«Ата-ана, сіздер үшін!» тақырыбындағы ашық есік күні шарасы өтті. Өткізудегі мақсат



Дата17.07.2016
өлшемі25.75 Kb.
#206319
Бөгетсай мектеп – гимназиясының директордың оқу – тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары

Байбақтина Назгүл Үсеновна


Бөгетсай мектеп- гимназиясында «Ата-ана, сіздер үшін!» тақырыбындағы ашық есік күні шарасы өтті.

Өткізудегі мақсат:

  • Отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту;

  • Оқушылардың шығармашылығын бірлесе атқаруды тәжірибелеу;

  • Жылдық жоспар мазмұнындағы оқу-тәрбие жұмыстар есебі;

Ашық есік күніне ата-аналар, мұғалімдер, қатысты.

Алғы сөзді МГ директоры Дастанбек Қожабергенұлы Бультенов бастады. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болып отыр. Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады деген бірнеше міндеттерге тоқталып өтті.



Директордың оқу – тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Назгүл Үсенқызы Байбақтина өз баяндамасында біздің қоғамдағы қазіргі білім жүйесінде тұрған негізгі міндеттердің бірі - жеке тұлға мәдениеттілігін қалыптастыру. Оқу - тәрбие процесімен оқу материалдарын меңгертудің оқу жоспары талаптарымен сәйкестігін  қамтамасыз ету келесі негізгі жұмыс түрлерімен  анықталады деп оны жеке-жеке ашып көрсетті.

Бағдарлама жүйесі кезегімен бірнеше ашық сабақтар өткізілді. Сабақ жүргізу үрдісінде пән мұғалімдерінің іс-әрекеттер әдістемесін дұрыс ойластыра білетіндігі байқалды. Оқушыларға материал мазмұнын меңгертуді белсендіру мақсатымен  әдіс-тәсілдер қолданылды.

Ата-аналар тарапынан Ахметов Көпжасар атай сөз сөйлеп, мектеп жұмысына жоғары баға берді.

Нәсіпқалиева Ұлдай Нәсіпқалиқызы оқу - тәрбие жүйесі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың бірден-бір амалы деп өз ойын білдірді. Мектептегі іс-әрекет әрбір баланың өз ойы мен тақырыптық түсінігін ортаға салып  және өзіндік тәсілін таңдап, оны жүзеге асыруға  бағдарлана  құрылған. Сол себептен де балалар  мектепке аса жоғары құлшыныспен барғысы келеді. Ата-аналар атынан педагогикалық ұжым мүшелеріне алғыс білдіре отыра, шығармашылық табыс тілейтіндерін жеткізді.

Соңында ата-аналар қауымы дәлізде безендірілген «Шебер қолдар» үйірмесінің «Қол өнер – зор өнер» және «Жас суретшілер» үйірмесінің «Сурет салдым сүйсіне» атты оқушылардың жұмыстарын тамашалады.

Ата – аналар ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне аса қызығушылықпен қатысып, өз ойларын іркілмей айтып, өз ұсыныстарын да білдіре отырды. Мектеп ұжымы ата – аналарды жақсы қарсы алып, балаларының жетістіктерімен қуанта білді. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері жақсы ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өтті. Ата – аналар өз ризашылықтарын білдіріп, мектептен көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет