Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «__» _________
№ __________қаулысымен
бекітілген
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Басқарманың құрылтайшысы Әкімдік болып табылады.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат саны лимиті шегінде Әкімдік белгілейді.
9. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
-
Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Басқарманың миссиясы:
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және үш жылдық кезеңге арналған Астана қаласы бюджетінің жобасын жоспарлау болып табылады.
14. Міндеттері:
-
Астана қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуын талдау;
-
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
-
Астана қаласының Даму бағдарламасына мониторинг жүргізу, оны іске асыру;
-
Басқарманың стратегиялық жоспарын әзірлеу;
-
операциялық жоспарды әзірлеу;
-
басшылықтың Басқарма қызметінің тиімділігін қадағалауы және мүмкін болар тәуекелдерді анықтауы мақсатында нәтижелілік индикаторларын пайдаланумен Басқарманың қаржылық қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
-
үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеу.
15. Функциялары:
1) қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуына талдауды жүзеге асыру;
2) жергілікті мемлекеттік мекемелердің стратегиялық жоспарларын әзірлеу мен іске асырылуын үйлестіру;
3) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 жылға арналған болжамының жобасын әзірлеу;
4) Астана қаласы Бюджет комиссиясының отырысына материалдар дайындау;
5) жылдық қаржыландыру жоспарын жасау және Астана қаласының бюджетін нақтылау және түзету барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындыларды қарастыру, дайындау және бағалау;
7) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік көрсеткіштері негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;
8) Астана қаласы мәслихатының 3 жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Астана қаласының бюджетін түзету жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
9) Астана қаласы мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған Астана қаласының бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы Әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;
10) Астана қаласында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
11) басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін құру;
12) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
13) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін қаржыландыруды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама өткізу;
15) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты құру және Әкімдікке ұсыну;
16) экономикалық, инвестициялық, бюджет және жергілікті атқарушы органдардың штат саны мәселелері бойынша жіргілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
17) Астана қаласының даму бағдарламасын әзірлеу;
18) жергілікті атқарушы органдардың гранттарды тартуға арналған басымды тапсырыстарының тізбесін құру және орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;
19) жергілікті бюджеттік бағдарламаларды, жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауды жүргізу;
20) жергілікті атқарушы органдардың Астана қаласын 2030 жылға дейін орнықты дамытудың стратегиялық жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;
21) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты іске асыру;
22) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу және бақылау;
23) Астана қаласының аумағында санитарлық тазалау қызметтері жөніндегі тарифтерді келісу;
24) Басқарма қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау;
25) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды заңнамаға сәйкес жүргізу;
26) Басқарма қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстарды Әкімдікке енгізу;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және мәліметтерді талап ету және алу;
3) Астана қаласы дамуының стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін қабылданған актілерді жою немесе өзгерту мәселелері бойынша Әкімдікке ұсыныстар енгізу;
4) Әкімдіктің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша Әкімдікке ұсыныстар енгізу;
5) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;
6) сараптама мен консультация өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту.
-
Басқарманың қызметін ұйымдастыру
17. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
18. Басқарманың бастығын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарма бірінші бастығының өкілеттігі:
1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды;
5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
7) Басқарма жұмысының регламентін бекітеді;
8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Басқарма басшысының Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға бірінші қол қою құқығы бар;
10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.
Басқарма Бастығы болмаған уақытта оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған бастық жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.
21. Бастық өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
-
Басқарманың мүлкі
22. Басқарманың бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады және ол оған жедел басқару құқығында тиесілі.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
-
Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің шешімі немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.
25. Басқарманы қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайында мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Елорданы тұрақты дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
_____________________________
Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «__» _________
№ __________қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша «бастық», «бастығын», «бастығының» деген сөздер тиісінше «басшы», «басшысын», «басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Міндеттері:
-
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
2) қаланың бағдарламалық құжаттарын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізу және олардың мониторингін іске асыру;
3) жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
4) рейтингтік агенттіктермен қарым-қатынас бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
5) Басқарманың стратегиялық жоспарын әзірлеу және оның орындалуына мониторинг жүргізу;
6) бес жылдық кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
7) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің параметрін әзірлеу;
8) жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
9) штат саны мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын, астананы басқару сызбасын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) Басқарма қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету.»;
15-тармақта:
1-тармақша «қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына» деген сөздерден кейін «, қала экономикасын дамытуға әсер ететін сыртқы факторларға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дамытуды үйлестіру, жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруға мониторинг жасау және бақылау;»;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 6) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарастыру, дайындау және бағалау;»;
17) тармақша «Астана қаласының даму бағдарламасын әзірлеу» деген сөздердің алдына «бес жылдық кезеңге» деген сөздермен толықтырылсын;
20), 22) тармақшалар алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 25) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«25) жетекшілік ететін саладағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты және барлық бағалау бағыттары бойынша жинақ қорытындыны дайындау бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды заңнамаға сәйкес жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 27-35) тармақшалармен толықтырылсын:
«27) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау;
28) бюджеттік комиссия жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
29) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
30) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
31) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүзеге асыру;
32) экономикалық дамыту бойынша қалаға халықаралық рейтинг беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;
33) қызметтердің ұйымдастырушылық және функционалдық талдауын жүргізу, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің атқурашы органдарының штат кестесіне өзгерістер енгізу;
34) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, Астана қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау;
35) бухгалтерлік есепті және есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмыстарды, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8)-тармақшалар толықтырылсын:
«7) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
8) Басқарманың алдына қойған міндеттері мен функцияларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету.».
____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |