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.
2. Керекті құралдарды дайындадым.
3. Қолымды гигиеналық әдіспен өндеп, құрғаттым, керек жағдайда резенке қолғап кию.
4. Балаға памперс кигізу және жөргектеу. Ананы бала емізуге дайындау.
5. Таразыны дезерітіндімен өндеп, жұмысқа дайындау. Баланы өлшеп алынған қорытындыны тексеру.
6. Баланы анасына 20 минут көлеміне емізуге беру.
7. Баланың салмағын қайталап өлшеу.(зәрге, нәжіске отырса жөргекті ауыстырмаймыз).
8. Алынған қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінгі және тамақтанудан кейінгі салмақтары).
9. Баланы анасына беру, немесе төсекке жатқызу.
10. Таразыны дезерітіндімен сүрту.
11. Қолғапты шешіп, қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
12. Балаға бір реттік тамақтануға арналған сүт мөлшерін анықтау(көлемдік немесе каллориялық әдіспен).
13. Баланың сорып алған сүт мөлшерімен қажетті сүт мөлшерімен сәйкестігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |