Асубұлақ кенті әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі203.15 Kb.
#13790
Асубұлақ кенті әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлемінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді.

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, сіздерге 2013 жылы кенттің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2014 жылға қойылатын міндеттері туралы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Кент әкімінің есеп беру кездесуіне Ұлан ауданы әкімінің орынбасары - Кажанов Дулат Зайсанбекович, Ұлан ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Шакеров Болат Толебаевич қатысып отыр.

2013 жылдың 16 қаңтарда Асубұлақ кенті әкімінің кент тұрғындарымен кездесу кезінде 3 сұрақ бақылауға алынды:

1. Медициналық жедел жәрдем машинасын бөліп беру.

Орталық аудандық аурухана арқылы 1 жаңа медициналық жедел жәрдем машинасы бөлінді. Қолданлыған қаражат сомасы 2743,5 мың теңге.

2. Көшелерді жарықтандыру.

2013 жылдың сәуір айында тендерді «ПСК «Восток-Интер-Строй» компаниясы ұтып алды, игерілген қаражат сомасы 1947,0 мың теңге, К. Кайсенов көшесіне жарықтандыру орнатылды. Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру бойынша 2014-2017 жылдарында 200 шам орнату жоспарланып отыр.

3. «Асубұлақ-Төменгі Тайынты-Белогор» автокөлік жолындағы өтетін көпірдің құрылысы.

2015 жылы аудандық бюджеттен 89,0 млн теңге бөлінеді деп қарастырылып отыр.

Округ бойынша 1011 аула, тұрғындар саны – 3410, оның ішінде: Асубұлақ кентінде - 915 аула, тұрғыны - 2829 адам, Белогор кентінде - 84 аула, тұрғыны - 535 адам, Төменгі Тайынты ауылында – 12 аула, тұрғыны - 46 адам. Жұмысқа қабылетті белсенді адамдар - 2472 адам, оның ішінде: Асубұлақ орман шаруашылығында – 42 адам, Асубұлақ орта мектебінде – 63 адам, О. Бөкеев атындағы негізгі мектебінде – 21 адам, Асубұлақ ауылдық ауруханасында – 59 адам, жергілікті әкімдікте – 21 адам, полиция бөлімшесінде – 12 адам, «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде – 4 адам, «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесінде – 7 адам, өрт сөндіру бөлімінде – 23 адам, «Алтайэнерго» АҚ – 10 адам, «ГРК «БелогорСтрой» ЖШС – 90 адам, соның ішінде 20 адам жұмыс істейді, ал қалған 70 адам ақысыз демалыста, жағармай құю станциясында – 5 адам, автобекетте – 2 адам, «Канапьянова» ЖК – 3 адам, «ТАУ-2002» ЖШС – 6 адам, «Болашақ» спорт кешенінде – 12 адам, «Ұлан Жолдары» ЖШС – 10 адам, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер – 387 адам, автобус жүргізушілері – 7 адам, такси қызметінде – 11 адам жұмыс істейді. Студенттер – 73 адам, зейнеткерлер – 625 адам, мүгедектер – 123 адам, оқушылар – 277 бала, шағын балалар орталығында – 33 бала, 0-3 жасқа дейінгілер – 90 бала, 3-6 жасқа дейінгі балалар - 112 бала.

2013 жылдың ішінде Асубұлақ кентіне 32 адам, Белогор кентіне 7 адам тіркеуге отырды. Асубұлақ кентінен 55 адам, Белогор кентінен 21 адам тіркеуден шықты.

Асубұлақ кенті бойынша жалпы оралмандар - 25 отбасы, 119 адам. Олардың ішінде: МХР-нан 6 жанұя, ал ҚХР–нан 19 жанұя.

Округіміздің басты бағыты ауылшаруашылық болып табылады.

Округ аумағында 7 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 2 - ЖШС-і және 5 - шаруа қожалығы. 5 шаруа қожалығында 1607,2 га жерлері бар, соның ішінде шабындық – 58 га, жайылым – 1549,2 га.




Қожалық

атауы

Басшысы

Мал басы

Жалпы

жер

көлемі

Соның ішінде




Шабын

дық

жайылым

«Жанарбек» ШҚ

Узембаев

Бейсен Токтарханович



10 бас ірі қара мал, 30 бас қой

58 га

58 га




«Исток» ШҚ

Шарова

Елена Михайловна



100 бас қой, 20 бас қара ірі мал,

215,6 га




215,6 га

«Белогорское» ШҚ

Шаров

Иван


Матвеевич

3 бас ірі қара мал

103,4 га




103,4 га

«Актау» ШҚ

Супрунова

Ирина


Борисовна

15 бас ірі қара мал

130,2 га




130,2 га

«Камила» ШҚ

Макажанова Шинар Салимбаевна

60 бас ірі қара мал, 70 бас жылқы

1100 га




1100 га

Барлығы:

5 ШҚ

108 бас ірі қара, 130 бас қой, 70 бас жылқы

1607,2 га

58 га

1549,2 га

2014 жылдың 1 қаңтарына алғанда шаруа қожалықтары мен жеке аулаларындағы мал саны:


Жеке аулалар (мал саны)





01.01.2013ж.

01.01.2014ж.

ескерту

ІҚМ

1704

1469

235 басқа азайды

Соның ішінде сауынды сиырлар

529

452

77 басқа азайды

ҰММ

1586

1259

327 басқа азайды

Жылқы

243

241

2 басқа азайды

Шошқа

15

15

-

Құс

2111

1600

511 басқа азайды

Мал басының азаю себебі, жұмыстың жоқ болу салдарынан көптеген тұрғындар Өскемен қаласына қоныс аударуда, сонымен қатар шабындық жерлер жоқ болғандықтан кент тұрғындары мал басын азайтуға мәжбүр болды.



Жеке аулалар (өнім)





01.01.2013ж.

01.01.2014ж.

ескерту

ет

2916

2347

569 ц азайды

сүт

24389

15127

9262 ц азайды

жұмыртқа

185,8

166

19,8 мың данаға азайды

жүн

39

41

2 ц көбейді

бал

0

160

-

Өнім (ет, сүт, жұмыртқа) азаюдың себебі, мал басы азайғандықтан. Мамыр, маусым айларында қой қырқылды алған өнім 2 ц көбейді, ал желтоқсан айында «Исток» ШҚ 110 бас қойын қасқыр тартып кетті, сол себептен ұсақ мүйізді малдың басы азайды. Сонымен қатар бал араларын 2013 жылдың көктемінен бастап қана ұстап келе жатыр.

Ниет білдірген тұлғалар жоқ болғандықтан жақында қолдан ұрықтандыру пункті ашылады деп жоспарланған жоқ. 2010 жылдан бастап Асубұлақ кентінде мал сою алаңы өз жұмысын атқаруда, иесі жеке кәсіпкер Байжуменов Ерлан, барлық көрсеткіштер, талаптар мен санитарлық нормаға сай мал сойылады. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша барлық жұмыстар толық 100 пайызға орындалды, сонымен қатар компьютерлік базаға толықтай енгізілді. Белогор және Асубұлақ кенттерінде типтік үлгіге сәйкес мал қорымдары бар. Мал қорымына барар жолында көрсеткіштер орналастырылған, кент тұрғындарына мал қорымының бары туралы хабарланды. Өлген мал мен мал союдан қалған қалдықтарды мал қорымына апарып, жою ветеринардың қатаң қадағалауымен орындалады.

«Камила» ШҚ ірі қара малдың басын көбейту үшін «Сыбаға» бағдарламасымен 8,0 млн. теңге көлемінде несие берілді.


Шағын бизнес

Кентте кәсіптік қызмет нысандарының 31 тіркелді. Соның ішінде: 21 дүкен (14 азық-түлік дүкені, ал 7 өнеркәсіп дүкені), 1 дүңгіршек, 6 қызмет көрсету нысаны (фотосалон, аяқ киім жөндеу, киім тігу, шаштараз, дөңгелек жөндеу, компьютерлерді жөндеу), 1 дәріхана, 1 ЖҚС, 1 павильон-асхана.

Сонымен қатар 2014-2015 жылдары жеке кәсіпкер Садыков Берик Касенович «Береке» дәмханасын ашуды, ал жеке кәсіпкер Сейсебаева Зайра Касеновна тойхана, өнер кәсіп тауарларын сататын 1 дүкен, жеке кәсіпкер Абышев Асхат 1 азық түлік сататын дүкенді ашуды жоспарлап отыр.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кент әкімінің қолдаухаты бойынша 1 отбасыға шағын несие бөлінді, соның ішінде: (күніне 500 нан) шығаратын наубайхана ашу үшін – Айбатова Маринаға берілді. Кәсіпкерлік қызметті ашу есебінде 8-10 жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық базасының толықтырылуы күтіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Төменгі Тайынты су қоймасында «Густера» ЖШС директоры Ю. Потапчук балық өсіру бойынша шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар жағажай санитарлық қалыпқа келтірілді, демалыс үйлері құрылды, 2014 жылдың жазында балық аулап, табиғат аясында демалу бойынша қызметтері іске асады. Ал «Алтайстрой» ЖШС директоры К. Урунтаев Төменгі Тайынты су қоймасынның жағажайында «Көк тау» атты емдік-сауықтыру комплексін ашқан. (маралдың мүйіз қанымен емделу). Сонымен қатар Асубұлақ кентінде де «Анды-Сай» ШҚ басшысы М. Дюкарева мал өсіру және балық өндіру кәсібімен айналысады.

Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін, сонымен қатар бағаларды тежеу үшін дүкен иелерімен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы меморандум жасалды. Аптасына бір рет жұма күні ең қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі. Ардагерлер мен әйелдер кеңесінің мүшелері мен әкімдік қызметкерлері бірлесе отырып аптасына бір рет дүкендерді аралап, сауданың үстемесі 10 пайыздан аспауын бақылап, баға мониторингін жүргізеді. 14 азық-түлік дүкенінен 10 ғана әлеуметтік бұрыштары бар, тұрғылықты жерлері бойынша аз қамтылған отбасылар бекітілген, тізімдері сатушылардың қолына таратылды.



2013 жылғы бюджет

2013 жылға 25584,6 мың теңге қаржы бөлінді, соның ішінен

1947,0 мың теңге (900м) К. Кайсенов көшесін жарықтандыруға жұмсалды, тендер бойынша жұмыстарды «ПСК «Восток-Интер-Строй» компаниясы жұмыстарды атқарды.

134,0 мың теңгеге ноутбук сатып алынды

119,4 мың теңгеге принтер сатып алынды

170,0 мың теңгеге жүйелік блогы сатып алынды

90,0 мың теңгеге монитор сатып алынды

57,0 мың теңгеге компьютерлік бағдарламалар алынды

1748,0 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынды.

286,0 мың теңгеге 400м кабель, АВТ-200 кабелі, 200м трос сатып алынды, 6 су айдайтын насос орнатылды. Бағалық ұсыныс бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын «Саржомарт» ЖШС ұтып алды.

2782,0 мың теңге құрылысы қираған ғимараттардың рекультивациясын өткізуге жұмсалды. Тендерді «Ланзар» ЖШС ұтып алды.

306,0 мың теңге санитарлық тазалауға жұмсалды. «ГРК «Белогорстрой» ЖШС келісім шарт жасалды.

