«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма шешімімен
20___ж. «_____»___________
№ _______ хаттама
бекітілді
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілеріне арналған Қазақстандағы үздік туристік бағдарларға сайыс өткізу туралы ереже
Астана қ.
№ БӨЛІМ АТАУЫ Беті
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3
2 САЙЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ 3
3 САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫ 4
4 ТУРИСТІК БАҒДАР ЖОБАЛАРЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ
САЙЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ 5
5 ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 6
1. Жалпы ережелер
-
Осы ереже Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілеріне арналған Қазақстандағы үздік туристік бағдарларға сайыс (бұдан әрі – сайыс) шарттарын, сайысқа қатысушыларға және туристік бағдарлар жобаларына қойылатын талаптарды, сондай-ақ туристік бағдар жобаларын қарау және сайыстың қорытындысын шығару тәртібін анықтайды.
-
Сайыс мақсаты Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі – Көрме) туристік қауымдастығының қызығушылығын арттыру және Көрме келушілеріне туристік өнімдерді қалыптастыру болып табылады.
-
Сайыстың міндеттері:
-
көрме келушілеріне арналған үздік туристік бағдарларды анықтау;
-
халықаралық сапа стандарттарына сәйкес, туристік бағдарларға қатысты кеңестер мен талаптар әзірлеу;
-
туристерді Көрмеге тарту үшін туроператорларды анықтау.
-
Сайысты өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Туризм департаменті (бұдан әрі – Туризм департаменті) болып табылады.
-
Сайысты өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға Туризм департаментінің директоры жауапты болады.
-
Сайыстың шарттары
2.1. Сайысқа қатысуға Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар шақырылады.
2.2. Сайысқа қатысуға осы Ереженің 3 тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін туристік бағдарлардың жобалары қабылданады.
2.3. Сайыс келесідей номинацияларда өткізіледі:
2.3.1. Үздік сититур;
2.3.2. Үздік экологиялық туристік бағдар;
2.3.3. Үздік тарихи туристік бағдар;
2.3.4. Үздік экстремалдық туристік бағдар;
2.3.5. Үздік мәдени-танымдық туристік бағдар;
2.3.6. Жібек жолы бойынша үздік туристік бағдар;
2.3.7. Үздік отбасылық тур;
2.3.8. Үздік VIP туристік бағдар;
2.3.9. Үздік тосқауылсыз туристік бағдар;
2.3.10. Үздік инновациялық туристік бағдар;
2.4. Бір туристік бағдар жобасының бірнеше номинацияларға қатысуына жол берілмейді.
2.5. Өтінім ұсынылған туристік бағдар жобасын Қоғамның пайдалануына сайыстың әлеуетті қатысушысының келісімін білдіру үлгісі болып табылады.
2.6. Өтінімде:
2.6.1. осы Ережеге №1 қосымшаға сәйкес сайыстық әлеуетті қатысушы толтырған сауалнамасы;
2.6.2. қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі форматтардың бірінде: .pdf, .doc, .rtf, .txt электрондық түрдегі технологиялық сипаттамасы бар туристік бағдар жобасы;
2.6.3. өтінім берілген туристік бағдарлар жобалары бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны туралы статистикалық ақпарат;
2.6.4. осы Ереженің 3 тарауында көрсетілген талаптардың сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2.6.5. заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелу) туралы куәлік көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелу туралы құжаттың көшірмесі болуы қажет.
2.7. Сайысқа жіберілген материалдар қайтарылмайды және өзгеруге жатпайды.
2.8. Сайысқа қатысумен байланысты барлық материалдар tourism@expo2017astana.com электронды мекен-жайына «Қазақстандағы үздік туристік бағдарға сайыс» белгісімен ұсынылады.
2.9. Осы Ережеде көрсетілген сайыстың қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған соң келіп түскен туристік бағдар жобалары сайысқа қатыстырылмайды.
2.10. Сайысты өткізу үшін комиссия құрылуда.
2.11. Сайысты өткізу бойынша комиссия құрамы Қоғаммен анықталады және Қоғамның Басқарма Төрағасының Бұйрығымен бекітіледі.
2.12. Сайысқа қатысушы сайысқа қатысуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді. Қоғам мен комиссия мүшелері сайыс нәтижесіне қарамастан, осы шығындарды көтеруге міндетті емес.
-
Сайысқа қатысушыларға және туристік бағдарлар жобаларына қойылатын талаптар
-
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензиясының болуы;
-
туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартының болуы.
-
Туристік бағдар жобаларына қойылатын талаптар:
-
әуе және темір жол қатынастары, автожолдар, жаяу жолдар бойынша туристік бағдар жобасына енгізілген нысандардың қолжетімділігі;
-
туристерді орналастыру және тамақтануды қамтамасыз ету қызметтерін туристік бағдар жобасының мазмұнына міндетті қосылуы;
-
туристік бағдар жобасының гид-аудармашымен сүйемелдеуі;
-
қауіпсіздік шарттары;
-
көрмеге келу мүмкіндігі;
-
Қазақстан Республикасының жетістіктері мен Көрме туралы ақпараттың болуы;
-
туристік бағдарламаның өтінім берілген номинацияға сәйкестігі:
-
Үздік сититур – қаланың көрікті жерлеріне барумен, бағдарламаның қала тарихы мен мәдениетіне қанық болуы;
-
Үздік экологиялық туристік бағдар – экотуризм элементтерінің болуы және Қазақстанның экологиялық туризм объектілеріне бару;
-
Үздік тарихи туристік бағдар – ұмытылмас оқиға болған орынға саяхат, тарихи мәні бар нысандарға бару;
-
Үздік экстремалдық туристік бағдар – экзотикалық орындардағы белсенді демалыс пен спорттың үйлесуі;
-
Үздік мәдени-танымдық туристік бағдар – туристік бағдарлар шеңберінде ескерткіштерге, қасиетті жерлерге және басқа да нысандарға бару Қазақстан тарихымен және мәдениетімен танысу мүмкіндігіне бағытталуы тиіс;
-
Ұлы Жібек жолы бойынша үздік туристік бағдар – Ұлы Жібек жолы бойындағы бағдарлар, тарих, мәдениет ескерткіштеріне және басқа да нысандарға бару;
-
Үздік отбасылық туристік бағдар – ата-аналар мен балалардың демалу мүмкіндігі. Ересектердің де, балалардың рекреациясына жағдайлардың болуы;
-
Үздік VIP туристік бағдар – жоғары деңгейлі сервис қызметтері ілесетін тур;
-
Үздік тосқауылсыз туристік бағдар – Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған әмбебап дизайн стандартын сақтай отырып, туристік инфрақұрылымның және көрсетілім объектілерінің адамдардың түрлі, соның ішінде, мүгедектердің, қарттардың, олардың қамқоршыларының және отбасы мүшелерінің, уақытша мүмкіндігі шектеулі адамдардың, кішкентай балалары бар отбасылардың мұқтаждықтарына қарай бейімдеу тұрғысынан бағдардың қолжетімділігі;
-
Үздік инновациялық туристік бағдар – жаңалықтардың әртүрлі үлгілерін қолданатын бағдар.
-
Туристік бағдар жобаларын қарау және сайыстың қорытындысын шығару тәртібі
-
Сайысты өткізу, өтінімдерді беру мерзімі, қатысу шарттары және сайыстың қорытындысы туралы хабарландыру www.expo2017astana.com ресми сайтында «Туризм» парақшасында орналастырылатын болады.
-
Қоғам туристік операторларды қатысуға жұмылдыру үшін сайыс туралы ақпаратты областардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментіне, Қазақстандық Туристік Қауымдастығына ұсынады.
-
Туристік бағдарларды іріктеу төрт кезеңде жүргізіледі:
4.3.1. 1 кезең – өтінімдерді жинау және қабылдау;
4.3.2. 2 кезең –келіп түскен туристік бағдарлардың жобаларын қарау және финалистерді анықтау;
4.3.3. 3 кезең – комиссияның туристік бағдарлар жобасына сынақ жүргізуі;
4.3.4. 4 кезең – комиссияның әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтауы және қорытындысын шығаруы.
-
осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша туристік бағдарлардың жобаларын бағалау бағалау парағы арқылы жүзеге асырылады.
-
Комиссияның ½ кем емес комиссияның кворумын сақтай отырып, қарапайым көпшілік дауысы арқылы комиссияның шешімі қабылданады.
-
Шешім қабылдаған кезде дауыстар тең болған жағдайда, шешуші дауыс комиссия Төрағасының дауысы болып табылады.
-
Комиссия Төрағасы болмай қалған жағдайда, оның міндеттері комиссия Төрағасының орынбасарына жүктеледі.
-
Номинациялардың бірі бойынша 2 өтінімнен кем келіп түскен жағдайда өтінімдер беру мерзімі автоматты түрде хабарламада көрсетілген өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күнге ұзартылады.
-
Сайысқа қатысуға өтінім беру мерзімін ұзарту туралы ақпарат www.expo2017astana.com ресми сайтында «Туризм» парақшасында орналастырылатын және аталған номинация бойынша сайысқа қатысушыларға электронды және факсимильді байланыс бойынша хабарланатын болады.
-
Ереженің 4.8 тармағына сәйкес, өтінімдер беру мерзімі ұзартылған соң номинациялардың бірі бойынша 2 өтінімнен кем келіп түскен жағдайда аталған номинация бойынша сайыс өтпеген болып саналады.
-
Номинациялардың бірі бойынша финалист анықталмаған жағдайда, аталған номинация бойынша сайыс өтпеген болып саналады.
-
Туристік бағдар жобасының апробациясын жүргізу қорытындылары бойынша номинациялардың бірінде сайыс жеңімпазы анықталмаған жағдайда, сол номинациядағы сайыс өтпеген болып саналады.
-
Жеңімпаздарды анықтай отырып, әр номинация бойынша сайыстың қорытындылары сайыстың 3 кезеңі аяқталған соң, 30 күнтізбелік күн ішінде шығарылатын және www.expo2017astana.com ресми сайтында «Туризм» парақшасында орналастырылатын болады.
-
Қорытынды ережелер
-
Сайыстың жеңімпаздары осы сайыс қорытындысы бойынша Қоғаммен құрылатын ұсынылған Көрменің туристік бағдарлар тізіліміне енгізіледі және www.expo2017astana.com ресми сайтында «Туризм» парақшасында орналастырылатын болады.
-
Жеңімпаздар Көрме қамқорлығындағы ұсынылған туристік бағдарларға сәйкес құрылған туристік өнімдерді өткізу құқығын беретін Қоғам сертификатымен марапатталатын болады.
-
Сайысқа қатысушылар номинацияланған туристік бағдарлар жобалары шеңберінде ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізу кезеңіне туристерді тарту үдерісіне жұмылдырылатын болады.
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қонақтарына арналған
Қазақстандағы үздік туристік бағдарларға сайыс өткізу туралы ережеге
№1 қосымша
Сайысқа қатысушының
САУАЛНАМАСЫ
Қатысушының тіркеу мәліметтері
|
Толтыруға арналған ұяшықтар
|
Елді мекен (қала, облыс)
|
|
Атауы, ұйымдық-құқықтық үлгісі
|
|
Пошталық мекен-жай
|
|
Сайыстық материалдың атауы
|
|
Номинация атауы
|
|
Байланыс телефоны (ұялы, жұмыс)
|
|
Электронды пошта
|
|
Күні:
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қонақтарына арналған
Қазақстандағы үздік туристік бағдарларға сайыс өткізу туралы ережеге
№2 қосымша
Бағалау парағы
№ п/п
|
Туристік бағдар жобасының атауы
|
Компания
|
Құны (ия/жоқ)
|
ЭКСПО-2017 келу мүмкіндігі (ия/жоқ)
|
Берілген номинацияның тақырыбына сәйкестілігі (ия/жоқ)
|
Әуе, т/ж және автохабарламалар, жаяу жүргінші жолдары бойынша қол жетімділік
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Тамақтану қызметтерін көрсету
|
Орналастыру бойынша қызметтер көрсету
|
Гид-аудармашының қызметі (ия/жоқ)
|
Бағдар қауіпсіздігі
|
Ескерту
|
Қорытынды (қолдау/қарсы болу)
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
Достарыңызбен бөлісу: |