Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар-сәуірі бойынша дамуының қорытындылары



Дата03.03.2016
өлшемі28.5 Kb.
#34986
Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар-сәуірі бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2012 жылдың 1 сәуіріне 752,3 мың адамды құрды, 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім қарқыны – 101,3 % (қарқын бойынша – республика бойынша 1-орын).

Елорданың ЖӨӨ 2011 жыл (алдын-ала берілген мәлімет) бойынша 2 298,3 млрд.теңгені құрып, 11,9% ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 2011 жыл бойынша 8,4% құрды (республика бойынша 4-орын).

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3 192,0 мың теңгені құрды (21,8 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде 55 260,1 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 91,5% құрды. Өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 76,2 %.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 кезең енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылдың 9 желтоқсанында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды - «Тұлпар Talgo» БК» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), бұдан басқа, 2011 жылдың желтоқсанында жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған 9 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланады.

Негізгі капиталға инвестициялар 112 204,2 млн. теңгені, НКИ – 142,5% құрады (республика бойынша 2-орын). Астана қаласының үлесіне инвестицияның республикалық көлемінен 10,1% келеді.

Тұрғын үй құрылысы саласында Қазақстан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 20 %-ы Астана қаласына тиесілі. 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 459 981 шаршы метрді (республика бойынша 1-орын) құрайды және өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 9,9 %-ға өсті. 2012 жылдың 25 сәуіріндегі жағдай бойынша елордадағы аяқталмаған объектілер саны– 7 (1 200 үлескер).

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың 4 айында 240 220 млн. теңгеге өнім өндірді (2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 3,5 %). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдайы бойынша 50 227 бірлікті құрып, 33,1%-ға ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандардың саны 170,4 мың адам, өсім 9,5% құрды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі тарапынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Астана қаласының үдемелі-индустриялық дамуы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі барлығы 2,9 млрд. теңге сомасындағы 19 жобаны қарастырды, солардың ішінен пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша несиелік портфелінің жалпы сомасы 2,1 млрд. теңге болатын 14 жоба мақұлданды.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2012 жылдың наурыз айының соңына Астана қаласы банктерінің несие бойынша негізгі қарыздарының жалпы көлемі 859,0 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,3%-ға ұлғайды.



Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 3 орынға ие және 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде оның көлемі 128 370,9 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 14,6 % құрады.

2012 жылдың қаңтар-наурызында орташа айлық жалақы 134 376 теңгені құрады (3-орын), 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,6 %-ға ұлғайды.



Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2012 жылдың наурызында 83 975 теңгені құрды (республика бойынша 4-орын), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 8,5 % жоғары.

Елорда бюджеті 284,8 млрд. теңгені құрды. Соның ішінде, бюджеттің 63,9 %-ы (181,9 млрд. теңге) - трансферттер мен несиелер, субвенциялар, жеке кірістер - 36,1 %-ын (102,9 млрд. теңге) құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет