Астана қаласының Статистика департаменті Астана қаласы Статистика департаментінің



Дата15.06.2016
өлшемі283.33 Kb.
#137163
Астана қаласының Статистика департаменті


Астана қаласы Статистика департаментінің

2012 жылғы қызметі туралы есебі

АСТАНА 2012
Мазмұны

Астана қаласының Статистика департаменті туралы


11



3. 2013 ЖЫЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

ЖОСПАРЛАРЫ............................................…………………………………………….................................................12

Астана қаласының Статистика департаменті туралы
Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтар айында құрылған және ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің бұйрығымен (2008 жылғы 16 сәуірдегі №49 б.) Астана қаласының Статистика департаменті (әрі қарай – Департамент) болып өзгертілді.
Қызметі. Қаланың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және экологиялық салаларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістер туралы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату.

Департаменттің негізгі қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын бекітілетін Статистикалық жұмыс жоспарын орындау болып табылады. Статистикалық жұмыс жоспары ресми статистикалық органдармен шынайы негізде жүргізілетін және пайдаланушыларды мемлекеттік статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік статистикалық бақылаулардың тізбесінен тұрады.

2012 жылғы Статистикалық жұмыс жоспары бойынша 180 статистикалық бақылаулар, оның ішінде 75 жылдық зерттеулер, 10 – жыртыжылдық, 33 – тоқсандық, 46 – айлық, 13 – бір жолғы және 3 күнделікті зерттеулер өткізілді. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 632 жұмыс орындалды, олардың нәтижелері статистиканың келесідей салалары бойынша статистикалық жылнамалықтарда, бюллетендерде, жедел ақпараттарда жарияланды:


  • статистикалық тіркелімдер;

  • құрылымдық статистика;

  • үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы;

  • өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы;

  • инвестиция және құрылыс статистикасы;

  • баға статистикасы;

  • еңбек статистикасы;

  • әлеуметтік-демографиялық статистикасы;

  • сауда статистикасы;

  • қызмет көрсету статистикасы.


Мақсаттары мен міндеттері

  • Пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен барынша толық қанағаттандыру, статистикалық өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру, статистикалық ақпаратты таратудың тиімді жүйесін құру;

  • жаңа ақпараттық технологияны еңгізу;

  • жарияланым жүйесін жетілдіру және статистикалық деректерді тарату;

  • статистика саласында кадрдың үздіксіз кәсіби білім жүйесін жетілдіру;

  • статистикалық тіркелімдерді дамыту;

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңын және Астана қаласының Статистика департаменті туралы Ережені басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес Статистика департаменті:

- статистикалық көрсеткіштердің толықтығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін;

- елордада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерді, олардың даму бағытын зерттеудің, қорытудың және талдаудың жан-жақтылығы мен дұрыстығын;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте статистикалық ақпараттың қол жетімділігі мен ашықтылығын;

- халықаралық тәжірибеде қолданылатын статистикалық стандарттармен пайдаланатын әдіснаманы және есептелген негізгі көрсеткіштерді салыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.

1. Статистика және қоғам
Жарияланымдық қызмет
Мемлекеттік статистика органдары қызметінің негізгі мақсаты пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен барынша толық қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан Астана қаласының статистика органдары үшін статистикалық және талдамалы ақпаратты жариялау және тарату ең маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі.

Жыл сайын барлық мемлекеттік органдардың назарына Департамент шығаратын Статистикалық материалдар тізімі ұсынылады (статистикалық жылнамалықтар, бюллетендер, жедел ақпараттар), соның негізінде мемлекеттік органдар өз қызметтеріне қажетті статистикалық ақпаратқа өтінім жасай алады және оны ақысыз негізде қағаз түрінде де, электронды түрде де алуға мүмкіндігі бар.

2012 жылы Департамент 144 статистикалық жарияланымдар (мерзімділікті есепке алғанда 632), оның ішінде «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасы, «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері» қысқаша статистикалық анықтамалығы, 13 статистикалық жылнамалық, 81 бюллетень, 47 жедел ақпарат шығарды. Жарияланымдардың қағаз түріндегі жалпы таралымы 8030 дананы құрады.

Статистикалық жинақтар шығарылды: «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы» (жедел есептілік деректері бойынша статистикалық), «Астана 2011 жылы», «Астана жастары», «Астанадағы бағалар», «Астана өнеркәсібі», «Астанадағы инвестициялық қызмет және құрылыс», «Астана қаласының әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері», «Астана қаласындағы сауда және қызметтер», «Астана қаржылары», «Астана қаласы халқының экономикалық белсенді халқы және еңбекақы төлемі», «Астана қаласының демографиялық жылнамалығы», «Астана қаласындағы туризмнің дамуы», «Астана қаласындағы қоршаған ортаны қорғау», мұнда бірнеше жылдың статистикалық көрсеткіштері берілген.

Ай сайын «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасы және оның қосымшасы шығады, мұнда 2007 жылдан бастап қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша негізгі көрсеткіштері берілген. Бұл материалдарда өнеркәсіп өндірісі, сауда, көлік және байланыс, инвестиция, шағын бизнес, демографиялық жағдай, еңбек нарығы, елорда халқының табысы және т.б. туралы жедел есептілік деректері жарияланады.

Барлық статистикалық жарияланымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады. Статистикалық материалдар тізбесі толық орындалды.

Статистикалық мәліметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін статистиканы электронды түрде таратуға ерекше мән берілді, Интернетке үнемі кіре алмайтын пайдаланушылар үшін Департаментке өтінім беру арқылы статистикалық ақпаратты электронды таратуға жазылуға мүмкіндік бар. Пайдаланушылар статистикалық ақпаратты қағаз және электронды түрде алып отырды (100-дан аса электронды мекенжайлар).

Статистикалық деректерді тарату аясында 2012 жылы заңды және жеке тұлғалардың 440 ресми сұраулары орындалды. Сонымен бірге, күн сайын пайдаланушылармен жұмыс жүргізіледі – кеңес беру, электронды түрде ресми жарияланған статистикалық ақпаратты ұсыну.


Қоғаммен байланыс
БАҚ-пен ынтымақтастық статистикалық ақпаратты тарату арналарының бірі болып табылады. Астаналық «Вечерняя Астана», «Егемен Қазақстан», «Астана хабары», «Инфо-Цес» газеттерінде мақалалар, баспасөз хабарламалар жарияланады, 2012 жылы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының әр түрлі аспектілері бойынша 310 жарияланым шығарылды. Теле және радиоарналарда Департамент басшылары, салалық басқармалар бастықтары елорданың демографиялық, өнеркәсіп, инвестициялық, әлеуметтік және басқа да салалар жағдайы туралы сөз сөйледі.

Қала жұртшылығы үшін 2012 жылы бірнеше рет статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен конференция болып, «Ашық есік күні» өткізілді, оны ұйымдастыруға жарияланымдар дайындау, статистикалық ақпаратты тарату басқармасының қызметкерлері қатысты. Департамент басшылары статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен конференция өткізді, Департаменттің қызметі, алдағы жоспарлары, салалық басқармалардың қызметі, шығарылып жатқан жарияланымдар туралы мағлұмат берді, пайдаланушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, басқарма бастықтары кеңес беру қызметтерін көрсетті. Осы іс-шараның барлық келушілері үлестіру материалдарымен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге, статистикалық ақпаратты пайдаланушылар арасында «Пайдаланушыларды сұрастыру» Q-002 нысаны бойынша сауалнама жүргізілді, олар мұнда шығарылған материалдар бойынша өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын берді.


Интернет
Астана қаласы Статистика департаментінің сайты www.astana.stat.kz статистикалық ақпаратты таратудың негізгі арналарының бірі болып келеді. Сайт келушілерге Астананың статистикасын ұсынады және Интернеттің барлық мүдделі пайдаланушыларын өзекті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда сайт халықтың түрлі топтарының мүддесіне бағытталған. «Жарияланымдар» бөлімінде Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жасалатын статистикалық жинақтар, бюллетендер, барлық салалар бойынша жедел ақпараттар орналасқан. Әр сала бойынша бірнеше жылға ақпараттар ұсынылған, жедел ақпараттар, графикалық материал, әдіснамалық ұсыныстар. «Респонденттер үшін» бөлімінде іріктеп зерттеуге кірген заңды тұлғалардың тізімі, Статистикалық жұмыс жоспары, заңнамалық база, статистикалық нысан тізбесі, жіктеуіштер және т.б. берілген. «Сұрақ-жауап» бөлімі қарастырылған, бұл арқылы респондент үйде отырып Департаменттің статистикалық қызметіне қатысты кез-келген сұрақты қоя алады.


«Бір терезе» қызметі
Респонденттермен жұмыс жасау басқармасының негізгі қызметтері:

  • статистикалық есептілікті қабылдау;

  • респонденттерге кеңес беру;

  • респонденттерді статистикалық құралдармен қамтамасыз ету.

Респонденттердің ыңғайлығы үшін респонденттермен жұмыс жасау басқармасының жұмыс орны ақпараттық стендтермен, үстелдермен (есепті толтыру қажеттілігі туындаған жағдайда) жабдықталған, 6 телефон желісі бар Call-орталық құрылған, респондент қоңырау шалып, есепті тапсыру тәртібі туралы нақты ақпарат ала алады.

Басқарма жұмысы Статистикалық жұмыс жоспары негізінде құрылады.

Жыл бойына басқарма қызметкерлері статистикалық нысандардың барлық түрлері бойынша бастапқы статистикалық деректерді қабылдады, салалық каталогтарды жаңғыртты, ЖК және заңды тұлғалармен статистикалық есептілікті тапсыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Респонденттерді сұрастыру» Q-001 нысаны бойынша респонденттермен сауалнама жүргізілді, онда олар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жұмысын жетілдіру бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын берді.

Қызметкерлер ЖК мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрауларға 788 жауап дайындады. Статистикалық есептілікті тапсыруда заңды тұлғаларды қамту жұмыстарының нәтижесі бойынша 659 әкімшілік жаза қолданды.


2. Статистика салалары бойынша атқарылған статистикалық бақылаулар мен жұмыстар

Статистикалық тіркелімдер
Басқарманың негізгі қызметі Статистикалық бизнес-тіркелімді (әрі қарай - СБТ) және тұрғын үй қорының тіркелімін (ТҚТ) жаңғырту және жүргізу, каталогтарды құру, заңды тұлғалардың негізгі көрсеткіштері бойынша кестелерді жасау, бюллетень шығару, респонденттерден есеп қабылдау, пайдаланушыларға кеңес беру болып табылады.

Күн сайын СБТ-ны түрлі дерек көздері бойынша (заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасынан алынған электронды хабарламалар, заңды тұлғалардың жойылуы, қайта құрылуы және банкроттылығы туралы қағаз түріндегі хабарламалар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деректері, лицензиарлар деректері, салалық басқармалардың деректері, «W-004», «1-СР» сауалнамаларының деректері, респонденттердің, салық органдарының өтініштері, есептілікке сәйкес деректер, арнайы шарт бойынша жағдайлық коды «4» және т.б.) жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2012 жылы 5 мыңнан астам заңды тұлға БСН-ң берілуіне және тіркеу мәліметтерінің өзгеруіне байланысты қайта тіркеуден өтті, сондай-ақ СБТ жаңа құрылған заңды тұлғалармен толықты, олардың саны төрт мың бірліктен асады.

«Жеке кәсіпкерлер бойынша ақпаратпен алмасу туралы» (әрі қарай – ЖК) ҚРСА мен ҚР ҚМ СК бұйрығына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен азаматтар туралы алынған мәліметтер бойынша ақпарат СБТ ақпараттық жүйесіне енгізіледі – 2012 жылы СБТ-ны 6 мыңнан аса жаңа ЖК толықтырды.

Тұрғын үй қоры тіркелімін жаңғырту 1-ЖФ статистикалық есептілігі, «Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК және «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ деректері негізінде жүргізіледі. Жыл бойына тұрғын үй тіркеліміне 38114 пәтерге 1860,0 мың шаршы метр еңгізілген.

Заңды және жеке тұлғалармен қызмет түрін, өлшемін өзгерту және басқа да жағдайлар бойынша хат алмасу жүргізілді, барлығы 2175 хат қарастырылды.

Басқарма қызметкерлері ҚР Статистика агенттігімен өткізілген «Әлеуметтік тіркелімдерді енгізу жөніндегі әдіснамалық мәселелер», «СБТ мен АШТ ИС жүргізу және жаңғырту: ЖСК/БСН» тақырыбындағы семинарларға қатысты.



Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасы өнеркәсіп өндірісі, ауыл, орман мен балық шаруашылығы және экология статистикасы бойынша Статистикалық жұмыс жоспарын орындау жөніндегі жұмыстарды атқарады.

2012 жылы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес өнеркәсіп статистикасы бойынша 19 статистикалық бақылау жүргізілді, ауыл, орман мен балық шаруашылығы статистикасы бойынша - 39, энергетика және қоршаған орта статистикасы бойынша – 10 статистикалық бақылау, 18 конъюнктуралық зерттеу жүргізілді.

Қаланың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде едәуір көп үлесті алатын өнім түрлерінің өсу және төмендеу себептері бойынша ақпарат дайындау мақсатында ай сайын ИФО есебіне талдау жүргізілді.

Қазақстандық құрамның мониторингі жұмысы аясында 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 50%-дан аса төмендеуге жеткен тізімді анықтау үшін ірі және орта өндірістік кәсіпорындардың жұмыс қорытындысына талдау жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын» іске асырылуы бойынша түсті және қара металлургия өнімінің өндірісі, металл құю, машина жасау және негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірісі туралы ақпарат ай сайын дайындалады.

Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімді жүргізу жөнінде жұмыстар атқарылды, ай сайын ауылшаруашылық кәсіпорындары (АШСТ1), шаруа (фермер) қожалығы (АШСТ2) бойынша деректер жаңғыртылып отырды, жылына бір рет халықтың қожалықтары бойынша (АШСТ3) және саяжайлық бақша қожалықтары бойынша (АШСТ4) жұмыстар жүргізілді. «Астана қаласының Ауылшаруашылық басқармасы» ММ және «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ тығыз ынтымақтастық орнатылды.

ҚР Статистика агенттігінің нұсқауына сәйкес астықтың шығарылу бағыты туралы түсіндірме жазбахатын қалыптастыру үшін «өзге де шығулар» мен «өзге де түсімдер» туралы деректер бойынша қосымша ақпаратты жинау ай сайын жүзеге асырылды.

Астана қаласы бойынша 2006-2009 жылдардағы қызмет түрлері бойынша және заттық мәндегі өнім өндірісінің деректерін қайта кодтау жұмыстары жүргізілді.

Респонденттер ұсынатын ақпараттың сапасын арттыру және бастапқы статистикалық ақпаратты уақтылы алу үшін қаланың өндірістік кәсіпорындарының экономистері мен бухгалтерлерінің қатысуымен «Өнеркәсіп статистикасы бойынша есептілік нысандарын толтыру бойынша әдіснамалық ұсыныстар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді; басқарма қызметкерлері жыл бойы респонденттерге есептілік нысандарын толтыру бойынша әдіснамалық түсіндірмелер мен ұсыныстар беріп отырды; 9 кәсіпорынға хат жіберілді. Нәтижесінде «Кәсіпорынның өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндіруі және тиеуі туралы есебі» 1-Ө нысаны бойынша ай сайынғы есептілікті тапсыруда респонденттердің есептік тәртібі артты, кешігу жағдайлары төмендеді; «Кәсіпорынның өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндіруі және тиеуі туралы есебі» 1-Ө тоқсандық нысаны бойынша кәсіпорындарды қамтудың оң серпіні байқалды (кәсіпорындарды қамту пайызы 2011 жылдың 3 тоқсанында 85,6%-дан 2012 жылдың 3 тоқсанында 97%-ға дейін артты) және 2-аш (астық) «Астықтың бары және қозғалысы туралы» нысаны бойынша (қамту пайызы 2012 жылғы 1 желтоқсандағы 95,5%, 2011 жылғы 1 қаңтардағы 81,3%-ға қарсы).

Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндамасына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша бөлімдер ай сайын дайындалды. «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамасы» және «Астана 2011 жылы» жыл сайынғы статистикалық жинақтары үшін өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау статистикасы бойынша бөлімдер дайындалды.

Басқарма қызметкерлері ҚР Статистика агенттігімен өткізілген «Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және инвестиция статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыруды жетілдіру», «Аграрлық сектор және қоршаған орта статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру кезіндегі жаға әдіснамалық және техникалық шешімдер» тақырыбындағы семинарларға қатысты.
Сауда статистикасы
Сауда статистикасы басқармасы Статистикалық жұмыс жоспарын орындау бойынша жұмыстар атқарады.

2012 жылы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес сауда статистикасы бойынша 37, конъюнктуралық зерттеу – 16 статистикалық бақылау орындалды.

Басқарма қызметкерлері алынатын ақпараттың сапасын, толықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп отырады. Респонденттерге статистикалық есептілік нысандарын толтыру бойынша әдіснамалық түсіндірмелер мен ұсыныстар беріледі.

2011 жылмен салыстырғанда кәсіпорындарды қамту жағдайы жақсарып, айлық зерттеу бойынша:



  • ішкі сауда статистикасы - 98%,

  • өзара сауда статистикасы - 99%,

тоқсандық зерттеу бойынша:

  • ішкі сауда статистика - 97% құрады.

Алынған деректер негізінде басқармамен жергілікті басқару органдарына статистикалық материалдар дайындалды, ай сайын сауданың негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық бюллетендер ұсынылды. Жылдық есептер нәтижелері бойынша статистикалық бюллетендер мен жинақтар шығарылды: «Астанадағы сауда мен қызмет көрсету».

Ай сайын салалық каталогтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндамасына өнеркәсіп сауда статистикасы бойынша бөлімдер ай сайын дайындалды. «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамасы» және «Астана 2011 жылы» жыл сайынғы статистикалық жинақтары үшін сауда статистикасы бойынша бөлімдер дайындалды.

Респонденттермен ішкі және өзара сауда статистикасы бойынша статистикалық есептілік нысанын толтыру бойынша семинарлар өткізілді.

Нарықта беделі бар кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер туралы деректерді алу мәселесі жөнінде жергілікті органдармен өзара қарым-қатынас орнатылды. Кеден одағы елдерімен сауда жасайтын респонденттер тізімін Салық инспекциясымен қарастырылды.

2012 жылы басқарма мемлекеттік органдар мен басқа да заңды тұлғалардың сұрауларына 21 жауап дайындап жіберді.

Басқарма қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсына мынадай тақырып бойынша қатысты: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауындағы Қазақстанның мемлекеттік саясаты», ҚР Статистика агенттігімен өткізілген «Қызмет көрсету және өзара сауда статистикасын жетілдірудің негізгі бағыттары», «Ғылым және инновация саласындағы статистика құралдарын жетілдіру» және «Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының инновациялық белсенділігінің деңгейі» тақырыбындағы семинарларға қатысты.
Қызмет көрсету статистикасы
Қызмет көрсету статистикасы басқармасы қызмет көрсету статистикасы бойынша Статистикалық жұмыс жоспарын орындау бойынша жұмыстар атқарады.

2012 жылы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес қызмет көрсету статистикасы бойынша 14, көлік – 24, байланыс – 15, туризм – 10, ғылым мен инновация – 6, конъюнктуралық зерттеу – 22 статистикалық бақылау орындалды.

Алынған деректер негізінде басқарма статистикалық материалдар әзірлеп, шығарды, өткен жылы 43 статистикалық бюллетендер, 30 баспасөз хабарламалары, «Астана қаласындағы туризмнің дамуы» статистикалық жинағы, «Астана қаласындағы сауда және қызмет көрсету» статистикалық жинағына арналған бөлімдер шығарылды.

Ай сайын қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндамаға көлік және байланыс статистикасы бойынша бөлімдер дайындалды. «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы» және «Астана 2011 жылы» жыл сайынғы статистикалық жинақтарға арналған қызмет көрсету, көлік, байланыс статистикасы бойынша бөлімдер дайындалды.

Басқарма қызметкерлері алынатын ақпараттың толықтығын, сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Респонденттерге статистикалық есептілік нысандарын толтыру бойынша әдіснамалық түсіндірмелер мен ұсыныстар беріледі.

2011 жылмен салыстырғанда кәсіпорындарды қамту жағдайы жақсарып, айлық зерттеу бойынша:



  • байланыс статистикасы – 99,7%,

  • көлік статистикасы – 98,6%,

тоқсандық зерттеу бойынша:

  • қызмет көрсету статистикасы – 97,2%

  • туризм статистикасы – 98,6% құрады.

Лицензияланған қызметпен айналысатын және тасымалдауға тендерді жеңіп алған, туристік қызметпен шұғылданатын, нарықта беделі бар кәсіпорындар туралы, сондай-ақ Астана қаласының мәдениет нысандары бойынша деректерді алу мәселесі жөнінде жергілікті органдармен өзара қарым-қатынас орнатылды.

Респонденттермен «Туризм жөнінде статистикалық есептілік нысанын толтыру бойынша әдіснамалық ұсыныстар мен нұсқаулар» тақырыбында семинар өткізілді.

Ай сайын салалық каталогтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылы басқарма мемлекеттік органдар мен басқа да заңды тұлғалардың сұрауларына 8 жауап дайындады және жіберді.

Басқарма қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқудан өтті, ҚР Статистика агенттігі өткізген «Қызмет көрсету статистикасын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыптағы семинарларға қатысты.
Баға статистикасы
Баға статистикасы басқармасы ай сайын:


  • тұтыну және бөлшек баға индексін;

  • орташа баға деңгейін;

  • өнеркәсіптік өнімдерді өндіруші кәсіпорындар индексін;

  • технологиялық процеске қажетті өндірістік қорлардың тұтыну бағаларының индексін;

  • құрылыстағы бағалар индексін;

  • көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің индексін;

  • халықтың жеке топтары үшін тұтыну бағаларының индексін;

  • құрылыс жұмыстарының негізгі түрлеріне құрылыстағы аралық индекстер серияларын алумен «құрамдас компоненттер» әдісімен құрылыстағы бағалар индексін;

  • халықаралық салыстыру бағдарламасы бойынша тұтыну секторындағы орташа бағаны;

- қала нарығында ауылшаруашылық өнімін өткізудің орташа бағасын және т.б. есептеу үшін Астана қаласы экономикасының тұтыну және өндіру секторларындағы тарифтер мен бағаларды бақылауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес қаңтарда «Бағалар индексінің есебі бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының және тарифтерінің өзгерісін бақылау бойынша әдіснамалық ұсыныстарға» және «нақты сектордағы тарифтердің өзгеруіне бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарға» сәйкес экономиканың тұтыну және нақты секторларындағы сауда және ақылы қызметтер кәсіпорындарының базалық нысандарын іріктеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

24 статистикалық жұмыс, оның ішінде апталық мерзімділікпен 1, айлық мерзімділікпен 20, тоқсандық мерзімділікпен 2, жылына екі рет жүргізілетін 1 бір жолғы жұмыстар орындалды.

Бағалар мен тарифтерді бақылау барысында әдіснамалық ұсыныстарға сәйкес тауарлар мен қызметтерді және сауда объектілерін өзгерту жұмыстары жасалды.

Басқарма ай сайын экономиканың тұтыну және нақты секторындағы бағалар туралы статистикалық бюллетендер, жедел ақпараттар, сондай-ақ «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасына материалдар дайындалып отырды, «Астанадағы бағалар» жинағы шығарылды, «Астана 2011 жылы» мен «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы» статистикалық жинақтарына бөлімдер әзірленді. БАҚ үшін «Астана қаласы бойынша инфляция», «Астанадағы тамақ өнімдерінің бағалары» және «Күнкөрістің ең төменгі мөлшері» тақырыбында баспасөз хабарламалар үнемі шығарылып отырды.

Жыл бойына әкімдік пен оның бөлімшелерінің инфляция деңгейі, орташа бағалар туралы тапсырмалары бойынша заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына 85 ресми жауап дайындалды.

Интервьюерлер тіркеген бағалардың дұрыстығына – 35 базалық объектілерде іріктемелі зерттеу жүргізілді.

Басқарманың бас және жетекші мамандарымен жыл бойына тұрақты түрде интервьюерлерді оқыту жұмыстары жүргізілді.

Респонденттермен экономиканың нақты секторы бойынша статистикалық есептілікті толтыру мәселелеріне қатысты, оның ішінде «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағалары және көлемі туралы есеп» 1-СФ есептілігінің жаңа нысаны бойынша 415 кеңес өткізілді.

Басқарма қызметкерлері ҚР Статистика агенттігі өткізген экономиканың тұтыну және нақты секторы бойынша семинарларға қатысты.

Басқарма қызметкері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында «Мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметтің негіздері, қағидалары мен даму келешектері», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің құрамын басқаруды бақылау» тақырыбында оқудан өтті. ҚР Статистика агенттігі өткізген экономиканың тұтыну және нақты секторы бойынша семинарларға қатысты.
Әлеуметтік және демографиялық статистика
2012 жылы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 23 статистикалық бақылау, оның ішінде 7 айлық, 2 тоқсандық, 1 жартыжылдық, 12 жылдық және 1 бір жолдық мерзімділікпен орындалды.

Ағымдағы жылы «Халықты қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерінің тіркелуі бойынша әлеуметтік-статистикалық зерттеу бойынша сауалнама» ҚД-01 нысаны бойынша халықты сұрастыру негізінде халықты қылмыстылық деңгейі бойынша бір жолғы іріктеп зерттеу жүргізілді. Жұмыс барысында халықты сұрастыру үшін 33 интервьер мен басқарма қызметкерлері қатысты. Астана қаласы бойынша зерттелген үй шаруашылықтарының саны 9926, сұралған респонденттер саны – 11899 адамды құрады.

Жергілікті басқарушы органдар мен қоғамды ақпараттандыру, сондай-ақ елорда дамуының әлеуметтік –экономикалық үрдістері туралы жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, сұрауларын қанағаттандыру мақсатында 2012 жылы келесідей жарияланымдар жарық көрді: «Астана жастары», «Астана қаласының әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері», «Астана қаласының демографиялық жылнамалығы» статистикалық жинақтары, 19 бюллетень, 23 жедел ақпарат.

Баяндама мен оның қосымшасының шығуына демография, көші-қон, денсаулық сақтау, қылмыстылық бөлімдері бойынша ай сайын материалдар дайындалды.

Демография, денсаулық сақтау, қылмыстылық, білім беру бөлімдері бойынша «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы» мен «Астана 2011 жылы» статистикалық жылнамалығына материалдар дайындалды.

Әлеуметтік және демографиялық статистика бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен 32 сұрауға жауаптар дайындалды.

Басқарма атқарушы аймақтық органдармен - Әділет департаментімен, Білім беру басқармасымен, Денсаулық сақтау басқармасымен, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, Астана қаласының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Әдіснамалық талаптар мен нұсқауларға сәйкес Астана қаласының әлеуметтік және демографиялық дамуының статистикалық көрсеткіштерін жинау, талдау қамтамасыз етілген. Жұмыс барысында ҚР Статистика агенттігіне «Техникалық және кәсіби білім туралы» 2-НК статистикалық нысанын жетілдіру бойынша ұсыныстар жіберілді.

Басқарма қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстарға қатысты.

Үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы
Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес басқарма қызметкерлері барлығы 6 статистикалық бақылау, оның ішінде 2 жылдық, 4 тоқсандық және 2 бір жолғы зерттеу орындады.

Үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша барлық есептілік нысандарын жаңарту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар басқармамен КИПЦ жаңғырту үшін тауарлар мен қызметтердің тізімі мен есептілік нысандарын қарастыру кезінде ұсыныстар енгізілді.

Жыл бойы бір-екі үй шаруашылығын аралаумен интервьюерлер жұмысының сапасына тексеру жүргізілді.

Басқарма қызметкерлерімен «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» ай сайынғы баяндамасына және «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы», «Астана 2011 жылы» статистикалық жылнамалығына бөлімдер дайындалған.

БАҚ, Департамент сайты, мемлекеттік органдар үшін статистикалық ақпаратты шығару бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жыл бойына басқарма құзыреті аясында тұтынушылар мен респонденттердің сұрақтарына 5 жауап берілді.

Басқарма қызметкері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту» тақырыптары бойынша қайта даярлау курстарына қатысты.
Еңбек статистикасы
Басқарма еңбек бойынша 1-Е (айлық), ірі және орта кәсіпорындар бойынша 1-е нысанына 1 қосымша, 1-Е (тоқсандық), 1-Е (жылдық), Е(жалақы), № 2-Е(кәсіп) және 1-Е (еңбек жағдайы) – статистикалық көрсеткіштерін жинауды, бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

1-Е (айлық) нысанына 1 қосымшасы бойынша кәсіпорындарды қамту серпіні:





1-Е (айлық)

Каталог бойынша кәсіпорындар саны

Есеп берген кәсіпорындар саны

Қамту пайызы, %

қаңтар

962

921

96

ақпан

968

931

96

сәуір

990

962

97

мамыр

995

966

97

шілде

1011

977

97

тамыз

1009

983

96

қазан

1045

999

96

қараша

1036

1006

98




1-Е (айлық) нысанына

1 қосымша



Каталог бойынша кәсіпорындар саны

Есеп берген кәсіпорындар саны

Қамту пайызы, %

қаңтар

963

915

95

ақпан

968

933

96

сәуір

971

962

99

мамыр

992

966

97

шілде

1010

977

97

тамыз

1009

980

97

қазан

1025

1002

98

қараша

1036

1013

98

Статистикалық құралдарды дамыту мақсатында ҚР Статистика агенттігінің сұрауы бойынша еңбек бойынша есептерді құру жөнінде Жаңа нұсқау жобасына ұсыныстар енгізілді (2-тармақ, жекеленген бөлімше анықтамасы бойынша). 2012 жылғы 1-Е (жылдық) нысаны бойынша респонденттердің ескерпелеріне қатысты ҚР Статистика агенттігі ескерген есеп бланктерін рәсімдеу жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Әдістемеге сәйкес ай сайын Статистикалық тіркелімді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша (834 үй шаруашылығы) еңбек нарығындағы жағдайға талдау жүргізу үшін тоқсан сайын қала халқының жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздығына мониторинг жүргізіледі. Зерттеуді 17 интервьюер жүргізеді, әрқайсысына 49-50 үй шаруашылығы тиесілі. Алынған деректер негізінде 6 баспасөз хабарламасы шығарылды: «Астана қаласындағы гендерлік бөлініс бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторлары».

Жыл бойына «Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыскерлердің саны және жалақы қоры» 15 статистикалық бюллетені, 33 - қала халқының жұмыспен қамтылуы және еңбекақы төлемі туралы жедел ақпараты шығарылды. Ай сайын сайтқа арналып ақпарат дайындалды.

Ай сайын «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасына «Жалдамалы жұмыспен қамту», «Жұмыссыздық және жұмыспен қамту» және «Еңбекақы төлемі» бөлімдері дайындалды. «Астана 2011 жылы» статистикалық жылнамалығы пен «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы» үшін бөлімдер әзірленді. «Астана қаласы халқының жұмыспен қамтылуы және еңбекақы төлемі» жинағы жарық көрді.

Жыл бойына ұйымдар мен кәсіпорындардың ресми сұрауларына 58 жауап дайындалды.

Респонденттерден алынатын ақпараттың сапасын жақсарту үшін жыл бойы басқарма қызметкерлері жаңадан тіркелген кәсіпорындармен есептілік жасау бойынша кеңес жүргізді.

Басқарма қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқудан өтті, ҚР Статистика агенттігі өткізген «Еңбек статистикасын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбындағы семинарларға қатысты.

Инвестиция және құрылыс статистикасы
Инвестиция және құрылыс статистикасы басқармасы Статистикалық жұмыс жоспарын орындау мен статистикалық мәліметтердің нақтылығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Басқарма қызметкерлерімен есеп беретін респонденттерінің шеңберін үлкейту бойынша жұмыстар атқарылды, есептілікті толтыру бойынша кеңес беру жүргізілді. Респонденттермен жұмыс жасау басқармасымен ынтымақтаса отырып, есептілік тапсырмаған кәсіпорындарға айыппұл салу санкцияларына тізім жасалды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі үшін әр айдың 7-і күні «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламасы аясында орындалатын инвестициялық жоба тізімдемесі» бойынша ақпарат дайындалды, 10-ы күні арнайы экономикалық аймақтың және индустриалды аймақтың заңды тұлғалар тізімдемесі бойынша мәліметтер берілді.

Ай сайын жергілікті атқарушы органдармен қала нысандарын пайдалануға беру, құрылыс және негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар туралы ақпараттық материал бойынша жұмыс жасалды.

Тоқсан сайын «Құрылысқа берілген рұқсатнамалар туралы» зерттеу жүргізілді (F-001 сауалнамасы), деректер ГАСК деректерімен салыстырылды.

Статистикалық бақылау нәтижесі бойынша статистикалық ақпаратты тұтынушылар үшін «Астана қаласындағы инвестициялық қызмет және құрылыс» статистикалық жинағы шығарылды. Жыл бойы ай сайын «Астана қаласы бойынша мердігерлік, құрылыс жұмыстарын орындау туралы», «Астана қаласы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар туралы», «Нысандарды пайдалануға беру туралы» бюллетендері шығарылды, сондай-ақ құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша баспасөз хабарламалары дайындалды, «Астана қаласының әлеуметтік-экономилақ дамуы» ай сайынғы баяндамасына, «Астана 2011 жылы» статистикалық жылнамалығына, «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығына» «Инвестициялар» және «Құрылыс» бөлімдері дайындалды.

Басқарма қызметкерлері құрылыс қызметімен және инвестициялаумен айналысатын қала кәсіпорындарының статистикалық есептілікті сапалы және уақтылы тапсыруы туралы семинар-кеңес өткізді.

2012 жыл бойы басқарма қызметкерлері орындалған көлем бойынша мәліметтерді тапсырмаған респонденттерді анықтау үшін «Респонденттермен жұмыс жасау басқармасымен» бірге жұмыс жасады.

2012 жыл бойы басқармамен мемлекеттік органдар мен басқа да заңды тұлғалардың сұрауларына 16 хат дайындалып, 22 жауап жіберілді.

Кәсіби деңгейді арттыру мақсатында басқарма мамандары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқудан өтті, ҚР Статистика агенттігі өткізген «Инвестиция және құрылыс статистикасын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбындағы семинарларға, «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық зонасына қатысушы кәсіпорындар үшін шетел инвестицияларын тіркеу бойынша статистикалық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіру мақсатында «Астана - INNOVATIONS» АҚ өткізген «Астана қаласы кәсіпорындарының тікелей шетелдік инвестицияларын статистикалық тіркеу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысына қатысты.



Қаржы статистикасы
Басқарманың негізгі қызметі қаланың шаруашылық етуші субъектілердің өндірістік-қаржылық қызметін көрсететін статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату болып табылады.

2012 жылы қаржы статистикасы басқармасының қызметкерлерімен құрылымдық статистика бойынша 8 статистикалық бақылау орындалды, оның ішінде 1 – айлық, 3 – тоқсандық, 4 – жылдық.

2012 жылы ай сайын 24 өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен 1 көлік және қоймалау кәсіпорны бойынша қазақстандық мазмұн мониторингімен қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштері бақыланды.

2012 жылы статистикалық деректерді тарату аясында қаланың шаруашылық субъектілерінің өндірістік-қаржылық қызметін көрсететін келесі жарияланымдар шығарылды: «Астана қаласының қаржысы» статистикалық жинағы, 12 бюллетень, 28 жедел-ақпарат, 16 баспасөз хабарлама, мемлекеттік органдардан және өзге де кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп түскен 36 ресми сұрау орындалды.

Басқарма қызметкерлерімен ай сайынғы «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасы, «Астана қаласының қысқаша статистикалық жылнамалығы», «Астана 2011 жылы» статистикалық жылнамалығы үшін бөлімдер дайындалды.

2012 жылы Қаржы статистикасы басқармасының қызметкерлерімен «Қаржы статистикасы бойынша әдіснамалық ұсыныстар» тақырыбында респонденттермен семинар-кеңес өткізілді. Осы іс-шараға есеп беретін кәсіпорындар мен ұйымдардың 168 өкілі қатысты.

Кәсіби деңгейін көтеру мақсатында, басқарма қызметкері ҚР Статистика агенттігі «СНС-2008 ендіру аясындағы құрылымдық статистиканы жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбына өткізген семинарға қатысты. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту курстарын өтті.

3. Астана қаласы Статистика департаментінің статистикалық қызметін жетілдіру жоспарлары
2013 жылы статистикалық ақпаратты тарату жүйесін дамыту аясында статистикалық ақпаратты тұтынушылардың Департаменттің интернет-ресурсына кіру санын көбейту жоспарланады.

Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, респонденттерге тиелетін жүкті азайту және статистикалық ақпаратты таратуды жақсарту жұмыстары жалғастырылады. Келесі жылы он-лайн режімде статистикалық нысандарды ендіруді аяқтау жоспарланады, осылайша, респонденттерге статистикалық есептерді Интернет арқылы он-лайн режімде тапсыру баламасы ұсынылады, бұл олардың еңбек, қаржы және уақыт шығындарын айтарлықтай қысқартады.



Кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша қызметкерлер құрамын тиімді басқару, карьераны дамыту мен қызметкерлерді тағайындау бағдарламалары енгізілетін болады; тренингте қажеттіліктер анықталып, соның негізінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру стратегиясы әзірленетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет