«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту


ЖАПЫРАҚ ЖӘНЕ ТАТЫМДЫ КӨКӨНІСТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет10/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

ЖАПЫРАҚ ЖӘНЕ ТАТЫМДЫ КӨКӨНІСТЕРДІ,
ЖАҢА ПІСКЕН, КЕПКЕН ЖӘНЕ ТҦЗДАЛҒАН 
САҢЫРАУҚҦЛАҚТАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ
АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ 

№4 НҰСҚАУ КАРТАСЫ 
 
Материалды-техникалық жабдықтау
Жабдық: MРO-350 көкөніс кесу машинасы, өндірістік үстелдер.
Қҧрал-саймандар, аспаптар, ыдыс-аяқтар: жуу ванналары, 
кастрүлдер, аспаздық пышақтар мен «ОС» белгісі бар кесетін 
тақтайшалар. Шикізат: жапырақты жəне татымды көкөністер, 
саңырауқұлақтар. 
 
Технологиялық істердің реттілігі 
№1 операция. Жҧмыс орындарын ҧйымдастыру. Жапырақты 
жəне татымды көкөністер, жаңа саңырауқұлақтар алғашқы өңдеу 
көкөніс цехында өндіріледі. Жабдықты құрайды: көкөністерді жуу
тазалау мен турау машинасы, тазалауға арналған арнайы үстелдер, 
өндірістік үстелдер, ванналар, көкөніс салатын лар. Барлық жабдық 
өңдеудің технологиялық үрдісіне сай орналастырылады. Аспаптар, 
құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар жұмысшының оң жағына, ал 
өңделетін өнім — сол жағына орналастырылады. 
№2 операция. Жапырақты және татымды кӛкӛністер мен 
саңырауқҧлақтарды ӛңдеу. Жапырақты жəне татымды көкөністерде 
көп мөлшерде С дəрумені, В дəрумендері, каротин жəне минералды 
заттар бар. 
Салат, саумалдық және қалақайдың тамырларын кесіп 
тастайды, солған, бүлінген жəне жарамсыз жапырақтарды алып 
тастайды. 
Қымыздықты сұрыптайды, сарғайған, бүлінген жапырақтарын 
алып, бұтақты кесіп тастайды. 
Жасыл ақжелкен, балдыркөк және аскөк тамырынан қиып, 
жапырақтарды бөліп, суық суға 20-дан 30 минутқа дейін жаңарту 
үшін салады. 
Рауғашты жуады, сабағының төменгі жағын кесіп тастайды, 
қабығын тазартады. 
Қояншөп ақ жəне көк болады. Қояншөпті жуады, басынан 2-3 см 
шегініп, ақырын қабығын аршиды. Қояншөптің ең бағалы да дəмді 
бөлігі –оның басы, сондықтан өңдеу кезінде оны зақымдап алмау 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет