«астық ТҮйірді сақтаудың Қазіргі кездегі технологиясы»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет3/6
Дата15.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#137019
1   2   3   4   5   6

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Астықты сақтау барысындағы бақылау

2. Астық температурасы

3. Зақымдану деңгейі

4. Дәннің иісі мен түр-түсі
№ 12

3.4. Тұқымдық дәнді қабылдау, орналастыру және



сақтау ерекшеліктері

Астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ сортты дәні мен мамандандырылған астық қабылдау кәсіпорындары және кейбір тұқым шаруашылығы зауыттары дайындайтын тұқымдық дән де түседі. Ондай кәсіпорындары қызметкерлерінің негізгі міндеті дәнді тұқымдық қорға дер кезінде құю, оларды сақтауға төзетіндей күйге келтіру, сапасын егіс кондициясына жеткізу, бүкіл сақтау мерзімі бойы дәнге мұқият бақылау жасап отыру. Сақтауға қойылған тұқымдық дәнге салғырт қарау оның өнгіштігін күрт төмендетуі ықтимал.

Егіске көп тұқым жұмсалатын біздің елімізде оның өнгіштігінің болмашы төмендеуінің өзі орасан шығынға ұшыратады, себебі бұдан әр гектарға жұмсалатын себу нормасы көбейеді. Бидай 60-55 млн. гектар жерге себілетін болса, өнгіштіктің 1 процент нашарлауы себу нормасын 70 мың тоннаға дейін өсіретіні есептеп шығарылды. Оның есесіне өнбейтін дән азықтық және жемдік мақсатқа пайдалануға әбден жарамды.

3.5. Сортты дәнді қабылдау және орналастыру

Әр түрлі дақылдардың сортты және будан тұқымдары мемлекеттік қорға сақтық қор есебінде және ауыл шаруашылығына таңдаулы аудандастырылған және перспективалы сорттар енгізу үшін келіп түседі.

Тұқым жинау және дайындау басталғанға дейін тұқым шаруашылықтары астық қабылдау кәсіпорындарына сортты егістерді апробациялау актілері мен жүгері егісін зерттеу актілерін тапсыруға тиіс. Бұл құжаттар егістерді апробациялау жөніндегі нұсқауға сәйкес толтырылады.

Сортты тұқым партиялары сорттық және егістік сапасын куәландыратын арнайы құжаттармен бірге әкелінеді. Оған жататындар: тұқым аттестатын (тұқым анықтамасы, тұқым куәлігі) және кондициялылығы туралы куәлік. Құжат болмаған жағдайда сортты тұқым қабылданбайды.

Астық қабылдау кәсіпорыны лабораториясының қызметкерлері құжаттар мен актілер мәліметтерінің дұрыстығын тексереді, одан соң партияларды орналастыруға қажетті сапалық көрсеткіштерді анықтау, сондай-ақ толық тауарлық және ауыл шаруашылық талдау жасау үшін дән үлгісін алады.

Сортты дән жоспарға сәйкес таңдаулы қоймаларға орналастырылады, бұл дәнді, оның сорттық тазалығы мен кондициялылығын сақтауға, яғни олардың сапасының егістік дән жөніндегі стандартқа сай болуын қамтамасыз етеді.

Дән партиялары дақылдар, сорттар, репродукциялар, сорттық тазалық категориясы, тұқымдық стандарт класы, класс ішінде ылғалдылығы бойынша бөлек орналастырылады. Класқа жатпайтын тұқым сапасына қарай бөлек қойылады. Оларды орналастыруда тұқымның сорттық тазалығын сақтауға басты назар аударылып, әр түрлі сорттар мен дақылдардың араласып кетпеуіне сақ болған жөн.

Ылғалдығы мен тазалығы бойынша класқа жатпайтын тұқым партиясы жиналғаннан кейін өңделеді.

Тұқымдық дәнді сақтау. Астық қабылдау кәсіпорынының басты міндеті тұқымды сақтап, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту. Сақтау кезінде тұқым өнгіштігінің негізгі кему себептері төменде келтірілген.

Ылғалдылығы жоғары дән интенсивті тыныс алған кезде дән араларындағы кеңістікте көмірқышқыл газ жиналады да, дән клеткалары анаэробты тыныс алудан пайда болатын өнім – этил спиртінің әсерінен өледі. Құрғақ дән әлсіз тыныс алады. Оның өнгіштігі тіпті қалың қабат етіп салынғанда да сақталады.

Тұқым өнгіштігін төмендететін ең басты фактор - микроорганизмдер, кенелер мен жәндіктердің дамуы. Қызу да дән өнгіштігін нашарлатады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден жоғары тұқымды салқындату оның өнгіштігіне зиян тигізеді. Ылғалдылығы жоғары болған сайын тұқым да суыққа сезімтал келеді.

Жинаудан кейінгі өңдеу түрлері мен тәсілдері де тұқым өнгіштігін төмендетуі мүмкін. Өнгіштік жарақат алу, кептіру кезінде күйіп қалу, тұқымды дезинфекциялау салдарынан да кемиді. Сақтау мерзімі ұзарған санын тұқым өнгіштігі де кеми береді.

Тұқым өнгіштігі мен өну энергиясына әсер ететін себептерге жасалған талдау, сақтаудың негізгі тәртібі тұқымды құрғақ таза және салқын күйде ұстау екенін көрсетеді. Сақтау мерзіміне байланысты тұқым ылғалдылығы әр түрлі болуға тиіс. Ылғалдылығы шекті мөлшерден екі процент төмен болған. жағдайда ғана тұқымды ұзақ сақтауға болады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден бір процент төмен дән аз сақталады. Тұқымды 5 - 10 градустан төмен температураға дейін ғана салқындатуға болады. Тұқымнық дәнді ойдағыдай сақтау үшін оны үнемі және мұқият бақылап отыру қажет.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тұқымдық дәнді қабылдау, орналастыру және сақтау ерекшеліктері

2. Сортты дәнді қабылдау және орналастыру

3. Тұқымдық дәнді сақтау


№ 13

АСТЫҚ САҚТАУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛАТЫН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

4.1. Дәннің ұзақ сақтауға төзімділігі туралы.

Түрлі дәнді дақылдардың дәндері және тұқымдарының көпшілігі орып-жинау, одан әрі тасымалдау және сақтау кездерінде тірі организмдер қатарына жатады. Тірі материя өмір сүру, тіршілік етудің керекті шарты тұрақты зат алмасу болатын болса, осының бәрі астық жиымында орын алады. Тіршілік әрекетінің негізгі формасы газ алмасу (тыныс алу) болып табылады. Одан басқа, көп астық партияларының дәндері мен тұқымдарында орақтан кейінгі пісіп жетілуі деп аталатын күрделі физиологиялық-биохимаялық процестер әлі жүріп жатады. Соңғы айта кететін жәйт, астық қорын сақтауды дұрыс ұйымдстырмаудың салдарынан болатын дәннің өніп кету құбылысы орын алуы мүмкін.

Астықты сақтау барысында осы процестердің әдісін тауып белгілі бір жөнге салып отыру арқылы дән шығынын азайтып, тұқымдық және технологиялық сапаларын арттыра түсуге болады. Астықтың әрбір партиясын сақтау және оны халықшаруашылығында тиімді пайдалану тәжірибесінде әрбір дәнді дақылдың сақтау ерекшеліктері мен сақтаудың мүмкін мерзімі туралы мәселенің елеулі мәні бар.

Дәннің, тұқымның тұтынушынық қасиеттерін (тұқымдық, технологиялық, азық-түліктік) сақтай алатын мерзімді ұзақ мерзімді сақтауға төзімділік, (ұзақ тірілік, ұзақ өмірлілік) деп атайды.

Тұқымдыққа арналған дәннің ұзаққа төзімділігі, оған тұқымдық тірілік қабілетінің толық сақталу талабы қойылатындықтан, оның технологиялық төзімділігінен көп аз болады.

Тұқым шаруашылығында биологиялық және шаруашылық ұзаққа төзімділік деген түсініктер бар. Биологиялық төзімділік деп ең болмаса бірлі-жарым тұқымдары өсіп-өну қабілетін сақтаған уақыт аралығын атайды. Іс жүзінде, шаруашылық тәжірибесінде шаруашылықтық төзімділіктің маңызы жоғары. Шаруашалықтық төзімділік дегеніміз тұқымның өнгіштігі мөлшері бойынша кондиция шамасында болып, тұқымдық сапасы бойынша мемлекеттік талапқа сай бола алатын мерзімі.

Технологиялық төзімділік деп астық партияларының азықтық, жемдік және техникалық мұқтаждыққа пайдалануға жарайтын қасиеттерін жоя қоймаған мерзімді айтады.

Дәннің және тұқымның ұзаққа төзімділігі көп факторларға байланысты. Олардың негізділері ботаникалық түрі, өсу, өсіру, пісу, өңдеу (тазарту, кептіру, дәрілеп улау және т.б.) және сақтау жағдайлары. Қолайлы жағдайларда кейбір өсімдіктің тұқымдары өзінің тіршілікке қабілетін ондаған жылдар сақтай алса, ал басқа бір өсімдіктің тұқымдары бірнеше сағат қана өмір сүреді екен.

Барлық өсімдіктердің тұқымдарын олардың биологиялық төзімділігі бойынша шартты түрде микробиотиктер, мезобиотиктер және макробиотиктер деп үш топқа бөледі.

Бірінші топтағылар өнгіштігін бірнеше күннен 3 жылға дейін, екіншідегілер - 3 жылдан 15 жылға дейін және үшіншідегілер 15 - 100 жылға және одан да көпке дейін сақтайды.

Ауылшаруашылық өсімдіктері тұқымдарының көпшілігі ыңғайлы жағдайда 5 - 10 жыл өнгіштігін сақтайды да, мезобиотиктер тобына жатады.

Құрғақ тұқымдарды төмен температура жағдайында сақтағанда олардың биологиялық төзімділігі жоғарылау болады, бірақ өнгіштік %-інің аздығынан шаруашылықтық мәні төмен.

Дала дақылдарының ішінде ең көп ұзаққа төзімділігімен бұршақ дақылдары, сұлы, қонақ, жүгері, бидай көзге түседі. Ұзаққа төзімділігі кемдеу болатын қара бидай, ат қонақ (сұлы бас), тары және жылтыр дәнді арпа тұқымдары. Биология ғылымы тұқымдардың тіршілік қабілетінің ұзақ сақталғанда жоғалту себебіне әлі егжеп-тегжейлі түсініктеме бермей келеді.

Ең ықтимал себебі ретінде дәннің ақзаттарының тозуынан деген қағидаға сүйенуге болады. Тұқымдардың тіршілік қабілетінің жоғалуы ақнәрдің (белоктың) коагуляциясымен (ыдырауымен) қатар жүретіндігі байқалған. Тұқымның өнгіштігінің жоғарылауы түйіршік (клетка) ядросындағы хроматиннің біртіндеп тозуынан деп жорамалдауға болады. Бұл түйіршіктердің бөлінуін және оның санының көбеюін реттейтін процестерді бұзуға әкеліп соғады.

Ескі ұзақ сақталған дәндердің тұқым түйіншегін зерттеу түйіршіктерде тіпті айтарлықтай елеулі өзгерістердің болатынын көрсетіп отыр. Әлі де болса мұндай тұқымды сепкенде жарамсыз, қисайған бүршіктер береді де, көбінесе өнбей қалады.

Тұқымдардың ұзақ уақыт сақтағанда тіршілік қабілетін жоюының табиғатын ашу жолында әртүрлі төзімділікпен сипатталуын анықтау үшін ғылыми тәжірибелер, зерттеулер кең түрде жүргізілуде. Мысалы, Калифорния технологиялық институтында 1948 жылы өсімдіктердің 100 түрінің тұқымдарын сақтау тәжірибесі қойылды. Зерттеуді арнаулы жоспар бойынша 2037 жылға дейін, яғни 90 жыл жүргізу көзделіп отыр.

Қоймада 7-ден 10 жылға дейін сақталған бидайдың және қара бидайдың партияларының нан пісіру сапасы бойынша бағалаудың арқасында ұнның шығымы, ұн тартқандағы энергия шығыны және пісірілген нанның сапалық көрсеткіштері аз уақыт сақталған астықты өңдегендегі көрсеткіштерінен көп айырмасы жоқ екенін көрсетті.

Астықты ұзақ уақыт сақтағанда оның ұны мен нанының сапасы дәннің бастапқы қасиеттері мен белгілеріне байланысты екенін дәлелденген жәйт есебінде қарауға болады. Мәселен, шыны тәрізді жұмсақ бидайдың ұнтақты жұмсақ бидайдан беріктігі артық. Жақсы пісіп жетілген, дұрыс кептіріліп салқындатылған астық партияларының нандық сапасын төмендетпей, өзгеріссіз 10 жылдай сақтауға болады.

Жарма дақылдарының сақтау мерзімі ұзарған сайын дәндері сынғыш, морт бола бастайды да жоғары сапалы жарманың шығымы азая түседі. Майлы дақылдардың тұқымдарында майлар ыдырайды және тотығып қышқылданады. Мұндай тұқымнан алынған май тамаққа, тіпті кейбір техникалық мақсатқа да пайдалануға жарамайды.

­Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Дәннің ұзақ сақтауға төзімділігі туралы

2. Технологиялық төзімділік


№ 14, 15, 16

4.2. Дәннің тыныс алуы.

Әрбір организмнің тіршілігі үшін үнемі энергия келіп туруы керектігі белгілі. Сақталып жатқан дәндерде және тұқымда да энергия олардың құрамындағы заттардың ыдырауының және өзгеріп жаңаруының нәтижесінде пайда болады, яғни органикалық заттардың, негізгі қанттардың диссимиляция процесінде. Организмдегі осының салдарынан шығынданған қант күрделі заттардың гидролизінің нәтижесінде толықтырылып отырады. Мәселен крахмалға бай дәндерде крахмал ферменттердің қатысуымен қантқа дейін ажырайды, ал майлы дақылдарда май және оның құрамына кіретін майлы қышқылдар тотығып қантқа айналады.

Қанттың диссимиляциясы (гексоз) организмде ауаның (оттегінің) қатысуымен (аэробтық), яғни тотығумен, не ауасыз (анаэробтық), яғни ашумен болады.

Астық қорын сақтау тұрғысынан қарағанда диссимилицияның басымдау, көбірек тараған түрлерін зерттеудің, диссимиляция процестерінің дәннің күйі мен сапасына тигізетін әсерін және диссимиляцияның үдеуіне, жеделдеуіне ықпал жасайтын факторларды білудің маңызы зор.

Астық сақтау барысында диссимиляцияның екі түрі де байқалады. Оның қорытынды нәтижесін тыныс алу теңдеулері деп аталатын мынадай теңдеулермен өрнектеуге болады.

Бірінші теңдеу диссимиляцияның азробтық процесін, яғни дәннің аэробтық тыныс алуын сипаттайды. Бұл процестің нәтижесінде гексоза толық тотықтанып көміртегінің диоксидін және су түзеді.

Екінші - спирттік ашудың, яғни анаэробтық процестің теңдеуі. Гексоза этил спирті деп аталатын шала тотықтанған органикалық өнім түзіп ыдырайды.

Астық қоры ауа жеткілікті болып дұрыс сақталу жағдайында дәндер мен тұқымдарда аэробтық тыныс алу артығырақ орын алады. Бірақ, бұл жағдайдың өзінде анаэробтық тыныс алу да орын тебуі ықтимал. Мұны кейде қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына дәндердің ыңғайлану процесі деп те түсінуге болады.

Тыныс алудың түрін тұқымның, дәннің тыныс алу кезінде бөліп шығаратын көміртегі диоксидінің көлемінің сіңірілген (жұтылған) оттегінің көлеміне қатынасы ретінде өрнектелетін тыныс алу коэффициенті шамасын анықтау арқылы ажыратады.

Толық аэробтық процесс кезінде тыныс алу коэффициенті 1-ге тең болады.

Аэробтық процестің барлығын атмосферадан оттегі алынбай бөлінетін көміртегі диоксидінің мөлшерінің көбеюінен байқауға болады. Егер тұқымдар, дәндер оттегінің бөлігін тыньс алу процесінде жоғарыдағы келтірілген теңдеу бойынша ғана емес, тағы басқа да процестерге шығындаса, мысалы, майлардың тотықтануына, онда тыныс алу коэффициенті 1-ден төмен болады. Бұған мысал ретінде майлы дақылдардың тұқымын келтіруге болады.

Тыныс алу коэффициентінің шамасы дәнді дақылдардың түрін, астық сақтау барысында орын алатын процестердің жүру бағытына, астық жиымына жіберілетін ауа мөлшеріне, дәннің ылғалдылығына және т.б. көптеген факторларға байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, майлы дақылдар үшін негізі тыныс алу коэффициентінің шамасы төмен болады. Бірақ, олардың орып жинағаннан кейінгі пісіп жетілуі барысында тыныс алу коэффициентінің мәні 1-ден жоғары. Мұның себебі тыныс алу кезіндегі керекті оттегінің біраз бөлігін көмірсулардан (углеводтардан) алады.

Астық қоймаларда, әсіресе элеваторларда сақталынған жағдайда тыныс алу коэфрициентінің шамасы дән мен сыртқы ауаның арасындағы газ алмасу деңгейіне байланысты өзгереді.

Астық жиымына келетін ауа аз болса дәнаралық кеңістіктегі оттегінің пайдаланып жаратылуына және көміртегінің диоксидінің жиналуына қарай дәнде анаэробтың тыныс алу қатайып тыныс алу коэффициенті өседі.

В.Л.Кретович, Е.Н.Ушакова және басқалардың зерттеулерінің мәліметтері бойынша крахмалға бай және ылғалдығы аз, құрғақ дәндердің тыныс алу коэффициенті 1-ден жоғары. Астықтың ылғалдығы жоғарылаған сайын тыныс алу коэффициенті төмендейді, ылғалдық 17%-тен жоғары болғанда, аталган коэффициент 1-ден төмен болады. Тыныс алу коэффициентінің бұлай төмендеуінің себебін дәннің ылғалдығы 17%-тен жоғарылағанда, оның құрамында орналасып, өсіп-өніп жатқан әртүрлі аэробтық микроорганизмдердің оттегін көп жаратуымен түсіндіруге болатын сияқты.

Дәннің әрбір бөлігінің тыныс алу коэффициентінің шамасы әртүрлі болады. Мәселен, В.Л.Кретович пен Е.Н.Ушакова бидай дәнінің ұрық түйіншегі түйіршіктерінің тыныс алу коэффициенті эндоспермдікінен едәуір жоғары.

Сонымен, астықты өндірістік жағдайда сақтау барысында аэробтық та анаэробтың та тыныс алу бірге кездесіп отырады. Егер өндірістік тұрғыдан тыныс алу түрлеріне баға беріп талдайтын болсақ, онда азықтың және жемдік астықтың анаэробтың тыныс алуы басым болады, себебі бұл кезде жылу мейлінше аз бөлініп шығады, оттегінің кемдігінен дәннің тыныс алуының үдемелілігі кемиді, төмендейді. Бұл қорытынды астық қорын оттексіз сақтау тәсілін жасап, іске асыруға негіздеме болды.



Астықты сақтау барысындағы тыныс алу салдарлары. Жоғарыда келтірілген тыныс алу теңдеулерінен мына төмендегідей құбылыстардың орын алатынын көреміз: дәннің құрғақ заттарының шығыны астықтың ылғалдығының және дән аралық кеңістіктегі ауаның салыстырмалы ылғалдығының жоғарылауы, оның құрамының өзгеруі, астықта жылу пайда болуы.

Өсімдіктен ажыраған дәндер мен тұқымдар тыныс алу кезіндегі жаратылған заттарды бұрынғы қалпына, орнына келтіре алмайды. Ол дегеніміз дәннің сақтау кезіндегі тыныс алу, оның органикалық заттарының шығындануы, яғни дәннің құрғақ заттарының санының азаюына әкеліп соғады. Астық сақтау барысандағы құрғақ заттардың шығыны тыныс алу процесінің екпініне, үдемелілігіне байланысты. Тыныс алу үдемелі болған сайын, шығын көбейе түседі.

Тыныс алу процесінде глюкозаның тотықтануының нәтижесінде бөлініп шығатын су дәннің бетінде қалып қойып, оның ылғалдығын арттырады.

Егер осы кезде астық жиымы қозғаусыз сақталып, желдетілмесе, онда дәнаралық кеңістіктегі ауаның да салыстырмалы ылғалдығы арта түседі. Сонымен, үдемелі тыныс алу кезінде дәннің әжептәуір-ақ ылғалданып қалуы әбден мүмкін. Бұл құбылысты дәннің "терлеуі" деп те атайды. "Терлеуге" әкеп соғатын себептердің бірі үдемелі тыныс алу барысында дәнаралық кеңістіктегі ауаның жаңартылмауынан, алмаспауынан. Дәннің ылғалдануы оның тыныс алуының үдемелілігін одан әрі асырып, микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол ашады. Тыныс алу нәтижесінде көміртегінің диоксиді бөлініп шығып отыратынын айттық. Егер сақталып жатқан астықты жылжытып, араластырып қозғамаса көміртегінің диоксиді ауада кездесетін басқа газдарға қарағанда ауырлау болатындықтан дәнаралық кеңістікте қалып қоятын кездері де болады. Бұл элеватордың ішкі жағында орналасқан саңылаусыз қораптарда кездесуі ықтимал.

Сонымен, астық жиымында дәннің өзінің және басқа анаэробтық тыныс алу қабілеті бар организмдерінің тыныс алудың осы түріне көшуіне жағдай туады. Ал анаэробтық тыныс алу өзінің кезегінде дәннің тіршілік функцияларын, тіршілік қабілеттерін басып, жоятын этил спиртінің түзілуіне әкеп соғады.

Дәннің аэробтық және анаэробтық тыныс алу барысында жылу түрінде энергия бөлініп шығады. Аэробтық тыныс алу кезінде глюкоза толық тотықтанады, сондықтан оның әрбір грамм молекуласынан 2702 Дж жылу бөлініп шығады. Анаэробтық тыныс алу да небәрі 118 Дж жылу бөлінеді екен. Себебі бұл кезде глюкоза суға және көміртегінің диоксидіне толық ыдырайды. Пайда болған энергияның бір бөлігі дән түйіршіктерінің керегіне жаратылып, екінші бөлігі қоршаған ортаға тарап кетеді.

Дәннің өте төмен жылу өткізгіштігіне байланысты, бөлінген жылу астықтың өзінде көп уақыт қала беруі де мүмкін, сондықтан тыныс алу кезіндегі өздігінен қызуының басты себептерінің бірі болып табылады.

Сонымен, астықтың тыныс алу барысында оның құрғақ құнды заттары біршама шығындалады, ылғалдығы көбейеді, дәнаралық кеңістіктегі ауа кұрамы өзгереді, жылу пайда болады. Бұл құбылыстар дәннің сапасын төмендетеді, сондықтан оларды болдырмауға, яғни астық сақтау барысында дәннің тыныс алуын баяулататын шараларды қарастырып отыру керек.



Дәннің тыныс алу қарқынын анықтау әдістері. Дәннің тыныс алу теңдеуі тұрғысынан қарағанда сақтау барысында оның қарқындылығын (кейде үдемелілігі деп атадық) мына төмендегі әдістердің бірін қолданып анықтауға болады. 1) Астықтың құрғақ заттарының салмағын анықтау арқылы (құрғақ затқа есептелген айырмашылық бойынша); 2) Бөлініп шыққан жылу мөлшерін есептеу арқылы (калориметриялық әдіс); 3) Сіңірілген оттегінің не бөлініп шыққан көміртегі диоксидінің мөлшерлерін есептеу бойынша. Көбінесе соңғы әдіс қолданылады. Сондықтан да дәннің тыныс алу қарқындылығын бір жағдайда бір тәулікте бөлініп шыққан көміртегі диоксидінің не сіңірілген оттегінің мөлшерлерін миллиграмм не милилитр арқылы өрнектейді.

Негізі тыныс алу үдемілілігінің сандық мәнін дәннің 100 не 1000 г құрғақ затына қатысты анықтайды.

Тыныс алу әсерін тигізіп, ықпал жасайтын жағдайларға тоқталып өтейік. Азықтық және жемдік мақсатқа арналған астық қорын сақтағанда тыныс алудың түрі мен сипатынан гөрі оның үдемелілігінің маңызы зор. Үдемілілік жоғары болған сайын, құрғақ заттың шығыны елеулі болып, дәннің бүлінуіне әкеп соғады.

Сондықтан сақтау барысындағы дәннің тыныс алу қарқындылығына әсерін тигізетін жағдайларға көп көңіл бөлінген. Оларды екі топқа жіктеуге болады.

1) Кез келген астық жиымының тыныс алу қарқынына әсерін тигізетін факторлар;

2) Тек ерекше астық жиымына әсерін тигізетін факторлар.

Астықты берік сақтау үшін ылғалдық, температура және аэрация деңгейі шешуші роль атқарады.

Дән ылғалды болған сайын, ол үдемелі, қарқынды тыныс алады. құрғақ дәннің, яғни ылғалдығы 11-12%-ке жуық болса, оның тыныс алу қарқындығы жоқтың қасы, нольге тең болады.

Дәннің құрамындағы су заттардың алмасу реакцияларына қатысып отыратын орта болып табылады. Егер ылғал мөлшері аз болса, ол байланысқан күйде болады, яғни ылғал дәндегі ақзат пен крахмалдың құрамында берік ұсталған. Мұндай ылғал түйіршектерде жылжымайды да заттар алмасу реакцияларына қатынаса алмайды.

Дәннің түйіршіктерінде ылғалдылықтың жоғарылай беруіне қарай бос, еркін күйде, яғни крахмал мен ақзат ұстамайтын ылғал пайда болады. Еркін күйдегі гидролиттік реакцияларға (крахмалдың қантқа, күрделі ақзаттардың қарапайып түріне айналуы, майдың глицеринге және май қышқылдарына ыдырауы сияқты түйіншектерде қозғалып жүріп; зат алмасуға қатысады.

Дәннің құрамында еркін күйдегі ылғал пайда болды дегенше гидролиттік және тыныс алу ферменттерінің екпінділігі және дәннің тыныс алу үдемелілігі күрт артады, оның салдарынан құрғақ заттың шығыны көбейеді.

Мысал үшін, бидайдың дәні бойынша М.В.Гордиенконың мәліметтерін келтіруге болады. 1 ай сақтағанда ылғалдығы 13,5% дән 0,06%, ылғалдылығы 18% - 0,50% құрғақ затын жоғалтқан. Күріш, тары дәндері тыныс алу барысында да осы мөлшерлердегідей мәліметтерге біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде ие болдық.

Дәннің құрамында еркін күндегі ылғал пайда болатын және оның тыныс алу үдемелілігі күрт артатын ылғалдығын дәннің аумалы, қауіпті (критическая) ылғалдығы деп атайды. Бұл ылғалдың көп зерттеліп, барлық дерлік дәнді дақылдарда тәжірибелі түрде анықталған. Олардың ішінде белгілі ғалымдар В.Л. Кретовичтің, А.Р. Кизельдің, Л.А. Трисвятскийдің, Ч. Белидің және т.б. көптеген мамандардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қарақұмық дәндерінің қауіпті ылғалдығы 14,5-15,5%, бұршақ дәнді дақылдардікі 15-16% шамасында болады. Майлы дақылдардың тұқымдарының аталмыш ылғалдығы өте төмен (6-8%). Ол тұқымның құрамында майға ұқсас липидтер деп аталатын заттардың мөлшеріне тікелей байланысты. Бұл тұқымдардың майлылығы жоғары болған сайын тіпті бір дақылдың-ақ шегінде қауіпті ылғалдық солғұрлым төмен болады. Себебі липидтер ылғалды өз бойына сіңірмейді, сумен байланысқа түспейді, ондай затты гидрофобты зат деп атайды. Егер ылғалдықтың мөлшері тек оның гидрофилді бөлігіне қатысты есептесе, онда майлы дақылдардың қауіпті ылғалдығы да 15-16%-ке жеткен болар еді. Жүгері мен тары дәндерінің құрамында липидтер бидай мен басқа дақылдарға қарағанда көптеу болғандықтан, олардың қауіпті ылғалдығы 12,5-13,5%-тей. Сондықтан, дән және тұқымдарды құрамыңдағы ылғал мөлшері бойынша құрғақ, орта құрғақ (құрғақтау), дымқылды не ылғалды және жоғары ылғалды деп 14 пен 17%-тің аралығында (негізгі дәнді дақылдар үшін) төрт күйге бөлу бекітілген. Ылғалдығы 14%-ке дейінгі дән құрғақ делініп (яғни оның қауіпті ылғалдығы төмен), сақтауға төзімділігі жоғары келеді, оны биіктігі үлкен үйінділер түрінде сақтауға болады.

Орта құрғақ (құрғақтау) дәннің құрғақ дәннен тыныс алу үдемелілігі 2-4 рет жоғары келеді, ал ылғалдығы 17%-тен артық дәндікі 20-30 рет. Одан әрі ылғалданған жағдайда дәннің құрамында еркін күйдегі су жинақталып көбейе берсе, тыныс алу тіпті күрт артып кетеді.

Астық сақтау кезінде дәннің температурасы жоғарылаған сайын тыныс алу үдемелілігі артады. Белгілі бір температура шегі аралығында бұл ұлгаю Ван-Гоффтың ережесіне сай үдейтіндігі тәжірибе жүзінде анықталған. Бірақ бұл құбылыста белгілі бір шекке дейін орын алады да, одан әрі өте жоғары температура әсерінің нәтижесінен дәннің тыныс алу үдемелілігі төмендейді, басқа да тіршілік функциялары әлсірейді, түйіршіктер жойылып, дән тіршілігін тоқтады.

Төмен температура жағдайында тыныс алу үдемелілігі күрт азаяды. Тіпті жоғары ылғалды дәннің өзінде еркін (бос) күйдегі ылғалдың барлығына қарамастан тыныс алудың дәннің қауіпті ылғалдығына тән болатын екпінділігі де байқалмайды. Бұл мәліметтер астық сақтауда 10°С-қа дейінгі температураның дәнді суықпен консервілеуге болатындығын көрсетеді.

Төмен температураның дәннің тіршілігіне және тыныс. алу үдемелілігіне тигізетін әсері бөлек болып, бұл жағдайда дәннің тіршілік функциялары уақытша әлсірейді. жоғары температураның дәннің тыныс алу үдемелілігіне және оның тіршілік функциясына тигізетін әсері оның сол температурада дәннің қанша уақыт болғанына байланысты. Мәселен, тыныс алудың ең жоғары үдемелілігі 50-55°С-та байқалатыны дәлелденген.

Сонымен, температура факторының астықты сақтау кезіндегі төзімділігінде елеулі ролі бар. Дәннің тыныс алу үдемелілігін төмендетудің астық сақтау практикасында кеңінен пайдаланылатын ең маңызды шаралардың бірі оның температурасын дер кезінде төмендетіп отыру болып табылады.

Дәнге (астыққа) ауаның кіруін аэрация ден атайды. Аэрация дәннің тыныс алуына әсерін тигізеді. Астықты қозғалыссыз және желсіз ұзақ уақыт сақтаған кезде дәнаралық кеңістікте көміртегі диоксиді жиналып және оттегі кемиді. Астық қорапта не терең шанақта сақталса, оның орта шенінде, яғни 10-15 метр тереңдігінде көміртегі диоксидінің ең көп жиналатындығы тәжірибе жүзінде анықталды. Ал астық қоймасында дәл осындай жағдай дән үйіндісі 1,5-3м тереңдігінде байқалады. Оттегінің жетімсіздігі және көміртегі диоксиді көптігі жоғары ылғалды дәнге өте нашар әсер етіп, оның сапасын лезде төмендетіп жібереді.

Астық жиымында ауа алмасудың жеткіліксіздігінен, мысалы, қоймаларда орнатылған желдеткіш қондырғылар жұмыс істеуі қанағаттандырғысыз болса, жоғары ылғалды тұқым дәннің тіршілік қабілеті төмендейді.

Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенетін болсақ, ылғалдығы 13-15%-тен жоғары дәнді дақылдарды сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасыз ету үшін астық жиымында тұрақты баяулаған не оқтын-оқтын күштілеу түрде желдету, ауаны алмастырып отыру керек. Іс жүзінде қоймадағы астық үйіндісінің биіктігін азайтып, желдеткіш қондырғылар қолданады. Дегенмен, егер дәннің ылғалдығы 14%-тен төмен болса, мысалы, бидай тұқымы, оны элеваторлар қораптарды кәдімгідей ұзақ уақыт сақтауға болады. Ал құрғақ арпаны сақтау кезінде бір мезгіл оны қозғалтып, араластырып және желдетіп қор керек екендігі дәлелденген. З.В. Макаров өндірістік жағдайда өткізген тәжірибелерінің нәтижесінде бидайдың құрғақ дәнінің, элеватор қорабында қозғалыссыз 1 жылдан 2 жылға дейінгі сақтау барысында. өнгіштігік жоғалтпайтындығын көрсеткен. Сонымен, азықтық және жемдік астықты өндіріс жағдайында әрі ауа жіберіп, әрі ауасыз да, яғни желдетіп те, желдетпей де сақтауға болады. Дегенмен, ылғалдығы 14%-тен жоғары дәнді және бұршақты дақылдарды ауа алмастырып, желдетуді қолданып сақтаған тиімді.

Дәннің пісіп жетілу дәрежесі. Пісіп жетілмеген дәннің тыныс алу екпіні кәдімгі толық піскен дәндікінен едәуір жоғары болады. Құрамында пісіп жетілмеген дәні көп астық сақтауға төзімсіз, тез бүлінгіш келеді. Пісіп жетілмеген дән жиымы сақтаудың бастапқы кезеңінде өте екпінді тыныс алып, микроорганизмдер мен кенелердің ұясына айнала бастайды.

Пісіп жетілмеген дәндер қатарына орақ алдында суыққа, аязға ұрынған дәндерді де жатқызады. Мұндай дәндердің де тыныс алуы өте жоғары деңгейде болады, сақтауға соншалықты төзімсіз келеді де өзіндік қызуы құрғақ күйінде-ақ басталып, тез өрбіп кетеді.



Астықты ору және тасымалдау шарттары. Орақ кезіндегі ауа райының қолайсыз жағдайда алынған астықтың сақтауға төзімділігі төмен болады. Мысалы, ору және тасымалдау кезінде суланған дәндер жиымының, тіпті кептірілгеннен кейін де, тыныс алу екпіні, сулануға ұшырамаған дәнмен салыстырғанда, жоғары болып келеді. Суланған және ене бастаған дән тұқымдарының сақтауға төзімділігінің кемуі өнудің бастапқы сатысында ферменттердің екпінділігі мен микроорганизмдердің көбейіп кеткендігінің салдарынан болады.

Дәннің толықтығы мен ірілігі. Әлжуаз, шөпек дәндердің тыныс алуы толықсыған және ірі дәндердікінен әлдеқайда жоғары болады.

Бұл құбылысты әлжуаз дәндердің сыртқы беттерінің қосындысының ірі толықсыған дәндердікінен артықтығымен және олардың ылғал сіңіргіштік қабілетінің жоғарылығымен түсіндіруге болады. Сондықтан, астықтың құрамында әлжуаз, шөпек, майда дәндер неғұрлым көп болса, солғұрлым ол партия сақтауға төзімсіз келеді.



Дәннің бүтіндігі. Егер дәннің бүтіндігі бүлінсе, мысалы, оның сыртқы қабыршақтары бұзылып, сыпырылып түсіп қалса, эндоспермі жарықшақтанып, майдаланып, бөлшектеніп кетсе, оның тыныс алуы артады. Мұны дәннің механикалық зақымдануымен бөлшектенген дәндердің микроорганизмдерге әсеріне тез де көбірек шалдығуымен және ауа алмасуының үдеуімен түсіндіруге болар еді. Астықты бөлшектенген, бұлінген дәндерден дер кезінде ажыратып тазарту, оның сақтау барысындағы төзімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет