Технологиялық істердің реттілігі
№1 операция. Жұмыс орындарын ұйымдастыру
және асқабақ,
қызанақ кӛкӛністері мен киярларды ӛңдеу. Көкөністерді алғашқы
өңдеу көкөніс цехында өндіріледі
.
Көкөністер алғаннан кейін жұмыс орнын ұйымдастыру керек:
аспаптар,
құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар – жұмысшының оң жағына,
ал өңделетін өнім – сол жағына орналастырылады.
Одан
соң көкөністерді өңдеп, оларды жуады,
жеміссабағын кесіп
тастайды, пісіп кеткендерінің қабығын тазалайды, жуады. Ірі
даналарын бөліктерге бөледі.
Асқабақ пен
кәдіден тұқымдарды
алып тастайды, содан кейін
турайды.
Асқабақ көбіне текшелерге, тілімдерге жəне бөліктерге
бөлінеді. Асу, бұқтыру жəне қуыру үшін пайдаланылады.
Кəділер
дөңгелек, тілімдерге, текшелерге кесіледі. Қуыру, рагу
пісіру, суға булау үшін қолданылады.
Қияр дөңгелек, тілімдерге, текшелерге, сабанға кесіледі.
Тұздалған
қияр суық сумен жуылады, жеміссабақ бекітілетін жерін
кесіп тастайды. Тұтас түрінде
қолданылады немесе дөңгелек,
тілімдер, ромб, сабанша, текшелер түрінде кесіледі. Олар ащы көже,
салаттарды, орысша бүйректерді,
қышқылтым көже, салқын
тағамдарды, тұздықтарды дайындау үшін қолданылады.
Баялды, қызанақ, бұршаққынды тәтті бұрыш сұрыпталады.
Достарыңызбен бөлісу: