«Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі30.76 Kb.
#3820


«Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуіріндегі Заңын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді


5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2013 жыл және келесі жылдар



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулы – 1-тармағының 15) тармақшасы күші жойылды деп танылады

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқобада 2012 жылғы 26 қарашадағы № 01/4-5624 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қортындысында көрсетілген ескертулер жойылды.


9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған (25.09.13 ж.): қаулы жобасы (27 136 байт), түсіндірме жазба (43 520 байт).




Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. М. Өмірияев міндетін атқарушы М. Өмірияев

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет