Астана қаласы «№27 мектеп-лицей»
Тақырыбы: Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы
аса көрнекті ақын-жазушысы, ақыл-ойшысы, демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Өткізген: А.Қ. Жарасова
Сынып: 9 «А»
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағаты
|
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы
аса көрнекті ақын-жазушысы, ақыл-ойшысы, демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
|
Күні
|
24.10.2023ж
|
Сынып жетекші:
|
А.Қ. Жарасова
|
Класс: 9 "А"
|
Қатысушылар саны: 24
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың мақсаты:
|
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.
Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжанды болуға, тілімізді құрметтеуге насихаттау
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
а/- Сұлтанмахмұт кім?
- Қандай еңбегін білесіңдер?
ә/Топтастыру стратегиясы. (1 - слайд)
|
Ән ұран айтылады.
Оқушылар сәлемдеседі.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
Мұғалімнің сұрағына жауап береді
|
АКТ
Презентация
Қағаздар,
қайшы
|
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына арналған www.toraigurov.psu.kz сайты
ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында — хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі — үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды.
С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады.Өлеңдерін мәнерлеп оқиды
«Шығамын тірі болсам адам болып»
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға, күнді барып, белді буған. Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін. Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты барлар асылық демес. Тебем деп, тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
|
Оқушылар мұғалім берген ақпараттармен танысып, демократ ақынның өмірбаянымен танысады.
Өлеңдеріне шолу жасайды
1-оқушы: «Мен қазақ» Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып, Ер жеттім кеңшіліктің сүтін ішіп. … Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық, Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
2-оқушы:
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып, Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып, Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын
|
Презентация
|
Соңы
|
Ой сергіту.
Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?
Кім болуды армандайсыңдар?
Ақынның айтайын деген ойы не?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи - әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады. Сұлтанмахмұт қазақтың жыр - дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады
|
Оқушылар өз ойын білдіріп, ашық пікірлеседі
|
Презента-ция
|
Достарыңызбен бөлісу: |