Астана. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ Бүгін Астанадағы С



Дата30.06.2016
өлшемі65.3 Kb.
#167245


21.01.2010 / 12:14

Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» басталды

 

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде аграрлық бағыттағы жетекші жоғары оқу орындардың қатысуымен «Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған аграрлық университеттердің күндеріне елордадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорлары бастаған делегациялар қатысуда.

Шараның ашылуында астаналық Аграрлық университеттің ректоры Айтбай Бұлашев, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің соңғы Жолдауында, әлемге қанат жайған дағдарысқа қарамастан аграрлық саланың инвестициялық жобаларын қаржыландыру тоқталмайтынын баса айтқанын тілге тиек етіп, бүгінгі күні заманауи технологияларға негізделген тауарлы-сүт фермалары, мал бордақылау кешендері, жылыжайлар, ауылшаруашылығын қайта өңдеу зауыттары және тағы басқалар іске қосылып жатқандығын айтты.

«Мұндай кәсіпорындар, әрине, бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды қажет етеді. Сондықтан ауылшаруашылығына кадрларды даярлайтын білім ордаларына үлкен жауапкершіліктер жүктеліп отыр. Бұдан былай біз оларды бүгінгі күннің талабына емес, ертеңге күннің сұранысына сай келетін мамандармен қамтамасыз етіп отыруымыз керек», - деп атап өтті ректор.

А.Бұлашевтың айтуынша, білікті кадрларды даярлау үшін -  еліміздің аграрлық білім сапасына сын көзбен қарап, оның әлемдік деңгейге көтерілуіне кедергі жасап отырған мәселелерді айқындау арқылы оңтайлы жолдарды жұмыла шешу қажет.

Осы мақсатта аграрлық университеттер күндері аясында - білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығы салаларына ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын ортақ бағытта жүргізу, білім сапасының мониторигі мен менеджменті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін ақпараттық ресурстар мен озық тәжірибелерді ортақ мақсатта пайдалану, студент-жастар тәрбиесі және басқа да мәселелер жөнінде тәжірибе алмасылатын болады.

Басқосу соңында аталмыш бағыттар бойынша етене жұмыстар атқару мақсатында аграрлық университеттер үш жақты келісімге қол қоятын болады.

«Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» үстіміздегі жылғы сәуір айында - Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, маусым-шілде айларында - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жалғасын таппақ. 
2010-01-21 16:20:00.0

Ауыл шаруашылығына кадрларды тек мамандандырылған жоғары оқу орындары даярлауы керек - А.Бұлашев

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ауыл шаруашылығына кадрларды тиісті мамандықтар бойынша ғылыми әлеуеті, материалдық-техникалық базасы бар жоғары оқу орындары ғана дайындауы керек.

Бұл пікірін бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» аясында өткен мәжілісте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бұлашевтың пайымдауынша, ауыл шаруашылығына кадрларды ғылыми әлеуеті, материалдық-техникалық базасы бар жоғары оқу орындары ғана дайындауы керек. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын университеттердің ұзын саны 23-ке жетіп отырған қазіргі жағдайда, жаңадан ашылған жекеменшік жоғары оқу орындары агрономдар мен зоотехниктерді, тіпті ветеринария мамандықтарын оқытуға лицензияларды оңай алып отырғандығы аграрлық салада еңбек ететіндерге түсінбеушілік туғызуда.  

Ректордың айтуынша, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Ұлыбританияда мал дәрігерлерін тек төрт университет қана дайындайтын болса, Қазақстанда ондай университеттердің саны бүгінгі күні 8-ге жеткен.

А.Бұлашев бұны - мамандандырылмаған оқу орындарына лицензияларды оңды-солды таратуды былай қойғанда - мемлекеттің білім гранттарын талан-таражға салу деп түсінетіндігін жеткізді. «Гранттардың осындай талан-таражға салынуы оқу топтарын толыққанды қалыптастыруға мүмкіншілік бермей, білім сапасына кері әсерін тигізуде», - деп атап өтті ректор.



21.01.2010 / 17:28

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына ауыл шаруашылығы мамандықтарын енгізу қажет - елордадағы ҚазАТУ ректоры

 АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілген мамандықтардың тізіміне ауыл шаруашылығы мамандықтарын да енгізу қажет.

Бұл ұсынысын бүгін Астанада елдегі аграрлық бағыттағы жетекші жоғары оқу орындардың қатысуымен басталған «Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» аясындағы мәжілісте елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бұлашевтың айтуынша, ауыл шаруашылығының жас маманын еңбек жолын ауылдан бастауға ынталандыру үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына аталмыш сала мамандығын да қосу қажет.

Ректордың пайымдауынша, аталмыш бағдарлама шеңберінде «Агроөнеркәсіп кешендері мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салалары бойынша ауылға келген жастарға әлеуметтік көмек беру туралы толықтырулар енгізілген. Бірақ бұл тізімге ауыл шаруашылығы мамандықтары енбей қалған.

«Осы топқа елді мекеннің тірегі болып табылатын ауыл шаруашылығы мамандарын қосу керек. Одан қалды, Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір облыста керекті мамандарды, осы аймақтың тумаларымен келісімшарт жасау арқылы даярлауды ұсынғаны жөн болар еді», - дейді ол.

Сондай-ақ ҚазАТУ басшысы, білім беру үрдісін кредиттік технология жүйесі бойынша жүзеге асырып отырған аграрлық университеттерге оқу құралдарды өзбеттерінше жеке-жеке шығармай, ғылыми әлеуеттерді біріктіріп, ортақ бір сапалы оқулық шығаруды ұсынды.

Сонымен бірге, кез-келген аграрлық университеттің профессорына өзінің дәрісін іссапарға шықпай-ақ, аймақтардағы басқа мамандандырылған оқу орындардың студенттеріне on-line режимінде оқуға болатынын және оны жүзеге асыруға республикадағы үш аграрлық университетте мүмкіндіктер жасалғандығын айтты.

21.01.2010 / 16:20

Ауыл шаруашылығына кадрларды тек мамандандырылған жоғары оқу орындары даярлауы керек - А.Бұлашев

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ауыл шаруашылығына кадрларды тиісті мамандықтар бойынша ғылыми әлеуеті, материалдық-техникалық базасы бар жоғары оқу орындары ғана дайындауы керек.

Бұл пікірін бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы аграрлық университеттерінің күндері» аясында өткен мәжілісте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бұлашевтың пайымдауынша, ауыл шаруашылығына кадрларды ғылыми әлеуеті, материалдық-техникалық базасы бар жоғары оқу орындары ғана дайындауы керек. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын университеттердің ұзын саны 23-ке жетіп отырған қазіргі жағдайда, жаңадан ашылған жекеменшік жоғары оқу орындары агрономдар мен зоотехниктерді, тіпті ветеринария мамандықтарын оқытуға лицензияларды оңай алып отырғандығы аграрлық салада еңбек ететіндерге түсінбеушілік туғызуда.  

Ректордың айтуынша, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Ұлыбританияда мал дәрігерлерін тек төрт университет қана дайындайтын болса, Қазақстанда ондай университеттердің саны бүгінгі күні 8-ге жеткен.

А.Бұлашев бұны - мамандандырылмаған оқу орындарына лицензияларды оңды-солды таратуды былай қойғанда - мемлекеттің білім гранттарын талан-таражға салу деп түсінетіндігін жеткізді. «Гранттардың осындай талан-таражға салынуы оқу топтарын толыққанды қалыптастыруға мүмкіншілік бермей, білім сапасына кері әсерін тигізуде», - деп атап өтті ректор.



2010-01-22 12:01:00.0

Елордадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың әлеуметтік көмекке мұқтаж 33 студенті ректорат атынан білім гранттарын алды

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы аграрлық жоғары оқу орындарының күндері» шеңберінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 33 студентіне білім гранттары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гранттар С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жаңажылдық мереке қарсаңында Астана қаласының әкімдігі өткізген «Ең үздік жаңажылдық безендіру» байқауында жеңіп алған 3 миллион теңге көлеміндегі сыйақының есебінен үлестірілді.

Университет ректоры А.Бұлашевтың атап көрсеткеніндей, оқу орнының ректораты ақшалай қаржыны қайырымдылық мақсатта пайдалану туралы шешімді бірауыздан қабылдаған және оны мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге оқуларының төлемақысын өтеп беруге жұмсау ұйғарылған.

«ҚР аграрлық жоғары оқу орындарының күндері» бағдарламасы шеңберінде өткен «Жаңажылдық мейірім» акциясында 33 студентке оқу төлемақысын өтеу туралы куәліктер салтанатты түрде табыс етілді.

Акцияға республиканың үздік жоғары оқу орындарынан бөлек, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері мен ата-аналар қатысты.



Естеріңізге сала кетейік, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елордадағы мекемелер мен бизнес субъектілерінің арасында өткізген «Ең үздік жаңажылдық безендіру» байқауында бас жүлдені иеленген болатын. Жүлденің марапаты - «Бәйтерек» мүсіншесін оқу орнының ректорына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев желтоқсанның 25-і күні Тәуелсіздік сарайында өткен жаңажылдық кеште салтанатты түрде табыс еткен еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет