Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
-
Астық табиғатынан анықталатын биологиялық фактор топтарына не кіреді?
-
Сыртқы көздерден биологиялық фактор топтарына не кіреді?
-
Ақуыз төзімділігіне байланысты астықты сақтау қалай әсер етеді?
-
Көміртегі мөлшеріне байланысты астықты сақтау қалай әсер етеді?
-
Липазаға жоғары температура мен ылғалдықтың әсері?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.
2. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.
21-22 тақырып: Астық түйірлерін сақтау технологиясы жөнінде жалпы мәліметтер
Дәріс сұрақтары:
-
Астық түйірін сақтау негізі (тағайындалуы, маңызы)
-
Астық түйір қоймаларының түрлері.
-
Астық түйір қоймаларына қойылатын талаптар.
-
Астық түйір қоймалары
-
Астық түйірін өңдеудің технологиялық жүйесі.
-
Сильсах сақтау
Дәріс мақсаты: Астық түйірлерін сақтау технологиясы жөнінде жалпы мәліметтер, астық түйірлері қоймаларының сан алуан түрлері
Астық түйірін сақтау негізі
Астық кешеніндегі өндіріс үрдісін ұйымдастыру негізінде – сапа көрсеткіштерге және партияны мақсатты түрде қалыптастыру және қабылдау тәсілі жатады.
Сонымен қоса басты рольді астық комплексінде жұмысшылар атқарады, олар астық қабылдау реттілігінде қабылданатын астықтың кәсіби ерекшеліетері туралы құру, әрбір партияның сапасын нақты анықтау, өңдеу және сақтаудың рационалды тәртібін құру, жұмысқа барлық құрылғыларды және салмақ өлшеу құрылғыларын дайындайды.
Астықты орналастыру тәртібін жоспарланған немесе нақты қабылдау көлемінің шығу негіздеріне қарап анықтайды, бұл өңдеу, сақтау және астықты тасымалдау кезінде. Сонымен қоса мекеменің алдыңғы жылғы тәжірибелері ескеріледі.
Бидайдың және басқа да мәдениеттердің өсу ауданына, топырағына, ауа райы жағдайына байланысты және астық сұрыптарының әр түрлі болып келуіне байланысты қабылдау және сақтау кезінде біртекті партия құру қиынға соғады.
Стандартқа астықтың тауар классификациясын енгізу , астық партиясын орналастыру және пішіндеу мен ары қарай мақсаттарда қолдануға мүмкіндік береді.Одан басқа сапасы бойынша астықты нақты классификациялау тауар-қаржы байланыстарын астықпен жұмыстың әр кезеңінде дамытуға көмектеседі.
Апробационды баулардан сынама алады да, бидай үшін типін, подтипін, шынылығын, табиғатын, клейковинаның саны мен сапасын анықтайды. Осы алынған мөлшерлі сапа бағасы, астық партиясының саны және қабылдау құрылғыларының қабілеттілігін бақылаап, сағаттық және тәуліктік астықты автокөліктермен тасымалдау графиктерін құрады.
Астықты үздіксіз қабылдау үшін жинақтау шанақтарын бөлу қажет. Қабылданатын астықты автокөлік таразыда тапсырушының қатысуымен өлшейді. Әр автокөліктен астық қабылдаған кезде сүңгімен аз мөлшерде нүктелік үлгі алады. Ол стандарт бойынша астаудың ұзындығына байланысты 4,6 немесе 8 нүктеден алады. 3,5-4,5 метр – 6 нүктеде, ұзындығы 4,5 метрден ұзын болса – 8 нүктеден. Сынаманы 0,5-1 метр қашықтықта алдыңғы және артқы борттан және 0,5 метр шеткі борттан алады. Жалпы нүктелі сынаманың салмағы – 1, 1.5, 2 кг және ол нүктелі сынаманың әрбір схемасына сәйкес болу керек. Автопоездарда нүктелі сынаманы әрбір прицептан алады.
Нүктелі үлгілерден біріккен үлгі жасайды, оны жылдам сарапқа салады: органолептикалық бағалау ( түсі, иісі), оның залалдануын және ылғалдылығын ( электроылғал өлшегіштерде), түрін анықтайды. Бұл көрсеткіштерге байланысты машинаны жоспар бойынша астықты орналастыру жеріне жіберіп, астықты түсіреді.
Партияны қалыптастыру, қабылдау реттілігі
Бір текті партияны қалыптастыру үшін оны осы осындай белгілері бойынша бөледі: мәдениеті, түрі, класы және мемлекеттік стандарт бойынша ылғалдылығы , басқа қоспалардың болуына байланысты бөледі. Мысалға, астық және астық мәдениетін (күріш және жүгеріден басқа) партиясын қалыптастырған кезде оларды ылғалдылығы және бөгде қоспалары бойынша шахталық астық кептіргіштерде орналастырады.
а) ылғалдылығы бойынша: құрғақ және орташа құрғақ; ылғалды (үйіндінің биіктігі 2 метрден жоғары емес), шикі, 22% -ға дейін (үйіндінің биіктігі 1,5 метрден биік емес), шикі 22% дан жоғары ылғалдылығы 6% аралығында (үйіндінің биіктігі 1 метрден жоғары емес), ал дәндегі жүгері үшін ылғалдылық бойынша 5% аралығында.
б) бөгде қоспалары бойынша : таза және орташа таза; шектеулі кондициясы бойынша қоспалы; шектеулі кондициясы бойынша жоғары.
Егер өндірістік технологиялық желісі рециркуляциялық астық кептіргіштермен жабдықталса, онда астық партиясын қалыптастыру ылғалдылығы және бөгде қоспалары бойынша бөлінбей орналастырады.
Алайда жаңа жиналған астықты желдетіп, тазалау керек. Ол астық кептіргіштің жұмысын жоғарлатады, өрт шығу қаупі бар . Жаңа жиналған ылғалды және ішкі бидайды кептіруге дейін, астық кептіргіштің түріне байланыссыз қарқынды желдетілетін сеператормен жабдықталу керек.
Жаңа жиналған астық партиясын сыртқы силостарда өңдеуге дейін орналастыру қажет(темір бетонды), ал элеватордың ішкі силостары өңделген астықты ұзақ сақтау үшін қолданылады.
Астықты орналастыру жоспарын жасаған кезде алдын – ала ескерілетін жағдайлар: партиялардың түрлерін, клейковина сапасын, ылғалдылығын және бөгле қоспалардың мөлшерін ескеру керек.Алайда биылғы жылдың астықөнімін біріктіруге болмайды. Олар фулигацияға немесе өздігінен қызуға ұшырайды.
Сапасы бойынша бағалы дәнді – дақылдарды, жармалы және дәнді бұршақты мәдениеттерді және де сыра ашыту арпасын бөлек орналастырады. Қатты бидайды түр және түршелер бойынша біріктіріп орналастыруға болады.
Кей кездерде сыртқы қолайсыз жағдайлардың әсерінен бидай түрінің табиғи түсі жоғалып кетеді. Бұл жағдайда астықтың нақты номері , түрі және түршесі болмайды . Бүндай жағдайларда астық партияларын қарайған – егер де қарайып кеткен кезде немесе түссізденген – астықтың түссіздену дәрежесі бойынша :
1 дәреже, бастапқы – жылтырлығын жоғалту және арқа жағынан түссіздену;
2 дәреже – жылтырлығын жоғалту және дәннің арқа жағының жандарының түссізденуі;
3 дәреже – бүкіл дәннің түссізденуі.
Түсі жағынан әдетегідей емес қатты бидай партиясының түсі бойынша ауытқуы кей бөліктерінің шынылығынан болады.
Төртінші класқа сәйкес келетін (МЕСТ 9353 - 90) қатты бидай дәні түскен кезде оны жармалық деп атап,4 – ші класс бойынша бағалап , бөлек орналастырады. Егер де мекемеге зақымдалған астық түскен жағдайда, оны міндетті түрде бөлек орналастрып өңдейді.
Мысалы, ерекше белгілерімен есепке алынатын астық немесе бидай : тасбақа кенесімен зақымдалған, бөгде иісі бар, өніп кеткен, белгілі қалыптан жобаланған мөлшерде зиянды және қиын бөлінетін қоспалар.
Қабылдау және орналастыру кезінде аз зақымдалған астықты ерекшеліктері болады, оларды өндірісте сақтау керек.
Фузариозды бидай және арпаның тауар партиясын қалыптастырған кезде оларды қолдану мақсаттары 56 – 57 кестеде көрсетілген.
56 – кесте. Фузариозды бидай тауар партиясын қалыптастырады.
Партиядағы фузариозды дән құрамы, %
|
Дезоксиниваленолдың қалыптасқан партиядағы құрамы,мг/кг
|
Партияның мақсатты қолданысы
|
1,0 – ге дейін қосылған
|
0,7-ге дейін
|
Азық-түлікті мақсатта
(шектеусіз)
|
Жоғары 2,0-ге дейін қосылған
|
1,4-ке дейін
|
Азық-түлікті мақсатта
Фуражды мақсатта
|
2,0 –ден жоғары 10-ға дейін
|
20,0-ге дейін
|
Фуражды мақсатта
|
10,0 жоғары
|
20,0-ге дейін одан жоғары
|
Фуражды мақсат.Техникалық өңдеу
|
57-кесте. Фузариозды арпа – тауар партиясын қалыптастыру.
Партиядағы фузариозды дән құрамы, %
|
Партияның мақсатты қолданысы
|
1,0 – ге дейін қосылған
|
Азық-түлікті мақсатта
(шектеусіз)
|
1,0-ден жоғ. 3,0-ке дейін
|
Азық – түлік мақсаттарда (сау бидаймен 1:1 қатынасиа орналастырып қолдануға болады, митотоксиндердің шекті қалпына дейін)
|
3,0-тен жоғары
|
Фуражды мақсат.Техникалық өңдеу
|
Астықты тазарту.
Астық массасындағы арам-шөп қоспалары қажетсіз, сондықтан олардан арылу керек. Бұл мәселені маңызды бір әдіс жинаудан кейінгі өңдеу – астықты тазарту арқылы шешеміз.
Астық тазалаушы машиналарға әртүрлі жұмысшы органдарды қолданады, астық массасының бөліну белгілерін анықтау үшін негізделген жұмыстар.
Астық массасының бөліну белгілері: өлшемдері(ұзындығы, қалыңдығы және ені); аэродинамикалық қасиеті(ұшу жылдамдығы), жоғары беттің қалпы және қасиеті (фрикционды қасиеті), магниттік қасиеті, серпімділігі және т.б.
Бөліну белгілері астық мәдениетінің ( 59-кете) физико – механикалық қасиетінің әртүрлілігі есепке алады.
Астық пен қоспалардың бөліну негіздері мен түрлері практикада кеңінен қолданылады.
-
ені бойынша – тесіктері домалақ електерде;
-
қалыңдығы бойынша – тесіктері ұзыншақ електерде;
-
ұзындығы бойынша – ұяшықты жоғарғы бет;
-
қалпы бойынша – фасонды қуысты електерде ( мысалы, үшбұрышты) немесе иілімді майда жоғарғы бетте.
-
аэродинамикалық қасиеттері бойынша – пневмосеператорлық каналдарда;
В.Гортинский, А.Б.Демский, М.А.Борискин бойынша.
Мәдениет
|
Өлшемдері,мм
|
Тығыздығы, г/см3
|
1000 дән
салмағы
|
табиғаты ,г/л
|
Көлемді масса, кг/дм3
|
Ұшу жылд.м/с
|
өзектілік
|
Сыртқы үйкелу коэф.
|
ұзындығы
|
ені
|
қалыңдығы
|
Ағаш б/ша
|
Болат б/ша
|
Бетон б/ша
|
Бидай
|
4,8-8,0
|
1,6-4,0
|
1,5-3,3
|
1,2-1,5
|
20-40
|
730-840
|
0,76
|
8,5-11,5
|
54,0
|
0,40
|
0,37
|
0,40
|
Қара бидай
|
5,0-10,0
|
1,4-3,6
|
1,2-3,5
|
1,2-1,5
|
13-32
|
680-750
|
0,73
|
8,3-10,0
|
38,0
|
0,40
|
0,37
|
0,42
|
Сұлы
|
8,0-18,6
|
1,4-4,0
|
1,0-4,0
|
1,2-1,4
|
20-42
|
400-450
|
0,45
|
8,0-9,0
|
68,0
|
0,45
|
0,37
|
0,45
|
Арпа
|
7,0-14,6
|
2,0-5,0
|
1,2-4,5
|
1,2-1,4
|
31-51
|
580-700
|
0,65
|
8,4-10,8
|
47,4
|
0,40
|
0,37
|
0,43
|
Күріш
|
5,0-7,0
|
2,5-2,8
|
2,0-2,5
|
1,19-1,26
|
19,0
|
440-550
|
0,52
|
8,0-10,5
|
49-56
|
0,44
|
0,34
|
0,43
|
Қарақұмық
|
4,2-6,2
|
2,8-3,7
|
2,4-3,4
|
0,85-1,25
|
21,0
|
560-650
|
0,72
|
2,5-9,5
|
55,5
|
0,44
|
0,37
|
0,42
|
Жүгері
|
5,5-13,5
|
5,0-11,5
|
2,5-8,0
|
1,35
|
286,0
|
680-820
|
0,73
|
10,0-17,0
|
35-55
|
0,35
|
0,37
|
0,42
|
Бұршақ
|
4,0-8,8
|
4,0-9,0
|
3,0-9,0
|
1,40
|
135
|
750-800
|
0,83
|
7,0-16,0
|
-
|
0,32
|
0,37
|
0,30
|
Тары
|
1,8-3,2
|
1,5-2,0
|
1,5-1,7
|
1,1-1,2
|
7,0
|
680-730
|
0,85
|
2,5-9,5
|
30-50
|
0,40
|
0,34
|
0,34
|
-
жоғарғы беттің қалпы мен күйі бойнша – кеңістікті иілімді жазықтықта;
-
серпімділігі және соққылы үйкелу коэффициенті бойынша – дірілді айырғыш;
-
магниттік қасиеті бойынша – магнитті бөлу;
-
тығыздығына және үйкелу коэффициентіне – вибрациялы ауысып орналасу;
-
тығыздығы – дөңгелекті және түсетін ауытқу кезіндегі соңғы жоғарғы беттегі өздігінен сортталу кезінде;
-
өлшемі үйкелу коэффициенті, мықтылығы бойынша - әлсіз иілімді елеуіште.
Астық тазалағыш машиналардың көп түрі кездеседі, жұмысшы органдарда астықты бөлудің бір немесе бірнеше принциптері қарастырылған.
Мысалы: елеуіш сеператорлар(елеуіште), кеуекті – елеуішті сеператорлар(елеуіш және пневмобөлгіш каналдарға), тирерлер (ұяшықты жоғарғы бет), аспирационды бағана, ауа сеператоры(аэродинамикалық қасиеттері), вибропневматикалық тас бөлуші машиналар, сорттайтын столдар, тас бөліп алатын машиналар, магнитті сеператорлар және т.б.
60-кесте. Арам-шөп қоспаларының физико – механикалық қасиеттері.
Қоспалар
|
Өлшемдері, мм
|
Тығыздығы,
г/см3
|
1000 дән массасы,г
|
Ұшу жыл-
дамдығы,м/с
|
ұзындығы
|
ені
|
қалың-дығы
|
Сұлы
|
8,0-20,0
|
1,75-3,0
|
1,25-3,0
|
0,9-1,1
|
15,0-25,5
|
5,5-8,3
|
Татар қарақұмығы
|
4,0-5,6
|
2,2-3,6
|
2,2-3,6
|
1,0-1,3
|
2,0-6,0
|
-
|
Қарамықша
|
2,8-4,4
|
2,0-3,0
|
1,6-3,0
|
1,1-1,3
|
7,0-10,0
|
-
|
Қастауыш
|
2,0-8,5
|
1,0-3,0
|
0,8-1,8
|
0,9-1,14
|
2,0-2,2
|
6,0-9,5
|
Жабайы шомыр
|
3,0-8,1
|
2,0-5,8
|
1,7-5,0
|
0,85-1,0
|
8,0-10,0
|
3,1-7,3
|
Вьюнскалы қарақұмық
|
2,0-3,6
|
1,6-2,8
|
1,6-2,6
|
1,0-1,3
|
2,0-6,0
|
-
|
Вьюнск
|
2,4-4,3
|
1,4-3,4
|
1,1-2,8
|
0,97
|
10,0-11,0
|
5,1-8,9
|
Ржаной костер
|
7,0-10,0
|
1,75-2,0
|
1,5-1,75
|
0,3-0,4
|
6,0-8,0
|
-
|
Головки осота
|
2,5-3,5
|
0,8-1,5
|
0,4-0,9
|
0,74
|
0,37
|
-
|
Тары(куриное)
|
2,4-5,0
|
1,2-2,6
|
0,7-2,0
|
0,8-1,25
|
1,5-2,0
|
2,2-4,4
|
Күрішті тары
|
3,0-3,5
|
2,0-2,5
|
1,2-2,0
|
1,15-1,25
|
4,0-3,0
|
-
|
Курмак
|
4,0-5,0
|
1,7-3,5
|
1,2-2,8
|
0,8-1,15
|
6,0-7,0
|
-
|
Қурай
|
5,5-8,5
|
1,7-2,5
|
1,6-4,5
|
0,9-1,1
|
2,0-2,5
|
-
|
Астық тазалаушы машиналарды қолдану реттілігі:
-
електі сеператорлар- астық массасындағы үлкен және ұсақ арамшөп қоспалары;
-
ауалы-електі сеператорлар – үлкен, ұсақ және жеңіл қоспаларды, солып қалған дәндерді , шаңды сорттау үшін;
-
триерлер – астық массасынан сұлы және қарамықшаны бөліп алу;
-
аспирационды бағаналар және ауалы сеператорлар – жеңіл қоспалардан және солып қалған дәндерді тазалау үшін;
-
вибропневматикалық тас бөлуші машиналар – минералды қоспаларды бөлу үшін;
-
магнитті сеператорлар – металды магнитті қоспаларды бөлу үшін.
Астық тазалау кезінде инструкцияға сәйкес және нан қабылдау мекемелерінде дән тазалау машиналарын қолданады.
Эксплуатацичя үрдісі – астық тазалу машиналарының жұмыс істеу тәртібін қасыздандырады, ол астық тазалаудың максималды нәтижелігіне қол жеткізеді.
Дән тазалаудың технологиялық эффектілігін Е(%) мына фориула бойынша есептеледі:
,
Мұндағы А – құрамында бөлек қоспалар бар,кг;
В – дән тазаланғаннан кейін құрамындағы қоспалардың болуы.
Технологиялық үрдістерді дайындау кезінде, бөлек астық партияларын тазалау кезінде зертханалық мәліметтерге сүйене отырып, басқа қоспалардың және дән құрамының ылғалдылығы анықталды, жабдықтардың өнімділік техникалық нормаларына дән тазалағыш тәртіптерін орнатады.
Технологиялық желілерде алдын – ала тазартуды ескереді, сеператорларда кептіру алдында (ірі және жеңіл қоспаларды ажырату үшін); бір ретті немесе екі ретті дән тазалауды ауалы – електік сеператорларда кептіргеннен кейін дәндә қоректі консистенцияға жеткенге дейін.
Егер бұл жеткіліксіз болса , қосымша тазалау жұмыстарын жүргіземіз, бұл кезде триерлер , тас тазалаушы және де басқа да машиналар құрамына байланысты және қалған қоспалардың тазаланған күйінде.(53-сурет)
Қолданылатын әдебиеттер:
1. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.
2. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.
Достарыңызбен бөлісу: |