1186,0 мың теңге жарықтандырумен қамтамасыз етуге кетті. Соның ішінде 459,2 мың теңгеге «Жом Групп» ЖШС келісім шарт жасалды, келісім шарт бойынша олар шамдарды ауыстырады, жарықтандыру жүйесінде болған ақауларды жояды, ал «Шыгысэнерготрейд» ЖШС 726,8 мың теңгеге келісім шарт жасалды, келісім шартқа сәйкес көше жарығын ұстауға және электр қуатының төлеміне кетіп отыр.

15521,0 мың теңге әкімшілік аппаратының функционалдық қызмет етуіне және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қолданылды.



Салықтардың түсімі мен жеке кірістері жоспарының орындалуы

Округ бойынша 2013 жылғы мүлік және жер салығы 100 %-ға орындалды.




Елді мекен атауы

Мүлік салығы

Жер салығы




Салық төлеушілер саны

Жеңілдік алып отырғандардың саны

Сумма

Салық төлеушілер саны

Жеңілдік алып отырғандардың саны

Сумма

Асубұлақ кенті

638

241

82496

618

261

168855

Белогор кенті

98

-

5021

98

4

27891

2014 жылғы 1-ші қаңтарға алғанда басқа да салықтардың түсімінің көлемі 9385,5 мың теңге (соның ішінде заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлігіне салынатын салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, бірыңғай жер салығы, әлеуметтік салық).


Әлеуметтік қорғау
Жыл басынан Ұлан ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеуінде 55 адам тұрды, соның ішінен 8 адам жұмысқа орналасты. 63 адам ақылы қоғамдық жұмыстарда істеп шықты.


Көмек түрі

2012 жыл

2013 жыл

Ақылы қоғамдық жұмыстар

79

90

Жұмыссыздыққа тіркелді

19

10

Жұмыссыздар үлесі

1,1

1

Жалпы төлеген әлеуметтік көмектер

571/15282,1 мың теңге

545/16612,9 мың теңге

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

4/2524,0

мың теңге



4/2739,6

мың теңге



Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек

42/837,3

мың теңге



48/857,7

мың теңге



Мүгедек балаларға көмек

3/288,4

мың теңге



6/726,0

мың теңге



Арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша материалдық көмек

103/462,9

мың теңге



83/419,4

мың теңге



Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

5/225,0

мың теңге



5/239,3

мың теңге



Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек

81/623,7

мың теңге



85/786,9

мың теңге



Ақылы қоғамдық жұмыс

65/3691,3

мың теңге



63/3452,2

мың теңге



Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау

10/350,4

мың теңге



17/1082,6

мың теңге



Жастар іс-тәжірибесі

-

1/82,83

мың теңге



Коммуналдық шығыстар (азаматтарға әлеуметтік көмек)

12/423,0

мың теңге



11/355,0

мың теңге



Көп балалы аналарға материалдық көмек

40/400,0

мың теңге



39/390,0

мың теңге



Жетім балалар және ата-анасыз қалған балалар жоғары оқу орынын төлеуге арналған әлеуметтік көмек

5/2825,7

мың теңге



4/2851,9

мың теңге



Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген зейнеткерлерге төлемақы

4/88,0

мың теңге



1/24,0

мың теңге


2013 жылдың ішінде мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алушы 48 отбасына аудандық бюджеттен 857,7 мың теңге бөлінді, 6 мүгедек балаға көмек тағайындалды 726,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, 83 арызданушыға арнайы аудандық комиссияның шешімімен 419,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді, 5 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, қолданылған қаражат сомасы 239,3 мың теңге , ақылы қоғамдық жұмыстарда 63 адам істеп шықты, игерілген қаржы сомасы 3452,2 мың теңге , 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 17 жұмыссыз оқыту және қайта даярлау курсатрына қатысты, қолданылған қаражат сомасы 1082,6 мың теңге , жастар іс-тәжірибесіне 1 адам қатысты игерілген қаражат 82,83 мың теңге , 39 көп балалы анаға 390,0 мың теңгеге материалдық көмек тағайындалды, Қазақстан республикасына еңбегі сіңген 1 адамға 24 мың теңгеге төлемақы тағайындалды, 4 жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған балаға оқу ақысын төлеу үшін 2851,9 мың теңге қаржы бөлінді, 11 азаматқа коммуналдық шығыстарын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалды, игерілген қаржы 355,0 мың теңгеден құралды. Әлеуметтік салада қызмет атқарып жүрген 85 маманға отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындалды игерілген қаржы 786,9 мың теңгеден құралды.

Округ аумагында бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 84 тыл еңбеккері тұрады, 4 ауған соғысына қатысушы, 3 Чернобыль апатына қатысушы бар.

Асубұлақ кентінде 4 ставкада 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, барлығы 32 жалғыз басты зейнеткерге қызмет көрсетеді. Аптасына 2 рет барып тұрады. Барлық мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді, су, отын және көмір әкеледі, дүкеннен өнеркәсіп тауарлары мен азық-түлік әкеліп, береді. Мейрам күндері де назарларынан тыс қалдырмайды. Әлеуметтік қызметкерлердің барлығы да көптен бері жұмыстарын атқару үстінде, сол себепті егде жастағы адамдармен тез қарым-қатынас таба алады.



«Туған жерге тағзым» акциясы
«Туған жерге тағзым» акциясы барысында 2013 жылы 344,0 мың теңгеге көмек көрсетілді, соның ішінде М. Кусаинов – Асубұлақ орман шаруашылығының директоры аз қамтылған отбастарын отынмен қамтамасыз етті, 54,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, сонымен қатар 10,0 мың теңгеге шағын балалар орталығына ойыншықтар әперді. Зырян ауданының әкімі Е. Салимов 270,0 мың теңгелік LED телевизорын О. Бөкеев атындағы негізгі мектебіне сыйға тартты. Жеке кәсіпкер Сейсебаева Зайра 1 қыркүйек қарсаңында 10,0 мың теңгеге аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға оқу құралдарын әперді.
Білім

Асубұлақ кенттік округінің аумағында 1 орта және 1 негізгі мектеп орналасқан, олар: «Асубұлақ орта мектебі» КММ және «О. Бөкеев атындағы негізгі мектебі» КММ. Барлығы 277 оқушы білім алуда, соның ішінде 264 оқушы Асубұлақ кентінде, 13 оқушы Белогор кентінде оқиды. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 9 мұғалім, 13 мұғалім бірінші дәрежелі, 7 мүғалім екінші дәрежелі, 6 мұғалімнің дәрежесі жоқ. 2012-2013 оқу жылында 24 түлек оқуларын аяқтап шықты, соның ішінен 10 бала грантта оқиды, 4 түлек жоғары оқу орнына түсті, 16 түлек арнаулы орта білімін алуда, 1 әскер қатарында, 3 жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың ас мәзіріне бал енгізілген.

Асубұлақ орта мектебіне қарасты шағын балалар орталығы бар. 26 бала тәрбиеленуде, соның ішінде 13 бала қазақ тілінде тәрбие алуда, ал 13 бала орыс тілінде тәрбие алады. Кезекте тағы да 14 бала тұр. Шағын балалар орталығының бір айлық құны 7,0 мың теңгеден құралады. Болашақта жеке меншік балабақша ашу жоспарланған жоқ, себебі жұмыстың жоқ болу салдарынан ата-аналар балабақша төлемақысын өтей алмайды, сонымен қатар жеңілдіктерде жоқ.

Белогор кентінде О. Бөкеев атындағы негізгі мектебіне қарасты шағын балалар орталығы бар. 7 бала тәрбиеленуде. Жетекшісі Увалиева Маржан Ануарбековна. Сонымен қатар даярлық тобы да бар. Жетекшісі Радченко Юлия Леонидовна. О. Бөкеев атындағы негізгі мектебінің 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оқушылардың ас мәзіріне бал енгізілген. О. Бөкеев атындағы негізгі мектебі толықтай электрлік жылу жүйесіне көшкен. Ағымды жөндеу жұмыстары толықтай атқарылды.



Мәдениет
2014 жылы 150 орынды мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда. Қоғамдық іс-шараларын ұйымдастырушы К. Кусманова көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Халықтық атағы жоқ «Сударушки» вокалдық тобы өз өнерімен бөлісуде. Жаңа Жыл, Наурыз мейрамдыра өткізіледі. Саяси маңызы зор мерекелерде назардан тыс қалмайды, мысалы Конституция күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күндеріне арналған спорттық сайыстар мен турнирлер, мерекелік концерттер өткізіледі.

2013 жылдың күзінде спорт ардагері К. Кудагельдиновтың жүлделеріне еркін күрес бойынша сайыс өткізілді. Турнирге Асубұлақ, Қ. Қайсенов кенттерінен және Алмасай, Багратион, Егінсу, Каменка ауылдарынан келген 70-ке жуық бала қатысты, келген балалар жүлделі орындарға таласты. Округте орналасқан екі мектепте салауатты өмір салты жақсы жолға қойылған.



Медициналық қызмет көрсету
Асубұлақ ауылдық ауруханасында 27 медицина қызметкерлері бар, 6 дәрігер жоғарғы медициналық білімімен, 21 адам орта медициналық білімімен. Ауруханада 20 стационарлық және 10 күндізгі стационарлық төсек орны бар. Тұрғындарға қызмет көрсететін 3 санитарлық автокөлік бекітілген, оның ішінде 2 УАЗ машинасы және 1 ВАЗ машинасы бекітілді. Өткен жыл бойы 29 бала дүниеге келді, 45 адам қайтыс болды. Қайтыс болу деңгейі жоғарылап кетті, себебі кент тұрғындарының 80 пайызы егде жастағы адамдардан құралады.


Инфрақұрылым
Округ бойынша 3410 адам бар, оның ішінде: Асубұлақ кентінде 17, ал Белогор кентінде 3 қоғамдық бұрғылаған құдықтан ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бастаудан және өздерінің жеке құдықтарынан су алып қолданатын кент тұрғындары бар.

Белогор кентінде орталық Ленин көшесі жартылай жарықтандырылды, ал Асубұлақ кентінде Мира, Ленина, К. Кайсенова және Октябрьская көшелері жарықтандырумен қамтамасыз етілді. 2014 жылы кешкі кезде жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін қосымша тағы да 50 шам орнатылады.


Телекоммуникация
«Қазақтелеком» АҚ Асубұлақ бөлімшесінің қарамағында 809 абонент, соның ішінде 69 абонент Белогор кентінде. 809 абоненттің 175 ғаламтор желісіне қосылған.
Құқық қорғау
Асубұлақ кенттік округіне УПИ, полиция капитаны Д. Елеусизов кызмет көрсетеді. Кызмет көрсету аумағында округке қарасты 2 елді мекен бар:

Асубұлақ кенті мен Белогор кенті.

2013 жылдың 12 айы ішінде бірталай мақсатты іс шаралар өткізілді. 2013 жылдың ішінде 27 қылмыстық іс тіркелді. Соның ішінде 18 ашылды, 9 тоқтатылды.

Соның ішінде 175 бап бойынша – 16 қылмыстық іс ұрлық бойынша

177 бап бойынша – 1 алаяқтық

178 бап бойынша – 2 талан-тараж

104 бап бойынша – 2 қасақана орташа ауырлықты дене жарақатын келтіру

185 – 1 көлік айдап кету

187 – 1 бөгде мүлікті қасақана бүлдіру

257 – 3 бұзақылық

120 – 1 зорлық

Ашылмаған 9 қылмыстық істің ішінен 175 бап бойынша – 7 ұрлық

185 бап бойынша – 1 көлік айдап кету

104 – 1 қасақана орташа ауырлықты дене жарақатын келтіру.

Қылмыстық істер азаюда, себебі түнгі кезде патрульдік қызмет өз жұмысын атқаруда. Әкімшілік құқықбұзушылықтар да азаюда, себебі айыппұл коэффициенті өсті. Мал ұрлығын азайту үшін алдын ала насихаттау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар «Сарбаз» және халық арасынан еркін топ құрылуда. Олар түнгі кезде патруль жүргізіп, мал ұрлығына жол бермейді.

Асубұлақ кентінде әкімшілік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен үкіметтік емес топтарының мүшелерінен құрылған еркін тобы аптасына екі рет кешкі сағат 20 00-ден 22 00-ге дейін кезекшілікке шығады.


Қоғамдық жұмыстар
Кентімізде 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады. 21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және дүкендерде сауда үрдісі 10 пайыздан көтерілмеуі бойынша рейдтерді жүргізіп тұрады.

2013 жыл бойы 56 өтініш жеке тұлғалардан түсті, соның ішінен 45 жер учаскесін заңдастыру бойынша, өтініштер жер комиссиясына тапсырылды, 6 өтініш ескі теректерді кесу туралы, теректер кестеге сәйкес кесілді, аз қамтылған отбасыларына отынға таратылды, 1 өтініш ауыз су мәселесі бойынша, 1 өтініш төтенше жағдай бойынша, ауданнан төтенше жағдай бойынша комиссия шақыртылды. Сонымен қатар 3 өтініш әр түрлі тұрмыстық мәселелер бойынша, барлық өтініштер мен сұраныстар толықтай қанағаттандырылды. Ал 32 сұраныс пен өтініш заңды тұлғалардан түсті. Соның ішінен 18 сұраныс сот орындаушыларынан, 2 өтініш жерді заңдастыру бойынша, 7 сұраныс ауыл шаруашылық малдарынын бірдейлендіруі туралы, 5 сұраныс әскери медициналық сараптама туралы. Сұраныстар мен өтініштер толықтай қанағаттандырылды, жауап арызданушыларға қайтарылды. Тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептер бекітілген кестеге сәйкес тапсырылып отыр.

2013 жылы округтегі елді мекендердің санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жөнінде сенбіліктер өткізілді.


  1. сенбіліктер жүргізу барысында тазартылды:

- көшелер мен жолдар – 23 шақырым

- тұрғын үйлерінің аулалық аумақтары – 680 аула,

- оқу орындарының, мектептердің, балалар бақшаларының аумақтары

- су тартқылардың санитарлық аймағының қоршаулары – 17 (Асубұлақ кентінде)

- шығарылған қоқыс – 265 тонна.

2. Мектептер, Майдан Даңқы саябағындағы ескерткіштің, әкімшілік ғимараты, балабақша және спорт кешені маңайында 50 ағаш (қайын, қарағай) және бұталар, 100 көшеттер отырғызылды.



3. Сенбіліктерге қатысқан орташа 132 адам, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 23 адам.
2014 жылдарға арналған міндеттер:
2013-2017 жылдарға арналған міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау.

  1. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

  2. «Көк-Тау» демалыс базасында шыны асхана құрылысын жүргізу.

  3. Асубұлақ кентінде 150 орынды мәдениет үйінің құрылысын жүргізу.

  4. «Асубұлақ-Төменгі Тайынты- Белогор» автокөлік жолындағы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстарын іске асыру.

  5. «Асубұлақ кентіне барар жолды жөндеу» 16 км автокөлік жолын жөндеу жұмыстарын іске асыру.

  6. Кенттерді жарықтандырумен қамтамасыз ету.

  7. Кент ішіндегі жолдарды жөндеу.

  8. Канализация жүйесінің құрылыс жұмыстарына байланысын қайта құру құрылысыты толықтай бітіру, құбырларды тұтынушыға дейін жеткізу.

  9. Туристтік маршрутты дамыту.

  10. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет