Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест



Дата23.02.2016
өлшемі245 Kb.
#6167
Ақсу қаласы гимназиясы





Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Альдекенова Анар Толыбайқызы

Тест

Дүние тарихы

І нұсқа

Англия және Ағартушылық дәуірі
1.ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англияда шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен, діни жоралар мен құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар қалай аталды?

А. Джентрилер В. Пуритандар С. Индепенденттер D. Пресвитерлер



2. ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англиядағы дін әлеміндегі толық бостандықты, еркіндіктің болуын жақтаушылар

А. Джентрилер В. Пуритандар С. Индепенденттер D. Пресвитерлер



3. 1639 жылы Англияның Шотландиямен соғыс басталуына байланысты І Карл 1640 жылы сәуірдің он үшінен мамырдың бесіне дейін жұмыс істеген парламентті шақырды. Бұл парламенттің тарихтағы атауы

А. Қысқа парламент В. Соңғы парламент

С. Кавалерлер парламенті D. Корольдік парламаент

4. Англия республика болып жарияланылды

А. 1649 ж. 30 қаңтар В. 1652 ж. 45 сәуір

С. 1659 ж. 15 қараша D. 1663 ж. 5 мамыр

5. 1649 жылы көктемде Англияда диггерлер қозғалысы басталды. Диггерлердің талаптары

А. Шіркеу қазметін тоқтату, епископтарды тарату

В. І Карлды қайта таққа отырғызу, парламент қызметін қалпына келтіру

С. Англия азаматтарының сайлау құқын қалпына келтіру

D. Теңдік орнату, қанауды жою, жерді қоғамдастыру

6. 1649 ж. О. Кромвель Ирландияны басып алды, басып алудың нәтижесі

А. Жаңа жерлер иемделініп, революциялық армия жалдамалы қырып-жоюшы армияға айналды

В. Ирландия Англияның тәуелсіздігін мойындап, салық төлеуге мәжбүр болды

С. Жаңа конституция жарияланып, реформалар жүргізіле бастады

D. Жаңа одақтастар пайда болып, жаулап алушылық әрекетті жалғастыруға мүмкіншілік туындады

7. Англияда король билігі қалпына келтірілді

А. 1655 ж. В. 1660 ж. С. 1675 ж. D. 1681 ж.



8. 1660-1685 ж.ж. Англия королі

А. І Карл В. І Вильгельм С.ІІ Карл Стюарт D. ІІ Яков



9. Ағылшын революциясының тарихи маңызы

А. Халықтың билігі орнап, парламент екіге бөлінді

В. Абсолютизмді жойды, тектілік артықшылықтарға тойтарыс берілді

С. Монархия, мемлекеттік шіркеу, сословиелік, дворяндық жер иеленушілік жойылды

D. Шаруалардың помещиктерге феодалдық кіріптарлығы жойылды

10. ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ соңына дейінгі кезеңнің тарихи аталуы

А. Ағартушылық дәуірі В. Феодализмді кезең

С. Орта ғасыр D. Революциялық өрлеу дәуірі

11. ХVІІІ ғ. кейбір герман княздіктерінде міндетті түрде бастауыш білім беру енгізілсе де, бірқатар адамдар қарапайым адамдардың білім алуына қарсы болды, соның бірі

А. Англия королі ІІ Карл В. Пруссия королі ІІ Фридрих

С. Франция королі ХVІ Людовик D. Ресей патшасы ІІ Александр

12. Католиктік дінбасыларын қатал сынға алып, шіркеулік әдет-ғұрыптар қарапайым халықты қараңғылықта, надандықта ұстау үшін ойлап табылған әдіс деп айтқан ағартушылық ғасырының аса көрнекті қайраткері

А. И.Г. Гердер В. Иммануил Кант

С. Исаак Ньютон D. Франсуа Мари Аруэ

13. «Сенің қолыңнан бәрі келе бермейді, сенің санаң шектеулі, дүниеде сен түсініп біле бермейтін заттар көп» деп ескерткен неміс философы

А. И.Г. Гердер В. Иммануил Кант

С. Исаак Ньютон D. Франсуа Мари Аруэ

14. Адамзат баласы Құдайдың құдіретін танып-білуге жақындай түсуге ұмтылуы керек деп есептеген ағартушылық дәуірінің ірі ғұламаларының бірі

А. И.Г. Гердер В. Иммануил Кант

С. Исаак Ньютон D. Франсуа Мари Аруэ

15. Дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санаған адамдарды қалай атаймыз?

А. Атеистер В. Реалистер С. Гуманистер D. Реформистер



16. Қоғамның прогресін шаруашылықтың, ғылым мен техниканың дамуымен байланыстырған француз ағартушысы

А. Жак Тюрго В. Иммануил Кант

С. Исаак Ньютон D. Франсуа Мари Аруэ

17. Адамның өзін-өзі шектеусіз жетілдіре алатынына сенген философ

А. Жак Тюрго В. Иммануил Кант

С. Антуан Кондорсе D. Франсуа Мари Аруэ

18. «Халық байлығы» еңбегінің авторы

А. Жак Тюрго В. Иммануил Кант С. Антуан Кондорсе D. Адам Смит



19. Құқықтық мемлекетке тән белгілер

А. Әрбір адам өмір сүруге, жеке бас бостандығына құқықты

В. Адам құқығы заңмен қорғалады және кепілдікке ие

С. Құқықты мемлекетте заң бәрінен жоғары тұрады және ол жалпыға бірдей міндетті

D. Барлық жауабы дұрыс

20. Адамдар арасындағы мемлекеттің араласуынсыз және оның шеңберінен тыс тұрған қарым-қатынастардың жиынтығы дегеніміз

А. Азаматтық қоғам В. Құқықты мемлекет

С. Дербес қоғам D. Тәуелсіз мемлекет

ІІ нұсқа

Солтүстік Америка және Франция

1.1607 жылы мамырда Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені Виргинияны корольдік деп жариялап, онда өзінің губернаторлығын жариялаған ағылшын королі

А. ІІ Вильгельм В. І Карл С. ІІ Карл Стюарт D. ІІ Яков



2. Феодализм Солтүстік Америкада берік тамыр жая алған жоқ, оның себебі

А. Феодалдардың жерге толық құқы болмады

В. Аумақтың экономикалық дамуы төмен болды

С. Феодалдар жерін жалға беріп отырды

D. Жер толығымен шаруалардың иелігінде болды

3. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін жүргізген соғыс уақыты

А. 1775 – 1783 ж.ж. В. 1785-1798 ж.ж. С. 1786-1789 ж.ж. D. 1773-1789 ж.ж.



4. АҚШ-тың тұңғыш президенті

А. О.Кромвель В. Т. Джефферсон С. Дж. Вашингтон D. Г. Гердер



5. 1776 жылы қабылданған «Тәуелсіздік декларациясының» құрастырушысы

А. О.Кромвель В. Т. Джефферсон С. Дж. Вашингтон D. Г. Гердер



6. «Тәуелсіздік декларациясы» бойынша отарлар толық құқықты болды

А. Соғыс жариялауға, бітім жасауға

В. Одаққа енуге, сауда жасауға

С. Кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға

D. Барлық жауабы дұрыс

7. Тәуелсіздік идеясын америкалықтар толықтай қолдамады, экономикалық, саяси және басқа да себептер бойынша лендлордтар, король шенеуліктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады, оларды тарихта қалай атаймыз?

А. Лоялистер В. Скватерлер С.Диггерлер D. Левеллерлер


8. АҚШ пен Англия арасындағы қорытынды келісімшартқа 1783 жылы 3-қыркүйекте қол қойылды, келісімшарттың басты нәтижесі

А. Канада АҚШ иелігіне ауысты В. АҚШ пен Ресей одақ құрды

С. АҚШ тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды D. Барлық жауабы дұрыс

9. Дж. Вашингтон, Б. Франклин, А. Гамильтон және Дж. Мэдисон жобасын дайындаған федералдық конституция қабылданған уақыт

А. 1786 ж. В. 1787 ж. С.1789 ж. D. 1791 ж.



10. Дж. Вашингтон, Б. Франклин, А. Гамильтон және Дж. Мэдисон жобасын дайындаған Конституция бойынша атқарушы билік кімнің қолында болды?

А. Король В. Төреші С. Конгресс D. Президент


11. 1791 жылы Конгресс сөз, баспасөз, жиналыс және петиция құқығына, жеке басқа, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, қылмыстық істер бойынша азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгізді, АҚШ тарихында бұл өзгерістер қалай аталды?

А. Адам құқығы туралы билль В. Адам құқығы Декларациясы

С. мемлеңкет және құқық негіздері D. АҚШ Конституциясы
12. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызы

А.Ағылшын отаршылдарының феодалдық тәртіптерді енгізу әрекеттері тоқтатылды

В. Дворяндық титулдар мен майораттар таратылды, ірі латифундиялар тәркіленді

С. 1787 ж. конституция қабылданып, АҚШ деп аталатын дербес мемлекет дүниеге келді

D. Барлық жауабы дұрыс

13. Француз буржуазиялық революциясының басталу уақыты

А.1785 ж. 12 маусым В. 1789 ж. 13 шілде

С. 1791 ж. 15 мамыр D. 1793 ж. 25 шілде
14. 1789 жылғы Француз буржуазиялық революциясының басты жетістігі

А.Абсолюттік билікті құлату В. Король билігін қайта қалпына келтіру

С. Мемлекеттік биліктің көтерілісшілер қолына өтуі D. Барлық жауабы дұрыс
15. 1792 ж. 20 сәуір күні Франция соғыс жариялаған мемлекет

А. Англия В. АҚШ С. Германия D. Австрия


16. Франция Республика болып жарияланды

А. 1792 ж. 22 қыркүйек В. 1795 ж. 15 қараша

С. 1797 ж. 26 қазан D. 1783 ж. 3 шілде
17. Француз буржуазиялық революциясының басты жетістігі

А. Буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату

В. Буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында конституциялық монархияны қайта қалпына келтіру С. Буржуазия мен халықтың билігінің жойылуы

D. Буржуазияның тап ретінде жойылуы


18. Францияда 1793 жылы көктемде революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Оған себеп

А. Ауыл шаруаларының буржуазияның ауылға қатысты әділетсіз саясатына наразылық білдіруі

В. Буржуазияның абсолюттік саясаттың жойылуына наразылық білдіруі

С. Якобиншілдердің ауыл шаруаларына қысым көрсетуі

D. Халықтың Конституциялық монархия үстемдігіне қарсы шығуы
19. 1793 жылғы Франциядағы жаңа конституция бойынша жер кімнің меншігі болып саналды?

А. Буржуазияның В. Қауым шаруаларының

С. Якобиншілдердің D. Жирондықтардың
20. Францияда тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін бастауыш білім беру туралы заң қабылданды

А. 1791 ж. 15 қараша В. 1792 ж. 26 қазан

С.1793 ж. 19 желтоқсан D. 1795 ж. 10 сәуір
ІІІ нұсқа

ХVІІІ ғ. Ресей
1. Ресейдегі қайта құрулардың басталуына оның Солтүстік соғыстарға қатысуы шешуші ықпал етті. Ресейдің қай елмен соғысы Балтық бағытындағы сыртқы саясаттың негізгі өзегі болды?

А. Финляндия В. Швеция С. Түркия D. Франция


2. 1701 ж. І Петр шведтерді Дерпто түбінде жеңіліске ұшыратып, Нотебург бекінісін өзіне қаратты. 1703 жылы осы жерде қай қаланың құрылысы басталды?

А. Москва В. Рязань С. Санкт-Петербург D. Самара


3. 1721 ж. Ништадта Ресей мен Швеция арасындағы бейбіт келісімге қол қойылды. Мұның нәтижесінде Ресей қарамағына өткен аумақ

А. Ресей Балтық жағалауларының маңызды бөлігін иеленіп, Ресейдің солтүстік – батысындағы шекарасы батысындағы құрғақ жолдардан теңізге дейін кеңейді

В. Ресейге Скандинавия түбегінің батыс жағалауы толықтай өтті

С. Ресей территориясын оңтүстікке қарай ығыстырды

D. Қара теңіз айлақтарының басым бөлігі Ресей қарамағына өтті
4. І Петрдің жүзеге асырған әскери реформасының нәтижесіндегі әскер құрамындағы өзгерістер

А. Дворяндық жасақтар, атқыштар әскері жойылып, оның орнына тұрақты армия құрылды

В. Тұрақты армия таратылып, оның орнына соғыс болатын жағдайда ғана шақырылатын әскер құрылды

С. Ережеге бағынбайтын ұлттық құрамалар ыдыратылды

D. Барлық жауабы дұрыс
5. 1711 жылы І Петр екі жүз жылдан астам өмір сүрген Боярлық думаны жойып, оның орнына қандай мемлекеттік ұйым құрды?

А. Парламент В. Конвент С. Рада D. Сенат


6. І Петр Сенатқа неше адамды белгіледі

А. 3 В. 5 С. 7 D. 9


7. ХVІІІ ғ. бірінші ширегінде елде халықтық мектептер жүйесі ашыла бастады. 1701 жылығы ашылған мектепті көрсет

А. Москва қаласында ашылған бастауыш мектеп

В. І Петр атындағы математикалық мектеп

С. Сухарев мұнарасында ашылған Математика мектебі

D. Мемлекеттік Діни мектеп
8. Ресейде қай жылы Мемлекеттік кітапхана құрылды?

А. 1712 ж. В. 1714 ж. С. 1716 ж. D. 1718 ж.


9. І Петр үздіксіз соғыстарын қандай мақсатқа бағыттады

А. Әлемдік аренада өз билігін орнату

В. Жаулап алған мемлекеттер байлығын игеру

С. Теңіз сауда байланыстарында үстемдік ету

D. Теңізге шығу жолдарын иелену
10. 1700 жылы 9 тамызда Балтық теңізіне шығуды мақсат етіп Ресей соғыс жариялаған мемлекет

А. Финляндия В. Швеция С. Түркия D. Франция


11. 1709 ж. 27 маусымда шведтердің І Петрдің әскерінен жеңілген шайқасы

А. Полтава шайқасы

В. Балтық теңізі шайқасы

С. Москва түбіндегі шайқас

D. Ақ теңіздегі шайқас
12. Ресейде қай жылы жан басы салығы енгізілді

А. 1721 ж. В. 1722 ж. С. 1724 ж. D.1725 ж.


13. І Петр қайтыс болғаннан кейін билік кімнің қолына көшті?

А. Анна Иоанновна В. ІІ Петр С. ІІІ Петр D. І Екатерина


14. 1730-1740 ж.ж. билік еткен патша

А. Анна Иоанновна В. ІІ Петр С. ІІІ Петр D. І Екатерина


15. Е.Пугачев көтерілісі уақыты

А. 1771-1773 ж.ж. В. 1773-1775 ж.ж.

С. 1775-1777 ж.ж. D.1777-1779 ж.ж.
16. Император билігін өз қолына алғаннан кейінгі ІІІ Петрдің алғашқы қолданған шарасы

А. Скандинавия түбегін жаулап алу В. Швециямен соғысты жандандыру

С. Пруссиямен соғысты тоқтату D. Данияға соғыс жариялау
17. 1729-1796 ж.ж. билік еткен патша

А. Анна Иоанновна В. ІІ Петр

С. ІІІ Петр D. ІІ Екатерина
18. ІІ Екатерина 1765 жылы 17 қаңтардағы жарлық бойынша помещиктерге берілген жеңілдік

А. Жерді сатып, жалға беру

В. Жерді мұраға қалдыру

С. Жалдамалы жұмыс күшін пайдалану

D. Шаруаларды азапты жұмысқа салу
19. ІІ Екатерина билігі тұсында халық санының өзгерісі

А. Халық саны 19 млн-нан 36 млн-ға өсті

В. Халық саны 36 млн-нан 19 млн-ға кеміді

С. Халық саны сыртқы эмиграция нәтижесінде үнемі өсіп отырды

D. Еш өзгеріс болмады
20. Солтүстік соғыс уақыты

А. 1700-1721 ж.ж. В. 1710-1721 ж.ж

С. 1711 -1722 ж.ж. D. 1721-1736 ж.ж.
ІV нұсқа

Үндістан
1. ХVІІ ғ. алғашқы ширегіндегі Үндістанның солтүстігіндегі мұсылман мемлекеті

А.Кашмир сұлтандығы В. Дели сұлтандығы

С. Бомбей сұлтандығы D. Моғолстан
2. 1526 жылы Дели сұлтандығын жаулап алушы есімін көрсет

А. Әмірсана В. Бабыр С. Әмір Темір D. Батый


3. Бабыр мемлекеттік деп жариялаған дін

А. Ислам В. Буддизм С. Ламаизм D. Христиан


4. Бабыр сұлтанның Ауғанстан және Солтүстік Үндістандағы иелігіндегі құрылған мемлекет

А. Дели сұлтандығы В. Мауереннахр

С. Моғолстан D. Ноғай Ордасы
5. Ұлы Моғол державасында барлық билік кімнің қолында болды?

А.Патша В. Жабғу С. Субад D. Падишах


6. Моғолдардың соңғы билеушісі Аурангзеб билігі кезінде мемлекет 19 облысқа бөлінді . Әр облысты кімдерді басқарды?

А.Патша В. Жабғу С. Субад D. Падишах


7. Әскери қызметі үшін меншікке берілген жер

А.Заминдар В. Джагир С. Инам D. Вакф


8. Мұсылман дінбасыларының меншігіне берілген жер

А.Заминдар В. Джагир С. Инам D. Вакф


9. діни орындардың, яғни мешіт, медресе, діни мектептердің меншігіндегі жерлер

А.Заминдар В. Джагир С. Инам D. Вакф


10. ХVІІ ғ. Үндістанның солтүстік-батыс жағындағы Пенжабта сикхалардың діни қозғалысы пайда болды, олар нені талап етті?

А. Касталық жүйені жою В. Үнді құдайларына сыйынудан бас тарту

С. Барлық адамдардың Құдай алдында тең болуы D. Барлық жауабы дұрыс
11. Х VІІІ ғ. екінші жартысына дейін созылған сикхалар күресінің нәтижесі

А. Касталық жүйе жойылды В. Сикха мемлекеті пайда болды

С. Индуизм діні пайда болды D. Барлық жауабы дұрыс

12. Ұлы Моғол мемлекетінде белең алған халықтар көтерілісінің себебі

А.Экономиканың төмендеуі В. Салықтың өсуі

С. шаруалар тұрмысының ауырлығы D. Барлық жауабы дұрыс
13. Моғол мемлекетінің ыдырауының жылдамдатуына ықпал еткен жағдай

А. Иран билеушісі Нәдір шахтың 1739 жылы Делиге шабуыл жасауы

В. Мәуереннахр билеушісі Әмір-Темірдің Моғол мемлекетіне шабуылы

С. Осман империясы ІІІ Селимнің шабуылы

D. Ел ішіндегі шаруалар көтерілісі
14. Үндістандағы Ұлы Моғол мемлекетінің құлау кезеңі

А. ХVІІІ ғ. ортасы В. ХVІІІ ғ. аяғы С.ХІХ ғ. басы D.ХХ ғ. басы


15.ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішіндегі ең белсенділік танытқандары

А. Германия мен Дания В.Франция мен Англия

С. Италия мен Голландия D.Барлық жауабы дұрыс

16. 1756-1763 ж.ж. аралығындағы Англия мен Франция арасында болған соғыстың нәтижесі

А.Франция жеңіске жетіп, Үндістанның батыс аумағын өз иелігіне қосып алды

В. Франция жеңіс жетіп, Үндістанда отарлық саясатын белсендіре бастады

С. Англия жеңіске жетіп, ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Үндістанды отарлауды қолға алды

D. Англия жеңіске жетіп, Үндістанның солтүстік-батыс аумағын өзіне бағындырды
17. Үндістанның саяси бытыраңқылығын пайдаланып, Ост-Үнді компаниясы басып алған елдің ең дамыған аймағы

А. Дели В.Пенджаб С.Бенгалия D.Декан


18. Еуропалық офицерлер басқарған, солардың қару-жарағымен жасақталған, еуропаша тәрбиеленген, жергілікті халықтан шыққан жалдамалы әскер

А. Диггерлер В. Сипайлар

С. Мамлүктер D. Хайдарабад
19. Алғаш рет Үндістанда пайда болған еуропалықтар

А. Голландықтар В. Ағылшындар

С. Француздар D. Португалдықтар

20. Үндістанның ежелден өзінің тамаша қолөнері мен сәулет өнері арқылы даңқы шыққан ірі сауда орталықтары

А.Бенгалия, Пенджаб, Ауд В. Бенгалия, Ауд, Мадрас

С. Мадрас, Бомбей, Калькутта D. Бенгалия, Пенджаб, Калькутта

V нұсқа

Осман империясы
1. Осман империясының негізін қалаушы

А. Осман бей В. Али бей С. Мухаммед ІІ D. Осман Али бей


2. 1453 ж. Түркияның билігіне көшкен византиялық аумақ

А. Кіші Азия және Балқан аумағы В. Орта Азия және Қара теңіз елдері

С. Батыс Еуропа және Кіші Азия D. Барлық жауабы дұрыс
3. 1514 ж. түріктердің сефевидтік Иранның қарсылығын жеңуі нәтижесінде түріктерде пайда болған мүмкіндік

А. Арабтық шығысқа шығу мүмкіндігі

В. Қара теңізде сауда үстемдігін орнату

С. Каспий иеңізінде сауда үстемдігін орнату

D. Орта Азия елдерімен сауда байланысын орнату
4. 1684 ж. Османдарға қарсы «Қасиетті лига» коалициясы құрылды, оның құрамына кірген мемлекеттер

А. Франция, Италия, Австрия, Люксембург В.Австрия, Польша, Мальта, Ресей

С. Англия, Жапония, Қытай, АҚШ D. Англия, Франция, Германия, Италия
5. Азов бекінісін түріктерден тартып алған орыс патшасы

А. ІІ Александр В. ІІ Елизавета С. І Александр D. І Петр


6. 1730 ж. күзде Стамбұлдағы кедейлер көтерілісінің басшысы

А. ІІІ Селим В. І Махмуд С. Патрон Халил D. Мұстафа Байрақ


7. 1730 ж. күзде Стамбұлдағы кедейлер көтерілісінің себебі

А. ІІІ Ахмет Сұлтанның тақтан тайдырылуы

В. І Махмудтың билік басына келуі

С. Жоғары әскери салықтың енгізілуі

D. Орыс – түрік соғысының басталуы
8. Орыс-түрік соғысы

А. 1768-1774 ж.ж. В. 1778-1798 ж.ж. С. 1758-1796 ж.ж. D. 1768-1799ж.ж.


9. Орыс-түрік соғысы Осман империясының еуропадағы иеліктерінен толық айырылуына әкелді, Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шықты, бірақ Англия мен Франция Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды, мұның себебі

А. Түріктермен экономикалық байланысының маңыздылығын жоғалтпау

В. Түріктермен әскери байланысының маңыздылығын жоғалтпау

С. Англия мен Францияның Ресейдің Балқан және Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенуі

D. Түріктерді өз Боданына айналдыру мақсатын көздеді
10. 1789-1807 ж.ж. таққа отырған түрік сұлтаны ІІІ Селим жүргізген әскери реформалар

А. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді

В. Флот, артиллерия қайта құрылды

С. Стамбұлда әскери – инженерлік училище ашылды

D. Барлық жауабы дұрыс
11. 1805 ж. янычарлар көтерілісінің себебі

А.Елдің экономикалық әл ауқатының төмендеуі

В. Янычарлар барлық жеңілдіктерінен айырылып қалуынан қауіптеніп, жаңа тұрақты әскердің құрылуына наразылық білдірді

С. Сұлтанның шаруаларға салынатын салық көлемін арттыруы

D. Ел басшыларының арасында ауызбіршіліктің болмауы
12. Янычарлар көтерілісінің салдарынан тақтан тайдырылған сұлтан

А. І Махмұд В. ІІІ Селим С. І Мұстафа D. ІІ Махмұт


13. ІІІ Селим сұлтанның реформалары нені көздеді?

А. Феодалдық – сұлтандық жүйені сақтай отырып, Осман империясының қол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді

В. Халықтың әл-ауқатын жақсарту

С. Жаңа үлгідегі әскер құру

D. Феодалдық – сұлтандық жүйені жойып, Осман империясының қол астына

бағынған халықтарды езгіден азат ету


14. 1700 ж. түріктердің Ресеймен жасасқан бітім шарты бойынша Ресейге қараған жерлер

А. Жерорта теңізі мен оған жақын жатқан жерлер

В. Балқан түбегі мен Скандинавия елдері

С. Қара теңіз бен Балқан түбегінің батыс бөлігі

D.Азов пен оған жақын жатқан жерлер
15. 1699 ж. Карловыдағы келісімшарт бойынша Австрия иелігіне өткен аумақ

А. Украина мен Түркияның шығыс бөлігі

В. Морея мен Эгей теңізіндегі аралдар

С. Венгрия, Трансильвания, Словения жерлері

D. Азов теңізі мен оған жақын жатқан жерлер

16. Түрік империясында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аймақ

А. Анадолы аймағы мен Балқан түбегі халықтарында

В. Империяның оңтүстік-шығысында

С. Балқан түбегінің солтүстігі мен Морея аймағы

D. Өзен жағалауы мен жазықты алқаптарда
17. Осман империясының астанасы

А. Измир В. Стамбұл С. Дамаск D. Алеппо


18. 1768-1774 ж.ж. түрік-орыс соғысына түріктердің соғысуына мүдделі болған мемлекет

А. Голландия В. Англия С. Жапония D.Франция


19. ІV Мұстафадан кейін таққа отырған сұлтан

А. VМұстафа В. ІІ Селим С. ІІ Махмұт D.ІІІ Махмұт


20. 1789-1807 ж.ж. империяда бтлік еткен сұлтан

А. VМұстафа В. ІІІСелим С. ІІ Махмұт D.ІІІ Махмұт



VІ нұсқа

Қытай, Жоңғар хандығы, Жапония
1. Қытайдағы 1628 – 1644 ж.ж. шаруалар көтерілісінің басшысы

А. Ли Цзычен В. Нурхаци С.Ви Цяньлунь D. Лу Синьцзянь


2. Қытайдың солтүстік жағында, шекаралас аймақта өмір сүрген тайпа

А. Моғол В. Ойрат С. Маньчжур D. Жоңғар


3. Маньчжур мемлекетінің негізін қалаушы

А. Абахай В. Нурхаци С. Лу Синьцзянь D. Ли Цзычен


4. 1661-1912 ж.ж. аралығындағы Қытайдың тарихи атауы

А. Тан империясы В. Цинь империсяы

С. Инь империясы D. Қытай монархиясы
5. Қытайда конфуцийлік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар алынды, бұл оқымыстыларды қалай атады?

А. Диггерлер В. Конфуцийлер С. Шэньшилер D.Ламалар


6. Цинь империясының ең жоғарғы заңды құрылымдары

А. Императорлық әкімшілік және әскери кеңес

В. Сенат және мәжіліс

С. Императорлық кеңес және халықтық кеңес

D. Монархиялық әкімшілік және сенат
7. Монғолияның батыс бөлігінде өмір сүрген ойраттардың мемлекеті

А. Чахар хандығы В. Халха хандығы

С. Жоңғар хандығы D. Ойрат хандығы
8. Жоңғар хандығындағы қарапайым шаруалар

А. Чоростар В.Араттар С. Қонтайшы D. Джаззар


9. Жоңғар хандығын құрған ойрат тайпалары ұстанған дін

А. Буддизм В.Лама С.Мұсылман D.Христиан


10. Жоңғар ханы қандай атақпен елді биледі?

А. Қонтайшы В.Хан С. Патша D. Император


11. Жоңғарлардың негізгі шаруашылығы

А.Егін шаруашылығы В. Көшпелі мал шаруашылығы

С. Суармалы егіншілік D. Отырықшы мал шаруашылығы

12. ХVІІІ ғ.ғ. ортасында Жоңғар хандығының тарих сахнасына жойылуына ықпал еткен мемлекет

А. Қазақ хандығы В.Ресей империясы С. Моғол империясы D.Цинь империясы


13. 1697 – 1727 ж.ж. Жоңғар хандығын билеген қонтайшы

А. Батыр қонтайшы В.Цэван Рабдан С. Қалдан Цэрэн D. Әмірсана


14. Жоңғар хандығы мен Ресей арасындағы байланыс ХVІІІ ғ. ортасында дами түседі, оның себебі

А. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастың дамуы

В. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстың дамуы

С. Орыстардың Енисей, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойына қоныстануы

D. Барлық жауабы дұрыс
15. Жапонияда ең алғашқы рет сегундық жүйені енгізген

А. Токугава Иэясу В. Асикага С. Ходзе D. Минамото Еримото


16. Жапонияда сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталды. Си қай әлеуметтік тапты көрсетеді?

А. Самурайлар В. Шаруалар С. Қолөнершілер D. Саудагерлер


17. Жапонияда сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталды. Но қай әлеуметтік тапты көрсетеді?

А. Самурайлар В. Шаруалар С. Қолөнершілер D. Саудагерлер


18. Жапонияда сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталды. Ко қай әлеуметтік тапты көрсетеді?

А. Самурайлар В. Шаруалар С. Қолөнершілер D. Саудагерлер


19. Жапонияда сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталды. Се қай әлеуметтік тапты көрсетеді?

А. Самурайлар В. Шаруалар С. Қолөнершілер D. Саудагерлер


20. Жапондықтардың діни нанымдарына, табиғат күштеріне табыну сенімдеріне байланысты дін

А. Синтоизм В. Буддизм С. Ламаизм D.Тотемизм


VІІ нұсқа

Иран, VІІ Араб елдері, ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ. мәдениет пен ғылым
1. Иран еліндегі мемлекеттік меншікті жер

А. Райят В. Дивани С. Мульк D. Уакф


2. 1730-1735 ж.ж. арасындағы соғыс қай елдер арасында жүрді?

А. Австрия мен Венгрия В. Англия мен Франция

С. Түрік империясы мен Иран D.Иран мен Ирак
3. Ирандағы діни адамдар мен діни мекемелерге меншікке берілген жерлер

А. Райят В. Дивани С. Мульк D. Уакф


4. Иранда егіншілікпен айналысатын отырықшы шаруалар қалай аталды?

А. Райят В. Дивани С. Мульк D. Уакф


5. Иранда мал шаруашылығымен айналысатын адамдар

А. Райят В. Дивани С.Иляттар D. Уакф


6. 1729 ж. Иран жерінен ауғандарды түгелдей қуып шыққан шах

А. Нәдір В. Каджар С. Мұхамед D. Хосейн


7. 1736-1739 ж.ж. Нәдір шах жорық жасаған мемлекет

А. Англия В. Үндістан С. Түрік империясы D. Ирак


8. ХVІІІ ғ. соңында Иранда орнаған әулет билігі

А. Нәдір В. Каджар С. Аға Мұхамед D. Хосейн


9. 1796 ж. Иран шахы болып тағайындалған хан

А. Нәдір В. Каджар С. Аға Мұхамед D. Хосейн


10. Иран жерінің әкімшілік жағынан бөлінуі

А. Вилаеттер, эялеттер В. Облыс, аудан С.Провинция, аймақ D. Провинция, субад


11. Азияның оңтүстік – батыс, Африканың солтүстік аймақтарын алып жатқан мұсылман әлемі

А. Ислам В.Түрік С.Мысыр D. Араб


12.Осман империясындағы Араб елдерінің ішіндегі ең маңыздысы болған ел

А. Мысыр В. Алжир С. Сомали D. Гана



13. Көлемі 1/10-ден 1/3-ге дейін барған араб елдеріндегі жер салығы

А. Райят В. Дивани С. Мульк D.Харадж


14. ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. аралығында Жерорта теңізіндегі беделді елдердің қатарына кірген Араб мемлекеті

А. Мысыр В. Алжир С. Сомали D. Гана


15. Мұхаммед Әлидің Мысырға билеуші болуына ықпал еткен жағдай

А. Елдегі экономикалық реформаның нәтижелі жүргізілуі

В. Түркия елінің әлсіреуі

С. Уаххабшылдар қозғалысын басуы

D. Барлық жауабы дұрыс
16. Өкілдері шүбәсіздіктің негізі тек қана тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт

А. Эмпиризм В. Дуализм С. Материализм D. Империзм


17. Әлемде тұңғыш рет өзі жасаған телескоп арқылы аспан әлемін бақылаған ғалым

А. Коперник В. Бруно С.Галилео Галилей D. Исаак Ньютон


18. «Табиғат философиясының математикалық принциптері» атты еңбегінің авторы

А. Коперник В. Бруно С.Галилео Галилей D. Исаак Ньютон


19. Физикаға «Инерция» терминін енгізген ғалым

А.Иоганн Кеплер В. Бруно С.Галилео Галилей D. Исаак Ньютон


20. Ғылымға «өзгермелі шамалар» ұғымын енгізген ғалым

А.Иоганн Кеплер В.Рене Декарт С.Галилео Галилей D. Исаак Ньютон


VІІІ нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы Англия, Франция
1. ХVІІІ ғ. соңында пайда болған, жер қожалығы бар ақсүйектер мен дінбасыларының мүддесін көздеген партия

А. Виги В. Тори С. Джагир D. Левеллер


2. 1819 ж. Роберт Оуэннің ықпалымен парламент өзінің актісіне қандай өзгерістер енгізді?

А. 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салды

В. 15-25 жас аралығындағы жұмысшылардың еңбек ету уақытын ұзартты

С. Жер феодалдардың иелігіне берілді

D. Барлық жауабы дұрыс
3. 1765 ж. бу машинасын ойлап тапқан ғалым

А. Робер Пил В. Роберт Каслри С. Джордж Каннинг D. Джеймс Уатт


4. Францияда 1799ж. 9 қарашадамемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік үш консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде билік кімнің қолында болды?

А. Екінші консул Жозеф Фуше В. Бірінші консул Наполеон Бонопарт

С. Үшінші консул Жозеф Бонопарт D. Наполеон ІІ
5. Францияға қарсы құрылған коалициялық одақ басында тұрған елдер

А. Англия, Ресей, Австрия, Пруссия В. Иран, Ирак, Англия, Пруссия

С. Ресей, Түркия, Австралия, Мысыр D. Австрия, Пруссия , Ресей, Түркия
6. Негрлер мен үндістердің некелерінен туған ұрпақтың аталуы

А. Метис В. Креол С.Самбо D. Мулат


7. 28. 1806 ж. 27 қазанда Наполеон басып кірген қала

А. Париж В. Москва С. Рим D.Берлин


8. 1809 ж. көктемінде Франция жаңа соғыс қимылдарын бағыттаға ел

А. Англия В.Ресей С.Түркия D. Австрия


9. 1812 ж. 7 – қыркүйекте орыс және француз әскерлері арасында ірі шайқас болған жер

А. Мәскеу түбіндегі Ватерлоо даласы В. Мәскеу қаласының орталығында

С. Мәскеу түбіндегі Бородино даласы D. Санкт-Петербург түбіндегі Бородино даласы
10. 1813 ж. Францияға қарсы алтынша коалиция құрылды, оның құрамындағы мемлекеттер

А. Ресей, Англия, Испания, Португалия, Пруссия, Швеция, Австрия

В. Ресей, Англия, Испания, Люксембург, Түркия, Бельгия, Канада

С. Португалия, Пруссия, Швеция, Нидерланды, Аыстралия, Греция

D. Барлық жауабы дұрыс
11. Наполеон жеңіліс тапқан шайқас

А. 1815 ж. 18 маусымда Ватерлоо түбіндегі шайқас

В. 1816 ж. 12 шілде Санкт-Петербург түбіндегі Бородино даласындағы шайқас

С. 1813 ж. 16 қазандағы Лейпциг түбіндегі шайқас

D. 1812ж. Мәскеу түбіндегі Бородино даласындағы шайқас
12. Франциядағы 1830 ж. Шілде революциясының басталуына ықпал еткен жағдай

А. Х Карлдың таққа отыруы

В. 1815 ж. жаңа палата депутаттарының сайлануы

С. 1814 ж. Хартияны жойған ордонанстың жариялануы

D. Барлық жауабы дұрыс
13. 1830 ж. 14 тамызда Францияда жаңа Хартия жарияланды, бұл хартия бойынша

А. Король билігі біраз шектелді

В. Палата депутаттарының құқықтары кеңейтілді

С. Баспасөз цензурасы жойылды

D. Барлық жауабы дұрыс
14. Францияда екінші республика жарияланды

А. 1948 ж. 25 ақпанда В. 1948 ж. 26 наурызда

С. 1958 ж. 25 ақпанда D. 1958 ж. 26 наурызда
15. Францияда 1848 ж. 10 желтоқсанда президент сайлауы бекітілді, сайлауда жеңіске жетті

А. Луи Филипп В. Луи Бонапарт С. Лебеф D. Альфред Дрейфус


16. 1870 ж. 19 шілдеде Франция соғыс жариялаған мемлекет

А. Англия В.Ресей С.Түркия D. Пруссия


17. 1871 ж. 26 наурыөда құрылған жаңа өкімет Париж коммунасы

А. Шіркеудің мемлекеттен бөлінгендігін жариялады

В. Барлық азаматтардың балаларына оқу орнын ашу мақсатын алға қойды

С. Кітапханалар мен мұражайлар ашылды

D. Барлық жауабы дұрыс
18. Париж Коммунасының негізгі принципі

А. басқыншылық соғыстары мен қаруланудан бас тарту

В. Барлық азаматтардың балаларына оқу орнын ашу мақсатын алға қою

С. Кітапханалар мен мұражайлар ашу

D. Барлық жауабы дұрыс
19. Париж коммунасы өмір сүрген уақыт

А. 72 күн В. 72 апта С. 72 ай D.72 жыл


20. Францияда үшінші Республика жарияланған уақыт

А. 1875 ж. В. 1877 ж. С.1879 ж. D. 1898 ж.


ІХ нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы Германия. Италия, Ресей
1. Италияда 1831 ж. азаттық үшін және елдің бірігуі үшін күресетін «Жас Италия» ұйымының негізін қалаушы

А. Карл Альберт В. Иосиф Радецки С. Дж. Мадзини D.Дж. Гарибальди


2. 1882 ж. 20 мамырда Үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойған мемлекеттер

А. Германия, Австро - Венгрия, Италия В. Италия, Франция, Англия

С. Иран, Мысыр, Жапония D. Ресей, Германия, Франция
3. 1861 ж. наурызда таққа иелік еткен Италия королі

А. Карл Альберт В. Иосиф Радецки

С. Дж. Мадзини D.ІІ Виктор Эммануил
4. 1864 ж. Пруссия мен Австрия соғыс жариялаған мемлекет

А. Ресей В.Түркия С. Италия D.Дания


5. Австрия – Пруссия соғысының басталу уақыты

А.1860 ж. наурыз В. 1862 ж. мамыр С. 1864 ж. шілде D. 1866 ж. маусым


6. Герман империясының құрылу уақыты

А. 1870 ж. 18 қаңтар В. 1871 ж. 18 қаңтар

С. 1872 ж. 18 қаңтар D. 1874 ж. 18 қаңтар
7. Герман империясының бірінші канцлері

А. Бисмарк В. Иосиф Радецки С. І Виктор Эммануил D. Карл Альберт


8. Италия біріккен мемлекетінің саяси құрылымы

А. Абсолюттік монархия В. Парламенттік республика

С. Конституциялық монархия D. Президенттік республика
9. 1863 ж. құрылған жұмысшылардың бірінші жалпыгермандық ұйымы – Жалпы герман жұмысшылар одағының негізін қалаушы

А. Бисмарк В. Иосиф Радецки С. Фердинанд Лассаль D. Карл Альберт


10. 1861 ж. Ресейде басыбайлық құқықты жою туралы манифестке қол қойған патша

А. І Александр В.ІІ Елизавета С. ІІ Александр D. І Екатерина


11. Алғашқы орыс революциясының жеңіліс себебі

А. Ел арасындағы алауыздық В. Франциямен соғыс ықпал етті

С. Жұмысшылар мен солдаттар қозғалыстары біртұтас ағымға біріге алмады D. Барлық жауабы дұрыс
12. Орыс – түрік соғысы, яғни Қырым соғысы басталған уақыт

А. 1850 ж. В. 1853 ж. С. 1856 ж. D. 1859 ж.


13. 1812 ж. 7 – қыркүйекте орыс және француз әскерлері арасында ірі шайқас болған жер

А. Мәскеу түбіндегі Ватерлоо даласы В. Мәскеу қаласының орталығында

С. Мәскеу түбіндегі Бородино даласы D. Санкт-Петербург түбіндегі Бородино даласы
14. «Социализм және саяси күрес» еңбегінің авторы

А. Г.В. Плеханов В. В.И.Ленин С.В.И. Засулич D. Ф.Энгельс


15. Ресейде жұмысшы қозғалысына социалистік сананы тарту Ресейдің революциялық марксшілдерінің басты міндеті болды, бұл міндетті орындауда ерекше көрінген тарихи қайраткер

А. Г.В. Плеханов В. В.И.Ленин С.В.И. Засулич D. Ф.Энгельс


16. 1902ж. Ресейге қарсы бағытталған одақтық келісімге қол қойған мемлекеттер

А. Франция мен Түркия В. Англия мен Франция

С. АҚШ пен Жапония D. Англия мен Жапония
17. Ресейдегі алғашқы революция уақыты

А. 1902-1905 ж.ж. В. 1905-1907 ж.ж. С. 1903-1907 ж.ж. D. 1907-1909 ж.ж.


18. Алғашқы маркстік ұйым «Еңбекті азат ету» тобын ұйымдастырушы

А. Г.В. Плеханов В. В.И. Игнатов С.В.И. Засулич D. Ф.Энгельс


19. ІІ Александр патша басыбайлылық құқықты жою туралы манифестке қол қойған уақыт

А. 1860 ж. 19 ақпан В. 1861 ж. 19 ақпан

С. 1862 ж. 19 ақпан D. 1863 ж. 19 ақпан
20. «Басыбайлылық реформасының» тарихи маңызы

А. Шаруалардың құқығы толық қалпына келтірілді

В. Ресейдің артта қалған аграрлы елден өнеркәсіптік капитализм дәуіріне өтуін жеделдетті

С. Елдің сыртқы саясатта беделі артты

D. Барлық жауабы дұрыс

Х нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы АҚШ пен Латын Америкасы елдері
1. 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттар саны

А. 40 В. 35 С.24 D19


2. 1793 ж. қарапайым да өнімді түрде мақта тазалайтын машина ойлап тапқан

А. Робер Пил В. Роберт Каслри С. Джордж Каннинг D. Эли Уитни


3. 1803ж. АҚШ Франциядан сатып алған аумақ

А. Кентукки В. Теннеси С.Луизиана D. Огайо


4. 1846-1848 ж.ж. Мексика-Америка соғысы нәтижесінде Мексика жеңіліп, өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды, қазір бұл қай штаттардың аумағы?

А. Калифорния, Невада В. Аризона, Нью-Мексико

С.Юта, Невада D.Аталған штатардың барлығы
5. Америкалықтар ресейден Алясканы сатып алды

А. 1864 ж. В. 1865 ж. С. 1867 ж. D. 1895 ж.


6. 1829-1837 ж.ж. аралығындағы АҚШ президенті

А. Эндрю Джексон В. Т. Джефферсон С. Дж. Вашингтон D. Г. Гердер


7. 1854 ж. Чикаго қаласында құрылған Республикалық партияның жетекшісі

А. Эндрю Джексон В. Авраам Линкольн С. Дж. Вашингтон D. Г. Гердер


8. АҚШ-тағы құлдықты жоюды жақтаушылар

А. Лоялистер В.Аболиционистер С.Диггерлер D. Левеллерлер


9. АҚШ-тағы азамат соғысы жылдары

А. 1860-1863 ж.ж. В. 1863-1865 ж.ж. С.1865 -1867 ж.ж. D.1861-1865 ж.ж.


10. Азамат соғысының басты маңызы

А. Құлдықты жою

В. Америкалық ауылшаруашылығын фермерлік жолмен дамуға бағыттады

С. Республикалық партия елдің саяси өмірінде жетекшілік роль атқарды

D. Барлық жауабы дұрыс
11. 1804 ж. тәуелсіздігін жариялаған Латын Америкасы мемлекеті

А. Гаити В.Бразилия С.Венесуэла D. Мексика


12. 1811 ж. тәуелсіздігін жариялаған Латын Америкасы мемлекеті

А. Гаити В.Бразилия С.Венесуэла D. Мексика



13. 1813 ж. тәуелсіздігін жариялаған Латын Америкасы мемлекеті

А. Гаити В.Бразилия С.Венесуэла D. Мексика


14. Мексикада испандықтардың үстемдігіне қарсы көтерілісі 1810 ж. қыркүйекте басталды, оның жетекшісі

А. Жозеф Бонапарт В. Мигель Идальго С. Г. Гердер D. Эндрю Джексон


15. 1816 ж. Біріккен Ла - Плата провинциялары тәуелсіз мемлекеті құрылды, 1826 ж. бастап бұл ел қалай аталды?

А.Аргентина В.Бразилия С.Венесуэла D. Мексика


16. Венесуэла тәуелсіздігі үшін күрес жетекшісі

А. Симон Боливар В. Мигель Идальго С. Г. Гердер D. Эндрю Джексон


17. Латын Америкасы елдерінің тәуелсіздік үшін күресі нәтижесінде жерге меншік орнатылды, ірі жер бөліктер қалай аталды?

А.Заминдар В. Джагир С.Феод D. Латифундия


18. Латифундистер үндістерді, мулаттарды, метистерді латифундистерден жерді жалға алуға мәжбүр шаруларға айналдырды, бұл шаруаларды қалай атаймыз?

А.Заминдар В. Джагир С. Пеон D. Феод


19. 1824 ж. толық тәуелсіздік алған мемлекет

А. Гаити В.Бразилия С.Перу D. Мексика


20. 1825 ж. тамызда Жоғарғы перудің тәуелсіздігі жарияланды, жаңа мемлекет атауы

А. Гаити В.Бразилия С.Боливия D. Мексика


ХІ нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы Қытай және Жапония
1. Қытайдағы бірінші апиын соғысы

А. 1840-1842 ж.ж. В. 1840-1844 ж.ж. С. 1842-1844 ж.ж. D.1842-1846 ж.ж.


2. Қытайдағы екінші апиын соғысы

А. 1856-1860 ж.ж. В.1858- 1860 ж.ж. С. 1860-1862 ж.ж. D. 1862-1864 ж.ж.


3. Тайпиндер көтерілісінің көсемі

А. Лян Цичао В.Хун Сюцюан С. Гуансюй D. Кан Ювэй


4. Қытайдағы тайпиндер көтерілісі уақыты

А. 1848-1856 ж.ж. В. 1850-1869 ж.ж. С. 1854-1864 ж.ж. D. 1850-1864 ж.ж.


5. Тайпиндер көтерілісінің жеңілу себептері

А. Жетекшілік ететін әлеуметтік күштердің болмауы

В. Еуропалық державалардың Цин үкіметіне көмектесуі

С. Қытай халқына жат христиан дінін тайпин көсемдерінің ұран етуі

D. Барлық жауабы дұрыс
6. 1884-1885 ж.ж. Қытайға соғыс ашқан мемлекет

А. АҚШ В. Англия С. Франция D.Ресей


7. «Қытайды қайта өркендету қоғамын» құрған Қытайдың ұлы революционер – демократы

А. Сунь Ятсен В.Хун Сюцюан С.Юань Шикай D. Кан Ювэй


8. Цин империясы құлатылды

А. 1910 ж. В. 1912 ж. С.1914 ж. D.1916 ж.


9. Қытайдағы Синьхай революциясының тарихи маңызы

А. Қытайды үш ғасырдай уақыт билеген жатжерлік маньчжур үстемдігінен азат етті

В. Монархиялық билік жойылды

С. Қытай Республикасы жарияланды

D. Барлық жауабы дұрыс

10. 1912 ж. 12 ақпанда Цин Империясының соңғы императоры Пу И тақтан түсіріліп, империя құлатылды. Құрылған Қытай Республикасының президентін көрсетіңіз

А. Сунь Ятсен В.Хун Сюцюан С.Юань Шикай D. Кан Ювэй


11. Алғаш рет Жапонияға келген еуропалықтар

А. Ағылшындар В. Француздар С.Португалдықтар D. Голландықтар


12. Жапонияның «жабық есік» саясатын бұзбақ болу әрекеті негізінде 1791-1849 ж.ж.Жапония жағалауларына жеті экспедиция аттандырған мемлекет

А. АҚШ В. Англия С. Франция D.Ресей


13. Жапониядағы Мэйдзи көтерілісінің уақытын көрсетіңіз

А. 1863-1864 ж.ж В.1865-1867 ж.ж. С. 1867-1868 ж.ж. D. 1868-1869 ж.ж.



14. Жапонияда жалпыға бірдей бастауыш білім беру жөніндегі жарлық шығарылған жыл

А. 1870 ж. В.1872 ж. С.1874 ж. D.1876 ж.


15. Жапония императоры батыс елдерінің тәжірибесінен үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді, олар Жапония мемлекеті үшін, оның дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау керек болды. Мұның негізінде Жапония қай елдің конституциясы үлгісінде өз конституциясын жариялады?

А. АҚШ В.Германия С.Франция D. Қытай


16. Жапонияда 1889 ж. қабылданған Конституция бойынша екі палаталы парламент құрылды. жоғарғы палата өкілдерін атаңыз

А. Император отбасы мен ол тағайындаған өкілдер

В. Ел арасында үш пайыздан аса дауыс жинаған депутаттар

С. Буржуазия табының өкілдері

D. Барлық жауабы дұрыс
17. 1894 ж. Жапония соғыс ашқан мемлекет

А. АҚШ В.Германия С.Франция D. Қытай


18. Жапонияның Ресейдің Қиыр Шығыста үстемдік алуына қарсы болған саясатына қолдаушылық көрсеткен мемлекеттер

А. АҚШ және Германия В. Германия және Франция

С.Франция және Англия D. Англия және АҚШ
19. 1904-1905ж.ж. орыс-жапон соғысында Ресейді тізе бүктірген Жапония қай аймақтарға бақылау жасауға мүмкіндік алды?

А. Маньчжурия мен Симода айлағы В. Симода мен Хакодатэ айлақтары

С. Қиыр Шығыс пен Маньчжурия D. Маньчжурия мен Корея
20.Жапонияда білімпаз Мэйдзи билеуші кезеңі деп атап кеткен уақыт

А. 1862-1868 ж.ж. В. 1865-1910 ж.ж. С. 1889-1912 ж.ж. D 1867-1912 ж.ж.


ХІІ нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы Үндістан және Осман империясы
1. Солтүстік Үндістанда орын алған аса қуатты халық көтерілісінің уақытын көрсетіңіз

А. 1853-1855 ж.ж. В. 1854 - 1856 ж.ж. С. 1855-1857 ж.ж. D.1857-1859 ж.ж.


2. 1885 ж. құрылған алғашқы жалпы - үнділік саяси партия

А. Үнді - Демократиялық партиясы В. Үнді Ұлттық Конгресі

С. Үнді Мұсылмандар Лигасы D. Хинду махасабха
3. Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі

А. Б. Тилак В. Лакшми Бай С.Рам Мохан Рой D. Лакшми Рам


4. 1857 ж. 10 мамырда Дели маңында басталған Үнді ұлт – азаттық көтерілісінің мақсаты

А. Үндістанды ағылшын отарлауына дейінгі жағдайға келтіру

В. Үндістанда белсенділік танытқан сипайлар әрекетіне шек қою

С. Үстем тап өкілдерінің озбырлық саясатына шек қою

D. Барлық жауабы дұрыс
5. Үнді ұлт-азаттық көтерілісі барысында ер адамдарша киініп алып, қолына қару ұстап, ерлерше шайқасқан үнді қызының есімін көрсетіңіз

А. Б. Тилак В. Лакшми Бай С.Рам Мохан Рой D. Лакшми Рам


6. ХІХ ғ. екінші жартысында ағылшындар Үндістан экономикасына капитал бөле бастады, ең алғашқы капитал неге арналды?

А. Тау-кен өндірісін дамытуға В. Химия өнеркәсібін жетілдіруге

С. Теміржол салуға D. Барлық жауабы дұрыс
7. 1891 ж. Үндістан еліндегі теміржол ұзындығы

А. 10 мың км. В. 16 мың км. С. 21 мың км. D. 27 мың км.


8. Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болған аймақ

А. Бомбей В. Мадрас С. Бенгалия D. Калькутта


9. 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің орталығы

А. Бомбей В. Мадрас С. Бенгалия D. Калькутта


10. ХІХ ғ. 80 ж. Үндістанда мұсылмандардың ағартушы ұйымдары құрылды, бұл ағартушылық қозғалыстың көсемін атаңыз

А. Б. Тилак В. Саид Ахмет С. Анил Радж D. Лакшми Бай



11. 1865 ж. Осман империясында «Жаңа османдар» деп аталатын жасырын ұйым құрылды, оның жетекшісі

А. Намык Кемал В.Мұстафа Кемал С.ІІ Абдул Хамид D.Абдул Азиз


12. Орыс – түрік соғысы, яғни Қырым соғысы басталған уақыт

А. 1850 ж. В. 1853 ж. С. 1856 ж. D. 1859 ж.


13. Қырым соғысында түріктердің жеңіске жетуіне ықпал еткен мемлекеттер

А. АҚШ және Германия В.Германия және Франция

С.Франция және Англия D. Англия және АҚШ
14. Түркия тарихында танзимат – қайта ұйымдастыру деп аталған реформалар дәуірі басталған уақыт

А. 1833 ж. В. 1836 ж. С. 1837 ж. D. 1839 ж.


15. Танзимат реформалары нәтижесінде қол жеткен жетістіктер

А. Жер туралы, қылмыстық іс және азаматтық іс кодекстері қабылданды

В. Ақша реформасы жүргізілді, орта мектептер ашылды

С. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары спалынды

D. Барлық жауабы дұрыс
16. Түрік сұлтанына жолдаған ультиматум түріндегі талабында Осман империясының құрамындағы барлық

православиелік халықтарға орыстың ықпалын мойындауын талап еткен Ресей патшасы

А. І Петр В.ІІ Александр С. І Николай D. І Павел


17. 1876 ж. таққа отырған түрік сұлтаны

А. ІІ Махмұд В. Абдул Меджид С. Абдул Азиз D. ІІ Абдул Хамид


18. Осман империясында 1876 ж. желтоқсанда қабылданған конституция бойынша жарияланған мемлекеттік тіл

А. Түрік В.Парсы С.Ағылшын D. Латын


19. 1889 ж. Стамбұлда «Бірлік және прогресс» партиясы құрылды, өздерін «жас түріктер» деп атаған бұл қозғалыстың мақсаты

А. Абсолюттік монархияны қайта қалпына келтіру

В. Конституциялық мемлекет құру

С. Ресей бодандығын қабылдау

D. ІІ Махмұдты тақтан құлату
20. Осман империясы сыртқы саясатта арқа сүйеген мемлекет

А.Германия В. Англия С. Франция D.Ресей



ХІІІ нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы Иран және Араб елдері
1. Ағылшын – Иран келісімшарты қай елге қарсы бағытталды?

А.Германия В. АҚШ С. Франция D.Ресей


2. 1804 ж. басталған соғыс

А. Ағылшын – иран В. Иран – түрік С. Орыс – түрік D. Орыс – иран


3. 1813 ж. 13 қазанда орыс-иран Гулистан келісімі бойынша Иран айырылған жерлер

А. Дағыстан, Грузия және Солтүстік Әзербайжан

В. Дағыстан, Ирак және Оңтүстік Түркия

С. Қара теңіздің батыс жағалауы мен Балқан түбегі

D. Барлық жауабы дұрыс
4. 1826 ж. басталған екінші иран – орыс соғысында Иран қай елге арқа сүйейді

А.Германия В.Англия С. Франция D. Қытай


5. Ирандағы бабшылдар көтерілісінің уақытын көрсетіңіз

А. 1848-1852 ж.ж. В. 1850-1852 ж.ж С.1852-1854 ж.ж. D.1854-1856 ж.ж.


6. Бабшылдар ілімінің жетекшісі

А.Англия өкілі Малькольм В. Мырза Тағи

С.Меид Әли Мұхаммед D.Абдул Азим
7. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыруда белсене әрекет еткен мемлекеттер

А. АҚШ және Германия В.Германия және Франция

С. Ресей және Англия D. Англия және АҚШ
8. Мысыр елінде Араби паша негізін қалаған партия

А. Мысыр - Демократиялық партиясы В. Мысыр Ұлттық Конгресі

С. Мысыр Мұсылмандар Лигасы D. Отан партиясы
9. Мысырдағы Отан партиясының мақсаты

А. Монархияны жою В.Помещиктер үстемдігін жою

С. Шетел үстемдігінен құтылу D. Барлық жауабы дұрыс
10. 1907 ж. негізі қалаған Отан партиясының жетекшісі

А. М.Кемал В.М. Мұқрани С.Абд әл-Азиз D. Хедив Исмаил


11. ХХ ғ. басында Мысыр елінде М.Кемал басып шығарған газет атауы

А. «Отан» В. «Алау» С. «Байрақ» D. «Ақ жол»


12. Мысырда алғашқы кәсіподақтар пайда болған уақыт

А. 1902 ж. В. 1909ж. С. 1912 ж. D. 1915 ж.


13. Алжирде жаппай ашаршылық жайлаған уақытты көрсетіңіз

А. 1845-1854 ж.ж. В. 1856-1863 ж.ж. С.1868-1870 ж.ж. D.1874-1876 ж.ж.


14. ХХғ. басында халықаралық алауыздықты пайдаланып Либияға жеке қожалық жасауға мүмкіндік алған мемлекет

А.Италия В.Германия С.Франция D. Қытай


15. Стратегиялық маңызды жерде орналасқан Араб әлемінде ерекше орын алатын мемлекет

А. Ливан В.Либия С. Мысыр D. Алжир


16. Аденнен бастап Иранға дейін өз үстемдігін орнатқан мемлекет

А.Германия В.Англия С. Франция D. Қытай


17. 1868 ж. Тунис жерін, тау-кен байлығын. теміржолдарын концессияға алған мемлекет

А.Германия В.Англия С. Франция D. Қытай


18. 1885 ж. Шығыс Африкадағы Эритрея мен Сомали аумағын иеленген мемлекет

А.Италия В.Германия С.Франция D. Қытай


19. Алжир феллахтары мен бербер тайпаларының отаршылдарға қарсы ұйымдастырылған көтерілісінің уақытын көрсетіңіз

А. 1870 ж. маусым В. 1871 ж. наурыз С.1872 ж. қазан D.1874 ж. қараша


20. «Өз мектебіңді, өз халқыңды, өз Отаныңды сүй!» деген ұранмен Мысыр елінде шығарылған журналды атаңыз

А. «Парасат» В. «Тәуелсіздік туы» С. «Отандастар» D. «Мектеп»


ХІV нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар
1. Шығыстағы дағдарыс жылдарында Гибралтар, Жерорта теңізі, Суэц каналы және қызыл теңіз арқылы Үндістанға қысқа теңіз жолына иелік еткен мемлекет

А.Германия В.Англия С. Франция D. Қытай


2. 1875 ж. мысыр монархынан Суэц каналын сатып алып, бұл каналмен өтетін кеме қатынасын толық бақылауға мүмкіндік алған мемлекет

А. АҚШ В. Англия С. Франция D.Ресей


3. 1884 ж. Конго бассейнінің басым бөлігін өз бақылауына алған мемлекет

А.Германия В.Англия С.Бельгия D. Жапония


4. 1877 ж. Англия өз протектораттығын орнатып, құлдыққа түсірген мемлекет

А. Вьетнам В.Малайзия С. Мысыр D. Алжир


5. ХІХ ғ. 90 ж. кескілескен соғыстардан кейін Францияның қол астына өткен мемлекет

А. Вьетнам В.Малайзия С. Мысыр D. Алжир


6. 1884 ж. 24 сәуірде Ангро – пекенаға және оның маңындағы аумаққа протектораттығын жариялаған мемлекет

А.Германия В.Англия С.Бельгия D. Жапония


7. 1877 ж. 24 сәуірде Түркияға соғыс жариялаған мемлекет

А. АҚШ В. Англия С. Франция D.Ресей


8. Үштік Одақ деп аталатын шартқа қол қойылған уақыт

А.1880 ж. 20 мамыр В. 1882 ж. 20 мамыр

С. 1884 ж. 20 мамыр D. 1886 ж. 20 мамыр
9. Үштік Одақ құрамына енген мемлекеттер

А. Ресей, Англия, Франция В. Ресей, Түркия, Италия

С. Германия, Австро - Венгрия, Италия

D. Германия, Австро - Венгрия, Жапония


10. 1891 ж. тамызда пактке қол қойған мемлекеттер

А. Ағылшын – иран В. Иран – түрік С. Орыс –француз D. Орыс – иран


11. 1904 ж. сәуірде антанта деп аталатын ағылшын – француз келісімі бойынша Англия француздардың қай елге жорығын қолдауға міндеттенді?

А. Ливан В.Марокко С. Мысыр D. Алжир



12. 1907 ж. құрылған Антанта одағының құрамына кірген мемлекеттер

А. Ресей, Англия, Франция

В. Ресей, Түркия, Италия

С. Германия, Австро - Венгрия, Италия

D. Германия, Австро - Венгрия, Жапония
13. Италия-түрік соғысының басталу уақыты

А. 1911 ж. 29 маусым В.1911 ж. 28 қазан

С.1911 ж. 29 қыркүйек D. 1911 ж. 15 қараша
14. Балқан түбегінің саяси шекарасын анықтаған бітімшартты көрсетіңіз

А. Париж В. Лозанна С. Петербург D. Лондон


15. Екінші Балқан соғысының басталу уақыты

А. 1911 ж. В.1913 ж. С.1915 ж. D. 1917 ж.


16. 1914 ж. 1 тамызда Ресейге соғыс жариялаған мемлекет

А.Германия В.Сербия С.Бельгия D. Франция


17. 1914 ж. 3 тамызда Германия соғыс жариялаған мемлекет

А.Германия В.Сербия С.Бельгия D. Франция


18. 1914 ж. 23 шілдеде Австро-Венгрия ультиматум қойған мемлекет

А.Германия В.Сербия С.Бельгия D. Франция


19. 1914 ж. шілдеде Австро-Венгрия соғыс жариялаған мемлекет

А.Германия В.Сербия С.Бельгия D. Франция


20. Бірінші Дүниежүзілік соғыс уақыты

А. 1914-1918 ж.ж. В.1916-1918 ж.ж.

С. 1918-1920 ж.ж. D.1920-1922 ж.ж.
ХV нұсқа

ХІХ – ХХ ғ. басындағы мәдениеттің дамуы
1. 1831ж. электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


2. 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін сәулелерді ашқан неміс физигі

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


3. Физиктер арасында тұңғыш Нобель сыйлығын иеленген ғалым

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


4. Радиоактивтілікті ашқан жаңалығы үшін 1903 ж. Нобель сыйлығын алған ғалым

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


5. 1885 ж. құтырған ит он төрт рет қапқан баланы өлімнен құтқарған, құтыруға қарсы екпені ойлап тапқан ғалым

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


6. Әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлаған ғалым

А. Майкл В. В.К. Рентген С. А.Кюри D. Луи Пастер


7. «Күлегеш адам» романының авторы

А. В.Гюго В.Вольтер С. Байрон D. И.В. Гете


8. Классицизм рухында өзінің ағартушылық идеясын көрсеткен атақты трагедияларын жазған жазушы

А. В.Гюго В.Вольтер С. Байрон D. И.В. Гете


9. революциялық романтизмнің ең көрнекті өкілі ағылшын ақыны

А. В.Гюго В.Вольтер С. Байрон D. И.В. Гете


10. «Тұтас бір ұрпақ ойының тәңірі» деп Пушкин кім туралы айтты

А. В.Гюго В.Вольтер С. Байрон D. И.В. Гете


11. «Фауст» трагедиясының авторы

А. Оноре де Бальзак В.Вольтер С. Генрих Гейне D. И.В. Гете


12. «Адамдар комедиясы» деп аталатын 96 роман мен повестерден тұратын сериялы туынды авторы

А. Оноре де Бальзак В.Вольтер С. Генрих Гейне D. И.В. Гете



13. Неміс буржуазиясының топастығын, «қасиетті одақ» саясатын сынаған әдебиет қайраткері

А. Оноре де Бальзак В.Вольтер С. Генрих Гейне D. И.В. Гете


14. «Евгений Онегие», «Борис Годунов» туындыларының авторы

А. А.С.Пушкин В.Л.Н. Толстой С. М.Ю. Лермонтов D.В.И. Годунов


15. «Соғыс және бейбітшілік» романының авторы

А. А.С.Пушкин В.Л.Н. Толстой С. М.Ю. Лермонтов D.В.И. Годунов


16. «Біздің заманның ерлері» атты романында өз замандасының ғажап бейнелерін жасай білген орыс ақыны

А. А.С.Пушкин В.Л.Н. Толстой С. М.Ю. Лермонтов D.В.И. Годунов


17. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы бейнелеу өнеріндегі реалистік дәстүрлер «реализм» терминін қай суретшінің есімімен байланыстыра аламыз?

А. Г.Курбе В.Ван Гог С.Ф. Щуберт D.Дж. Верди


18. Францияның дархан, ғажайып табиғаты шабытының тұрақты көзі болған, 1819-1877 ж.ж. өмір сүрген суретші

А. Г.Курбе В.Ван Гог С.Ф. Щуберт D.Дж. Верди


19. «Шын мәнінде онда құдайдың берге нұры бар» деп Бетховен қай композитордың музыкасы туралы айтты?

А. Г.Курбе В. Ф. Шопен С.Ф. Щуберт D.Дж. Верди


20. «Эрнани», «Дон Карлос» операларының авторы

А. Г.Курбе В. Ф. Шопен С.Ф. Щуберт D.Дж. Верди

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет